Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау өлшемдері


Slide 1

Жоспарлау және орындау кезінде процесі кезіндегі бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау

ЖҰМАБАЙ САЛАМАТ

ОРАЗГЕЛДИЕВ БЕЙБАРЫС

ТАУШАБАЙ ЕРДОС

БЕКНИЯЗОВ ОРАЗАЛЫ

АРҒАНБАЙ ЖОЛАМАН МЖБ-41

Slide 2

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу мақсаттары мен міндеттері

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізудің мақсаты тиісті өлшемдер мен көрсеткіштерді қолдануды ескере отырып, түпкі нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу дәрежесін анықтау болып табылады.

Мақсатқа қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізуге мынадай міндеттер қойылады:

1) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 2-тармағында көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес бюджеттік бағдарламаны тұжырымдау және жоспарлау сапасын зерделеу;

2) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізілген бюджеттік бағдарламаны жоспарлау деңгейінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды зерделеу;

3) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізілген бюджеттік бағдарламаны іске асыруды басқару сапасын және оның нәтижелілігін бағалауға талдау жүргізу;

4) алынған нәтижелердің мемлекеттік қызметтерді алушылардың мүдделері мен қажеттілігіне сәйкестігін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі мен нәтижелілігін жалпы бағалау,

Slide 3

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалаудың негізгі бағыттары

6. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тиімділігін бақылауды және оларды кешенді бақылауды жүргізу үдерісінде жүзеге асырылады.

7. Тиімділікті бақылау барысында іс-шараларды орындау мерзімі және бюджеттік бағдарламаларды аяқтағаннан кейін күтілетін нәтижелерге, индикаторларға қол жеткізу, үнемділік пен өнімділікті бағалауды ескере отырып, байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін пайдалану дәрежесі тексеріледі.

8. Үнемділігін бағалау деп тексерілетін бақылау объектісінің мемлекет қаражатының барынша аз көлемін пайдалана отырып, берілген нәтижелерге немесе бюджеттік бағдарлама паспортында көзделген іс-шараларды толық орындаған кезде мемлекет қаражатының берілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік нәтижеге қол жеткізуі түсіндіріледі.

Үнемділік ресурстарды сатып алуға жұмсалған қаражатты алдыңғы кезеңнің осыған ұқсас көрсеткішімен немесе басқа бақылау объектілерінің осыған ұқсас көрсеткіштерімен салыстыра отырып анықталады.

9. Өнімділікті бағалау өнімді шығару, көрсетілген қызметтердің көлемі және бақылау объектілері қызметінің басқа нәтижелері және осы нәтижелерді алуға жұмсалған материалдық, қаржы, еңбек және басқа ресурстар арасындағы ара қатынаспен анықталады.

Slide 4

Мемлекет қаражатын пайдалану өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтің бір бірлігі үшін шығындар немесе шығындардың бір бірлігі үшін өнімнің және қызметтердің көлемі жоспарланғанға тең немесе одан аз болса (тиісті нормативтер болған кезде) өнімді болады.

Егер мұндай нормативтер болмаса, шығындар мен нәтижелер арасында іс жүзінде алынған ара қатынастар тексерілетін объект алдыңғы кезеңде қол жеткізген осыған ұқсас ара қатынастармен немесе осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа мемлекеттік немесе жеке меншік сектор объектілеріндегі шығындар мен нәтижелер арасындағы ара қатынастармен салыстырылады.

10. Тиімділікті бағалау тиісті іс-шараларды іске асыруды аяқтағаннан кейін жүргізіледі, одан кейін салынған қаражаттан нәтижелер алу мерзімі басталады.

Slide 5

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау өлшемдері

11. Осы Ереженің негізінде өткізілетін бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі мен нәтижелігін анықтаудың аяқтаушы сатысы болып табылады, оны жүргізу үдерісінде тиісті уәкілетті органдар әзірлеген бюджеттік бағдарламаларды қалыптастырудың, жоспарлаудың және іске асырудың барлық индикаторлары мен көрсеткіштерін талдау қажет, оның құзыретіне бюджеттерді әзірлеу және жоспарлау үдерісінде бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу енеді. Осының негізінде бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігін, нәтижелілігін көрсететін өлшемдер әзірленеді.

12. Тиімділікті бағалау өлшемдерін әзірлеу кезең-кезеңімен және бір уақытта бақылау мақсаттарын іріктей отырып, тексерілетін бақылау объектілерін алдын ала зерделеу үдерісінде жүзеге асырылады.

13. Тиімділікті бағалаудың әзірленген өлшемдері объективтілік, анықтылық, салыстырмалық және жеткіліктілік сияқты талаптарға жауап беруі тиіс.

Slide 6

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау өлшемдері

14. Тексерілетін қызмет саласын жан-жақты талдау және бақылау объектілерінің жұмысы нәтижесінде іріктелген өлшемдер объективті болып табылады, олардың ерекшеліктерін көрсетеді және бақылау мақсаттарына сәйкес келеді.

15. Өлшемдердің анықтылығы тексерушілер немесе тексерілетіндер тарапынан да, осы бағалаудың нәтижелері туралы есепті пайдаланушылар тарапынан да түрлі талқылауларға ұшырамауы тиіс деген нақты және бір жақты тұжырымдаманы қамтуы тиістігіне негізделген.

16. Өлшемдердің салыстырмалығы мемлекет қаражатын пайдаланудың осы саласында басқа объектілерде, осыған ұқсас объектілер мен бақылау салаларында тиімділікті бақылауда пайдаланылатын өлшемдермен қатынасты немесе өздері басқа бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде қолданылуы мүмкіндігіне негізделген. Салыстырмалы өлшемдер тиімділікті түрлі тексерудің нәтижелері бойынша осыған ұқсас қорытындылар алуға мүмкіндік береді.

18. Тексерілетін объектілерді зерделеуді аяқтағаннан кейін тиімділікті бағалау өлшемдері бақылау жүргізу кезінде негіз болу үшін талдап тексерілуі тиіс.

17. Жиынтығының негізінде бағалаудың қойылған мақсаттарына сәйкес мемлекет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы негізді қорытындылар мен ұйғарымдар жасауға болатын жағдайда өлшемдер жеткілікті болып табылады.

Slide 7

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу

19. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау дайындық сатысын, тиімділікті тікелей бағалау сатысын және бюджеттік бағдарламалардың атқарылу тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды дайындау сатысын қамтиды.

20. Дайындық сатысының мақсаты объектілерді жоспарлау сатысы және тиімділікті бағалау ауқымы болып табылады, ол бағалау өлшемдерінің анықтауды және әзірлеуді, тексерудің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеуді қамтиды.

21. Дайындық сатысында:

1) оларды әзірлеу, жоспарлау және іске асыру сатысында тиісті органдар жүргізген бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды зерделеу;

2) зерттелетін бағыт бойынша заңнаманы және нормативтік құжаттарды зерделеу;

3) алдыңғы тексерулердің материалдарын талдау (мұндайлар болған кезде) ;

4) тексерілетін объект қызметінің тиімділігін көрсететін бар өлшемдерді зерделеу және қосымша өлшемдер әзірлеу қажет.

Slide 8

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу

22. Дайындық сатысының соңғы рәсімі бағалау өлшемдерін қамтитын жоспар мен бағдарлама болып табылады, оларды уәкілетті органның басшысы немесе оның орынбасары бекітеді.

23. Тиімділікті бағалауды тікелей жүргізу сатысы бекітілген бағалау өлшемдеріне, бағалау жоспарына және бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

24. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау қабылданған стратегиялық, орта мерзімді бағдарламаларға және республиканың немесе өңірдің тиісті болжамды жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларына сәйкестігіне жүргізіледі.

25. Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу кезінде мыналарды: сандық анықтауға және сандық пен сапалық нәтижелерді бағалауға ұшырауы тиіс бағдарламаны іске асыруды сапалық және сандық бағалауды қамтамасыз ету үшін бағдарламаларды орындаудың индикаторлары анықталған ба, белгілеу қажет.

26. Тиімділікті бағалауды жүргізу кезінде белгілі уақыт диапазонына бағалау объектісінің қандай да бір салаларының қызметін сапалық және сандық бақылау жүзеге асырылады. Бұл:

1) қандай да бір әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін бюджет қаражаты қаншалықты тиімді, нәтижелі және толық пайдаланылған;

2) мемлекеттік қаржы және материалдық ресурстарды пайдалану айқындылығын;

Slide 9

Тиімділікті бақылауды тікелей жүргізу сатысының мақсаты бағдарламамен белгіленген өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша бағалау объектісі қызметінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін дәлелдердің жеткілікті санын жинау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың бұзушылықтарын анықтау болып табылады.

28. Осы сатыда бағалау объектісін іс жүзінде тексеру жүргізіледі, ол мыналарды қамтиды:

1) объектімен көзбен шолып танысу;

2) объект жұмысының әдістерін талдау;

3) объектіні басқару жүйесін талдау;

4) ішкі бақылау қызметтерінің жұмысын тексеру;

5) нормативтік, бөлу және қаржы құжаттамасын зерделеу;


Ұқсас жұмыстар
Бюджет және бюджеттік жүйе
Бюджетті бақылаудың мақсаты - барлық деңгейдегі бюджетке кірістің неғұрлым толық жұмылдырылуын, бюджеттік қаражаттың нысаналы мақсатқа және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету
Бюджеттік бағдарламаларды келісуді жеңілдету
Бюджеттік процесс және оны ұйымдастыру
АЙМАҚТЫҚ ДАМУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың мақсаты
Бюджеттің дербестік қағидаты
Экономиканы бюджеттік реттеу
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Жекелеген бюджеттің экономикалық мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz