Дау дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет



Дау дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет

Орындаған: Мекебай Айгерім
Сейсенәлі Лаура
Кожамсеитова Жансая
41Б

Жоспары:
4
1
2
3
5
Дау -дамайлар туралы түсінік
Дау-дамайлардың туу себептері, түрлері
Педагогтар мен балалар арасындағы дау-дамайлардың шешілу жолдары
Дау -дамайлардың алдын алу жолдары
Дау-дамайларды педагогикалық тұрғыдан шешу жолдары

Педагогикалық дау-дамайлар әкімшілік - мұғалімдер, мұғалімдер мен мұғалімдер, ата-ана мен балалар, балалар мен мұғалімдер, балалар мен балалар арасында болып тұрады. Дау-дамайлар жақсы педагогикалық ұжымда да кездеседі. Сондықтан оның дұрыс шешу жолдарын білу қажет. Дау-дамайлар адамдардың көзқарастарының, қызығушылықтарының, қажетіліктерінің қарама-қайшы келу барысында туындайтын келіспеушіліктер.

Дау-дамай (конфликт) - әрқилы мұддеге бағытталған тараптардың қарама-қайшылықты тайталасы.
Дау-дамайлы ара қатынастарды талдауда олардың негізгі типтерін ажырата білу аса маңызды келеді. Мұндай байланыстардың субъекттеріне тәуелді дау-дамай келесідей типтерге бөлінеді: тұлғаның өз бойындағы, тұлғалар арасындағы, топ- тар байланысындағы, топ ішіндегі, топтар арасындағы қайшылықты қатынастар. Дау-дамайлы жағдайлар қатынасқа түскен тараптардың болмысқа деген көзқарастарының өзара сәйкес келмеуінен шынайы және жалған сипат алады. Кейде туындаған қайшылықтар әсіреленіп, елеуге тұрмайтын тұстары көзкөре күрделендіріледі, оларды шешудің қарапайым жолдарына мән берілмейді.

Дау дамай формуласы:
Конфликтті жағдай + конфликт себебі = дау дамай.

Дау дамай оқу процесінде 4субъекті ерекше бөлуге болады. Олар мұғалім, оқушы, ата ана және админстратор. Дау дамайлар оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім, оқушы мен ата на, ата ана мен мұғалім, мұғалім мен мұғалім, оқушы мен администратор арасында болады.

Дау-дамайлардың жалпы мәселелерін зерттеген педагог зерттеушілер

Дау-дамайлардың жалпы мәселелерін зерттеген В. Шуман, балалардың жастарына байланысты кризистерді И. Кон, тұлға және қарым-қатынас арасындағы, А. Спиваковская т. б. зерттеген.
Негізгі себептерге төмендегілерді жатқызуға болады:
- құқық, бедел, қызығушылық объектілеріне байланысты;
-қажеттіліктердің орындалмауы, «МЕН» деген позицияның, сезімнің құрметтелмеуі;
- басқа адамды бағалаұға байланысты төмен, не жоғары бағалау;
-көреалмаушылық;
- қызықты істің, алдағы перспективаның болмауы;
-жағымды эмоциялардың аз болуы, өзінің эмоциясын меңгере алмауы;
-басқаны өзіне бағындыруға тырысу, түсінушіліктің, қамқорлықтың жоқтығы;
-мәселе бойынша бір іске қатысты түсінбеушілік;
- белгілі тәртіп, қатынас нормаларына байланысты;
-бала тәрбиесіндегі келіспеушілік;
-психологиялық түсінушіліктің, үйлесімдіктің болмауы;
-құндылықтарға қатысты түсінбеушілік; т. б.

Н. В. Самоукина педагогикалық шиеленістерді үш үлкен топқа бөлген:
-мотивационды шиеленістер - оқушылар оқу іс -әрекетіне деген қызығушылықтарының төмендігінен пайда болады;
-мектептегі оқыту үрдісін ұйымдастырудағы кемшіліктермен байланысты шиеленістер; -оқушылардың арасындағы, мұғалім мен оқушылардың, мұғалімдер мен әкімшіліктің арасындағы шиеленістер.

В. И Журавлев шиеленістің түрлерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бөлген:
1. Бастауыш сыныпта мұғалімнің педагогикалық әдебіне байланысты туындайтын этикалық шиеленістер: дұрыс бағаламау, мұғалімнің қызметін дегі қателіктер, дөрекілік т. б.
2. Жеткіншектермен жұмыс істеуде мұғалімнің жіберген әдістемелік қателіктеріне байланысты пайда болатын дидактикалық шиеленістер, жеткіншектердің тәртіп бұзуына әкелетін шиеленістер.
Жоғары сыныптардағы шиеленістер, мұғалімнің шиеленістік мінез-құлқына және сабақтағы тәртіптің дұрыс сақталмауымен байланысты болып келетін тұрлері жатады.

М. М. Рыбакова шиеленістерді әр түрлі педагогикалық жағдайлармен байланыстырады:
-іс - әрекеттегі шиеленістер;
-мінез - құлықтағы шиеленістер;
-қарым- қатынастағы шиеленістер.

Оқушылар мен мұғалім арасындағы, әсіресе мұғалім мен жеткіншектер арасындағы қарым-қатынаста кездесіп қалатын тартыстар мәселесі мынадай себептерге байланысты болып келеді :
1. Орта жастағы мектеп оқушылары өздеріне ерекше зейін қойып қарауды қажетсінеді, олардың өміріндегі өтпелі кезең, жоғарғы талаптар, сана-сезімімен ақыл-ойының өсуі, мұғалімнен жасөспірімдерге жаңа қырынан қарауға мәжбүр етеді.
2. Өтпелі кезең жасындағы балаларда теріс қылықтарын көрсетуден туындайтын тартыстарды жиі кездестіруге болады. Балалардың жас ерекшелігін және тәлім-тәрбие жұмысында соған сай әдіс− амалдарды қолдана білмеуден кейбір мұғалімдер өз жұмысында көптеген қиындықтарды кездестіреді.

Дау дамайды шешу жолдары.
Ең алдымен бұл жағдайға анализ жасап, бұл проблема не үшін туындағанын тауып, түсіну керек. Оқушылармен сөйлесіп, ақыл айтып, не болғанын проблемаға қатысқан адамадырдан сұрап, проблеманын басты себебін айқындау. Оқушы мен мұғалім арасындағы дау дамайды шешкенде, баланың жас ерекшелігін ескеру керек. Қарым қатынасты жақсарту, оқушымен сөйлескенде тек сөздеге ғана емес, интонацияға, мимикаға назар аудару.
Баланың мінезінің ерекшеліктеріне мән беру керек. Агрессияға агрессиясыз жауап қайтару. Оқушының өзі не сезіп тұрғанын айтқызу, мұқият тыңдап, түсінушілікпен қарау. Мұғалім позитвті эмоциялар көрсетіп, бұл қиыншылықты шешуге ниеттін айқын балаға көресетуі керек.

Мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесетін наразылықтар мен керіс-жанжалдар мұғалімнің жеке басындағы мінез-құлық мен қызметіндегі кәсіби олқылықтарына байланысты екенін аңғартты.
Мұғалімнің мінез-құлқы өз мамандығының талаптарына сай болса, онда мұндай қолайсыз жағдай болмас еді. Қолдан келгенше өзара қақтығыстар мен реніштерді тудырмаған жақсы. Ондай жәйттер кімге де болса абырой әпермейді. Болашақ ұстаздар мұндай жағдайлардың мән-жайын терең барлап түсінгені дұрыс.
Әрбір мұғалім, ұстаз, тәрбиеші этикалық қасиеттерге ие болуы керек. Сонда ғана ол осы қасиеттерді болашақ ұрпақты өсірген кезде пайдалынып, осы этикалық қасиеттерінің арқасында жұмысты жемісті орындай алады, осы қасиеттерді оқушыларға сіңіре біледі, оқушылармен тезірек тіл табыса алады, жұмыс істеуі оңайға түседі. Ал жас мұғалімге өз ұстаз қызметін бастаған кезде осы қасиеттердің болуы аса көмек береді. Бұл касиеттер мен дағдыларға ілтипаттылық, парасаттылық, инабаттылық, әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде құрметпен қарау, кеңпейілділік, сабырлық, ұстамдылық жатады.

Әдеп сезімі педагогтың төмендегідей сапаларынан көрінеді:
- қатаң талап қоя білу, бірақ оқушыны мезі етіп жібермеу;
- оқушыларды мадақтай білу, бірақ тым жалпылдап кетпеу;
- мейірімді болу, бірақ өте иі жұмсақ болмау;
- қатал болу, бірақ шектен тыс кетпеу;
- өзінің қатысы барын сезіну, бірақ оқушының жауапкершілігін кемітпеу;
-алдын ала оқушының эмоционалдық күйін болжай білу, бірақ қиындықтарды жеңуге бағытталған мақсатын жоққа шығармау;
- оқушыны назарға ұстау, бірақ шегін білу.

Оқыту процесі барысында жиі кездесетін шиеленіс бұл - оқушылардың арасындағы шиеленіс.
Жиі оқушы өзін лидермін деп санап, бірақ эмоционалды әсер алмайды, сондықтан мұғалімнің ескертулерін қабылдамай, өзінің тәуелсіздігін ұстанады. Көбінесе оқушылар арасындағы шиеленістер, сыныптағы екі- үш лидердің арасында, топта бірінші болуға күресте туындайды. Орта сыныптарда ер балалар мен қыз балалар арасындағы шиеленістер жиі туындап тұрады. Шиеленіс екі-үш баланың сыныбына қарсы тұруынан туындауы да мүмкін, немесе бір баланың, түгел сыныбына қарсы тұруынан туындайды. Лидер- топ үшін, өзі үшін мәнді жағдаяттарда топ мүшелерінің мінез-құлықтарына әсер ететін адам. Жауапты шешімді қабылдау құқығы топ мүшесі таныған, яғни, топтағы бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда орталық рөл атқаратын беделді тұлғаның үлесіне тиеді.

Ғалым психологтар О. Ситковская мен О. Михайловалардың психологиялық бақылауларынша, жеткіншектік шақтағы оқушылардың лидерлікке ұмтылуы, өзін-өзі көрсетудегі артықшылық, қатыгездік және аяусыздық қасиеттер тән келетіні анықталған. Әлемдік педагогикалық зерттеудің қорытындысында балалар өздерімен жастыларды құртуда, ересектерге қарағанда, әлде қайда қатал болатыны анықталған.
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

-мұғалімнің оқушылардың мінез-құлқын болжай білмеуінен;
-болжай білмеушілік жиі жоспарланған сабақтың бұзылуына әкеледі;
-болған жағдайды дұрыс шешу үшін ақпараттың аз болуы;
-шиеленістік жағдайда басқа оқушылар куәгер болады, сондықтан мұғалім өзінің әлеуметтік беделін сақтап қалу үшін шиеленістік жағдайды күрделендіре түседі;
-мұғалімдер оқушының қылығын емес, оның жеке тұлғасын бағалайды, ал
бұл жиі мұғалімдердің және құрдастарының оқушыға деген қатынасын нашарлатады;
-оқушының бағасы жиі оның біліміне емес, теріс қылығына байланысты қойылады; -жеткіншектердің жеке сапалық қасиеттері және сәйкессіз мінез-құлықтары жиі шиеленістің туындауына себеп болады;
-шиеленістің туындау себебіне мұғалімнің жеке тұлғалық сапасы да әсер етеді (қозғыштық, дөрекілік, кекшілдік, өзімшілдік, көмексіздік және т. б) ;
-мұғалімнің оқушымен қатынасындағы көңіл күйін, педагогикалық қабілеттерінің төмендігін, педагогикалық жұмысқа қызығушылығының аздығын, мұғалімнің өзінің жеке өмірінің нашарлығын және педагогикалық ұжымдағы ахуалдың жоқтығын жатқызуға болады.
Жеткіншектердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуде мұғалімдердің жіберген қателіктерінен де дау-дамайлар туындайды келесі жағдайларда:

Дау-дамайларды шешуде қолданылатын әдістер: әзіл, комплимент айту, жылы сөз, назарларын екеуіне де маңызды мәселеге көңіл аударуға тырысу т. б.

Дау-дамайлардың шешілуінің төмендегідей жолдары кездеседі:
еріксіз көндіру - зорлап өзінің шешімін мойындату, екінші вариант- конфронтация - қарсыласқан адамдар бір бірінің позициясын ескермейді, қабылдамайды, ызалану арта түседі. Үшінші : дау-дамайды шешуден бас тарту, бұл дау-дамай барысында туындаған қарама-қайшылықты шешуден қашу. Бұл әрекеттің жақсы жағы араға уақыт салу, ойлануға мүмкіндіктің пайда болуы. Тағы бір вариант:дау-дамайды жұмсарту- бұл әдіс дау-дамайды өршітпей, бәсеңдетеді. Кейбір жағдайда ұжымды қатыстыру, не үшінші адамның араласуы да мүмкін. Дау-дамайлардың шешілуінің дұрыс жолы - компромисс, екі жаққа да тиімді жолы.

Дау-дамайлардың алдын алу жолдарына байланысты ғалымдар төмендегі дей жолдарын белгілеген :
- басқа адамды өзіңдей сыйлай білу;
- дау-дамайлардың шығу себебін, мақсатын анықтау;
- кек сақтамауға тырысу, жағымсыз эмоцияларды жинамау;
- дау-дамайға түскен адамдардың нені қажетсінетінін білу;
- бөтен адамның көзінше ескерту жасамау;
- өзіңнің жақсы қасиеттерін үлкейтіп, пікірің әр уақыта дұрыс деп санамау;
- басқа адамға құрметпен қарап сөйлей де, оны тыңдай да білу;
- өзінің жақсы жағынан көрсетуге ұмтылып, кемшілітерді жойюға тырысу;
- жолдасыңның қызығушылықтарымен санасу;
- кейбір жағдайларда шындықты білгеннен білмеген дұрыс; т. б.

Педагогикалық дау-дамай педагогикалық әрекет жүйесіндегі табиғи құбылыс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz