Кәсіпорынның инновациялық стратегиясы


Slide 1

Кәсіпорынның инновациялық стратегиясы

Жұмабай Саламат

Оразгелдиев Бейбарыс

Таушабай Ердос

Бекниязов Оразалы

Арғанбай Жоламан МЖБ-41

Slide 2

Жоспар:

1. Инновация түрлері

2. Инновациялық қызметті атқарушы тұлғалар

3. Инновациялық менеджменттің басқару объектісі

4. Инновациялық стратегияны

Slide 3

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.

Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады.

Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады.

Slide 4

Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі жолын көрсетеді. Оның біріншісі шетелден алдыңғы қатардағы технологиялар мен ноу-хауды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды дамыту. Осы орайдағы индустриалдық-инновациялық стратегияға сәйкес ғылыми-технологиялық дамудың негізгі бағыттары биотехнология, ядролық технология, космостың технологиялар және жаңа материалдарды жасау болып табылады.

Қазақстандағы кәсіпорындарды модернизациялау стратегиясы технологиялық дамудың әлемдік үрдістерін ескере отыра, жоғарыда көрсетілген екі мүмкіндікті де пайдалануды ескеруі тиіс. Технологияның даму заңдыылқтарын білу модернизациялану барысындағы елдің технологиялық дамуының дұрыс стратегиясын құруға мүмкіндік береді.

Осы ретте, технологиялық даму теориясы саласында ұсынылып отырған келесі материал модернизациялану барысындағы экономикалардың жаңа технологиялық кеңістікке енулеріндегі ең тиімді сәттерді анықтауға мүмкіндік береді.

Slide 5

Стратегияның мiндеті:

• өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын көбейту

• өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;

• кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды

• ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық

• елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар

• сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;

• дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы

Slide 6

Инновация - «Тәжірибелік қызметте немесе жаңа қызмет тәсілдерінде қолданылатын жаңа не жетілдірілген технологиялық процесс түрінде көрініс тапқан инновациялық қызметтің ақырғы нәтижесі»

Инновациялық қызмет- инновацияларды жасау, игеру және пайдалану бойынша қызметтер.

Инновациялық процесс - идеяның (білімнің) біртіндеп түбегейлі және жанама зерттеу, конструкторлық әзірлемелер, маркетинг, өндіру және өткізу кезеңдерінен өтетін инновацияға айналу процесі

Инновациялық жүйе - тұтынушылар мен халық мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жаңа өнімдер, технологиялар мен қызметтер жасап шығару мақсатында білім өндіру, сақтау және пайдалануға бірлесіп және әрқайсысы жеке үлес қосатын субъектілер мен институттар жиынтығы

Slide 7

Инновациялық қызметті атқарушы тұлғалар мыналар: 1. инновацияны жасаушы жəне іске асырушы жеке жəне занды тұлғалар; 2. технополистер, технологиялық парктер, технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар жəне инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары; 3. инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар; 4. инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерін білдіретін жəне қорғайтын қоғамдық бірлестіктер

Slide 8

Инновациялық менеджменттің басқару объектісі:

1. инновациялық жобалар мен бағдарламалар; 2. интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нəтижелері;

3. технологиялар, жабдықтар мен процесстер;

4. өндіріс пен кəсіпкерлік инфрақұрылымы;

5. өндірістік, баскарушылық, коммерциялық немесе өзге де процесстің сапасы мен тиімділігін едəуір жақсаратын, өзге де жаңа ұйымдык-техникалық, қаржы-экономикалық шешімдер инновациялық қызмет объектілері болып табылады

Slide 9

Инновациялық стратегияны қалыптастырудың негізінде кәсіпорынның инновациялық мақсаттары және міндеттері жатады, ал оның типі, атап айтқанда, оның сыртқы ортамен өзара байланысымен анықталады. Бірақ та, кәсіпорынның манызды мақсаттарының бірі табыс табу екенін ұмытпаған жөн.

Екінші тәртіптегі мақсаттармен міндеттерге жатады: өндіріс көлемін ұлғайту; өнім сапасын арттыру; өндірістік-техникалық базаны дамыту; дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету және т. б.

Slide 10

Стратегиялар қатарына жатады:

- ҒЗТКЖ саласында өзінің қызметін басқа кәсіпорын және ұйымдардан әзірлемелер нәтижелеріне лицензиялар сатып алу жолымен жүзеге асыратын кәсіпорынның инновациялық саясатын мазмұндайтын лицензиялық стратегия; - максималды қысқа уақытта жаңа технологияларды және өнімдерді игеру қажет болған жағдайда пайдалану дұрыс болып табылатын параллельді әзірлеме стртаегиясы. Бұл стратегияның мәні кәсіпорынның өзіндік әзірлемелерін ескере отыра, жеделдетіп игеру және өндіру үшін жаңа өнімдерді дайындауға технологиялық лицензияларды сатып алу болып табылады;

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерләктегі бизнес жоспар
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру
РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Контроллингті қолданудағы механизмдер мен процестер
Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері
Ұйымның инновациялық әлеуетін анықтау
Ақпараттық технологиялар нарығы
КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Маркетинг ұғымы
Басқарудың корпоративтік мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz