Жекеше кредит


Slide 1

Қазақстанда мемлекеттік несие механизмін басқару

Жұмабай Саламат

Оразгелдиев Бейбарыс

Бекниязов Оразалы

Арғанбай Жоламан МЖБ-41

Slide 2

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңды және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Slide 3

Мемлекеттік кредит - жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңды және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі карызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк кредитімен шатастыруға болмайды.

Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:

Жекеше кредит:

1) өндірістік мұқтаждар үшін жұмылдырылады;

2) несие капиталы жұмылдырылады;

3) өтеу қосымша өнім немесе өндіріс үдерісінде пайда болатын құннан жүргізіледі;

4) капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.

Мемлекеттік кредит:

1) өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар

2) төлем және сатып алу қаражаттары жұмылдырылады;

3) өтеу бюджет кірістерінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;

4) капиталды қолдану сферасын тарылтады.

Slide 4

Мемлекеттік кредиттің көздері - кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.

Мемлекет кредиттік ресурстарды:

1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;

2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;

3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;

4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

Slide 5

Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит бойынша қатынастарды қаржылық қатынастарға мына негіздемелер бойынша кіріктіреді:

1) мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі мұқтаждарды - өндірістік сияқты, өндірістік емес мұқтаждарды да, сол сияқты стратегиялық, сондай-ақ оперативтік мұқтаждарды да қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде қаралады;

2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар « салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

Slide 6

Қаржының ұдайы өндірістік функциясы шектерінде мемлекеттік кредит ақшалай қаражаттарды (оларды кейін қайтару шарттарында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен халықтың, кәсіпорындардың шамамен көп емес орташа жинақақшалары мемлекетте шоғырландырылады және экономиканың, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналасырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық боналарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Мемлекеттік қарыз алудың сан алуан құралдарының болуы халыққа жинакақшалардың ұйымдық нысандарын таңдау еркіндігіне мүмкіндік береді. Бұл функция іс- әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің көлемін арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады. Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен кайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай қайта бөлу») .

Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы - реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталдарының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері») . Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Slide 7

Мемлекеттік кредит түрлері

Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады (сызбаны қараңыз) . Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда - қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді - қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Мыналар:

мемлекеттік қарыздар шығару;

коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру;

қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады.

Slide 8

Мемлекеттік борыш, Мемлекеттік Қарыз, мемлекеттік заем - мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздары бойынша берешегінің жалпы сомасы. Тағы бір анықтамасы - мемлекеттің үкімет немесе орталық (ұлттық) банк арқылы жүргізетін қарыздарлық қатынасы. Бұл - басқа мекелерден, елдерден мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алынатын қарыз. Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік борыш бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді және экономикалық жағдаяттың нашарлауына байланысты әсе түседі. Екінші жағынан, Мемлекеттік борыш пен бюджеттен қаржыландыру - экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы. Ол ақша айналысына, тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де, оны тежеуі де мүмкін.

Slide 9

Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай

қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;

орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;

ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді

Slide 10

Мемлекеттік кредит кызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса) . Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

Ішкі мемлекеттік борыш - Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы орғандардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі.

Сыртқы мемлекеттік борыш - Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.

Slide 11

Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыштарды ажыратады.

Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса айтады.

Ағымдағы борыш - бұл мемлекеттің барлық борышкорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Мемлекет кепілдендірген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеепілдіктері бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Грамматикалық категориялары және сөздік формасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА НОТАРИАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тұтыну кредиті, кредит құнын есептеу
Корпорацияның қарыз капиталының құрамына
Қаржы жүйесін ұйымдастыру
Ауани жекеше желіні жобалау және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Екі жақты жазу және бухгалтерлік шоттар
АТФ БАНКІНІҢ НЕСИЕЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Қазақстан және Ресей елдерıнıң нотариалдық палаталары
Өкілеттіктерді теріс пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz