Қосмекенділер құрылысы


Slide 1

Қосмекенділер немесе Амфибиялар (Amphibia)

Орындаған: ВС 108 топ студенті Ертуғанова А. Б.

Қабылдаған: Искакова Г. О.

Қазақ ұлттық аграрлық университеті «технология және биоресурстар» факультеті «Ара, құс және балық шаруашылығы» кафедрасы

Slide 2

Жоспар

1. Систематика

2. Қосмекенділер құрылысы

3. Доғаомыртқалылар класы - Apsidospondyli

4. Жұқаомыртқалылар класы - Lepospondyli

5. Қосмекенділер маңызы

Slide 3

Систематика

Тип : Chordata - Хордалылар

Тип тармағы : Craniota seu vertebrata - Бассүйектілер не омыртқалылар

Бөлім : Gnathostomata - Жақтылар

Класс : Amphibia - Қосмекенділер

Класс тармағы : Apsidospondyli - Доғаомыртқалылар

Отрядүсті : Labyrinthodontia - Лабиринтодонттар

Отряд : Ichthyosteglia - Ихтиостегиялар

Рахитомалар - Rhachitomi

Стереоспондилдер - Stereospondily

Отрядүcтi : Salienta - Секіргіштер

Отряд : Proanura - Қарапайым құйрықсыздар

Anura, seu Ecaudata - Құйрықсыздар

Класс тармағы : Lepospondyli - Жұқаомыртқалылар

Отряд : Nectrida - Нектридиялар

Aistopoda - Аистоподалар

Microsauria - Микрозауриялар

Urodela, seu Caudata - Құйрықтылар

Apoda - Аяқсыздар

Slide 4

Төртаяқтылар класүсті

Төртаяқтылар класүсті - Tetrapoda Төртаяқтылардың арғы тегі өкпелері және жұп аяқтарға ұқсас жүзбе қанаттары болған ежелгі саусаққанатты балықтар Eusthenopteron және Sauripterus болуы мүмкін . Бұлардан басқа бұл саусаққанатты балықтар мен палеозой қосмекенділерінің бас қаңқасының жамылғы сүйектерінде көп ұқсастықтар байқалады . Саусаққанаттылар, қостыныстылар және қосмекенділердің қан тасымалдау жүйесі де біршама біртекті . Қосмекенділер рептилиялар, құстар мен сүтқоректілер бірігетін құрлықомыртқалылар тобы девонның аяғынан белгілі . Бұлардың қимыл қозғалыстарында өзгерістер байқалады - балықтәрізділер тұлғасы июі және құйрық жүзбе қанатының көмегімен қозғалса, төртаяқтылар жер үстінде қозғалу үшін құрлыққа икемделген бессаусақты жұп аяқтарын пайдаланады . Қосмекенділер морфофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты балықтармен бірге анамниялар тобына жатса қалған тетраподалар -амниоталарға жатады.

Slide 5

Қосмекенділер немесе Амфибиялар (Amphibia)

Қосмекенділер- алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар . Олар екі ортада : суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады . Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды . Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000 - нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі . Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған . Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына ( 1996 ) тіркелген . Қазіргі қосмекенділер үш отрядқа бөлінеді : құйрықты ( шамамен 300 түрі ) , аяқсыздар ( шамамен 60 түрі ) , құйрықсыздар ( шамамен 2000 түрі) .

Slide 6

Ас қорыту жүйесі . Қосмекенділердің негізгі қорегі жануар тектес болады, оның ішінде омыртқасыздар басым болып келеді. Бақалар өздерінің жалпақ та, жабысқақ тілімен Қозғалып жүрген омыртқасыздарды тез ұстап алады . Барлық қосмекенділердің тілінің ұстіңгі бетінен, желім сияқты шырын бөлінеді . Осы шырынның жәрдемімен ұсақ жануарларды ұстап қорек етеді . Тістері ұсақ біркелкі үстіңгі жақ сүйектеріне, ал кейбір түрлерінде төменгі жақ сүйектеріне орналасқан . Кейбір түрлерінде ( құрбақаларда ) тістері болмайды . Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып жұтқыншақ қуысына жалғасады . Ауыз - жұтқыншақ қуысына жалғасады, одан кейін өңеш, қарын, ішекпен байланысады . Ішектің үстінде жабысып ұйқы безі жатады . Бауыры үлкен, оның үстінде өт орналасқан . Тік ішек айқын ажыратылған, ол клоакаға ашылады.

Қосмекенділер құрылысы

Slide 7

Тыныс алу жүйесі. Ересек кезінде олар өкпесі мен терісі арқылы тыныс алады . Өкпесінің толық жетілмеуіне байланысты тері арқылы тыныс алады . Тері арқылы тыныс алу тері артерияларының капиллярлары арқылы іске асады . Тыныс алуда танау тесіктерінің ролі зор . Ол арқылы бақа тыныс алатын ауаны ішке тартады және сыртқа шығарады . Бақаның көкірек клеткасы және қабырғалары болмайды . Қосмекенділердің суда тіршілік ететін личинкалары сыртқы желбезек және терісі арқылы тыныс алады . Үнемі суда тіршілік ететін құйрықты қосмекенділерде желбезек өмір бойы сақталады, ал көптеген түрлерінде кейінірек желбезек жойылып кетеді .

Slide 8

Қан айналу жүйесі. Барлық қосмекенділердің жүрегі үш бөлімнен : бір қарыншадан, екі жүрекшеден тұрады . Өкпеде оттегіне қаныққан және көмір қышқыл газы азайған қан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құйылады . Жүрекшелердің жиырылуының нәтижесінде барлық қан құлақшаға құйылады . Құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткені қарыншаның ішкі бетіндегі әртүрлі өсінділер қандардың толық араласуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан жүрекше жиырылып болғаннан кейін қарыншаның оң жақ бөлігінде вена қандары, сол жағында - артерия қандары, ал ортасында - аралас қандар тұрады. Қосмекенділерде бұл екі шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты толық бөлінбеген . Вена қаны да, артерия қаны да жүректің жалғыз қарыншасы арқылы өтеді. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады және қанда оттегі аз аралас қанмен қамтамасыз етеді. Сол себептен зат алмасудың дәрежесі жоғары болмай, олардың денесінде жылу аз болады.

Slide 9

Нерв жүйесі. Ортаңғы миы онша үлкен емес, ал мишығы өте аз болады . Мидың бұл бөлімінің нашар дамуы қосмекенділердің қозғалысының күрделі болмай жай баяу қимылдауына байланысты . Жұлын нервтері иық және жамбас белдеулерінде нерв торларын құрайды . Сезу мүшелерінің ішінде белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшыраған мүше ол есту мүшесі . Ол балықтарға қарағанда қосмекенділердің есту мүшелер : жақсы дамыған . Көздерін құрғап кетуден және бөгде заттар түсуден, күшті жарықтан сақтап тұратын қозғалмалы қабағы бар . Көздің мөлдір қабығының пішіні балықтардікіндей тегіс болмай - дөңес болып, хрусталигі дөңгелек болмай - линза пішіндес болады . Бұл ерекшеліктер қосмекенділердің алысырақтан көрінуіне мүмкіндік береді . Қосмекенділерде жұп иіс сезу капсулалары болады, олар сыртқы ортамен бір жұп танау тесігімен қатынасады . Қосмекенділер иіс сезу мүшесін ауада ғана пайдаланады, ал суда жүргенде танауын жауып жүреді . Балықтарға тән бүйір сызық, қосмекенділердің тек личинкаларына ғана тән.

Slide 10

Зәр шығару жүйесі. Олардың зәр шығару мүшелері жас ерекшеліктерне қарай құрылысы өзгергіш келеді . Мысалы, ұрықтың алғашқы даму кезінде пронефрос, ал ересек кезінде мезонефрос зәр шығару мүшелердің қызметін атқарады . Зәр заты алдымен клоакаға, одан кейін қуыққа жиналады . Жиналған зәр заты қайтадан клоакаға содан кейін сыртқа шығады . Ыдыраған заттардың аздаған бөліктері тері арқылы да бөлінеді

Slide 11

Көбеюі . Аналық безі жұп, оның үстінде майды дене жатады . Уылдырық шашатын мерзімде аналық жыныс бездерінің мөлшері артады . Жетілген жұмыртқалар дене қуысына түсіп, одан воронка тәрізді бір жұп жұмыртқа жолына мюллеров каналдарына өтеді . Уылдырық мюллеров каналдары арқылы сыртқа шығады . Жұмыртқа жолы ұзын, оның алдыңғы бөлімі клоакаға ашылады . Ұрықтану көпшілік жағдайда сыртта судың ішінде өтеді . Көпшілік қосмекенділердің ұрықтану кезінде еркегі ұрғашысына асынып, алдыңғы аяғымен ұрғашысының құрсағын қасып, уылдырықтың суға түсуіне себеп тигізеді де, сол сәтте еркегі уылдырықты ұрықтандырады . Кейбір түрлерінде ( тритондарда ) еркегі спермаларын арнайы қапшықшада ( сперматофорда ) жинап, содан кейін ұрғашысы клоакасының шетімен жинап өзінің ұрық жолына кіргізіп алады . Бұл жағдайда ұрықтану ұрғашысының ішінде болады . Көпшілігінде жыныс диморфизмі жақсы дамыған ( түсі - реңі, алдыңғы аяғында сүйелінің болуы т. б. белгілері ) , кейбір түрлерінің еркегі ерекше қатты дыбыс береді, ол Дыбыс қапшығы - резонаторлардың арқасында шығады.

Slide 12

Дамуы. Қосмекенділердің сумен байланыстылыга көбею кезінде өте айқын көрінеді . Олар уылдырықтарын суға салады, уылдырықтардың дамуы суда өтеді . Ұрықтанғаннан кейін уылдырықтың мөлдір қабықтары ісінеді де, біріне - бірі жабысады да, үлкен түйір пайда болады . 2-3 аптадан соң уылдырықтан бақаның личинкасы - итшабақ шығады . Итшабақ өз өмірінің алғашқы күндерінде жүзбейді ( аяқтары болмайды ) және қоректенбейді, өйткені онын әлі ауызы болмайды . Бірнеше күннен кейін мүйіз жақтары бар ауыз пайда болады . Судың астындағы өсімдіктерді кеміреді . Ең алғаш алдыңғы аяқтары негізделеді, бірақ ол сыртында көрінбейді, сондықтан сыртқа бірінші рет артқы аяқтары шығады . Итшабақ өзінің алғашқы кездерінде ұзын құйрықты, басының екі жағында сыртқы желбезектері болады . Бұл кезде итшабақ балыққа өте ұқсас келеді . Оның дене пішіні балықтың денесі тәрізді, желбезектері бар, жүрегі екі бөлімнен, қозғалу кызметін құйрығы атқарады, оның тіпті бүйір сызығы да бар . Сөйтіп бақа өзінің дамуында қосмекенділердің балықтан шығу тарихын қысқаша түрде қайталайды.

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Доғаомыртқалылар

Apsidospondyli

Дөңгелектілділер тұқымдасы - Discoglossidae 4 туысқа бірігетін қарапайым құйрықсыз амфибиялардың 11 түрі жатады . Қабырғалары қысқа және омыртқасы артқы жағынан ойыс, ал дөңгелектілділерді жоғары сатыдағы құйрықтыларға жақындатады

Жұқа омыртқалылар

Lepospondyli

Олардың шығу тегі Ихтиостегиялар мен Саусаққанатты балықтардан пайда болды . Класстармағындағы отрядтар арасындағы туыстық қатынастар әлі анықталмаған.

Қосмекенділер класы

Bombina Bombina Ambystoma opacum

Slide 16 Slide 17

Құйрықты қосмекенділер отряды

Қазіргі кезде 500 - ге жуық түрі кездеседі . Бұл отрядқа саламандрлар, тритондар, протейлер ( олар желбезегі бар, көздері жоқ, үңгір суқоймаларында кездеседі), сирендер(желбезегі бар, бірақ артқы аяқтары жоқ) жатады. Көпшілік құйрықты қосмекенділер Солтүстік Америкада таралған. Олардың денесі бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінген . Өмірінің көпшілік уақытын суда өткізеді. Алдыңғы артқы аяқтарының ұзындығы бірдей . Бізде кәдімгі тритон және жалпы тритондар кездеседі . Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбіне, тастың астына, жердің жарығына кіріп паналайды . Қыста құрғақ түбірлердің, құлаған ағаштардың астына қыстап шығады . Көктемде қайтадан су қоймаларына оралады . Көбеюі мен личинкаларының дамуы суда өтеді .

Slide 18

Аяқсыз қосмекенділер отряды

Жер астында тіршілік етуіне және жерді қазуына байланысты, дене құрылысы өзгерген құрттар тәрізді кішкентай топ жануарлар . Көпшілік түрлерінің денесі жауын құрттарына ( сақиналы ) ұқсайды . Аяқтары жоқ, терісінде тері бездері көп болады . Құртша ( червяк ) деп аталатын бір ғана тұқымдасы бар . Ол Оңтүстік Америкада таралған, ұзындығы 40 см болады . Дымқыл жерлерді 50 см - ге дейін қазып, сол жерде тіршілік етеді . Аяқсыздар індерге, түбірдің түбіне 10-20 шақты жұмыртқа салып көбейеді . Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып дамуын аяқтайды . Ұрықатануы іште болады.

Slide 19

Құйрықсыз қосмекенділер отряды


Ұқсас жұмыстар
Қосмекенділер класы туралы
Қосмекенділер класы
Құйрық омыртқасы
ҚОСМЕКЕНДІЛЕР КЛАССЫ
Қосмекенділер класын қайталау
Жорғалаушылар - құрлықта тіршілік ететін алғашқы омыртқалы жануарлар
ҚОСМЕКЕНДІЛЕРДІҢ КӨБЕЮІ
Омыртқалылар
Жорғалаушылар
Аналық жыныс бездері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz