АУА МИКРОФЛОРАСЫ



«Қазақ Ұлттық Зерттеу Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Тақырыбы:Ауаның микробпен ластануын анықтау

Сабақтың мақсаты: 1. Кротов құралымен жұмыс iстеу тәртiбiн игеру
2. Ауаның микробпен ластануын анықтау әдiстерiн игеру
Керектi құралдар мен жабдықтар: Петри аяқшасы, термостат, колонияларды санауға арналған құрал, АФА-БА-3, АФА-В-18 фильтрлерi, физиологиялық ертiндi, 1 немесе 2 мл стерильдi пипеткалар.
Сабақтың мазмұны. Гигиеналық тұрғыдан ауаның бактериялық ластануын бағалау үшін 1м3 ауадағы жалпы бактериялар санын, сондай-ақ санитариялық-керсеткіш микроорганизм мөлшері мен микроб түрлерін аныңтайды. Ауадағы бактериялардың жалпы санын анықтау үшін тұндыру тәсілі көмегімен ауадағы микробтарды Петри шыны табақшасына қондырып және Кротов құралымен сүзгіштер немесе сұйықтар арқылы микробтарды өсіріп анықтауға болады.

Ауа микрофлорасы
Ауада микроорганизмдер көп мөлшерде кездеседі, бірақ өніп-өсуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені болып есептеледі. Ауаға микроорганизмдер шаң-тозаңмен көтеріледі де, қайтадан солармен бірге шөгеді. Егер жер бетіне шөгіп үлгермесе, ауада тез арада қырылып кетеді. Сондықтан ауада микроорганизмдердің саны мен сапасы топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты болады. Әсіресе қозғалысы күшті өнеркәсіп орындары көп қалалардың үстіндегі ауада микроорганизмдер өте көп болады. Ал керісінше ауыл-село, орман, тау, теңіз және Арктика мұздарының бетіндегі ауада микроорганизмдер мүлде аз болады.

Ауада микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі бактерицидті әсері: УК сәулесіне түрлі - түсті бактериялар түссіз бактерияларға қарағанда төзімділеу, сондықтан ауада олар жие кездеседі. Спора түзбейтін микроорганизмдер төзімсіз болғандықтан спора түзетіндеріне қарағанда олардың саны да аз болады. Жыл мерзіміне байланысты ауа микроорганизмдерінің саны мен сапасы да өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың ең аз болатын мерзімі қыс, ал көп болатын кезі жаз, көктем мен күзде олардың саны аса көп болмайды: қыс кезінде қар жер бетін жауып қалады да шаңның көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Ал жаз кезінде жел шаң-тозаңдармен бірге ауаға микроорганизмдерді ұшырап шығарады. Күз бен көктем кезінде жауын - шашын жиі болып, көтерілетін шаң-тозаңда аз болады. Сондықтан бұл мезгілде ауадағы микробтар саны көп болмайды.

1. Тұндыру тәсілімен микроорганизмді анықтау.
Осы тәсілмен анықтау үшін Петри шыны табақшасына ерекше стерилді таза жағдайыңда 15 мл шамасында ет пептонды агар мен желатин құяды. Бұдан соң шыны табақшаны зерттейтін орында 5 минут ашып ұстап микробтарды қондырғаннан кейін, 48 сағатқа 370С температурадағы термостатқа орналастырады. Соңынан Петри шыны табақшасында барлық өскен микробтар санын есептейді.
Есептеу. 1м3 ауаның құрамындағы микроорганизмдерді анықтау үшін 100см2 Петри шыны табақшасыңда 5 минуттың ішінде 10 л ауадан қонатын микробтар санын ескеру арқылы анықтайды.
Мысалы. Көлемі 100 см2 Петри шыны табақшасында 5 минуттың ішінде 10 л көлемдегі ауадан 80 микроорганизм өсті делік. Яғни 1 м3 зерттеу ауасында:
X - /1000:80/: 10 = 8000 микроорганизмдер бар.

2. Ю. К. Кротов құралы арқылы микроорганизмдерді анықтау.
Осы құралдың көмегімен ауадағы микробтардың жалпы санын ғана емес сондай-ақ ауру тудыратын және санитариялық- көрсеткіштік микробтардың мөлшерін анықтауға болады.
Кротовтың құралы сыртқы қорабтан, оның табаны мен негізінен және қақпақтан тұрады. Қақпаққа зерттелетін ауаны сорып алу үшін саңылауы бар плексигластан жасалған диск салынған.
Құрал арқылы өткен ауаның мөлшерін есептеп отыру үшін қорабқа вентілі бар ротаметр бекітілген. Құралдың негізіне электрлік мотор орнатылған, ал оның білігіне /ось/ сыртқа тепкіш желдеткіш бекітілген. Желдеткіштің ішіне сегіз қалақты қанаттар орналастырған, ол минутына 60 айналым жасап Петри шыны табақшасының бетін сына сияқты саңлаудан ауа сорады. Қоректі заты бар Петри шыны табақшасын қораптың жоғары бөлігіне орналастырылған айналмалы дискіге бекітеді. Сына сияқты саңлаудан келіп тұрған ауа Петри шыны табақшасындағы қоректік заттың бетіне соқтығып, оған микробтар жабысып қонады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz