Ағаш карталары



Саралап оқытудың әдіс-тәсілдері
Орындаған: Хасенова Ә. А.

Дифференциация сөзі латын тілінен (difference) шыққан және «айырмашылық», «бөлу» деген мағынаны білдіреді. Осы тұрғыдан «дифференциация» - бұл оқулары әр түрлі жүзеге асатын жекеленген білім алушылардың тобын бөліп алу. Шындығына келгенде дифференциация түсінігі анағұрлым терең, әрі кең.

Саралау («Дифференциация» латынша айырмашылық) - білім беру мазмұнын табысты игеруге, білім алушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру.

Оқытудағы дифференциацияның негізгі мәні білім алушылардың оқуындағы жеке айырмашылықтарды біле отырып және ескерту арқылы олардың әрқайсысы үшін анағұрлым оңтайлы болатын жұмыс түрін анықтау.

Оқу үрдісінде білім алушыларды дифференциациялау сипаты шартты болып табылады. Ол әрбір білім алушыға жекелей тәсілмен қарауға мүмкіндік беретін икемді және өзгермелі болуы тиіс.

Дифференциация балаларды қабілеттері немесе басқа қасиеттері бойынша іріктеуге бағытталмаған. Оның негізгі міндеті білім алушылардың қабілеттерін және бейімділігін дамытуға, білім мазмұнынын табысты игеру мақсатында білім беру үдерісінде барынша қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Оқытуды саралау дегеніміз - білім алушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі топтар, оқу орындар үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені.

Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, студенттер тобына оқытушы оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы.
Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық студенттерге әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және оқытушымен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.

Саралап оқытудың тәсілдері
Тапсырма. Балаларға (жеке немесе топта) олардың меңгерген білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі.
Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі студенттерға арналған тапсырмалар кіреді. білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау оқу тапсырмасының мазмұны бойынша: шығармашылық деңгейі бойынша, қиындық деңгейі бойынша, көлемі бойынша, әрекетті ұйымдастыру бойынша:
оқытушы тапсырманы бәріне бірдей таныстырады, ал орындалу кезеңі төмендегідей болуы мүмкін:
1 топ-оқытушымен бірге;
2 топ- алдымен оқытушымен, содан кейін өз бетінше;
3 топ- өз бетінше

Тапсырмалардың нұсқалары қиындық деңгейі, шығармашылық деңгейімен және көлемімен ерекшеленеді.
1-нұсқа- негізгі тапсырма;
2-нұсқа-көлемі үлкендеу тапсырма;
3-нұсқа-шығармашылық тапсырма. Саралауды қамтамасыз ететін тапсырмаларды құрастырудың төмендегідей түрлерін қолдану ұсынылады:
Ашық түрде орындалатын тапсырмалар;
Қаламдық тапсырма түрінде орындалатын тапсырмалар;
Таңдау түрінде орындалатын тапсырмалар; Сондай-ақ оқушының таңдауы бойынша тапсырма жағымды оқу ынтасының қалыптасуына әсер ететінін естен шығармауымыз керек.

Нәтиже. Балалар қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бірдей тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ оқытушы балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып, әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді. Нәтиже дегеніміз - сабақтың соңында мазмұн бойынша оқушының алған білімін демонстрациялау әрекеті. оқытушы мазмұнды меңгерту мақсатында тапсырма береді, барлық студенттер бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. студенттер өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және жетпей тұрған білімдерін жетілдіру туралы ойлағандары маңызды. Сабақта оқытушы барлық студенттерға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізулеріне әрекет жасайды.

Жұмыс қарқыны. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оларды аяқтауға жұмсалған уақыт олардың дағдыларына қарай анықталады. Кейбір студенттер басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін студенттер үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруге көмек қажет ететін студенттерға біршама уақыт беріледі.
Қорытынды: Барлық студенттер бір тапсырманы орындаса да, олардың нәтижелері әртүрлі болады. оқытушы тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауап бағытында жұмыс істеуден гөрі студенттер өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді. Барлық студенттерға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетінін түсінгендеріне көз жеткізу керек.

Қолдау. Балалардың барлығы бірдей тапсырманы орындайды, бірақ олардың кейбіреуіне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау көрсетіледі. Бұл тәсілді қолдану оқытушыге ерекше жауапкершілік жүктейді. оқытушы мәселені шешуде өзінің қарапайым тілде егжей-тегжейлі түсіндіруін қажет ететін студенттер және тек диалогке түсу арқылы бағытталуды ғана қажет ететін жлғары деңгейлі студенттер тобын анықтауы тиіс. Сонымен қатар, оқытушы қабілеті жоғары білім алушыларды қолдау үшін жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдана алады. Тілдік қолдау мен ынталандыру да бұл тәсілде ерекше маңызға ие.

Ресурстар. (дереккөздер) Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ айтарлықтай дамыған оқу немесе зерттеу дағдыларын қажет ететін әртүрлі ресурстар ұсынылады.
Бұл әдісті қолдануды топтағы кейбір студенттер басқаларға қарағанда әлдеқайда күрделі әрі ауқымды ресурстармен жұмыс жасауға бейім болатынын ескерген жөн және осы арқылы тақырыпты әртүрлі қырынан алу үшін түрлі оқу материалдарын пайдалануға мүмкіндік береді дегенді білдіреді. Кейбір студенттер сабақта негізгі мәтінмен жұмыс жасаумен шектелсе, қабілеті жоғары студенттер жетілген деңгей сөздіктермен және күрделі идеялармен жұмыс жасауға қабілетті болады. Саралаудың бұл түрі барлығына ортақ оқу нәтижелеріне жету үшін, оқу материалдарын кең көлемде пайдалануға мүмкіндік береді.
Мысалы, үдеріс бойынша төмендегідей ұйымдастыруға болады:
Визуалдарды оқулықпен қамтамасыз ету;
Аудиалдарға аудио жазбаларды тыңдату;
Кинестетиктерге тапсырмаларды өздерінің жасап көруіне мүмкіндік беру.

Топтау. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ барлығының табысқа жетуін қамтамасыз ететіндей етіп топтастырылған. Оқытудың болжамды міндетіне қарай топ құруда тиімді көптеген тәсілдер бар: мүдделері ұқсас студенттер (қиындық деңгейі немесе қолдау деңгейі), талаптары әртүрлі студенттер, джигсо топтары, кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ, аралас гендерлік топ, ұйымшыл топ. Топтық жұмысты орындау үшін бір топта қандай білім алушылардың болатыны маңызды емес. Осы жағдайда оқытушы өзі қалаған әдіспен білім алушыларды шағын топқа біріктіреді. Топтың мүшелері кездейсоқ бірігеді. Бұл жағдайда оқытушыге топтағы білім алушылардың бір-бірімен мейлінше араласқаны маңызды.

Екіншіден, аралас топ. оқытушы мақсатты түрде шағын топқа әртүрлі деңгейлі білім алушыларды біріктіреді. Себебі бұл топтық жұмыс жаңа оқу мақсатына жету үшін қажетті алдыңғы білімдері мен біліктерін қайталап, бір-бірінің есіне түсіру мақсатында ұйымдастырылған.

Үшіншіден деңгейлі топ. оқытушы ерекшеліктеріне қарай топтарға біріктіреді. Қызығушылығы бір студенттер бір топта немесе жоғары деңгейлі, орта және төмен деңгейлі студенттер. Оларға арнайы тапсырмалар дайындалады. Бұл топтық жұмысты жоспарлау кезінде оқытушы неліктен білім алушыларды дәл осылай біріктіретінін және неліктен тапсырмаларды беретінін нақты түсінеді.

Төртіншіден, қалаулы топ. Оқытушы студенттерге өз қалаулары бойынша отыруға мүмкіндік береді. Топта қандай да бір топтық жоба жұмыстарын жасау керек болған кезде бұл әдісті қолдану тиімді.
Бесіншіден, қыз-ұл деп бөлуге болады. Бұл әдіспен білім алушыларды біріктіру қыз балалар мен ер балалардың оқудағы ерекшеліктерін терең зерттеуге мүмкіндік туындайды.

Рөлдер. Балалар ортақ тапсырманы орындайды, бірақ олардың әрқайсысы әртүрлі рөл атқарады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz