Тоқмағанбетовтың сатира жанрындағы еңбектері


Slide 1

Тақырыбы:А. Тоқмағанбетовтың сатира жанрындағы еңбектері

Slide 2

Асқар Тоқмағамбетов(19. 9. 1905, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, бұрынғы 18-партия съезді атындағы кеңшар - 21. 8. 1983, Қызылорда қ. ) - ақын, жазушы. 1932 жылы Москва полиграфия институтын бітірген. "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") (1927-30), "Ленин жолы" (Қызылорда, 1933-34), "Қазақ әдебиеті" (1934-35), "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") (1937-1944) газеттерінде, "Ара" журналында қызмет істеді. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент (1935-37), Қызылорда (1944-52, 1957-62) облысаралық бөлімшелерінің жауапты хатшысы болды. 1925 жылы "Ленин суретіне" атты өлеңі тұңғыш рет "Еңбекші қазақ" (казіргі "Егемен Қазақстан") газетінде жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы ("Еңбек жыры", 1928) шықты.

Slide 3 Slide 4

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Асқар Тоқмағамбетов, өзінің шығармашылық қызметімен қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосты. Талантты ақын, прозаик, сатирик жетпістен астам кітаптың авторы. Ол «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ара» журналында қызмет істеді. Ақынның таңдамалы шығармаларының жинақтары (1932, 1933, 1945, 1953, 1957, 1962, 1965, 1975) жарық көрді. Асқар Тоқмағамбетов ақындық жолының алғашқы кезеңінде (1925-30) Отан қорғау, интернационализм тақырыбына шығармалар жазды. Отан соғысы жылдарында жауынгерлердің майдандағы ерліктерін, халықтар достығы, соғыстан кейінгі жылдардағы бейбіт өмір тынысын өз шығармаларына арқау етті. Ол өз заманының жалаулы жыршысы болды. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын.

Slide 5

Ақын шығармашылығының елеулі бір саласы - оның сатирасы. Қазақ кеңес әдебиетінде Асқар Тоқмағамбетов сатиралық поэзияның негізін қалаушы, әрі дамытушы- лардың бірі болды. Кезінде Мұхтар Әуезов оны «Қырғи тілді Асқар» деп бекер айтпаған. Оның бірнеше сатиралық өлеңдері мен фельетондар жинақтары жарық көрді. Ақын қоғамдағы моральдық нормаларға қайшы келетін нәрселердің бәрін өткір әжуалады. А. Тоқмағамбетов саяси сатираның, пәрменді памфлеттің негізін қалаушы болды, Сонымен қатар Асқар Тоқмағамбетов «Әзірет Сұлтан», «Семафор ашық», «Екі заң», «Арман азабы» атты драмалық шығармалар жазып, аталмыш пьесалары республикамыздың бірқатар театрларында қойылып, көремендер көңілінен шықты. Асқар Тоқмағамбетов жазған «Бәріміз де сондай болсақ» сценарийі бойынша режиссер Сұлтан Қожықов кинофильм түсірді. Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясының ең қадірлі ағаларының бірі болды. Ақын ана мейірімін, аға ерлігін, іні қайсарлығын жырлап өттІ.

Slide 6

Орыстың атақты жазушысы Н. В. Гоголь: “халқымды қатты қадірлегендіктен де, оның даңқына дақ түсіер құбылыстарды аяусыз әшкерелегім келеді” депті. Міне мұнан Асқар сықақшылдығы еліміздің өсуіне тосқауыл болар жарамсыз жайларды өткір сатирамен оған қарсы соққы берді. Оны ақынның “Тәйірі бұда қылмыс болып па?”, “Қылтың, сылтың” фельетондарында колхоз меншігін талан-таражға салушыларға, арамтамақтарға қарсы батыл үн көтерді. *

Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған фельетондарында ақын халқына деген сүйіспеншілігін бейнелейді. Соғыс жылдарында “Дондағы доңыздар”, “Қыл көпірдің үстінде”, “Шалбарға шабуыл”, “Арыстанға еліктеген мысық”, “Қорқаулар комедиясы”-саяси памфлеттер жариялап, неміс басқыншыларының қатыгездігін әшкерелеп отырды.

Slide 7

“Қошқары қоздап, айғыры құлындағандар”, “Тығынбаев Тығындайды да, Қалдашбаев мығымдайды”, “Құлқындастар”, “Қара бесті қайда?” т. б. фельетондарында ауылшаруашылық артелінің уставын бұрмалаушыларды, адал еңбек етушілердің есебінен күн көрушілерді әшкерелейді. Асқардың сатиралық творчествосында бюрократтар мен арамтамақтардың бүтін бір галлереясы жасалған.

Slide 8

Ақынның сол кездегі фельетондары досымызды сүйсіндіріп, дұшпандарымызды күйіндіріп отырарлықтай болды. Отанымызға жақындап келе жатқан неміс офицерлерінің жексұрын кейпін, азғындығын, адамгершілік ардан жұрдай болған қанішерлігін ақын былай сықақтайды:

Біртелеп зырғып шығысқа келеміз.

Мылтықтың аузы қылышта келеміз.

Солдатымызды қойша қырып та келеміз.

сініп, тоңып суықтан да өлеміз.

Арыған етті, бит жеп те келеміз.

Амал не, шыдап көніп-ақ келеміз.

Мұнда ақын азып, тозған неміс фашистерінің сырқ

сиқы қандай болса, ішкі дүниелерінің де соған

ұқсастығын көз алдымызға елестетеді.

Slide 9

А. Тоқмағамбетовтің әзіл-сықақ өлеңдерінде, мысалдарында, әңгімелерінде сәнді күлкі, мәнді күлкі, суретті күлкі, яғни құдіретті күлкі ересен. Сатириктің су төгілмес жорғадай тайпалатын сәттерін байқасаңызшы. В. Г. Белинский: “… Көркем әдебиеттің бояуы да, үні де. . бәрі - тіл. Тілге ең қажет қасиет - суреттілік, көркемдік” деп айтқандай, А. Тоқмағамбетовтің әсіресе, әзіл-сықақ әңгімелері мен фельетондары бастан-аяқ осы деңгейде.

Slide 10

А. Тоқмағамбетовте тоқпақпен ұрып тастайтын қаһарлы күлкі де кездеседі. Оның қаһарлы сатирасы капитал дүниесіндегі “достарына” бағышталған. Халықаралық тақырыпқа қаламды жиі сілтеп келе жатқан сатирик ақын капиталистік түнектің қара пиғыл әрекеттерін, доллар емген арсыздық қаракетін, қанаушылық зұлымдықтары, пайдакүнемділік, озбырлық, екіжүзділік және басқа толып жатқан мерезедрін сатира семсерімен осқылап, айдай әлемге әшкерелеп береді. А. Тқмағамбетовтың бұл саладағы сан алуан саналы туындыларының төлбасы “Берлин көшесінде” деп аталған өлең-памфлет еді. Бұл өлеңде тыныс тарылтқан сұрғылт сурет, сұмдық көріністерін ғана емес, оларға қарсы қимыл-әрекет те бар, сатирик А. Тоқмағамбетовке тән оптимистік өршіл үн бар: ашынған ана үні, жұмысшылар үні, революцияның жеңімпаз күшіне, жарқын келешекке берік сенімді үн.

Slide 11

Сатира-жазушы Үмбетбай УАЙДИН:


Ұқсас жұмыстар
Яков Исидорович Перельман – қызықты математика ғылымының докторы
Қазақ сатирасы мен юморы
Некрасов, Николай Алексеевич
Дифирамб - трагедиядан екі есе артық өлшемі бар өлең түрі
Марк Твеннің нақыл сөздері
Қазақ тіл білімінде
Әбу Насыр Әл-Фараби әдебиет зерттеушісі
Орта ғасырлық мәдениеттің аса көрнекті өкілі философ әрі ғалым - энциклопедист, Отырардан шыққан Әбу Насыр Мұхаммед ибн
Қара сөз - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы
Оқушыларды ерлікке, батырлыққа баулу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz