Зертханалық жануарларды пайдалану тәсілдері және виваримен танысу


Slide 1

Зертханалық жануарларды пайдалану тәсілдері және виваримен танысу

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

Орындаған: 5В120200- Ветеринариялық санитария мамандығының 1 курс 108 топ студенті Ертуғанова А.

Тексерген: Аскар А.

Slide 2

Жоспары:

Зертханалық жануарлар

Зертханалық жануарлардың түрлері

Зертханалық жануарларды пайдалану

Виваримен танысу

Қорытынды

Slide 3

Зертханалық жануарлар биологияда, медицинада, ветеринарияда және ауыл шаруашылығында ғылыми жұмыстарды жүргізу мақсатында пайдаланылатын жануарлар. 3ертханалық жануарларға жүргізілетін ғылыми тәжірибелер мақсаты мен міндеттеріне қарай таңдалып алынады . Зерттеу жұмысының тиімді де жақсы нәтиже беруі үшін таңдап алған түрдің тек биологиялық ерекшеліктері ғана емес, олардың мінез - құлықтары да ескеріліп, жануарлардың өніп - өсуіне және тіршілігіне қолайлы жағдай жасалуы қажет . Зертханалық жануарлардың қатарына мамандардың ғылыми ізденістеріне қажетті жануарлардың барлық тобы ( қарапайымдардан сүтқоректілерге дейін ) жатады : тәжірбие, негізінен, омыртқалылардан - бақа, тышқан (бұлар зертханалық жануарлардың 70 % -ын құрайды ) , егеуқұйрық, ит, мысық, қоян, маймыл, сонымен қатар тас - бақалар мен құстарға да, омыртқасыздардан - дрозофила шыбыны, кене, құрттарға, т. б. жүргізіледі . Тәжірибелік мақсатта, негізінен, арнайы шығарылған инбредті ( жақын туыс дарабастыларды шағылыстырудан шығарылған ) және таза тұқымды зертханалық жануарлар, сондай - ақ гнотобиоттар (микробсыз жануарлар ) пайдаланылады . Зертханалық жануарларды виварияда ( тәжірибе жүргізілетін жануарларды арнайы ұстайтын орын ) ұстайды.

Slide 4

Маймылды қоректендіру сәті

Slide 5

Зертханалық жануарлардың түрлері

Зертханалық жануарлар - деп арнайы зертханаларда немесе хайуанатханалар (вивариумдер) жағдайларында өсірілетін және экспериментальді мақсатта немесе өндірістік практикада қолданылатын жануарлар түрлерін айтады. Зертханалық жануарларды - олардың ауруларын балау үшін, әр түрлі физиологиялық және патологиялық жадайларды модельдеу үшін, емдеу, алдын алу шараларын зерттеу үшін, химиотерапевтік және биологиялық препараттардың әсерін, керекті мөлшерін, т. с. с. әртүрлі зерттеулер үшін қолданады. Зертханалық жануарлар негізінен екі топқа бөлінеді: омыртқалы және омыртқасыздар. Омыртқасыз зертханалық жануарларға қарапайым құрттар, буынаяқтылар жатады. Зертханалық зерттеулер үшін қарапайымдылардың келесі түрлері қолданылады: амебалар, трихомонадалар, лямблийлер, трипанасомдар, лейшманиялар, кірпікшілер (инфузориялар) . Зертханалық мақсатта құрттардың әр түрлі тоғышар түрлері қолданылады, яғни адам мен малда ауру тудыратын құрттардың маңызы зор. Буынаяқтылардың ішінде негізінен қан сорғыш жәндіктер және кенелер қолданы-лады. Барлық омыртқасыз зертханалық жануарлар аурудың дамуын, өту кезеңін және емдік шараларын зерттеу үшін қолданылады. Зертхана жағдайында омыртқасыз жануарлар ар-найы колбаларда, пробиркаларда ұсталады.

Slide 6

Омыртқалы зертханалық жануарлар. Биологиялық зерттеулер үшін омыртқалы зертханалық жануарлардың 250- ден астам түрі қолданылады. Олардың кейбір түрлері ғылыми зерттеулер үшін зертханаларда немесе тұқымбақтарында - питомниктерде үнемі өсіріледі, мыс. : ақ тышқандар, ақ егеуқұйрықтар, теңіз шошқашықтары, қояндар, иттер, маймылдар және т. б. Ал кейбір зертханалық жануарларды эксперимент үшін аулап тұрады, мыс. : суырлар, дала тышқандары, балықтар және т. б. Сондай- ақ зертханалық мақсатта құстарда қолданылады, мыс. : тауықтар, көгершіндер, бөденелер, т. с. с. Кей жағдайда биологиялық эксперименттер үшін ауылшаруашылық малдары қолда-нылады, мыс. : қой, шошқа, сиыр, жылқы, түйе, есек, қашар, қодас және т. б. Зертханалық жануарлар - деп арнайы зертханаларда немесе хайуанатханалар (вивариумдер) жағдайларында өсірілетін және экспериментальді мақсатта немесе өндірістік практикада қолданылатын жануарлар түрлерін айтады.

Slide 7

Зертханалық жануарларды - олардың ауруларын балау үшін, әр түрлі физиологиялық және патологиялық жадайларды модельдеу үшін, емдеу, алдын алу шараларын зерттеу үшін, химиотерапевтік және биологиялық препараттардың әсерін, керекті мөлшерін, т. с. с. әртүрлі зерттеулер үшін қолданады. Зертханалық жануарлар негізінен екі топқа бөлінеді: омыртқалы және омыртқасыздар. Омыртқасыз зертханалық жануарларға қарапайым құрттар, буынаяқтылар жатады. Зертханалық зерттеулер үшін қарапайымдылардың келесі түрлері қолданылады: амебалар, трихомонадалар, лямблийлер, трипанасомдар, лейшманиялар, кірпікшілер (инфузориялар) . Зертханалық мақсатта құрттардың әр түрлі тоғышар түрлері қолданылады, яғни адам мен малда ауру тудыратын құрттардың маңызы зор. Буынаяқтылардың ішінде негізінен қан сорғыш жәндіктер және кенелер қолданы-лады. Барлық омыртқасыз зертханалық жануарлар аурудың дамуын, өту кезеңін және емдік шараларын зерттеу үшін қолданылады. Зертхана жағдайында омыртқасыз жануарлар ар-найы колбаларда, пробиркаларда ұсталады. Омыртқалы зертханалық жануарлар. Биологиялық зерттеулер үшін омыртқалы зертханалық жануарлардың 250- ден астам түрі қолданылады. Олардың кейбір түрлері ғылыми зерттеулер үшін зертханаларда немесе тұқымбақтарында - питомниктерде үнемі өсіріледі, мыс. : ақ тышқандар, ақ егеуқұйрықтар, теңіз шошқашықтары, қояндар, иттер, маймылдар және т. б. Ал кейбір зертханалық жануарларды эксперимент үшін аулап тұрады, мыс. : суырлар, дала тышқандары, балықтар және т. б. Сондай- ақ зертханалық мақсатта құстарда қолданылады, мыс. : тауықтар, көгершіндер, бөденелер, т. с. с. Кей жағдайда биологиялық эксперименттер үшін ауылшаруашылық малдары қолда-нылады, мыс. : қой, шошқа, сиыр, жылқы, түйе, есек, қашар, қодас және т. б.

Slide 8

Зертханалық қоян

Теңіз шошқашығы

Slide 9

Зертханалық қой

Ақ тышқан

Slide 10

Зертханалық ақ тышқандар үй сұр тышқанның альбиносы болып табылады. Химиялық хаттардың уландыру деңгейін анықтау үшін, фармокологиялық препараттың стандартизациялауында пайдаланылады

Slide 11

Зертханалық жануарларды таңдап алуға қойылатын негізгі - негізгі жагдай-талаптар:

1. Таңдап - сұрыпталып алынуға белгіленген жануарлардың зерттелінетін микроорганизмге сезімталдығы, қабылдағыштығы ( егер ол қоздырғыш өте аз белгілі болса, тәжірибелік тәжірибе ( опыттар ) сол ауру, табиғи жағдайларда кездесіп байқалган жануарлар түрлерімен жүргізіледі ) анықталады ;

2. Жануарларды күтіп - бағу кезінде және олармен тәжірибе ( эксперимент ) жүргізгенде олардың қауіпсіздігі және ыңғайлылығы ;

3. Жануарларды жеткілікті көлемде оңай табуға және арзан бағаға алуға болатындығы ;

4. Жануарлардың бұдан бұрын осы бағыттағы мақсатта қолданылмауы ;

5. Жануарлардың қоздырғыштар ( бактерия, бацилла ) сақтап - тасымалдаушы болмауы және т. с. с. талаптарға сай болулары .

Slide 12

Жануарларды таңдау және тәжірибелік тәжірибелер ( опыттар ) қою әдістері . Тәжірибелік тәжірибелер ( эксперименттер ) жүргізуге арналған жануарлардың дендері сау және зерттелінетін қоздырғышка сезімтал және қабылдағыш болуы керек . Тәжірибеге алынған жануарлардың бұның алдында осы қоздырғышпен зарардандырылып зерттелінбегендігіне, аурудың жасырын кезеңде болмауына немесе бациллатасушы еместігіне қатты көңіл бөлінеді және ондай жағдайлардан ерекше сақ болу қажет . Тәжірибе ( эксперимент ) жүргізу алдында тандап алынған жануарларды міндетті түрде таңбалап белгілейді . Ол үшін баскаларынан жиірек, әр түрлі бояулар пайдаланылады : пикрин қышқылының қаныққан ертіндісі, 0, 5 % -ды генциaнкүлгін немесе фукциннің ертіндісі, фукциннің карболдық ертіндісі және т. с. с. Негізінде бір бояуды жануар денесінің әр жеріне алдын ала дайындалған сұлба бойынша жағып белгілейді . Жүндерін кырқып белгілеуден аулақ болу керек, әсіресе ұзақ уақыт жүргізілетін тәжірибелерге байланысты, себебі кыр кылған жүндері өсіп кетеді де белгілері білінбей - көрінбей кетеді . Бояп белгі леумен қатар, металлдан ( кейде қалайыдан ) жасалған нөмірлер ( сырға - бирка іспетті) жануарлардың құлақтарына немесе сирақтарына бекітіледі, яғни салынады, тырнақтарын қырқып белгі салу және т. б. жолдары қолданылады.

Slide 13

Жануарларды тәжірибелік тәжірибелерге ( опыттарға ) тандағанда олардың денсаулықтарымен қатар, массаларына, жастарына және жыныстарына көңіл аударады . Кей кезде түсіне де қарай таңдауға тура келеді . Егерде зерттеулер сипаттарына қарай жануарлардың дене қызуына температурасына есеп жүргізу маңызды болатын болса, онда оларды тәжірибе алдында 3 күн бойы денелерінін өздеріне тән физиологиялық орта температураларын анықтау үшін, термометрлейді ( температураларын өлшеп отырады ) .

Slide 14

а-тышқандар мен егеуқұйрықтарды белгілеп-таңбалау сұлбасы

б-нөмірленген доға білезік іспеттес белгі

Slide 15

Оқта - текте тәжірибе жүргізу алдында жануарларды әдейілеп арнайы дайындау : белгілі бір емдәмдік ( диеталық ) режімде, асқазан ( карын ) шырынын бейтараптауға қолданылатын заттектер және т. с. с. қажетті дайындық іс - әре кеттері керек . Кейбір тәжірибелік тәжірибелерде ( опыттарда ) жануарларға белгілі бір режім және күтіп - бағу - ұстау жағдайларын ұйымдастыру өте маңызды болады, бұны да ұмытпау керек .

Slide 16

Виварий (vivarium, лат. vivus - "тірі") -эксперименттік жұмыста немесе оқу процесінде пайдаланылатын зертханалық жануарларды ұстауға арналған медициналық-биологиялық мекеме (ғылыми-зерттеу институты, зертхана) жанындағы ғимарат немесе жеке үй-жай. Ұсталған жануарларға эксперимент жүргізу үшін жағдайлар мен жабдықтармен қамтамасыз етілуі мүмкін, сондай-ақ оларды өсіру үшін питомниктің функцияларын орындай алады.

Slide 17 Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Зертханалық жануарлар
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАНУАРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері
Бактериологиялық зертханада жұмыс істеу тәртібі
Лептоспирозды балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
Жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық және емдеу шаралары
Ұсақ кұйістілердің обасын балау әдістерін меңгеру, індет ошағында сауықтыру және дауалау шараларымен танысу
Спиральді оқу бағдарламасы
Көрнекілік әдіс
Жануарларды бекіту және жақындау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz