Тіл дамуының лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлары


Slide 1

Тіл дамуының лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлары

Дайындаған: 1 курс магистранты Хасенова Әлфия

Slide 2

Тіл білімі салалары

Интралингвистика.

Интра - латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді. Интралингвистика тілдің ішкі жүйелілік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді.

Интралингвистиканың негізгі салалары - фонетика, лексикология, грамматика.

Экстралингвистика - экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді. Экстралингвистика тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді.

Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета - грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистика социолингвистика, менталингвистика салаларына бөлінеді.

Slide 3

Ішкі лингвистика тілді оның субстанциялық қасиеттері негізінде, жүйелі құрылым ретінде зерттейді. Жүйе дегеніміз - өзара шарттас, өзара байланысты, біртектес элементтердің бірлігі. Ол рет-ретімен орналасып, ұйымдасқан біртұтас құбылыс. Тілдің жүйелі сипаты оның барлық деңгейлерінен - фонетикалық, лексикалық және грамматикалық деңгейлерінен көрінеді. Мысалы, белгілі бір тілдің фонетикасында «дауысты дыбыстар жүйесі», «дауыссыз дыбыстар жүйесі» деп аталуы тектен тек емес. Мысалы, түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке, еріндік және езулік т. с. с. топтасуы тілде дыбыстық жағынан жүйе бар екенін көрсетеді. «Ы» мен «і» дыбыстары айтылуына қарай «ы» - жуан, «і» - жіңішке ретінде танылса, бұл екі дыбыс еріннің қатысы жағынан біртектес, езулік болып табылады

Slide 4

«Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»-деп, Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай қай ұлттың тілі болмасын қоғамның дамуына байланысты өзгеріске ұшырайтыны сөзсіз, осы орайда тіл туралы зерттеліп жатқан ғылыми еңбектерде, мақалаларда жиі айтылып, қолданылып жүрген экстралингвистика терминіне тоқталсақ.

Slide 5

Экстралингвистика (тілдік емес факторлар) тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Сондықтан оны социологиялық лингвистика, металингвистика (мета - грекше жарты), сыртқы лингвистика, немесе тілдің қоғамда, ойлау процесінде атқаратын қызметін зерттеуіне байланысты функциялық лингвистика деп те атайды. Экстралингвистикалық фактор тілге қоғамның, қоғамда болып жатқан тарихи, саяси жағдайлардың тілге әсері қарастырылады.

Slide 6

Экстралингвистикалық фокторлардың ішіндегі бастысы - қоғам, қоғамдық құрылыс. Қоғамның дамуы тілдің дамуына әсер етеді. Өйткені тілдің тағдыры сол тілде сөйлейтін халықтың тағдырымен тығыз байланысты. Ал халықтың тағдыры қоғамның дамуына тәуелді.

Slide 7

Тілдің даму жолында екі түрлі процесс болады. Оның біріншісі - біртұтас тілдің өз ішінен ыдырап, жеке диалектілерге, тілдерге бөлшектену процесі. Тіл тіл біліміде - бөліну(дифференциялану) деп аталады. Екіншісі - жеке диалектілердің, тілдердің бір-бірімен жақындасу, бірігу процесі. Бұл -бірігу (интеграциялану) деп аталады. Тілдердің дамуында болатын, мұндай бөліне (ажырасу) процесі де, бірігу (қосылу) процесі де қоғамға тікелей байланысты. Қоғамның бөлшектенуі тілдің де бөлшектенуіне әкеп соғады. Болмаса керісінше: әр түрлі тілде сөйлейтін қауымдардың бірігуі олардың тілдерінің де бірігуін туғызады.

Slide 8

Тілдік өзгерістерге себепші болатын сыртқы мәнбілердің ең күштісі - қоғамдық прогресс. Егер қоғам экономикасы, техникасы, ғылыми жағынан күшті дамыса, мәдени өзгерістер мен жаңалықтар көп болса, ондай қоғамдағы халықың тілі де жақсы дамиды. Оған дәлел ретінде көпшілік халықтардың тілінде соңғы ғасырларда пайда болған телефон, телеграф, радио, теледидар, компьютер, пойыз деген сияқты сөздерді келтірсек те болады.

Slide 9

Тіл дамуына себепші болатын сыртқы мәнбілердің тағы бір елеулі түрі - тілдердің бір-бірімен байланысы, қарым-қатынасы. Бір-бірімен дұрыс қатынаста, байланыста болған тілдер, бірінде жоқ сөзді бірінен алып, байып отырады.

Тілдің өзгеруіне, дамуына тигізетін лингвистикалық факторлардың да тигізетін әсері аз болмайды. Оның сыртқы мәнбілерден негізгі айырмашылығы - егер сыртқы мәнбілер қоғамда, белгілі бір тарихи кезеңге тәуелді болса, ішкі мәнбілер барлық уақытты бірдей және үздіксіз әсер етеді.

Slide 10

Ол заңдар мыналар:

1) Айтуды жеңілдетудің заңы. Бұл заң бойынша сөйлеуші әрқашан тілдік элементтердің айтуға жеңіл болуын, сөйлеу мүшелеріне күш түсірмеуін көздейді. Мұны көбінесе тілдердің дыбыстық құрылымындағы құбылыстардан, орфография мен орфоэпия арасындағы ерекшеліктерден байқауға болады. Мысалы, қазақ тілінде екі дауысты дыбысты қатар айту қиын. Соны жеңілдету үшін сөйлеу процесінде қатар тұрған екі дауысты дыбыстың біреуі түсіріліп айтылады. Мысалы: Сарыарқа - Сарарқа; келе алмады - келалмады, т. б. Сол сияқты, қазақ тілі үшін сөз басында екі н үш дауыссыз дыбыстарды шоғырландырып айту қиын. Мұндай жағдайда олардың арасына не басына қысаң дауыстылардың бірін қосып айтушылық бар. Станция - ыстансия - ыстаса, трактор - тырақтыр - тірәктір, т. б. Тіл-тілде кездесетін алуан түрлі үндесулер (сингармонизм) де осындай қиындықтарды жеңлдетуден туған құбылыстар.

Тілде болатын өзгерістердің (дамудың) көпшілігі ішкі мәнбілерден болады. Яғни өзгеріс тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша іске асады.

Slide 11

2) Кез келген тілде өзіндік тілдік элементтерін жалпыдан (абстракциялап) қолдану заңы бар. Бұл заң бойынша, бір кездердегі толық мағыналы сөздер келе-келе грамматикалық морфемаларға, шылау сөздерге айналып кетеді. Мысалы, бара тұрған - баратын, келе тұрған - келетін, т. б.

Slide 12

3) Тіл дамуына тағы бір заңдылық - бөліну (дифференциялану) заңы деп аталады. Бұл заң бойынша, бір сөз бірнеше сөзге сараланады. Мысалы, хукумат: өкімет (власть), үкімет (правительство) ; ғилм: ғылым, ілім, білім, т. б.

Slide 13

4) Тідік элементтерді үнемдеп немесе ықшамдап қолдану заңы. Бұл заң бойынша тілдегі күрделі элементтер ықшамдалып, қолдануға ыңғайлы, пайдалануға жеңіл болады. Мысалы, аюдың ақ дәрісі (рапонтикум) ˃ аюдың дәрісі ˃аю дәрісі˃аюдәрі немесе ақдәрі; тәуелсіз мемлекеттер достастығы ˃ ТМД; бара+мын ˃ барам т. б.

Slide 14

5) Басы артық элементтерді қолданбау заңы. Мысалы, тіліміздегі «Жомарт адам жоқтығын білдірмес, жүйрік ат тоқтығын білдірмес» деген мақал қолдануда «жомарт жоқтығын, жүйрік тоқтығын білдірмес» деп қысқартылып алынады. Бұлар онсызда түсінікті басы артық элементтерді қолданбау мақсатында туған құбылыстар.

Slide 15

6) Тілдердің дамуына ұқсастық (аналогия) заңының да әсері елеулі. Бұл заң бойынша, тілде бұрыннан бар құбылысқа ұқсастырылып, екінші бір тілдік элементтер туады. Мысалы, тілімізде бар жатақ, тұрақ сөздеріне ұқсастырылып, кейінгі кезеңдерде - ұшақ сөзінің, сәлемдеме сөзіне ұқсасырылып - аялдама сөзінің, аларман сөзіне ұқсастырылып - көрермен сөздерінің тууы, міне, осы заңның нәтижесі.

Slide 16

Экстралингвистикалық факторлардың пайда болуына түрлі себептер әсер етеді. Оның бірі - бұқаралық ақпарат құралдарының қарқынды дамуы. Себебі БАҚ тілдік ортаны қалыптастырады. Қазіргі таңда ақпараттар ағынында тасада қалып қоймау үшін әр адамның айналада болып жатқан оқиға, жаңалықтардан хабардар болуына БАҚ-тың әсері зор. Қазіргі саясат, экономика, техника салаларының қарқынды дамуына байланысты жаңа ұғым, сөздер мен сөз тіркестері БАҚ-та жиі қолданылып жүр. Баспасөз қазақ әдеби тілінің қолданылу аясын кеңейтіп қана қоймай, оның нормалық жүйесінің, грамматикалық құрылымының, сөздік құрамының дамуына әсер етеді

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі тіл біліміндегі дискурс және мәтін мәселелері
МӘТІН ЖӘНЕ ДИСКУРС
Тіл теориясы
Салыстырмалы - тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы орны
Әлеуметтік лингвистика
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
АУДАРМА КӘСІБІНІҢ ЛИГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Лингвистикалық мектептер
Фразеологиялық бірлік - номинативті тілдік бірлік
Көркем дискурс және сөз мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz