Төменгі жақ - бассүйек сүйектерінің ішіндегі жалғыз қозғалмалы, жұпсыз сүйек


Slide 1

Анатомия пәнінің №5 ӨБӨЖ сабағының сұрақтары

Орындаған: Есболай Ғалымжан

Тексерген: Біржан Есжанұлы

Жалпы Медицина

135 - ТОП

Slide 2

Бассүйектің бет бөлігінің сүйектері:

- Мұрын сүйек

- Бетсүйек

- Көзжас сүйегі

- Өре сүйек (желбезек)

- Тіласты сүйек

- Төменгі мұрын қалқаны

- Таңдай, жоғарғы жақ

- Төменгі жақ сүйектерінің құрылысы

Slide 3

Бет сүйек (os zygomaticum) - бас сүйектік бет сүйектері бөлімінің құрамындағы тақ сүйек, ол маңдай сүйектің, самай және жоғарғы жақ сүйектерінің, бет сүйектік өсінділерімен байланысады. 3беті және 2 өсіндісі бар. Латералды беті (facies lateralis) - шығыңқы, пішіні төртбұрышты жұлдызтәрізді, бет сүйек - беттік тесігі бар. Көз ұялық беті (facies orbitalis) - көз ұясының латералды қабырғасын түзуге қатысады. Оның бет сүйек- көз ұялық тесігі бар. Самайлық беті (facies temporalis) - самайлық шұңқырға қараған артқы тегіс бет, бет сүйек-самай тесігі бар. Жоғарғы өсіндісі (processus frontalis) - маңдай сүйектің беттік өсіндісімен және сынатәрізді сүйектің үлкен қанатымен байланысқан. Ал латералды өсінді (processus lateralis) - самай сүйектің беттік өсіндісімен қосыла отырып, шайнау бұлшық еті басталатын жер - бет доғашығын түзеді.

Мұрын сүйек(os nasale) - өзінің жұптасына жанаса отырып, мұрын негізінде мұрын арқашығын түзеді. Адамдарда жануарларға қарағанда нашар дамыған. Сыртқы бетінде мұрындық тесік(foramen nasale), ішкі бетінде торлы жүлге орналасқан. Пішіні индивидке қарай өзгермелі боп келеді.

Slide 4

Желбезек (vomer) - жер өңдеу құралына ұқсайтын, мұрынның сүйекті қалқасының артқы-төменгі бөлігін құрайтын бұрыс төртбұрышты табақша пішінді тақ сүйек. Екі табақшадан тұрады: олар төменнен бірігіп кетеді, ал жоғарыдан екіге айырылып, желбезек қанатын (alae vomeris) түзеді. Кеңсірік сүйегінің төрт қыры ажыратылады:

1. Жоғарғы қыры, қалғандарына қарағанда қалыңдау келген. Горизонтальды бағытта бойлай орналасқан кеңсірік жүлгесі (sulcus vomeris ) арқылы бүйір қапталына қарай бағытталған жұп кеңсірік қанаттарын (ala vomeris) құрайды. Ол сына сүйектің денесінің мұрын қуысына қараган бетімен беттесіп, сына сүйектің тұмсығын ( rostrum sphenoidale) екі жағынан қапсыра қамтып, сына-кеңсірік жігi (sutura sphenovomeris) арқылы жалғасқан

2. Артқы қыры жұтқыншаққа қарай иіліп, хоана тесігінің хоандық қырқасын(crista conchalis) құрайды.

3. Алдыңғы және төменгі қыры - бұдырлау келген. Алдыңгы қыры тор сүйектің перпендикулярлы табақшасымен жалғасса, теменгі қыры жоғарғы жақ сүйегі мен тандай сүйектің мұрын қуысына қараған қырқасымен жалғасып, мұрын қуысының сүйектік аралық қабырғасынқұрауға қатысады.

Тіласты сүйектер (os hyoideum) - IV мойын омыртқаның жоғарғы жиегінде, төменгі жақ пен көмекей арасында орналасқан, сыртқы пішіні таға тәрізді тақ сүйек. Денесі (corpus) және екі жұп өсіндісі (cornu majus et minus) - үлкен және кіші мүйізі бар. Бұл сүйекке тіл, мойын және жұтқыншақтың кейбір бұлшықеттері бекиді. Арық адамдарда анық байқалады. 1. Денесінің (corpus hyoideum) алдыңғы беті дөңес, артқы беті иіліп орналасқан табақша. 2. Үлкен мүйізшесі (соrnu majus) денесінің тікелей жалғасы, яғни денесінің артқы қапталынан артқа қарай бағытталған. 3. Кіші мүйізі (cornu minus) сүйектің денесі мен үлкен мүйізшесінің бітіскен жерінде жоғары және артқа қарай бағыт алып орналасады.

Таңдай сүйек (os palatinum) - алдынан жоғарғы сүйек және артынан сына тәрізді сүйектің қанаттық өсінділерінің арасында орналасатын тақ сүйек. Кеңсірік, ауыз, көз ұясы қуыстарын және қанаттәрізді таңдай шұңқырын түзуге қатысады. Құрылысы горизонталды және перпендикулярлы табақшалардан түзілген.

Slide 5

Жоғарғы жақ, maxilla, құрылысы күрделі келген жұпты сүйек. Жоғарғы жақ денеден және 4 өсіндіден тұрады. А. Дене, corpus maxillae, құрамында үлкен ауалы қойнау болады, sinus maxillaris, ол кең тесігімен мұрын қуысына, hiatus maxillaris-қа ашылады. Денесінде 4 түрлі беткейлерді ажыратады:Алдыңғы беткейі, facies anterior, көз шарасының төменгі жиегінің астында сәл ойыстау болып келген. Төменгі самайлық беткейі, facies infratemporalis, ол төменгі самайлық ойыс, fossa infratemporalis, пен қанат-таңдай ойысына, fossa pterygopalatina, қараған, дөңестеу және бұдырлау болып орналасқан. Мұрындық беткейі, facies nasalis. Онда төменгі мұрын раковинасына арналған жүлге орналасады (crista conchalis) . Маңдай өсіндісінің артында жастық жүлге sulcus lacrimalis, ол жас сүйегімен және төменгі раковинамен жас мұрындық каналға - canalis nasolacrimalis-қа ауысады. Көз шарасына қараған беті, facies orbitalis тегістеу және сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізді болып, алға, төмен және латеральды бағытта ойыса келіп орналасқан


Ұқсас жұмыстар
Төменгі жақ сүйегі патологиясының МРТ диагностикасы
Самай сүйегі
Қаңқа сүйектерінің буынды байланысы, бассүйектегі буынды омыртқалар байланысы
ТІРЕК - ҚИМЫЛ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІГІ
Баланың сүйектерінің ерекшелігі
ЛОР мүшелерінің жарақаттары
Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері
Бас сүйектерін жасына байланысты оқып білу
Жамбас белдеулерінің сүйектері
Самай сүйек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz