Релелік қорғаныстың құрылымдарына қойылатын негізгі талаптар
Презентация қосу
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Релелік қорғаныстың құрылымдарына қойылатын
негізгі талаптар
ЖОСПАР
1. Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Релелік қорғаныстың тезәсерлілік қасиеті 4
2.2. Селективтік немесе талғағыштық 6
2.3. Сезгіштік қасиетінің маңызы 9
2.4. Сенімділік қасиеті
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер 14
КІРІСПЕ
Электр машиналары мен аппараттары , электр жеткізу
желілері және электрқондырғылары мен электр
тораптарының басқа бөліктері үнемі кернеуде тұрып,
ток өтіп, олар қызады. Сондықтан эксплуатация кезінде
қ.т. алып келетін зақымдар пайда болады. РҚ негізгі
арналымы- қ.т. орнын табу және зақымдалған жабдық
немесе тораптың айланын қалған электрқондырғы
немесе тораптың зақымдалмаған бөлігінен тез
автоматты ағыту.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Релелік қорғаныстың тезәсерлілік қасиеті
Зақымдалған жабдық немесе электрқондырғының
айланын тез ағыту бұзылудың мөлшерін азайтады,
қондырғының бұзылмаған бөлігі тұтынушыларының
қалыпты жұмысын сақтайды, генераторлардың
қатарлас жұмысының бұзылуын болдырмайды.
Сондықтан сенімді жұмысты қамтамасыз ету үшін
генераторлар, трансформаторлар, электржеткізу
желілері және электрқондырғының немесе электр
торабының барлық басқа бөліктері тезәсерлік
релелік қорғаныспен жабдықталу керек. Тезәсерлік
релелік қорғаныстардың қазіргі құрылғыларының
әсер уақыты 0,02...0,1 с.
2.2. Селективтік немесе талғағыштық.
Селективтік деп релелік қорғаныстың
зақымдалған орынды тауып, оны тек оған
жақын ажыратқыштармен ағыту қабілетін
айтады.
К1 нүктесінде қ.т. болғанда (2 сур.) апатты
дұрыс жою үшін тек Q5 ажыратқышындағы
қорғаныс әсер жасап осы ажыратқышты
ағыту керек. Мұнда электрқондырғының
қалған зақымдалмаған бөлігі жұмыс істей
беру керек. Қорғаныстың мұндай
талғағыштық әсерін селективтік дейді.
2сурет-РҚ селективтік қағидасын түсіндіретін
электрқондырғының сұлбасы
Егер К нүктесіндегі қ.т. Q5 ажыратқышының қорғанысынан
бұрын немесе онымен бірдей Q3 ажыратқышының
қорғанысы әсер жасап бұл ажыратқышты ағытса, бұл
апатты жою дұрыс болмайды, өйткені М2 зақымдалған
электрқозғалтқышымен бірге М3 зақымдалмаған
электрқозғалтқышы кернеусіз қалады.
Қорғаныстың мұндай әсерін селективсіз
дейді.
2суретте егер К нүктесіндегі қ.т. Q1
ажыратқышының қорғанысы дұрыс жұмыс
істемей бұл ажыратқышты ағытса, онда
бұл селективсіздіктің әсері оданда ауыр
болады, өйткені М1 және М2
зақымдалмаған электрқозғалтқыштары
кернеусіз қалады.
Қарастырылған мысал селективтіктің
мәнісін білдіреді.
2.3. Сезгіштік қасиетінің маңызы
Электрқондырғы немесе электр торабындағы жұмыстың
қалыпты режимі бұзылғанда қорғаныстың әрекеті
зақымның басталғанында қамтамасыз етілу керек.
Бұнымен қ.т. орнындағы жабдықтың бұзылу мөлшері
қысқарады.
Қорғаныстың сезгіштігі оның әрекетін көрші
айландардағы бұзылуда да қамтамасыз ету керек.
Мысалы, К1 нүктесіндегі зақымда бір себептермен Q1
ажыратқышы ағытылмаса, онда келесі қорек көзіне
жақын Q4 ажыратқышының қорғанысы іске қосылып, осы
ажыратқышты ағыту керек. Қорғаныстың бұл әрекетін
көрші немесе келесі айланды алыстан резервтеу дейді.
2.4. Сенімділік қасиеті.
Қорғаныс жабдықтың барлық бұзылуында және
жұмысының қалыпты режимі бұзылғанда дұрыс
және мүлтіксіз ажыратқыштың ағытылуына
әсер жасау керек, және қалыпты жағдайларда
іске қосылмау керек, басқа қорғаныс істейтін
жерде оның алдына түспеу керек. Сенімділік
талабы қорғаныс және аппараттардың
қиыстырмаларының жетілуімен, бөлшектердің
сапасымен, жасалу қарапайымдылығымен және
эксплуатация деңгейімен қамтамасыз етіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көп жағдайларда апаттардың дамуы
электрқондырғысы немесе торапты релелік қорғаныс
деген атты алған арнаулы автоматты құрылғылардың
көмегімен тоқтатылады. РҚ ажыратқыштарды
ағытуға әрекет жасайды.
Зақымдалған элементтердің ажыратқыштары
ағытылғанда қ.т. орнындағы электр доғасы сөнеді ,
қ.т.т. өтуі тоқтайды және электрқондырғы немесе
тораптың зақымдалмаған бөлігінде қалыпты кернеу
орнына келеді. Осының арқасында қ.т. болған
жабдықтың бұзылуының мөөлшері азаяды немесе
алаңсыз болмайды, сонымен қатар зақымдалмаған
жабдықтың қалыпты жұмысы орнына келеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Андреев В.А. Релейная защита, автоматика и телемеханика в
системах электроснабжения: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп.- М.:
Высш.шк., 1985. – 391 с.
2. Кривенков В.В., Новелла В.Н., Релейная защита и автоматика
систем электроснабжения: Учебн.пособие для вузов. – М.:
Энергоиздат, 1981. – 328с.
3. Шмурьев В.Я. Цифровые реле защиты. – М.:
НТФ «Энергопрогресс». Библиотечка электротехника, приложение к
журналу «Энергетик»; Вып. 1(4) 1999., - 54 с.
4. Расчеты токов короткого замыкания для релейной защиты и
системной автоматики в сетях 110-750 кВ. Руководящие указания по
релейной защите. Выпуск 11. Энергия, 1979.
5. Беркович М.А, Молчанов В.В, Семенов В.А. Основы техники
релейной защиты. Шестое издание, переработанное и дополненное.
Энергоатомиздат, 1984.
6. Федосеев А.М. Релейная защита электроэнергетических систем.
Релейная защита сетей. Энергоатомиздат, 1984.
7. Чернобровов Н.В., Семенов В.А. Релейная защита энергетических
систем. Энергоатомиздат, 1998.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz