Валюта нарығындағы және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық операцияларды қаржылық қадағалау




Презентация қосу
Валюта нарығындағы және бағалы
қағаздар нарығындағы қаржылық
операцияларды қаржылық
қадағалау
Валюталық реттеу және бақылау

2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 02 шілдедегі
Қазақстан Республикасындағы «Валюталық реттеу және
валюталық бақылау» туралы жаңа Заңның, сонымен қатар
заңға тәуелді нормативті құқықтық актілердің қолданысқа
енгізілгені туралы хабарлайды:
1.10.04.2019 ж. №64 Қазақстан Республикасындағы
валюталық операцияларды мониторингілеу ережелері;
2.30.03.2019 ж. №40 Қазақстан Республикасындағы
валюталық операцияларды жүргізу ережелері;
3.30.03.2019 ж. №42 Қазақстан Республикасында
экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру
ережелері.
Валюталық бақылау — шет ел валютасын сатып алу және
онымен жасалатын операцияларды жүргізу тәртібін мемлекеттік
реттеу жүйесі. Әдетте, шет ел валютасымен жасалатын
операцияларды жүргізуге лицензиялар беруге елдің
Қаржы министрлігі немесе оның орталық (ұлттық) банкісі
уәкілетті. Валюталық бақылау бағыттарда жүзеге асырылады.
Олар:
1) ұлттық валютаның, құнды қағаздардың, валюталық
құндылықтардың елдің кеден шекарасы арқылы өтуін бақылау;
2) тауарлар мен көлік құралдарының елдің кеден шекарасы
арқылы өтуімен байланысты валюта операцияларын бақылау;
3) елдің валюталық, экспорттық-импорттық және басқадай
сыртқы экономикалық операцияларға қатысты заңдарының
сақталуын бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру;
4) резиденттер мен бейрезиденттер тарапынан елдің валюта
операцияларын жасауды реттейтін заңдары мен идаралық
нормативтік актілерінің, мемлекет алдында шет ел валютасы
жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын бақылау.
Қазақстанда валюталық бақылауды тиісті заңдарға және Кеден
кодексіне сәйкес қаржы-валюталық бақылау кодексті мен Кеден
кодексті өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Қазақстанда қазіргі кезде капиталдың орын ауыстыру еркіндігіне ешқандай да
шектеу қоймайтын және Қазақстан Республикасында коммерциялық қызметті жүзеге
асыруға ешқандай кедергі келтірмейтін ырықтандырылған валюталық режим жұмыс
істейді.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша 2002
жылдан бастап бірнеше жыл қатарынан валюталық режимді кезең-кезеңімен
ырықтандыру саясатын іске асырды.
Валюталық ырықтандырудың негізгі мақсаты капиталдың қозғалысына
қойылған валюталық шектеулердің толық күшін жою және экономикалық саясат
бойынша шешімдер қабылдауға арналған база ретінде валюталық операциялардың
ақпараттық статистикалық және талдамалық мониторингін құру болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанда валюталық реттеудің мәні тұрақты
экономикалық өсуге қол жеткізу және елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатының ықпалы болып
табылады. Тиісінше, валюталық реттеудің міндеттері мыналар болып
табылады: (1) елде валюталық құндылықтар айналысы тәртібін
белгілеу, (2) елде дүниежүзілік экономикаға одан әрі шоғырландыру
үшін жағдайлар жасау, және (3) валюталық операциялар және капитал
ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және «Валюталық реттеу
және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан
және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен
тұрады. Алайда егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда
халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 282-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды
қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында ақша міндеттемелері
теңгемен көрсетілуі тиіс. Қазақстан Республикасының аумағында ақша
мiндеттемелерi осындай мiндеттемелер бойынша валюталық операцияларға
рұқсат етiлген жағдайда шетел валютасымен көрсетiлуi мүмкiн. (Валюталық
реттеу туралы Заңның 13-бабы).
Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының заңдарында (валюталық бақылау
органдары) және валюталық бақылау агенттерi белгiлеген өкiлеттiк шеңберiнде
басқа да мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Валюталық реттеудің негізгі
органы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мыналарды белгілейді:
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру
жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі мен талаптары; резиденттер мен резидент
еместердің валюталық операцияларды, оның ішінде валюталық реттеу режимдерін
жүзеге асыру тәртібі: тіркеу; хабарламалар; Қазақстан Республикасында жұмыс
істейтін резидент еместердің валюталық операцияларына мониторинг жүргізу
тәртібі (валюталық мониторинг); өздерінің құзыретіне сәйкес уәкілетті
мемлекеттік органдармен келісім бойынша барлық резиденттер мен резидент
еместер үшін міндетті валюталық операцияларды есепке алу және есеп беру
нысаны. Заңда оларды жүзеге асыру тәртібін белгілемейтін валюталық
операциялар шектеусіз жүзеге асырылады.
2. Ұлттық Банктің алтын-валюта
активтерін басқару

ҚР Ұлттық банкі алтын-валюта резервтері мен Ұлттық
қордың активтерін басқаратын еншілес компания–
«Қазақстанның Ұлттық банкінің ұлттық инвестициялық
корпорациясы» АҚ құрылды

Корпорация ҚР Ұлттық Банкінің алтын-валюта
активтерінің бөлігін және ҚР Ұлттық қорының активтерін,
сондай-ақ ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа
да активтерді басқаруға мамандандырылған қаржы ұйымы
болып табылады»
Атап айтқанда, корпорация қызметінің негізгі бағыты
активтерді басқарудың тиімділігін арттыру және ұзақ
мерзімді кезеңде активтердің кірістілігін ұлғайту болып
табылады. Өз мақсаттарына жету үшін корпорация
халықаралық қаржы нарықтарында инвестициялардың 10-
20 жыл көкжиегімен дәстүрлі және балама активтерге
инвестицияларды және активтерді сенімгерлік басқаруға
байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыратын
болады.
ҚР Ұлттық Банкі корпорацияның жалғыз акционері болып
табылады.
Агенттік банк секторын реттеу және дамыту
аясында екінші деңгейдегі банктердің және
олардың филиалдарының, «Қазақстанның Даму
Банкі» АҚ, банк конгломераттарының,
ипотекалық компаниялардың, ауыл
шаруашылығы саласындағы ұлттық басқарушы
холдингтің еншілес ұйымдарының, ұлттық
почта операторының, несиенің қызметіне
бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
банктік бюролар, уақытша әкімшіліктер және
тарату комиссиялары бақылау ресурстарын ең
көп тәуекелге ұшыраған салаларға бағыттау
арқылы.
Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор­дағы
активтің бір бөлігін алтынға алмастыру туралы Жарлыққа қол
қойды. Сарапшылар бұл Жар­лық арқылы «Ұлттық қордың қара­
жатын қалыптастыру мен пай­да­ланудың негізгі принциптері мен
тәсілдері» бөліміне өзгерістер енгізілгенін айтады. «Ұлттық банк
валюталық резервтерді шетел валютасына инвестициялайды.
Басқаша айтқанда, шетелде сақталады, бұл халықаралық
практикаға толық сәйкес келеді. Алтын-валюта резервтерінің
валюталық бөлігі дамыған елдер­дің (АҚШ, Франция, Ұлы­бри­тания,
Аустралия, Канада, Германия, Нидерланд, Финлян­дия сияқты)
сенімділігі жоғары тәуел­сіз облигацияларына, кей­бір дамушы
елдердің облига­ция­ларына салынған.
3. Ұлттық қорды басқару
4. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқару

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ҚР
ҰБ) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
(БЖЗҚ) активтерін басқаратын шетелдік
ұйымдарды таңдау ережесін жалпыхалықтық
талқылау үшін жариялады. Құжаттың мәтіні
бойынша ғана емес, оның әрбір бабы бойынша
да комментарий беруге болады.
Баспасөз хабарламасында: «Жоба сыртқы
басқарушылар қызметінің операциялық және
инвестициялық дью-дилидженс жүргізуіне,
ықтимал сыртқы басқарушылардың резерв
тізімін қалыптастыруға, сыртқы басқарушылар
тарапында стажировка және секондменттен
өту мүмкіндігіне қатысты өзгерістерді
қарастырады», – делінген.
2019 жылдың желтоқсан айында жобалар
жарияланды, ал 2020-ның наурыз айында ҚР
Ұлттық қоры мен ҚР ҰБ алтын-валюта
активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау
ережесі бекітілді. Қаржылық реттеуші оны
талқылауға шығарған жоқ, дегенмен, мәтін
ашық дереккөзде бар. Бұған дейін алтын-
валюта резервін (АВР) де, Ұлттық қор (ҰҚ)
активін де басқарудың инвестициялық
стратегиясына өзгерістер енгізілгенін ескерсек,
таңдау ережесін қайта жасау техникалық
сипаттағы шаруа болуы мүмкін.
БЖЗҚ келтірген деректерге сүйенсек, 2020 жылдың 1
сәуіріндегі жағдай бойынша, ЗА азғантай бөлігі ғана сыртқы
басқарушыда – жалпы сома 11,7 трлн теңгенің 3,3%-ы ғана.
2015 жылдың тамыз айында еркін айырбас бағамы режимі
енгізіліп, теңге активтері долларға қатысты екі есе
арзандағаннан кейін, БЖЗҚ, дәлірек айтсақ зейнетақы
активтерін басқарушы Ұлттық банк теңгенің құнсыздануына
тәуелділікті төмендету үшін активтерді шетел валютасында
шығара бастады. Қазіргі кезде ЗА валюталық құрылымында
30%-дан астамы долларға тиесілі, басқа шетел валюталарымен,
соның ішінде Ресей рублімен (кесімді құны 0,31%) – 33%, яғни
активтердің үштен бірі. Бұл есептеу дұрыс болып шықты –
коронавирус пандемиясы мен оның салдарына байланысты
теңге активінің құнының түсуін аз да болса қалпына келтіруге
мүмкіндік туды. 2020 жылдың басынан бергі инвестициялық
түсім 667,7 млрд теңге болды, ол негізінен шетел валютасын
қайта бағалау есебінен болды – плюс 523 млрд теңге. Әлемдік
қор индекстерінің құлдырағанын ескерсек, бұл көрсеткіш тіпті
де жаман емес.
Қазіргі кезде ЗА бір бөлігі үш шетелдік
компанияның басқаруына берілген, олар: Aviva
Investors Global Services Limited – дамушы елдер
облигацияларының мандаты бойынша; HSBC
Global Asset Management (UK) Limited –
жаһандық акциялар; PGIM Limited және Principal
Global Investors (Europe) Limited – корпоративтік
облигациялар.
Өткен жылы ЗА басқару үшін Aviva Investors
компаниясына бергені туралы белгілі болғанда
дау-дамай туғанын естеріңізге сала кетейік.
Бұл деректі талқылау әлеуметтік желінің
ауқымынан шығып кетті, Ұлттық банкке
«зейнетақы активтерін сыртқы басқарушыны
таңдау механизмдерінің принциптеріне
қатысты» депутаттық сауалға жауап беруге
тура келді. Жаңа қаулының жобасы
жарияланғаннан кейін кез келген адам БЖЗҚ
активтері сеніп тапсырылатын шетелдік
компанияны таңдау механизмімен таныса
алады, дәлірек айтсақ, теория жүзінде –
заңнама бойынша солай.
ЗА басқарушы компанияларға қойылатын талап
жұмыс тәжірибесі аз, кішігірім компанияларға
жол бермеуге бағытталған. Жаһандық мандат
бойынша жұмыс тәжірибесі 10 жылдан кем
емес, ал басқаруындағы актив көлемі 25 млрд
доллардан кем емес болуы тиіс. Арнайы мандат
бойынша сыртқы басқарушыға қойылатын
талап сәл жеңілдеу: жұмыс тәжірибесі 5
жылдан кем емес, ал клиенттің басқаруындағы
актив көлемі 1 млрд доллардан кем емес болуы
тиіс.
Қ
А
З
А
Қ
Ш
А

З
е Ал зейнетақы активтерін отандық
й компаниялардың басқаруына беру мәселесі әлі де
шешілген жоқ.
н
е
т
а
қ ҚР ҰБ сайтында Зейнетақы активтерін басқару
ы компаниялары (ЗАБК) туралы соңғы деректер
2013 жылғы.

ж
ү
й
5. Эмиссиялық операциялар және қолма-қол ақша айналысы

Ұқсас жұмыстар
Валюталық операциялардың есебі
Қаржы нарығының құрамдас бөліктері
Құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
Репо операциялары
Қаржы нарығының құрылымы
Қаржы конгломераты
Қаржы делдалдары
Қаржы нарығы
Әлемдік нарықтағы қор биржасы
АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР
Пәндер