Тілдік бірліктер және контекст


Slide 1

Тілдік бірліктер және контекст

Орындаған: Хасенова Ә.

Slide 2

Тілдік бірліктер - тілдік жүйеде әртүрлі мағынаға және қызметке ие болатын бірліктер. Тілдік бірліктер тілдік жүйенің белгілі деңгейін қалыптастырады: фонема-фонемалық, морфема-морфемалық, сөз-лексикалық деңгейдің бірліктері болады. Тілдік бірліктер терминін кең мағынасында тілдің зерттеу объектісіне қатысты әртүрлі мәселелерді қамтитын белгілеуші ретінде де түсінуге болады.

Slide 3

Тілдік бірліктер жай және күрделі болып бөлінеді. Жай Тілдік бірліктер мүлде бөлінбейді (фонема, морфема), күрделі Тілдік бірліктер тек өздері енетін тілдік деңгейде ғана бөлінбейді (күрделі және туынды сөз, сөйлем т. б. ) . Күрделі Тілдік бірліктер басқа тілдік деңгейлерде құрамындағы сыңарларға бөлініп кетеді (Мысалы, сөз - морфемаларға, сөйлем - сөзге) .

Slide 4

Құрылымдық синтаксис деңгейіндегі талдаулар модалділік санатының грамматикалық табиғатын толық ашып көрсете алмайды. Себебі бұл санаттың грамматикалық ерекшелігі, модалді мағынаның астары көп жағдайда сөйлем аралық байланыстан, контекст аясындағы салыстырудан дараланады. Модалділікті контекст шеңберінде талдау қажеттігін, ішкі себептері мен қол жеткізер мүмкіндіктерін, оның функционалдық мəнін С. Құлманов пікірімен ұштастырып, төмендегіше саралап көрсетуге болады: «Біріншіден, модалділік категориясын оны тура білдіретін конвенционалды құралдардан басқа осы семантикалық мазмұнды, осы коммуникациялық функцияны жанама түрде білдіретін бейконвенционалды құралдарды да жатқызуға болады. Кейбір модалдік мағыналар оларды білдіретін құралдардың семантикасына байланысты болмауы да мүмкін. . .

Slide 5

Екіншіден, ұқсас мағыналарды білдіретін жекелеген бірліктердің арасындағы семантикалық айырмашылықтарды коммуникативті əдіске сүйенбей табу мүмкін болмайды. . . Үшіншіден, коммуникативті жағдаяттың ерекшелігіне байланысты тілдік құралдарды таңдау шарты анықталады. . . Төртіншіден, коммуникативті жағдаят пен оның қатысушыларын айқындау бұйрықты сөйлемдердің кеңес, өтініш, бұйрық, ұсыныс т. б. сияқты реңктерінің семантикалық айырмашылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. . . » [1; 45, 46] .

Slide 6

Модалділіктің аталған құрылымдық белгілерін талдау үшін, контексті тірек ете салыстыру аса қажет. Контекст əр сөйлемде көрініс беретін модалді мағынаны жалқылап талдауды мақсат етпейді. Текст, контекст - бірнеше сөйлемнің ішкі бірлігінен қалыптасатын, белгілі бір жағдаяттың əсерін ескере отырып, модалділікті толық сипаттауға, ұғынуға мүмкіндік беріп, біртұтас ойды қалыптастыратын бірлік. Яғни, контекст өзінің құрамындағы ұсақ семиотикалық белгілердің тығыз семантикалық қатынасынан өрбитін модалді мағынаның құрылымдық ерекшелігін бұзбай, субъектінің əр түрлі көзқарасын жандандырады. Ендеше, модалділік санатының құрылымын, семантикалық ерекшелігін толыққанды талдау үшін, контекстің өзін семиотикалық бірлік ретінде қабылдаймыз. Оның құрамындағы синтаксистік бірліктер өзара əрекеттесу заңдылығымен дараланып, семантика-құрылымдық байланысын қатаң сақтап, тұтас құрылымның ішкі бөлшектері сияқты қызмет атқарады.

Slide 7

Контекст, оның ішкі бөлшектері, олардың байланысы, грамматикалық қызметін В. Л. Ринберг:

«Учитывая, однако, что целостность этой структуры, как и других единиц высшего порядка, основана на диалектическом единстве структурных и семантических параметров, среди которых ведущее место принадлежит семантико-синтаксическим отношениям и связям между предложениями, следует считать, что оба плана (и граница, и связи) взаимообусловлены, взаимосвязаны, и выявление их может быть реализовано только в этом неразрывном единстве», - деп сипаттаған [2] .

Slide 8

Контекстің құрылымы, оның қызметтік мүмкіндігін Г. В. Колшанский пікірі де толықтырады: «Интенция построения текста распространяется не на задачу формирования отдельных высказываний, а на передачу цельного смысла, представляющего собой не констатацию атомарных фактов, а описание определенной ситуации, являющейся предметом, обмена мыслями между коммуникантами» [3] .

Slide 9

Жалпы грамматикада семиотикалық бірліктер туралы əр түрлі көзқарастар орын алған. Лингвистикалық ауқымда семиотикалық бірліктерді тар көлемде де, кең көлемде де түсінуге болады. Тар көлемде «семиотикалық бірліктер», «мағына», «семантика» ұғымдарын лексикология шеңберінде талдап, бір сөздің мағынасын сипаттаумен байланыстырамыз. Мұнда семиотикалық бірліктерді жалқылау басым. Егер лексикологияда семантика категориясының бірлігі сөз жəне сөздер тіркесі болса, функционалдық сипаттаумен астарласқанда, сөйлемдерді де, контекстерді де семантика категориясының бірлігі ретінде қабылдаймыз.

Slide 10

Ал контекстің семиотикалық бірлік ретінде сипатталуы функционалды көзқарас, функционалдық талдаулардан бастау алады. Бұл бағытта семантика категориясының бірліктері неғұрлым күрделі сипат алып, болмыс-бітімін кешенді сипаттауға мүмкіндік жасалады. Бұл жетістікке, əрине, бірнеше сатыдан, бірнеше теориялық ілімдердің дамуы нəтижесінде қол жеткіздік. Бұған дейінгі сатыда «семантика категориясының тірегі қандай бірлік?» деген сұрақ төңірегінде əр түрлі көзқарастар орын алған. Семиотиканың негізгі бірліктері ретінде «жеке сөздердің рөлі күшті» деген көзқарастың да біз үшін маңызы бар. Себебі семантика категориясының алғашқы теориялық негізі, іргетасы осындай ойлардың астарынан қалыптасып, дамыды. Бұл еңбектерде жеке белгі, сөздердің маңызы туралы тұжырымдар қамтылды.

Slide 11

Семиотикалық белгілердің табиғатын айқындауда зерттеушілердің бір тобы «тұлғадан мағынаға» əсер ету көзқарасын қолдаса, екінші тобы тұтас құрылымның тұлғаға əсер етуіне, олардың бірлікте жұмсалуына мəн беру керектігін айтады.

Дегенмен, «тұлғадан мағынаға» əсер ету ұстанымын басшылыққа алған зерттеулерде семиотикалық белгілердің функционалды деңгейдегі қызметіне мəн берілмеді.

Семиотикалық белгілердің сөйлеу əрекетін қозғалысқа түсірудегі рөлі, олардың ішкі бірлігі, ақпарат алмасуға тірек болуын саралау төмендегі еңбектерден бастау алады.

Slide 12

Алғаш рет семантика мəселесіне қатысы бар тілдік бірліктердің коммуникативтік қызметіне мəн берген Р. Пирс болды. К. Я. Сигалдың талдауы бойынша, Р. Пирстің семиотикалық белгілерді сипаттауының астарында «қандай ақпаратқа тірек болған?» деген сұрақ төңірегінде ой қозғалған [4] . Яғни алғаш рет семиотикалық бірліктердің тілдік қарым-қатынас жасауға тірек болуына назар аударылады.

Slide 13

Ч. Моррис ілімінде семиотикалық белгілердің бірлігі, қозғалысы, қызметтік аясы айқындалды. Автор: «Полная характеристика отдельного знака возможна лишь при указании того, что будет названо синтаксическими, семантическими и прагматическими правилами, управляющими знаковыми средствами, - деп тұжырымдайды. Сондай-ақ ол: «Семиотика включает в себя три подчиненные ей дисциплины - синтактику, семантику и прагматику, которые изучают соответственно синтаксическое, семантическое и прагматическое измерения семиозиса», - деп, семиотикалық бірліктердің қызметін талдау үшін, контекстің семантикалық, синтаксистік, прагматикалық белгілерін салыстыра қарауды ұсынады [5; 43] . Зерттеуші семантиканың күрделенуі оның ішкі бірліктерінің күрделенуіне əкелетіндігін орынды ескерген. Бұл туралы автордың төмендегідей ойлары орын алған: «. . . успешное развитие семантики предполагает относительно высокоразвитую синтактику» [5; 55] .

Slide 14

Семиотикалық бірлік ретінде контекстің қызметі функционалды грамматиканың міндет- мақсаттарына бағынады. Ал «функционалды грамматиканың міндеті - грамматикалық бірліктер мен категориялардың сөйленім мазмұнын білдіруге қатысатын əр түрлі тіл деңгейіндік элементтермен өзара əрекеттестіктегі қызметінің арнайы динамикалық аспектісін қалыптастыру» болмақ [1, 30] .

Slide 15

Сонда контекстегі сөйлемдердің қатары семантикалық заңдылыққа сай, коммуникативтік қарым- қатынасты өтеу мақсатында, өзара байланыста орналасады. Г. Ю. Аманбаева контексті құрайтын сөйлемдердің белгілі бір мағыналық кеңістікте ішкі заңдылыққа сай орналасып, қолданыста болатынын сипаттап: «Центростремительный механизм текста, образующий из совокупности составляющих его знаков единое семиотическое пространство, вне зависимости от параметров пространственного объема и временной протяженности, является следствием законов, человеческого мышления и познавательной деятельности», - деп қорытады [4, 46] .

Slide 16

Өйткені функционалдық бағытта семантика категориясының бірліктері күрделі міндеттерді шешеді. Яғни, семантикалық байланыстың жігін байланыста ұстап, құрылымдық тұтастықты сақтап, сөйлеудің мəн-мағынасын ашу. Бұл туралы А. Вежбицка: «Семантика представляет собой деятельность, которая заключается в разъяснении смысла человеческих высказываний. . . Теоретическая семантика, если она действительно стремится к познанию и подробной фиксации семантической структуры человеческой речи, не может остановиться на полпути. Она должна довести минимизацию до конца, до тех пор, пока она не дойдет до таких составляющих человеческих высказываний, которые уже просто не могут быть подвергнуты дальнейшему разложению», - деп бекітеді [12] .

Slide 17

Контекст семиотикалық бірлік ретінде қызмет атқарғанда, модалділік санатын тек лингвистикалық тұрғыдан сипаттамайды, контекст модалділік санатының табиғатын ашуда, «олардың құрылымдық жағымен бірге мағыналық мазмұнын ескере отырып, оны қарым-қатынаста, сөйлеу жағдаятымен тікелей байланыста, яғни, жүйелеумен қоса, оның əрекет ету, жұмсалу механизімін де қарастырады» [1] . Яғни, модалділіктің жасалуына тірек болатын тілдік амалдардың əр түрлі функциялы қызметін, жалпы модалділік категориясының белгілі құрылымдық сатысы болатынын, мономодалді, полимодалді қолданыстардың белгісін, лексикалық бірліктердің мағыналық жақтан кеңеюі нəтижесінде берілетін модалді мағынаның астарын, интонация компоненттерінің қозғалысын, сөйлем мүшелерінің орын ауыстыруы нəтижесінде берілетін омонимдік модалді мағыналарды да контекст деңгейінде ажыратамыз.

Slide 18

Мысалы, кейбір зат есімдердің лексикалық мағынасы тура жəне қолданыста орныққан ауыспалы мағынасынан бөлек стилистикалық құбылтуға да икемделеді. Мұндай қолданыстарда зат есімге тəн, əбден қалыптасқан негізгі ұғым екінші қырынан жаңғырады. Осы мəселеге қатысты тек контекстік салыстырудан белгілі болатын «ит» сөзінің мағыналық жаңару сатысына көз жүгіртсек. Мысалы: Есенейдің иттері əуелі шыға салып таласып алды. Тайыншадай дырау, қасқыр азу иттердің тістері қанжардай жарқылдап кетті. Иттерде қай бұрын жығылғанын талайтын əдет бар (Ғ. Мүсірепов) . Бұл мысалда «ит» сөзі тура мағынада.

Slide 19

Ал екінші қолданыста тура мағынаның ізімен қалыптасатын «ит» сөзінің ауыспалы мағынасын ажыратамыз. Мысалы:. . . Əлдекім əлдеқашан айттырып, құда түсіп қойған болар-ау. . . Оған сөз жоқ қой. Ит-ай, деген маңдай жарылып туған ит еді! (Ғ. Мүсірепов) .

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
МӘТІН ЖӘНЕ ДИСКУРС
Арнайы педагогика мен психологияның лингвистикалық мәселелері
Тіл білімі және оның салалары
Нөлдік морфема және оның түрлері Нөлдік форма мен нөлдік морфема
Көнерген сөздерді шығармалармен байланыста оқыту
Құқықтық терминдер топтамасы
ӘЛЕМ БЕЙНЕСІ ТІЛДІК ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КОНЦЕПТУАЛДЫ БІЛІМ АЯСЫНДА
Функционалды грамматикалық категория ұғымдары туралы кейбір мәселелер
Қазіргі тіл біліміндегі дискурс және мәтін мәселелері
Нөлдік форма
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz