СУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ




Презентация қосу
СУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
ТЕКСЕРГЕН: ШАМГУНОВ Н.А.
ОРЫНДАҒАН: ВС-316 ТОП, АСҚАР ЖАННҰР
Су
Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын
қарапайым химиялық қосылыс. Ауыз су, тіршілік көзі, ол жер шарының 3 / 4
бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан
тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл
тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін
физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу
сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы,
мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа
қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар
жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр
түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне
себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың
жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың
болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді
СУДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТІ
Таза су — түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.
Қалыпты қысымда 100°с-та қайнайды да, 0°с-да мұзға (р=0,92 г/см3) айналады, сондықтан мұз су
бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9 %-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып
жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды.
Температурасы 4°с болғанда, тығыздығы 1г/см3 (судың ерекшелігі). Судың жылу сыйымдылығы өте
жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің
маңайын салқындатып тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады.
Осылайша жиналған жылуды су қыс мезгілінде біртіндеп ауаға береді, сондықтан қатты аязды күндерде
өзеннің беті тұманданып тұратынын сендер сан дүркін кердіңдер. Су жер бетінен тараған жылудың
60%-ын ұстап қалып, оны суынудан сақтап тұрады. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін
және ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар кептеп кездессе, (3,5 %) ағын
және жер асты суларында кальций мен магний тұздары болады, ал жауын мен еріген қар суларында
көбінесе шаң мен еріген күйдегі газдар (02, N2, С02, S02, т. Б) кездеседі.
Суды алғаш ағылшын ғалымы .Кавендиш (1731—1810) зерттеді (1781—1782), ал француз
ғалымы А.Лавуазье (1743—1794) сутек жанғанда су түзілетінін дәлелдеп
(1783), Ж.Млньемен бірге сандық құрамын анықтады (1785).

Кавендиш (1731—1810) А.Лавуазье (1743—1794)
Судың құрамында массасы бойынша 11,19 % сутек, 88,81 % оттек болады; молекуласы 2 атом сутек пен 1 атом
оттектен тұрады, молек. М. 18,0160, иіссіз, дәмсіз, түссіз (терең жері көгілдір) сұйықтық. Құрамында 2Н
(дейтрий) бар су — ауыр су (D2O) деп аталады. Ауыр судың физиқалық қасиеттері өзгешелеу болады. Су 0 с-
та қатып, 100 с-та қайнайды.
20 °с-тағы тығыздығы 0,99823 г/см3,

0 °с-тағы тығыздығы 0,9168 г/см3 (мұзда).

Судың физиқалық қасиеттерінде, балқу жылуында, меншікті жылу сыйымдылығында, тұтқырлығында, жылу
өткізгіштігінде ерекшеліктер бар. Мысалы:, мұз жеңіл болғандықтан суда қалқып өзендер мен көлдердің
түбіндегі тіршілік сақталады. Су қалыпты температурада көптеген заттармен әрекеттеседі. Сілтілік және
сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде гидроксид пен сутек түзеді (2na+2h2o=2naoh+h2↑). Су әр түрлі
жағдайда бейметалдармен (фтор, хлор, бром, фосфор, көміртек) әрекеттесіп, қышқылдар (hcl, hclo, HPO3, HF,
hbr) және оксид (СО) түзеді.

Атмосферада су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі. Су оттек, сутек, азот
қышқылын, спирт, альдегидтер, сілтілер, т.Б. Аса маңызды химиялық өнімдерді өндіруде қолданылатын
химиялық реагентер. Оның катализатор ретінде маңызы зор.
СУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ
СУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ

Сутек пен оттектің химиялық қосылысы.
Массалық құрамы: н —11,19 %, о — 88,81 %.
Молекулалық массасы 18,0153. Су планетамыздағы ең көп тараған заттардың бірі; ол үш түрде — бу, су
және мұз күйінде ұшырасады; күшті еріткіш.
Су айдауыш мұнара- елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі су өтімі (шығыны) мен
қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы болаттан немесе темір-
бетоннан жасалған шаннан және оны көтеріп тұратын тіреуіш құрылымнан тұрады. Мұнараның
биіктігі 25—30 м-ге, шанының сыйымдылығы ондаған текшелерге жетеді. Тіреуіш кірпіш не ағаштан
жасалады. Шан ішіндегі судың қыста катып қалмауы және ластанбауы үшін ол жылу өткізгіштігі төмен
жеңіл материалдармен қапталып, үсті шатырмен жабылады.
Судың сапалық құрамы сутек пен оттектен тұратыны, ал сандық құрамы екі сутек атомы мен бір
оттек атомынан тұратындығы мәлім.
Судың айырылуы электр тогының әсерінен жүреді, бұл реакциямен сендер сутекті алу әдісі бойынша
таныссыңдар:
2H2O→2H2↑+O2↑
Күрделі заттың құрамдас бөліктеріне айырылуы — анализ деп аталады.
Су адам мен мал организмдерінің тіршілігі мен қызметін, денсаулығын
қалыпты ұстау үшін маңызы зор. Малдың өніміділігіне, фермалар мен
комплекстердің санитарлық жағдайына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Судан сынама алу үшін арнайы ережелерді қолданамыз. Құдық суынан
сынаманы таңертең және кешке 0,5-1 м тереңдіктен, ашық су қоймаларынан
осындай тереңдікте су жағасынан 1-2м алыстау жерден батометр
құралымен немесе шыны ыдыстармен су құбырынан суды 10-15 мин.
ағығаннан кейін тығыз жабылатын таза шыны ыдыспен аламыз.
Толық лабораториялық анализ жасау үшін ең кемінде 5литр су алынады,
әрбір сынамаға жылы, айы, күні, алған сағаты, алған орны, алу әдісі, қандай
мақсатта, кімнің тапсырмасы екені, сондай-ақ судың физикалық қасиеті
жазылған жолдама хаты болуы тиіс.
ТЕМПЕРАТУРАНЫ АНЫҚТАУ

Температураны анықтау – арнайы термометр арқылы /ожаулы немесе домалақ шар
тәріздес термометрлерге 5-6 қабат дәке орайды / судың сынамасын аларда тікелей су
көздері басында жүргізіледі.Арнаулы термометр арқылы алынған су сынамасы сыртқы
ортаның ауытқымалы температурасының ықпалынан сақтандырады. Термометрді 10-16
мин, кейін судан шығарып термометр көрсеткішін тез арада белгілейді
ішуге жарайтын судың температурасы:
Ірі мал үшін 10-120
Буаз, ауру мал үшін 12-150
Жасына байланысты жас малдар үшін 10-300
МӨЛДІРЛІГІН АНЫҚТАУ
Судың мөлдірлігі су көз басына немесе лабораторияда анықталады.
Судың мөлдірлігін анықтаудың бірінші тәсілі: краны бар, бөліктерге
бөлінген цилиндрге суды құйып №1 Снеллен баспа шрифті бар бір бет
қағазды төсейді де су арқылы үстінен қарайды, сонан кейін суды әріп айқын
көрінгенше краннан ағыза береді. Судың мөлдірлігін анықтаудың екінші
тәсілі: жуандығы 1-2 мм сым темірден жасалған, диаметрі 1-1,5 см дөңгелек
сақина арқылы анықтау. Сақинаны зерттелетін суы бар цилиндрге оның
кескіні көрінбегенге дейін батырады. Сонан кейін дөңгелек сақина анық
көрінгенше біртіндеп көтереді, судың тереңдігін /см есебімен/ өлшейді.
Алынған мәліметті Снеллен шрифті бойынша көрсеткішке теңестіреді.
Судың мөлдірлігі 30 см болса жақсы, ал 10-нан 30 см дейінгіні пайдалануға
жарайды деп санайды. Судың мөлдірлігін мынадай терминдермен
белгілейді: мөлдір, сәл мөлдір, жеңіл бұлыңғыр немесе өте бұлыңғыр.
СУДЫҢ ТҮСІН АНЫҚТАУ.

Хромды – кобальтті шкала, тегіс табанды 2 түссіз цилиндр. Судың түсі сапа
жағынан да және сан жағынан да анықталады. Сапа көрсеткішін екі
цилиндрге құйылған дистилді және зерттелетін судың түсін салыстыру
арқылы анықтауға болады / ол үшін ақ қағаз тұтылу керек /. сан мөлшерін
анықтау – хромды – кобальтті шкалада судың түсі градуспен белгіленеді.
Жақсы ауыз су түссіз болуы тиіс.Градус бойынша мөлдір ауыз су түсі 200
төмен, пайдалануға жарайтын су түсі 400-қа дейін болуы тиіс. Судың түссіз,
ашық сары, сары, қою сары болуы мүмкін.
СУДЫҢ ИСІН АНЫҚТАУ.
Ауыз судың исі табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи иістер: жұпар,
сазды, батпақты, шірік иісті, көгерген, ағаш балық, күкіртті сутегі, шөп, белгісіз
иісті. Жасанды иістер: хлорлы, фенольді, бензинді, камфорлы және т.Б. Судың
иісін – сынама алған жерде не лабораторияда 20-400 қыздыру арқылы
анықтайды. Ол үшін колбаның 2/3 бөлігіне су құяды, колбаны шынымен жабады
немесе үйлестірілген тығынмен тығындайды, шайқап 200 -та анықтайды, содан
кейін сол сынама суды 400 дейін қыздырып, шайқайды, шыны тығынды
жылжытып иісті анықтайды. Судың сынамасының иісінің интенсивтігі баллмен
белгіленеді - өте әлсіз – 1, әлсіз – 2, елеулі – 3, айқындау – 4, өте күшті – 5 балл.
Таза судың исі болмауы тиіс, ал мүмкін дегеннің өзінде 200 температурада 2
баллдан аспауы керек.
СУДЫҢ ДӘМІН АНЫҚТАУ
Судың дәмін анықтау – тек қана сенімді жағдайда, су залалсыз болғанда
жүргізіледі. Күдікті болса оны алдын-ала қайнату /5 минут бойына/ қажет,
соңынан 20-250 дейін суытады. Судың бактериямен немесе химиялық жолмен
биоластанғаннын сезіктенген жағдайда судың дәмін анықтамайды. Судың дәмі
мынадай болып келеді: қышқыл, тұзды, сілтілі, ащы-тұзды, тіл үйіретін,
тәтті; оның ішінде дәміне қарай: сілтілі, темір дәмді, тіл үйіргіш, хлорлы,
металлды, балық дәмді. Судың дәмін білу үшін 15 мл. Жуық суды ұрттап,
бірнеше секунд ауызда ұстап, оны жұтпастан дәмін анықтайды.Судың дәмін
анықтағаннан кейін ауызды әлсіз марганец қышқылды калий ерітіндісімен
шайған жөн. Дәмнің интенсивтілігі бес баллдық жүйемен анықталады. Таза су
ешқандай бөтен исі жоқ, дәмді болуы қажет.
СУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН
АНЫҚТАУ
Судың химиялық құрамын гигиеналық тұрғыдан тексеру үшін, мына төмендегі көрсеткіштерді
анықтаймыз:
Рн реакциясын анықтау. Судың реакциясын әмбебап индикатор қағазы арқылы, михаэльс компараторы
арқылы анықтауға болады.
Судың реакциясын қандай екенін анықтау үшін екі пробиркаға тілінген қызыл және көк лакмус
қағаздарын салады. 5 минут өткен соң оларды осындай қағаздармен тазаланған суға салып салыстырады.
Қызыл қағаздың көгеруі сілтінің рекциясын, ал көк қағаздың қызыл түске боялуы қышқылдығын
көрсетеді, ал түсі өзгермесе бейтарап екендігін көрсетеді.
Рн-тың мөлшерін михалэс компораторының көмігімен анықтауға болады. Ол үшін пробиркаға 6 мл
зерттелетін су құямыз да оған 1 мл универсалды индикаторды қосамыз. Сынаманы мұқият салыстырамыз
да рн белгілейміз. Жақсы су бейтарап немесе әлсіз сілтілі реакциялы болуы керек (рн 6,0-9,0).
Аммиакты анықтау.
Суда альбумоидты (белокты) және минерал текті аммиак
кездеседі. Органикалық аммиак малды уландыруға ұшыратады.
NН3-ты лабораторияда және далалық жағдайда да анықтай беруге
болады.
Судағы NН3 –тың бар-жоғын анықтау үшін пробиркаға 10 мл
зерттелетін суды құйып, 6 тамшы сегнетті тұздың 50 пайызды
ерітіндісін , 6 тамшы Несслер ерітіндісін қосадыда, сынаманы
мұқият араластырады. Судың сарғыш түске боялуы аммиактың
барын көрсетеді. 10 минут өткен соң, колориметриялық
таблицаны пайдалана отырып сынаманың түсінің өзгеруіне қарай
1 л судағы аммиактың (мг/л) мөлшерін анықтауға болады.
НИТРИТТІ АНЫҚТАУ.
Азотты қышқылдың тұздары нитриттер топырақта, мал азығында, суда
кездеседетін улы зат болып саналады. Сол себептен сапалы суда мемлекеттік
стандарт бойынша нитритті азоттың мөлшері аз немесе болмауы тиіс.
Нитриттің бар-жоғын анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін суды алып,
10 тамшы (0,5мл) грисс ерітіндісін құямыз да 70-800с 5 минут қыздырамыз.
Қызғылт түстің пайда болуы нитриттің барын білдіреді. Судағы нитриттің
мөлшерін анықтау үшін 20 минуттан соң колориметриялық кестені қолдана
отырып, ертіндідегі қызғылт түстің қоюлығына қарай отырып 1л судағы (мг/
л) нитриттің мөлшерін анықтаймыз.
Нитратты анықтау.
Нитраттың азот қышқылды тұзының мемлекеттік өлшем бойынша
шекті мөлшері 1 л суда 45мг/л аспауы керек.
а). Судағы нитраттың бар-жоғын анықтау үшін 1 мл зерттелетін суды
таза пробиркаға құйып, үстіне 2мл күкіртті қышқылдың дифениламинмен
қоспасын қосамыз. Егер нитрат бар болса ертінді қара-көк түске боялады
(дифенинтризоаминнің құралуы есебінен).
б). Нитраттың мөлшерін анықтау үшін 1мл зерттелетін1мл сульфат
қышқылын қосып, шайқаймыз да 20 минут қойып қоямыз, содан кейін
колориметриялық кестені қолдана отырып 1л судағы (мг/л) ертіндідегі
бояудың қоюлығына қарап ниртаттың мөлшерін анықтайды.
ХЛОРИДТІ АНЫҚТАУ.
Суда хлоридтер көбіне хлорлы натрий, хлорлы калий, хлорлы кальций,
хлорлы магний түрінде кездеседі. Су- зәрмен, садырамен, қимен ластанған
жағдайда, немесе су сазды- батпақты жермен ағып өткенде хлорид мөлшері
көбейеді. Сол себептен хлоридтің шығу тегіне қарай органикалық және
минералдық бөлеміз. Олардың санитарлық маңызы да әртүрлі болады.
Хлоридтің суда болуының мүмкіндігі сапалық реакциямен анықталады.
Хлоридті анықтау үшін пробиркаға 10 мл зерттелетін су құйып, оған
ерітілген азот қышқылының 2 тамшысын және 3 тамшы азот қышқылды
күмісті қосамыз. Ақ бұлыңғыр судың пайда болуы суда хлоридтің барын
білідіреді.
СУЛЬФАТТЫ АНЫҚТАУ.
Суда сульфаттар немесе күкірт қышқылдарының тұздары ыдырған белокты заттардың тұздары ыдыраған
белокты заттардың тотығуынан пайда болады.
Құрамында сульфаты көп су малдың ас қорыту жолдарының бұзылуына әсерін тигізеді. Бұл әсіресе жас
малдарда байқалады. Тегі органикалық сульфаттың шекті мөлшері 80мг/л, ал тегі минералды болса
500мг/л дейін.
Сульфатты анықтау жолы мынаған негізделген: суды өңдегеннен кейін ондағы сульфат қоспалары хлорлы
бариймен ерімейтін ұсақ түйіршікті тұнбалар құрайды.
Анықтау озеровтың әдісімен жүргізіледі. Түссіз шыныдан жасалған, негізі тегіс стаканға (диаметрі 28мм)
10 мл зерттелетін су құяды, тұз қышқылының 25 пайызды ертіндісінің 5 тамшысын қосады. Стакандағы
қоспаны шыны таяқшалармен 30 секунд бойына араластырып. Озеров шрифінің ең ұсақ әріптерін қояды.
Сұйықтық арқылы көрінетін әріптерге қарай оның қаншалықты мөлшеріде екенін анықтайды.
Мысалы: егер суда сынама арқылы № 1 шрифтің әріптерін ажырата алатын болсақ, онда суда мг/л дейін
сульфат бар болып есептеледі.
ТЕМІРДІ АНЫҚТАУ.
Темір - суда жүретін жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінің қажетті маңызды биогенді
элементтерінің бірі болып саналады.
Fe-дің белгілі бір мөлшері су қоймаларының биологиялық өнімділігінің төмендеуіне
ықпал етеді. Fe-дің шала тотығы шамадан көп болса судағы еріген оттегінің азаюына ықпал
етеді. Судағы темір 1,5 мг/л асып түссе балықтардың тынысы тарылып, біртіндеп өліп
қалады, ал суда (fe) 1,0 мг/л мөлшерінде бола қалса таза суда өсетін балықтар өліп қалады.
Балық өсірілетін суда темір 1,0 мг/л аспауы керек. Егер суда темір мөлшері 1мг болса, су
ылайланып, қара күрең тұнба пайда болады, темір тектес бактериялар дамиды, сүт
заводында мұндай суды пайдаланғанда сары майдың құрамы ыдырап оның сақталу мерзімі
төмендейді. Ішуге жарамды суда fe 0,3 мг/л-ден аспауы тиіс. Оны анықтау жолы қызылдау
түсті беретін шала тотық тұзын радонды аммонидің темір тотығына айналдыруға
негізделген.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Әдістің мәні
Еріген газдар
Оксидтермен әрекеттесуі
БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ЗЕРДЕЛЕ
Химиялық талдау әдістері
Ақаба суларды тазалау әдістері
Сүттің химиялық құрамын анықтау
Мұнай өндірісі орындары аймағындағы топырақ қабатының физика - химиялық көрсеткіштерін анықтау
ГИДРОГЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Судың ластаушы көздері
Пәндер