Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы мен даму тарихы және заңнамалық негіздері


Slide 1

Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы Қарулы Күштерінің құрылуы, қалыптасуы және даму тарихы. Қазақстан республикасының Қарулы Күштері елдің тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін қорғауда.

Slide 2

Қазақстанның Қарулы Күштері - Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Slide 3

Қазақстан тәуелсіз мемлекет болған кезден бастап, оның алдында өзінің дербес ҚК-ін құру міндеті тұрды. 1991 жылы 25 қазанда ҚРП Жарлығы бойынша Қазақ ССР-інің мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылған болатын.

Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды. .

ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды.

Slide 4

ҚР ҚК-не басшылықты ҚРП - Жоғарғы бас қолбасшы жүзеге асырады, ал тікелей басқару - ҚР Қорғаныс министіріне жүктеледі. Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болып армия генералы С. Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды.

ҚР ҚК-нің құрамына 40 - жалпы әскери армия, ӘӘК және ӘШҚҚ әскерлері, сондай-ақ оларға қызмет көрсету және қамтамасыз ету бөлімдері мен құрамалары кірді. Әскерді тікелей басқару және ТМД мемлекеттері Қорғаныс министрлігі ведомстваларымен бірлесе басқару жүйесі құрылды, әскерге

медициналық қызмет көрсету, оларды материалдық-техникалық қаражатпен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Осылайша Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР ҚК -ін құруды заңды түрде бекітті.

Slide 5

Республиканың ҚК мынадай қағидаларды үйлестіре құрылды: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім-шарт жүйесі, дарабасшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар ҚР Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: «ҚР ҚК және қорғанысы жайында», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және т. б. заңнамалық актілерде қарастырылған.

Slide 6

ҚР Конституциясында ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделген ҚК-дің міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады:

жоғарғы жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу;

мемлекет шекарасына қол сүғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды қорғау және күзету;

қарсыластың басып кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру;

агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру.

Slide 7

Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкiлеттіктерiн, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен мiндеттерін реттейдi.

Slide 8

Қарулы Күштердің басты міндеті - Тәуелсіздік пен ел аумағының тұтастығын қорғау. Мемлекеттің сенімді қалқаны әрі тірегі саналады.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің жарғылары: құрылымы мен негізгі талаптары
Республика Ұланы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихы, құрылымы және патриоттық тәрбиесі
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғылары: әскерлік тәртіп, көтермелеу және тәртіптік жазалар
Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен құрылымы, патриоттық тәрбие және әскери қызметкердің өмірбаяны
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі: тарихи даму, құрылымы және заңнамалық негіздері
Гимнастика және атлетикалық дайындық: тарихы, түрлері және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қолданылуы
Қазақстан Республикасының салық құқығы: теориялық негіздері және заңнамалық реформалары
Алғашқы әскери дайындық сабақ тәжірибесі: Қазақстан Республикасының қазіргі Қарулы Күштері мен әскери атақтары
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери шендер: жіктелуі, берілу тәртібі және атаулары
Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz