Имбецил балаларда
Презентация қосу
Мамандық: 6B01901 Дефектология
Оқудеңгейі: Екiншi жоғары бiлiм
Курс: 2
Бөлім: қазақ
Орындаған: Токушева Гулим
Бакытжановна
Тапсырма – 6.
«Ақыл-ойы кем балалардың танымдық
сфераларының ерекшеліктері».
Жоспар:
1.Олигофрен-балалардың сезінуі және қабылдауы.
2. Зейін.
3. Ес.
4. Қиял.
5. Ойлау.
6. Сөйлеу тілі.
Мақсаты:
Ақыл-ойы артта қалған балалардың қалыпты балалардың ес, зият,
таным, ойлау,қабылдау қабілеттерінің ерекшеліктерімен салыстыра
отырып, бұл балалардың танымындағы негізгі ерекшеліктері мен
кедергілерді айқындау.
Міндеті:
1. Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық қабілеттеріндегі
кемшіліктерді теориялық тұрғыдан талдау.
2. Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктерін
қалыптағы балалармен салыстырғандағы өзгерістермен және
ерекшеліктерді айқындау.
Ақыл-ойы артта қалған Таным дегеніміз - адамның
дегеніміз – бұл диффуздық сипатқа санасындағы ақиқаттылық және
ие бас ми қыртысының нағыздықтың оны одан өрі өзгерту
органикалық зақымдалуымен мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты
шартталған таным іс-әрекетінің бағытталған белсенді бейнелену үдерісі.
тұрақты қайтымсыз бұзылысы Таным барысында болмыстың түрлі
болып табылады. Ақыл-ой дамуы қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі
артта қалған балалардың дамуын заттардың, құбылыстардың сыртқы
қалпына келтіру, танымдық іс- жақтары мен мәні ашылады, сонымен
әрекеттерді қалпына келтірумен қоса таным қызметінің субъектісі —
байланысты. адам, демек, адам өзін-өзі зерттейді.
Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктеріндегі
кемістіктер өздерін қоршаған балалармен және ересектермен өзара қарым –
қатынас жасағанда айқын байқалады. Сонымен қатар, білім алу кезінде де бұл
кедергілер бала тұлғасына кері әсерлерін тигізіп жатады. Ақыл – ойы кем
балалардың қабылдау және түйсік дамуы баяу жүреді. Ақыл – ойы кем
балалардың қабылдауының баяулығы оның психикалық дамуына әсерін тигізеді.
Ақыл-ойдың артта қалуы клиникалық белгілеріне байланысты үш дәрежеге
бөлінеді: дебилдік дәреже (жеңіл дәрежесі) - әлсіз, қуатсыз деген мағына
берсе, имбецил (орташа) - әлсіз, елеусіз, идиотия (ең ауыр түрі) -тұрпайылық .
Дебил балаларда
Танымдық ерекшеліктерінің бұзылуы көптеген қиын түсініктерді талдап, қорытуға
қабілетсіз болып келеді.Олар маңызды, басты істі жалпыдан айыра алмайды,
абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ, нақты-жазылу, көрнекі
құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау басым болады.Оларда
инициатива, өз бетінше шешім қабылдау байқалмайды, барлық психикалық
үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән бермеушілік байқалады. Бірақ, кей
жағдайларда дебил балалар интеллектісінің жетіспеушілігіне
қарамастан, көп нәрсені аңдамай жаттап алумен қатар,өзгелерге
еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса жоққа
шығарып,жеңілдетіп жатады.
Имбецил балаларда
Барлық психикалық процестері баяу,селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек
өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді,
ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған.Логикалық ойлау,
тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде,
нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте
сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге
және жазуға бейім емес.
Идиотия дәрежесіндегі балалар
Қорғансыз, көрсетілген көмекті қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді
қажет етеді. Идиотия дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл
аудармайды, олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар
бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты шайнай
бастайды.Идиотия дәрежесіндегі балалар жоғары, биік немесе аласа, төмен туралы
түсініктері, қауіпті сезінбейді, сондықтан әр уақытта жарақаттанып жүреді.Білім
алуға талпынысы мүлдем жоқ, оларға ең қарапайым ақыл-ой операциялары да
түсініксіз. Есте сақтауы дамымаған және өте әлсіз. Кейбіреулері өз туғандарын,
шешесін де танымайды. Олардың сезінуі қарапайым және қанағаттануын немесе
қанағаттанбауын ашумен, айқайлармен көрсетеді.
М.М. Нудельман И.М.
Э.А. Эвлакованың зерттеулері бойынша,
зерттеулері Соловьевтың
ақыл-ойы кем балалар суретте бейнелерден
көрсеткендей, айтуы бойынша
адамның көңіл-күйін анықтай алмайды
терезеден көрген қалыпты
деген. Жалпы ақыл – ойы кем балалар үшін
пейзажды ақыл-ойы балалар бірден
сюжеттік картиналарды және пейзаждарды
кем балалар қабылдаса, ақыл
немесе әр түрлі суреттерді түсіну оқу
қалыпты балаларға ойы кем балалар
біршама қиын болып табылады. Олар
қарағанда бейнелер үшін
суреттегі перспективаларды түсінбейді,
ді аз қабылдайды. шындықтың көп
түсініктерді ажырата алмайды және
Олардың бейнесі
жартылай жабылған заттарды атай
қабылдаған аумақтары аз
алмайды.
бейнелерінің саны заттар арқылы
аз болады. қабылданады.
Ж.И. Шифтің экспериментальды зерттеулері, зияты дамымаған балалардың түсті
ажыратуына арналған. Зерттеулер көрсеткендей, қалыптағы балалар ұқсас
түстерді 1 топқа жатқызса, ақыл ойы кем балалар түстерді көптеген ұқсас емес
түстерді 1 топқа біріктірген.
К.И. Вересотская суреттер ұсыну арқылы қалыпты балалардың және ақыл-ойы
артта қалған балалардың қабылдау белсенділіктерін айқындаған. К.И. Вересотская
балаларға 90° және 180°қа бұрылған суреттерді ұсынды.Сонда қалыпты балалар
суреттерді дұрыс тауып, дұрыс қалпына бұрып,орналастыра білді. Ал ақыл –ойы
артта қалған балалар қалыпты суреттер қабылдап, суретті бұруға танып қабылдау
белсенділіктері жетіспеген және көбіне суреттегі нақты мәселелерді анықтай алмай,
кездескен суреттерді ретсіз атап көрсеткен.
Ақыл – ойы артта қалған балалардың танымдық
ерекшеліктері баяу дамыған. Олардың қабылдауының
баяулығы қолданылатын материалдың көлеміне
байланысты.
Сонымен қатар, ақыл-ойы артта қалған балаларға
қалыпты балаларға қарағанда кеңістіктегі объектілердің
қатынасын анықтау қиын. Себебі, кей жағдайда ыстық,
суықты ажырата алмайтын балаларға өлімен тіріні
ажырату қиынға соғады.Ақыл – ойы кем балаларға заттық
әрекетін қалыптасуының жетіспеушілігі тән.
Ақыл-ойы артта қалған балалардың танымдық ерекшеліктеріне
сипаттама.
Олигофрен-балалардың сезінуі және қабылдауы.
Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектерімен
бірге, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде белгіленуі.
Ақыл – ойы кем оқушыларда қалыпты балалармен салыстырғанда әртүрлі
сезінуінің бұзылысы және объектілер мен ситуацияларды қабылдау бұзылыстары
байайқалады.
Ақыл – ойы кем балалардың қабылдау және түйсік дамуы баяу жүреді. Ақыл –
ойы кем балалардың қабылдауының баяулығы оның психикалық дамуына әсерін
тигізеді. Ақыл- ойы кем балалардың қабылдау және түйсіну ерекшеліктерін кеңес
психологтары кеңінен зерттеген. (И.М. Соловьев, К.И. Вересотская, М.М.
Нудельман, Е.М. Кудрявцев.)
Қабылдау дегеніміз шындық өмірдегі заттар құбылыстардың сезім органдарына
тікелей әсер етуінен түрлі қасиеттері мен бөліктерінің бірлесіп, тұтастай
бейнелеуі.
Қабылдау – комплексті тітеркендіргіштердің бейнеленуі.
Қасиеттері:
Тұтастығы – қабыладау әр қашанда заттың тұтастай образы.
Тұрақтығы – заттың қалыптасқан түрін, түсін, көлемін қабылдау.
Мағыналылығы – қабылдау ойлаумен заттың мәнін түсінуімен байланысты.
Таңдамалылығы - өзгелермен салыстырғандағы объектінің ерекше қасиеті
бойынша қабылдау.
Түйсік дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының сезім
мүшелеріне тікелей әсер етуінен жеке қасиеттерінің миымызда бейнеленуі.
Түйсік – танымның табалдырығы болып табылады және адамның сезім
мүшелерімен тікелей байланысты. Сыртқы қоршаған ортаны тану түйсіктен
басталады. Түйсіктің физиологиялық негіздері, рефлекторлық доға болып
тұрады, яғни сырттан келген тітіркендіргішті афферентті жүйке талшықтары
мидағы орталықтарға жеткізеді де, мидан алған жауапты эфферентті жүйке
талшықтары арқылы келген жерге алып барады.
Түрлері:
Көру түйсігін – көз атқарады;
Есту түйсігін – құлақ атқарады;
Дәм түйсігін – тілдің дәм бүршіктері атқарады;
Иіс түйсігін - мұрынның кілегейлі қабаты атқарады;
Тері түйсігін – тері атқарады;
Статикалық түйсігін – құлақтың вестибуль аппараты атқарады.
Рецепторлар орналасуына байланысты түйсік үшке бөлінеді:
1. Энтериорецептивті
2. Экстериорецептивті
3. Проприорецептивті
Түйсік барысында заңдылықтар мен құбылыстардың жеке қасиеттері,
сапалары туралы білім алсақ, қабылдауда тұтас образ қалыптасады. Қабылдау
түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға байланысты болады.
Қалыпты балада таным процестері жылдам дамиды.Көру мен есту
өмір тәжірибесінде қалыптасады. Жүйке жүйесінің зақымдануынан
балада түйсіну мен қабылдауы баяу және көптеген ерекшеліктерімен,
кемшіліктерімен қалыптасады.
Түйсіну мен қабылдау қоршаған ортаны танудың бірінші деңгейі
және бұл деңгей адам өмірінің барысында өте маңызды. Ақыл-ойы кем
балалар қалыпты жағдайдағы балалармен салыстырғанда қабылдауы
мен сезінуі әлде қайда артта қалған. Баяулы, қабылдауының шектеулігі
ақыл – ойы кем баланың психикасына кері әсерін тигізеді.
Ақыл – ойы кем балалардың ерекшеліктерін көптеген психологтар
қарастырған. И.М. Соловьева ақыл – ойы кем балалардың көріп
қабылдауының көлемін, тарлығын, баяулығын зерттеген.
Қалыпты бала объектіні бірден көріп қабылдаса, олигофрен бала
затты немесе объектіні біртіндеп көріп қабылдайды. Ақыл – ойы кем
бала қалыпты жағдайдағы балаға қарағанда айналаға назарын көп
бөлмейді, жаңа жерде бірден бағдарлана алмайды және өзіне
маңыздысын байқай алмайды.
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып
шоғырлануы,яғни белгілі бір нәрсеге назарын аударуы.
Көптеген зертеуші ғалымдар зейіннің, оның ішінде ырықсыз зейіннің
жеткіліксіздігіне тоқталады. Ақыл-ойы артта қалған балалардың ырықты
зейініне енжарлық тән, көңілдері бөлінгіш. Кей балаларда 10-15 минут жұмыс
істегеннен кейін қимыл-қозғалыс, мазасыздық басталады. Ал кейбір балалар
енжар, селқос күйге ауысады.
Ақыл-ойы артта қалған балалардың ерікті зейін деңгейінің төмендігі олардың
ерік-жігер салаларының жетілмеуімен де байланысты.Сонымен қатар, балалар
тым шыдамсыз, әлсін – әлсін орнынан сабаққа қатысы жоқ сұрақтарды қойып,
орнында отырып айғай салып жатады. Бұл белгілер ақыл-ойы артта қалған
балаларда қимыл-қозғалыс белсенділіктері мен көңілдерінің бөлінуі,алаңдау
күйлері өте айқын көзге түседі.
Балалардың жасы ұлғайған сайын ырықты зейін көлемі де ұлғаяды,
тұрақтылығы мен таралу қасиеті де анағұрлым жақсара түседі, бірақ зейіннің
белсенділік уақыты қалыпты балалардан үнемі әлдеқайда кем болады және
айтарлықтай кеш дамиды.
Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап, есте
қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.
Есте сақтау арқылы балаларда мағлұматтарды жинақтау, білімнің түрлі
салаларын меңгеруі іске асады. Жады адамның басынан кешіргенін, алған
тәжірибиесін ойда сақтаумен және келесі тәжірибеде оны танумен, қайта
жаңғыртумен іске асады.Әдетте вербалды(сөздік), көру және моторлық
(қимыл-қозғалыс) ес түрлерін ажыратады.
Ақыл-ойы артта қалған балалардың есте сақтау процестері өзіндік
ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл балалардың есте сақтайтын ақпараттары
қалыпты жағдайдағы балалармен салыстырғанда өте аз. Балалардың сөздік және
көрнекі материалдарды есте сақтауының анықтылығы тұрақты емес және
анықтығы төмен. Яғни,көп элементтерді естен шығарады, орындарын
алмастырып алады және кездейсоқ ассоцияларға сүйеніп жаңа элементтер қосып
алып,логикалық ретіне өзгерістер енгізіп алады.
Көбенесе ақыл-ойы артта қалған балалар ырықсыз есте сақтауды
пайдаланады. Яғни, олар өздерін қызықтыратын, назарын аударатын,
эмоционалды жақтарын ғана есте сақтайды. Балалар ақпарат айтылғанда осы
фрагменттерді ғана бөліп алып, есте сақтайды. Бұл ақпараттарды ерекше
әсермен қабылдап, өзіндік белгілермен, қимылмен және көзқарастармен жауап
білдіріп жатады.
Қиял - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға
ғана тән психикалық процесс.
Қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен салыстырғанда ақыл-есі кем
балалардың қиялы есте сақтау қабілеттерін, қабылдау жұмысын және жаңа
образдар жасау тәсілдерінде бірқатар нақты ерекшеліктерге ие. Ақыл-есі
кем баланың ойлау және сөйлеу деңгейі төмен.
Ақыл-есі кем балаларда қабылдау бейнелерін жаңғыртуда қиындықтар
байқалады (Л.в. Занков және т. б.).
Фрагментация, суреттерді ассимиляциялау балалардың танымдық
белсенділігінің дамуына ықпал етпейді. Сондықтан, ақыл-есі кем
балалардың қиялы жеткіліксіз дамумен сипатталады: схемизм, үзінді және
толық емес. Олардың өмірлік тәжірибесі аз болғандықтан, ми операциялары
жеткіліксіз, қиялды қалыптастыру өте қиын.
Л.В. Занков өз зерттеулерінде ақыл-есі кем балалардың қиялы қалыпты
дамып келе жатқан құрдастарымен салыстырғанда есте сақтау бейнелерін,
қабылдау нәтижелерін, жаңа образдар жасау тәсілдерін қолдануда бірқатар
ерекшеліктерге ие екенін айтады.
Ақыл-есі кем балалар еркін есте сақтау қабілеті, қалыпты дамып келе
жатқан құрдастарына қарағанда кеш қалыптасады.
Ойлау – айнала қоршаған ортаны, санада бейнелеудің жоғары формасы.
Ойлау – нақты өмірді тануды, сөздің көмегімен қорыту, топтау. Ойлау заттар мен
құбылыстардың мәнін білуге мүмкіндік береді.
Ойлау – бұл шынайы өмірді қорытындылау мен бейнелеп көрсететін танымдық
үдеріс. Қазіргі кезде, балалар ойлауының 3 негізгі сатысы анықталған: көрнекі-
әрекеттік, көрнекі-бейнелік және сөздік-логикалық ойлау.
Ақыл-ойы артта қалған балалардың ойлау қабілеттеріне келер болсақ, М.В.
Зверева, А.И.Липтика, Шиф және И.М.Соловьев, Г.М. Дульнем сынды
ғалымдардың зерттеуімен түсіндірсек болады. М.В. Зверева, А.И. Липтика бұл
балалардың ойлауынан мына ерекшелікті байқаған яғни,балалардың заттарды
салыстыруда олардың ұқсастықтарынан гөрі айырмашылықтарына көп көңіл
бөлетіні.Бұл балалардың ойлауындағы негізгі кемшілік-қорыту мен
жалпылау қабілеттерінің төмендігінде, бұл кемшілікті мектепте ережелер мен
жалпы ұғымдарды меңгере алмауынан байқаймыз.Олар ережелерді жатқа
білгенмен мән-мағынасын түсіне алмайды. Сондықтан, ережелерді білуді қажет
ететін пәндер – арифметика мен грамматиканы қиындықпен меңгереді.
Ақыл-ойы артта қалған балалардың ойлауының қалыпты балалардан негізгі
ерекшелігінің бірі ойлап отырып,сол ойды түсініп өзіндік қорытып, түйін
шығара алмауында.
Сөйлеу – бұл бас миымен қамтамасыз етілетін ерекше жоғары психикалық
функция, сөйлеу дамуындағы кез келген ауытқуларды уақытында байқап отыру
қажет. Сөйлеу қалыпты жұмыс істеуі үшін ми қыртысы белгілі бір кемелдікке жету
үшін артикуляциялық аппарат қалыптастырылып, құлақ сақталуы қажет.
Ақыл-ойы бұзылған балалардың сөйлеуі көбінесе монотондық, аз сөйлейді, күрделі
және нәзік эмоциялық реңктерінен айырылған, бір жағдайда баяу, басқа
жағдайларда жедел болады.
Ақыл-есі кемістігі бар балада өмірдің бірінші жылында гуілдеудің болмауы немесе
кеш көрінуі байқалады. Бұл ақыл-ой қабілеті бұзылған балалардың жалпы
дамуындағы аномалияның салдары болып табылатын фонемиялық есту қабілетінің
дамымауынан болады. Ақыл-есі бұзылған балалар арасында сөйлеудің
фонетикалық жағының 40-60% бұзылуы байқалады.
3-4 жастағы қалыпты балада, біраз сөздік қор жинақталады, белсенді сөйлеу, дұрыс
грамматикалық формаға енгізілген, елеусіз фонетикалық кемшіліктер болады. Бұл
кезде, олигофрен баланың тілі енді ғана шыға бастайды, жеке сөздерді 2-3
жаста айтады, қысқа аграмматикалық фразалар, тек 5-6 жаста ғана пайда болады.
Есту арқылы ажыратуы, дыбыстауы, анағұрлым кеш қалыптасады. Оның сөйлеуі
әлі анық емес, сөздік қоры өте аз, т.б. Сөйлеудің мұндай күйінің негізгі себептері –
тұрақсыз саралаушы және баяу қалыптастырушы шартты байланыстар. Осының
салдарынан, бала ұзақ уақыт бойы, айналасындағы адамдардың сөйлеудегі
дыбыстарды саралай алмайды, көпке дейін жаңа сөздерді, сөз тіркестерін
меңгермейді.
Мұндай балаларда да қалыпты жағдайда артикуляторлы-күрделі дыбыстар
жиі бұзылады – бұл ысқырғыш, ызың, [р] және [л]. Дыбыстардың бұрмаланған
айтуымен қатар көп мөлшерде байқалады. Ауыстыру жиі вариативті, яғни бір
дыбыс интеллекті бұзылған бала бір жағдайда дұрыс, ал екіншісінде сөйлей
алмайды немесе толық жіберіп алады.
Сондай-ақ ақыл-ойы бұзылған балаларда диалогтық және монологиялық
сөйлеуде бұзушылықтар байқалады. Балалар әңгімеге қиындықпен кірісе
алады,Үндеген репликаларға дұрыс жауап бере алады, тыңдаушының
позициясынан сөйлеушінің позициясына ауыспайды, жаңа ақпарат алуға мүдделі
емес. Баланың сөйлеу аппараты, моторикасының дамуы, қозғалыс анализаторы
аймағындағы саралаушы шартты-рефлекторлық байланыстардың қалыптасу
ерекшеліктеріне байланысты. Қандай бір дыбысты анық айту үшін, моторлық
импульстер анық, нақты болуы шарт. Бұл моторлық импульстердің нақтылығы,
екі түрлі коррекциямен қамтамасыз етілуі керек: есту көмегімен коррекциялау
(бала өзінің ересектер сияқты, айта алмайтынын өзі естиді) және бұлшық ет
сезімі жағынан коррекциялау (қалыпты бала өзінің сөйлеу аппаратының басқаша
қозғалатынын өзі сезінеді, яғни дыбысты дұрыс шығара алмайды).
Олигофрен балалардағы осы екі коррекция түрі жетілмеген.
Сонымен, балалардың тілін дамыту жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі:
тұрмыста, практикалық іс-әрекет барысында, ойында, арнайы фронтальды
сабақтарда және жеке түзету жұмысы процесінде. Нәтижесінде мектепке дейінгі
жастағы балалардың сөздерінде елеулі өзгерістер орын алады. Олар тұрмыста
сөйлей бастайды, бір-біріне ұсыныстар, сұрақтар қоя бастайды, балабақшадан
тыс алған әсерлері туралы айтады.
Назар қойып
қарағандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz