Тіл танытқыштар


Slide 1

Тақырыбы:А. Байтұрсынұлы еңбектерінің педогогикалық маңызы

Slide 2

«Ахмет Байтұрсынов-ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға», -деп Ә. Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырғанмұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. «Жаңа жазу . Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминалогия мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсалар». Ол ашқан «Қазақ» газеті мен қазқ мектептері, Қазақ мұғалімдер курсы, ол жасаған қазақ терминдері қоры, осылай санай берсек, ұлы ағартушының қазақ мәдениетіне, Қазақстан ғылымы мен оқу -ағарту ісіне қосқан іргелі үлесі үшін ұшан теңіз.

Slide 3

Байтұрсынов «Бастауыш мектеп» атты мақаласында Ресей үкіметінің орыстандыру саясатының бет-пердесін ашады әрі: «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуының сақгалуы. Солай болған соң бастауыш мектеп, әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек. ., Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын көздеу керек. Солай ойлағанда көңілге ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау», -деп бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, қазақ халқының көшпелі ерекшелігін ескеріп, мектептерді келіп оқитын жөне жатып оқитындай ғып құруды, қыр мектептері мен қала мектептері ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылуын талап етеді. Жалпы 5 жылдық бастауыш сатының 3 жылы ауыл, екі жылы болыс мектебіне берілсін. Ауыл мектебі тек ана тілінде болсын. Онда оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағрафия, шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы пәндері оқытылсын. Болыс мектебі орысша оқылатын соңғы екі жыл. Мүнда берілетін білім гимназияның төменгі сыныбына кірерлік пәндер болуы керек дейді.

Slide 4

А. Байтұрсыновтың «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірібие арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі - оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін керек», дейді.

Slide 5

А. Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері және оның тәлімдік мүмкіндіктері

А. Байтұрсыновтың ағартушылық еңбегінің алғашқысы «Қырық мысалдың» бірінші бетінде осы кітапқа енген аудармаларын 1901-1904 жылдары тәржімелегенін ескертіп, әрі «Замандастарыма» атты өлеңінде:

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма құрбыларым - деп халқына аударма деп қомсынбауын, көршілес елдердің ақын-жазушылары шығармасьндағы жақсылықтарды ізденіс жолында пайдалануды, үлгі етуді мақсат-ниет тұтқанын айтқан. Ғалымның әрбір мысал соңындағы қорытынды түйіні оқырманды өзінше тұжырым жасауға, ойлануға итермелейді. Ел бірлігі, оқу, білім, адалдық, шешендік, тіл мен ой бірлігі, жақсыдан ғибрат алу, жаманнан жирену А. Байтұрсынов мысалдарындағы - басты дидактикалық тақырып.

Slide 6

Біз үшін ғалымның ең бағалы мұралары оның ағартушылық, прогрессивті идеялары, халқының кертартпа кесапатты қылықтарын ашық сынап, оқырманның көзін ашуға тырысқандығы. Мысалы:

Білмейсің жөнің менен терісінді

Ел болып іс етпейсің келісімді.

Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,

Шығарсың қолыңа ала керісіңді

- десе, тағы бірде:

Келгенде өзді - өзіңе мықты-ақсындар,

Қайтейін, өзге десе көнгішіңді.

Сықылды сынық бұтақ төмендесең,

Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?

- деп ұлтының бір-бірін көре алмаушылық, қызғаншақтық жағымсыз қасиеттерін ашына мысқылдап, ол қасиеттердің қауіпті екенін, сондықтан опық жемей тұрғаңда одан құтылар жол ізде деп ой тастайды.

Slide 7

А. Байтұрсыновтың 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш » еңбегінің де тәлімдік-тәрбиелік мәні өте зор. «Әдебиет танытқыш» еңбегінің Асыл сөз бөлімінде: «Өнер түрлі болады. Тіршілік үшін жұмсалатын - тірнек өнері, көркемшілік үшін-көрнек өнері болады, »-дей келе көрнек өнерін төмендегідей 5 тарауға жіктейді:.

1-Сәулет өнері (европаша-архитектура)

2-Сымбат өнері (скульптура)

З-Кескін өнері (орысша-живопись)

4-Әуез өнері (европаша-музыка)

5-Сөз өнері (қазақша - асыл сөз, арабша - әдебиет, европаша- литература) .

Сосын сөз өнеріне кеңінен тоқталып, таратып, ауыз әдебиеті үлгілерінің тәлімдік, тәрбиелік жақтарын ашып көрсетеді Тіл мәселесіне, сөйлеу мәдениегін қалыптастыруға, тіл мен ой бірлігін дамытуға аса мән береді. Ахмет «өнердің ең алды сөз өнері» - деп санады.

Slide 8

Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі; 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге.

Ақыл ісі - аңдау, яғни нәрселердің жайына ұғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі - меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі - түю, талғау.

Тілдің міндеті - акылдың аңдауын андағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарату» - дейді. А. Байтұрсынов ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлтгық мұраларды бір жүйеге келтіріп ғылыми негіздеген.

Slide 9

А. Байтұрсыновтың «Маса» атты еңбегінің тәлімдік те, тәрбиелік те мәні зор. Алғаш «Маса» атты кітабы жарыққа шыққанда сөз басын Қожанасырдың әңгімесі арқылы бастайды. Ондағы мақсаты: Ахмет қазақ елінің сауат ашуға самарқаулықпен қарамай, өзара тәжірибе алмаса отырып жетуін көздейді. Еңбегін «Маса» деп атауының себебі де, тоң-торыс жатқан қазақ елін сары маса сияқты мазалап, ояту, серпілту еді.

Slide 10

А. Байұрсыновтың алғаш ағартушылық ой-пікірлері сонау 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан «Қазақ» газетінде жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастайды. Газет өзінің тұңыш жарияланған санындағы «Құрметгі оқушылар», «Мектеп керектері», «Қазақша оқу жайынан», «Орысша оқушылар»атгы мақалалары дәлел. Автордың бұл мақалаларының мазмұнына үңілсек, оның негізгі мақсаіы-бастауыш сатыны өркендету және ондағы білім сапасын арттыру, ол үшін кәсіби шебер мамандар даярлау, мұғалімнің біліктілігін жетілдіру үшін педагогикалық білім беруді ғылыми негіздеу болғанын байқаймыз. А. Байтұрсынов бұл мақсаттарына жетті де. Оның «Баяншы», «Оқу құралы» т. б. ғылыми-әдістемелік еңбектері көп ұзамай дүниеге келген еді.

Slide 11

А. Байтұрсынов тек күндізгі білім беру ісіне ғана емес мектеп жасынан асып кеткен ересектердің сауатын ашу мәселесіне де ерекше көңіл аударды. Ол үшін: Сауат ашқыш. Дыбыс әдіс жолымен төртіптелген қазақша әліп-биді жазды. Архив деректерінен оның ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ісінде де аянбай еңбек еткеніне көз жеткізуге болады. 1920 жылғы 8 қырқүйектегі және т. б. халық комисеариатының мөжілісінде кешкі мектеп үшін оқу бағдарламалары, жоспарлары және сауат ашу кітаптарын шығару ісін көтеріп отырды.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Тіл біліміне кіріспе
Грек тіл білімі
Тіл білімі және оның объектісі
ТІЛ ЖӘНЕ ОЙЛАУ ОРЫНДАГАН
Тіл мен сөйлеу
Жалпылама тіл білімі
Тіл мен ойлау
Тіл теориясы
Тіл философиясы
Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz