Әлеуметтік - психологиялық диагностика
Презентация қосу
Әлеуметтік
оңалту,бейімделудегі
диагностика
Әлеуметтік оңалту
ағза қызметінің ауысуымен денсаулығының
бұзылуы салдарынан (мүгедектік), әлеуметтік
дәрежесінің өзгеруіне байланысты (қарттар,
қашқындар мен мәжбүр болған көшпенділер,
жұмыссыздар және т.б.), тұлғаның девианттық
тәртібі салдарынан индивидттің айырылған
қоғамдық байланыстар мен қарым
қатынастарын қалыптастыруға бағытталған
шаралар кешені.
Әлеуметтік оңалту нені қамтиды?
Оңалтудың әлеуметтік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, арнайы білім
беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту
орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) және басқа да
мамандандырылған ұйымдар жүргізеді:
1.мүгедектердi жеке бас гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-
қатынастың негiзгі әлеуметтік машықтарына үйрету;
2.мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру
құралдарымен қамтамасыз ету;
3.бөгде адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, соның iшiнде мүгедек балаларға
үйде арнайы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
4.оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер ұсыну:
жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшi;
есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тiлi маманын – жылына алпыс сағатқа.
5. медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек көрсету;
7. оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге түрлері.
Бейімделу диагностикасы
кезкелген әлеуметтік жүйелердің (мысалы, отбасы тобы,
іскерлік фирмасы, ұлттық мемлекет) өзінің тіршілік ету ортасына
жауап беруі немесе, оны «басқаруы»;
тұлғаның немесе әлеуметтік топтың қоғамдық ортаға икемделуі үрдісі,
мұның нәтижесінде осы үрдіске қатысушы субъектілердің талаптары
мен күтулері сәйкестендіріледі.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны,
жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің
жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.Диагностикалаудың
маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың
игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден
ікелей құралады.
Әлеуметтік – психологиялық диагностика
Оқушының әлеуметтік мәдениетінің кейбір қырларын ашуға «аяқталмаған сөйлем» әдісін
пайдалануға болады. Ол баланың тұлға ретінде дамуы мен қалыптасуы әсер ететін басты
сенімін анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік педагог ( немесе сынып жетекшісі) оқушылардың өз
түсініктері бойынша келесі сөйлемдерді аяқтауды ұсынады:
Отбасы- дегеніміз...
Жұмыс-дегеніміз...
Блім алу-дегеніміз...
Ақша-бұл...
Адамның жағымды қасиеттері-дегеніміз...
Ата-ана- бұл...
Жақын достар- бұл...
Өмірдегі жетістік-дегеніміз...
Біздің мектеп-бұл...
мен мұғалыммен сөйлескен кезімде....
Біздің сынын өміріндегі ең басты мәселе....
Мен үшін ең қиыны...
Біздің сыныпта жанжал туындаған жағдайда...
Біздің сыныпта әртүрлі іс-шараларға дайындалған кезде , біз-...
Менің сабақтағы көзқарасың-...
Менің достарымның басым бөлігі-...
Менепте болмаған кезде менің ойлайтыным-...
Біздің мектепте көбіне-...
Бұл әдіс оқушылардың осы өзекті мәселелер бойынша көзқарасын анықтауға көмектеседі.
Сыныптағы оқушының
әлеуметтену картасы:
Оқушының аты-жөні
Әлеуметтік ( социум)
Отбасы
Қиын кезде кедергі
Дос
Ересек адам
Сынып жетекшісі 8 пунктта көрсетілген
ақпараттарды алу үшін төмендегі көрсетілген
сұрақтарға оқушылардан жауап алады:
Сен үшін өміріңдегі басты нәрселер не деп
ойлайсын, төмендегі сөздерден
маңыздылығына қарай нөмірлеп белгілепшық:
біім алу;
ауладағы ойын мен қарым қатынас жасайтын
достар;
сенің отбасың;
мектеп;
үйірмелер мен секциялар;
Отбасы мүшелерінің ішінде сенімен жақсы, сенімді қарым-қатынастағы адамның қасына 4 белгісін
қойып шық. ( Белгі жүйесінің кез-келген түрін алса болады, бірақ мектептегі барлық мұғалімдер
баланың промлемасын анықтауда бір- бірін жақсы түсіну үшін бірдей белгіні алғаны тиімдірек болады)
Отбасы мүшелерінңі ішінде жиі егесін, жан-жалдасын қалатын адамның қасына белгісін қойып шық.
Сені қатты ренжітіп, ұратын отбасы мүшесінің қасына – белгісін шық.
Қиналған шақтарында, пролема болған болған кезге кімге ақыл сұрап, көмек сұрайсың?Кім
ол? ................................................................................
Саған көбіне кедергі келтіретін не деп
ойласын?................................... .......................................................................................................................
Нағыз досың кім?........................................................................................
Ересек адамның ішінен сен өз проблемаңа байланысты кімнен көмек күтесін, кім сені тыңдап, түсініп,
көмектеседі?.......................................
Сыныптағы сен қүұрметпен үш досыңды атап шық. (ер бала немесе қыз бала да мейлі)
Төмендегі биылғы жылы өтетін пәндердің тізімін көріп шық және олардың әрқайсысының қасына
келесі баға жүйесі бойынша пәнге қатысты сандарды қойып шық:
– Қызықты, бірақ қиын-1
– Қызықты-2
– Қызықты емес, себебі түсінбеймін-3
– Түсінемін, бірақ жалығып кетемін-4
– Ол сабаққа бармайтын едім,егер де маған ұрыспаса-5
Басқа әдістер сияқты, бұл әлеуметтену картасы тек балалармен сенімді қарым-қатынас орнатқан, оқу-
тәрбие жұмысы гуманизмге бағытталған, қызықты мектепте ғана оң нәтижесін береді.
Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістерін екі топқа
бөліп қарастыруға болады: зерттеу әдістері және әсер
ету әдістері.
Зерттеу әдістерінің өзі – мәліметті (ақпаратты) жинау
және оны өңдеу болып екі топқа бөлінеді.
Мәліметті жинау әдістеріне: бақылау, құжаттарды
қарастыру, өңдеу (оған контент-анализ де кіреді),
әртүрлі сұрау әдістері (сауалнама, интервью), тестілер
(сынақ), оның ішінде ең көп таралғаны социометриялық
тест (әлеуметтік өлшем ) және де эксперимент (табиғи
және лабораториялық). Осы әдістердің көбісі
социологияда қолданылатындармен пара-пар (Ядов,
1993). Дегенмен кейбіреулеріне әлеуметтік
психологияның ерекшеліктеріне байланысты пайдалану
тұрғысынан қысқаша тоқталуға болады.
Бақылау әдісі. Әлеуметтік психологияда негізгі іздестірілетін
сұрақтардың бірі – қалай бақылау керек? Бақылағанда не нәрсеге
көңіл бөлінеді?
Әлеуметтік – психологиялық зерттеулердің әрбірінде бақылау
бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші
бір маңызды жағдай – бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы,
бақылау бірліктерін бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген
жолдары болғанымен, бұл мәселе аяғына дейін шешілмеген. Бұл
әдіс оншалықты қарапайымәдіс болмағандықтанәлеуметтік –
психологиялықзерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі
мүмкін.
Құжаттарды қарастыру – өңдеу әдісі үлкен маңызы бар әдіс, себебі
осы әдіс арқылы адамдардың іс-әрекетінің өнімдерін талдауға
болады. Әдістің субъективтілігін (зерттеушінің дара психикалық
қасиеттері) жеңу үшін ерекше “контент-анализ” тәсілі («мазмұнды
талдау») енгізіледі. Бұл тәсілде мәтінде арнаулы «бірліктер»
бөлініп алып, солардың пайдалану жиілігі саналады. Көбіне бұл
әдіс әлеуметтік психологияда көпшіліктік коммуникациялық
зерттеулерде қолданылады (теледидар, баспасөз т.б.)
Сұрау әдістері (сұрақ – жауап) көптеген әдістердің ішінде
әлеуметтік психологияда ең көп таралғандары. Әсіресе үлкен
топтарды зерттегенде анкеталар (сауалнама) және интервыо
пайдаланылады. Осы әдісті қолданғанда негізгі әдіснамалық
проблема- сұрақтарды дұрыс құрастыра білу өнеріне байланысты.
Шарт-сұрақтарды құру логикасы (қисыны), ғылыми болжамға
қажетті мәліметті алу және оның неғүрлым сенімді болуы.
Әрбір сұрақты құрастыру, оларды белгілі ретпен орналастыру,
бөлек блоктарға топтастыру және т.б. бойынша көптеген ережелер
бар. Әдебиетте сұраунаманы құрастыруда кездесетін типтік
қателіктер көрсетілген. Сұраунаманы құрастыру – өте қиын да
маңызды жұмыс, себебі ол нашар құрастырылса, алынатын
нәтиже де дұрыс болмайды.
Ерекше үлкен проблема — интервьюді қолдану, бұл жерде
интервьюер (сұрақ қоюшы) және респондент (жауап беруші)
арасында өзара әсерлесу пайда болады, осы жағдайдың өзі де
әлеуметтік – психологиялық құбылыс. Интервью кезінде
әлеуметтік психологияда сипатталатын бір адамның екінші адамға
әсері, адамдардың бір-бірін қабылдау зандылықтары, қарым-
қатынас нормалары – бәрі де көрініс береді. Осы айтылған
сипаттамалардың қайсысы болса да алынатын мәліметтің
сапасына әсерін тигізуі мүмкін. Оңдай проблемаларды шешудің
жолдары әлеуметтік психологияда қарастырылған, тек сол
әдістерді игеруге байыппен қарау қажет.
Әлеуметтік психологияда көбінесе топтық сынақтардан (тест) гөрі,
жеке тұлғалық сынақтар қолданылады. Психологияның бұл
саласында пайдаланылатын тестілер, көмекші әдістерге жатады.
Соңдықтан да олардың нәтижелері басқа әдістер арқылы алынған
деректермен сәйкестенуі керек және де бұл әдіс (тест) көбіне жеке
тұлға проблемасын зерттеуде көрінеді. Топтарға арналған тест
ішінен кең таралғаны әлеуметтік өлшем, ол шағын топтарды
зерттеуде қолданылады.
Эксперимент әдісі әлеуметтік психологияда негізгі зерттеу
әдістерінің бірі. Эксперименттің негізгі екі түрі бар: табиғи және
лабораториялық. Екеуіне де ортақ жалпы ережелерге:
Экспериментатордың тәуелсіз айнымалы шамаларды енгізуі мен
оны бақылауы және тәуелді шамалардың өзгеруін бақылауы;
Эксперименттік және бақылау топтарын бөліп қарастыру шарты
жатады.
Барлық аталған әдістердің әлеуметтік психологиялық
зерттеулерде қолданылуындағы өзіндік ерекшелігі – зерттелінуші
мен зерттеушінің өзара әсері. Бұл әсер интервьюде айқынырақ
көрінгенімен, шын мәнінде барлық әдістерде де орын алып
отырады. Оны есепке алу қажеттігі әрқашан айтылып жүрсе де,
бұл проблеманы түпкілікті қарастыру әлі алда сияқты.
Әдістердің екінші тобы – материалды өндеу әдістеріне
барлық статистикалық тәсілдер (коррекциялық анализ,
факторлық анализ), логикалық және теориялық
өңдеулер (типологиялар тұрғызу, түсіндірулерді
тұрғызудың әртүрлі тәсілдері, т.б.) жатады.
Құндылықтар проблемасы осындай әдістерді
пайдаланғанда аса маңызды мәселеге айналады.
Аталған проблема сапалы зерттеу әдістері
мәселесімен астарлас, әлеуметтік психология да,
социологияда да кең талқылануда (Ядов, 1995).
Әлеуметтік – психологиялық зерттеу жүргізу үшін,
алдымен бағдарлама құрған дүрыс. Әрбір нақты
зерттеуде шешілетін міндеттер, зерттеу объектісі,
зерттеу проблемасын тұжырымдау, қолданылатын
ұғымдарды нақтылау және де пайдаланылатын барлық
әдістерді анықтап алу қажет. Дұрыс құрылған
бағдарлама негізінде ғана шын мәніндегі ғылыми
нәтижелер алуға болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz