Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің Жамбыл облыстарында кездесетін дәрілік өсімдіктер


Slide 1

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»

«Ветеринария» факультеті

Тақырыбы: «Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішінде өзіміздің Жамбыл облыстарында кездесетін дәрілік өсімдіктер»

Орындаған: Ашенов А.

Тобы: ВМ-301

Тексерген:Жылгелдиева А. А

Алматы 2020ж.

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Жамбыл өңірінде өсетін Дәрілік өсімдіктерге қысқаша сипаттама

2. 2 Дәрілік өсімдіктердің құрамында кездесетін биологиялық белсенді заттар

2. 3 Жамбыл облысында кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

І. Кіріспе

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Жамбыл облысының флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай. Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі. Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр. Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.

Slide 4

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Жамбыл өңірінде өсетін дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттама

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың күрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.

Slide 5

2. 2 Дәрілік өсімдіктердің құрамында кездесетін биологиялық белсенді заттар

Жамбыл облысында кездесетін дәрілік өсімдіктер -- емдік қасиеті ондағы белсенді заттар немесе химиялықұрамы мөлшерінде және олардың дам организміне тигізетін физиологиялық әсеріне байланысты. Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы ықтимал. Одан басқа, түрлі белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикіатын дайындауда оларда қай уақытта жэне қай өсу кезеңінде жинауды білу керек. Өсімдіктерде болатын биологиялық белсенді заттар әртүрлі органикалық қосылыстарға енеді. Олар алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, эфир және шыны майлары, органикалық қышқылдар, витаминдер, фитонциндер, т. б.

Slide 6

Эфир майлары - күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тін болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркэсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0, 001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция эдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда және басқа органикалық еріткіштерде ериді

Slide 7

Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай сонымен бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі топтарға бөлінеді;

1) Катехиндер;

2) Лейкоантоцианидтер;

3) Антоцианидиндер;

4) лавоноидтар;

5) Флавонолдар-3;

6) Флавондар және флавонолдар;

7) Халкондар және дигидрохохалкондар;

8) Аурондар;

9) Изофлавондар.

Slide 8

2. 3 Жамбыл облысында кездесетін дәрілік өсімдіктердің түрлері

Жамбыл облысында 200 - дей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Бақбақ, долана, адыраспан, рауғаш, ермен, уқорғасын және өзге де дәрілік өсімдіктер бар. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент фармакологиялық зауытында дермене, меңдуана, үшжапырақты сана дәрі алу мақсатында өсіріледі.

Жалбызтікен (алтей) - құлқайыр тұқымдас цилиндр пішінді 150 сантиметрге дейін бойлай өсетін сабағы бапжылдық өсімдік. Тік орналасқан жуан әрі қысқа тамырынан көптеген жанама тамырлар тарайды. Сабақтары тамырдан тікелей өсіп шығатындықтан, жуан тамырдың жоғары жағы тармақталып, әрбір сабақтың түбінде жұлым-жұлым ұйысқан түктер болады. Ұзындығы әр түрлі (2, 5-15 см) сағақты ара тісті жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақтарының екі жағын біркелкі қысқа түк қаптайды.

Slide 9

Дәрілік жалбызтікен маусым - қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа сағақты, әрбір жапырақты қолтығында топтасып орналасады, 15- 20 жемісшеден құралған жемістері болады. Бұл өсімдікті Қазақстанның барлық аумағынан ылғалды, батпақты жерлерден, көл маңынан, тау етектері мен өзен жағалауынан, егістік жерлерден кездестіре аламыз. Бірде бір өсімдіктің қалай болса солай жұлынып қалуын болдырмау - адамзат тіршілігі мен рухани байлығын сақтап қалу екенін үнемі есте ұстау керек. Өсімдіктің қадір-қасиетін қазақ халқықсы түсінген. Не бір даналық сөздерді халқымыз өсімдіктерге бағыштаған. Өндірістің әр саласына шикізат беруге арнайы өсірілетін өсімдіктер техникалық дақылдар деп аталады. Олардан өндірілетін өнімдерге байланысты техникалық өсімдіктер май алынатын, тоқыма үшін пайдаланылатын, крахмал алынатын, каучук, қант алынатын дақылдарға жіктеледі. Сондай-ақ илік, бояу және дәрілік өсімдіктер де болады.

Slide 10

Мия (Glycyrrhiza) бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсім іктер. Биіктігі 10 - 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым - шілдеде гүлдеп, шілде - тамыз айларында жеміс салады. Жем ісі - қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 - 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар.

Slide 11

Жалбыз (лат. piperita) - еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Жалбыз туысының 10 түрі өседі, соның ішінде дәрілік мақсатта бұрышты жалбыз қолданылады. Және де бұл өсімдіктің басқа түрлерінен парфюмериялық, кондитерлік, гигиеналық мақсаттарға қолданылады.

Slide 12

Жалбызтікен (Althaea) -- құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 3 түрі бар. Көбірек тарағаны: дәрілік Жалбызтікен Барлық жерде: далада, шалғында, өзен аңғары мен жағалауларында, орман-тоғайда, шабындықтарда, бұта арасында өседі. Маусым - қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі -- 50-200 см. Сабағы тік, бұтақты, жұмыр, түкті. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қалақша тәрізді, жиектері бүтін не ирек. Күлтесі алқызыл, ақ, қызғылт. Жемісі тұқымша. Дәрілік, шірнелі өсімдік. Жалбызтікеннің тамыры, жапырағы мен гүлдерінің дәрілік қасиеттері бар. Тамырында пектин, крахмал, аспарагин заттары бар. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктер, соның ішіндегі өзіміздің өлкеде кездесетін дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер жөнінде сабақтан
Қазақстандағы шипалы дәрілік өсімдіктер
Дәрілік шөптерді оқыту
Нейтральды қышқыл топырақта кездесетін индикатор - өсімдіктер
Қазақстандағы дәрілік интродукциялау жолдары өсімдіктердіөсімдіктерді интродукциялау жолдары
Қазақстан Республикасының өзендеріне жалпы шолу
ЕМДІК ӨСІМДІКТЕР АВТОР
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша
Орман өсімдіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz