ҚАЛА МЕН АУЫЛДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК


Slide 1

"Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері"

Орындаған: Жұмаханова Аружан

Тексерген: Авсыдыкова К. О

Slide 2

Отбасы түсінгі

Отбасы - бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Отбасы - ертеден келе жатқан әлеуметтік институт. Оның қоғамдағы құндылығыының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақ әкелу, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік санасын қалыптастыру.

Slide 3

Отбасы - әлеуметтену үдерісінің жетекші институты

Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан, қоғамның қай кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде көптеген ойшылдар мен ғалымдарды ойландырып келген. Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.

Slide 4

Әлемге әйгілі шығыс ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен айтсам: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты балаға тәрбие беруде отбасының орны бөлек. Ата - ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата - аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Сондықтан бала алдында әке-шешенің үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Бала тәрбиесіндегі Отбасы рөлі

Slide 5

Біз әдетте «ауыл - тәрбие бесігі» дегенді жиі айтамыз. Бұл рас. Қазақтың дүниетанымында «ауыл» ұғымының берік орын алғаны да сондықтан. Бірақ қалалық мәдениеттің дамып, өркендеуімен ауылға деген көзқарас өзгеріп кеткені де жасырын емес. Мысалы, ауыл десек жабайылық, артта қалушылық, бәсекеге қабілетсіздік, тағысын тағы түсініктер қатар жүретін болды. Ауылдан келген адамға деген қарым-қатынас да осы тұрғыдан қалыптасқан. Егер ойды осы арнада тарқатып, қозғар болсақ, бұл мәселені бір жақты бағалау болар еді. Әйтпесе, ауыл дегеніміз салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, мәдениетіміздің, тіліміз бен діліміздің, басқа да көптеген ұлттық құндылықтарымыздың сақталып, дамып отырған мекені, ошағы емес пе еді?!

Ауыл - тәрбие бесігі

Slide 6

Ауыл және қала баласы

Талантты балалардың да ауылдан шығатыны содан. Өйткені олардың дүниетанымы, ойлау қабілеті ұлттық тамырдан нәр алады. Мұндай ортада ер жеткен адамның таланты мен қабілеті де жыл санап шыңдалып, ашыла береді. Қалалық өмірдің өзі кісіні белгілі бір шеңберге салып қоятындай. Адами қарым-қатынас азаяды, уақыт жағынан шектеулілік, тақ-тұқ сөйлеу, ойды қысқа қайыру, үстіртіндік, т. б. түрліше қалалық сипаттар ауылдың сипатынан, ауылдың болмысынан бөлектеу болатыны белгілі. Ауыл баласы мен қала баласын қатар қоятын болсақ, екеуі екі түрлі мәдениеттің, екі түрлі дүниетаным­ның өкілі екенін бірден байқайсыз. Өйтке­ні қалада шарттылық көп. Ауылда табиғилық басым.

Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Қала мен ауылдағы отбасының әлеуметтік мәртебесінің баланың әлеуметтену үрдісіне әсері
Ауыл және қала баласы
Қала көліктері
Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы құрылымы сақтап, сыни хабарлама жасау
Статистикалық көрсеткіштер
Əлеуметтену кезеңдері
Отбасы құрылымы
Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі
Әлеуметтік педагогтың қызметі
Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz