Мағжан бала тәрбиесінде қиялдың алатын орны зор екенін дәлелдеп



Тақырыбы: “Алаш арыстары-М. Дулатұлы, М. Жұмабаев Ж. Аймауытұлының балалар әдебиетіне қосқан үлестері”

М. Дулатов. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы тарих оқулығына ұқсас. Жаттап алуға қолайлы болу үшін өлеңмен жазылған. Автор сөзін «ХХ ғасыр жастарына» арнап отырғанын жасырмайды. Алғашқы екі ұзақ өлең қазақ халқының бүгінгі халін және бұрынғы тарихын әңгімелейді. Жер байлығы кең, емін-еркін өскен халықтың сырттағы жауға мән бере бермейтін бейғамдығын ескертеді.



1922 жылы “Есеп құралы”, 1924 жылы “Қирағат” атты оқу құралдарын шығарып, оқу пәндерінің ұлттық ауқымда болып қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Ойшыл педагог драмалық шығармалардың тәрбиелік әсерін жоғары бағалап, сахналық қойлымдардың әсерлендіру қуаты зор екенін ескеріп, 1922 жылы “Балқия” атты төрт перделі пьеса жазды. Өзінің шығармалары арқыл қазақ жастарын оқып білім алуға, ағарту ісін дамытуға шақырып, тәрбие ісінде діни оқу мен тәрбиені қатар қойды.

“Өнермен хасыл болған нәрселер” деген өлеңінде ол өркениеттік жолмен озып кеткен елдердің мәнді де сәнді өміріне жас ұрпақты қызықтыра суреттейді. Жазушы “Бөрік”, “Нұрмаш пен Дүйсен”, “Оқымысты бала”, “Күлмеңіздер кәріге”т. б. балаларға арналған әңгімелерінде балдырғандарды еңбекке, әдептілікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Білім алу әрбір адамның қасиетті міндеті деп көрсетеді. Қазақ балалар әдебиетінің прозалық жанрына бір бұлақ болып қосылған бұл әңгімелер ұлы ойшылдың балалар әдебиетіне ерекше көңіл аударғандығын көрсетеді.

М. Жұмабаев. Ақын өзінің шығармашылығын демократтық әдебиет дәстүрінде жалғастырды. Алғашқы өлеңдері «Шолпан»(1912) деген атпен басылды. Мағжан ғасыр басындағы қазақ халқының отаршылдық пен езгіге қарсы күресіне үн қосты. Халықты оқу-білім іздеуге шақырды. 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жазған ағартушылардың бірі. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады.

Мағжан бала тәрбиесінде қиялдың алатын орны зор екенін дәлелдеп: “Фантазия - өмірдің гүлі, көрікті болуының түпкі діңгегі, фантазиясыз (қиялсыз) адам - тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңейтеді” дейді. “Бала санасы қиялмен оянады, бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, баланың қиялы әсіресе, ойында жарыққа шығады” деп ұстаз бала қиялын ұшқырлайтын қызықты ертегілерді, ойындарды, ойыншықтарды тәрбие ісіне пайдаланудың жолдарын көрсетеді. 1920 жылдар ішінде М. Жұмабаев балалар әдебиетін жасауға ерекше көңіл бөлді. Балаларға арнап сындарлы, жүйелі жұмыс істеп, алуан түрлі кітап шығарған.

«Шолпан» жинағында ақынның «Балалық шақ», «Қарағым», «Мен сорлы»(«Шәкірт зары») атты өлеңдері жарияланды. Бұлар Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңімен орайлас. Мәскеуде шыққан «Жаңа мектеп» журналына қосымша «Тегін қосымша», «Балаларға тарту» жинақтарына Мағжан белсене қатысады. Бұл өлеңдер жасөспірімдердің ұғымына лайық жеңіл тілмен жазылған. «Аққала» өлеңі ойынға құрылған. Балалар ауылдағы омбы қардан аққала соғады. Қардан төрт бұрыш жасап, терезе жасайды, мәре-сәре болады. Беттері бүлдіргендей қызарады. 1924 жылы «Ақ жол» газетінде жарияланған «Әже» өлеңінде ақын ертегіге елтіген Кенжебай деген баланы суреттейді. Бұл - әжесі мен немересі арасындағы нәзік, қымбат сезімді мадақтайтын өлең.


Мысыққа қарсы тышқандар көтерілісі автордың негізгі ойын жеткізу үшін схемалық түрде алынады. Шираз қаласындағы бір тышқан жүзім шарабына тойып алады. Күш біткесін ойндағы құсасын сездіріп қояды. Мысық мешітке барып сәжде киеді. Тышқандармен бітісемін деп алдайды. Тарту-таралғысымен келген тышқандарды қан-жоса етеді. Тамам тышқан мысықты көптігін істеп байлап тастайды. Мысық босап кетеді. Тышқандар өз хандарын да, мысықты да елден аластайды. Осының бәрі Ресейдегі тарихи оқиғалардың елесін береді.

Ертегінің соңында автор сол кезең рухында образдың шешімін береді.
Бір дегенім - білеу ғой,
Екі десем - егеу ғой,
Үш дегенім - үскі ғой.
Мысық - талаушы екені,
Ханның - қанаушы екені
Ертегі-поэма балалардың жаттауына жеңіл, әрі сан үйретудегі қызметі де бар.

Ж. Аймауытов қоғам қайраткері ретінде халық ағарту жүйесінде қызмет істей жүріп, жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға баулуда да көп еңбек сіңірді. «Тәрбиеге жетекші»(1924), «Психология»(1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау»(1926) кітаптары жарық көреді.

Жазушының балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты суретті кітапша ертегілері бар. «Кейде негізгі тақырып басқа болса да, білімді мен білімсізді салыстыра көрсету дәстүрі басым болды» дей келіп, Ө. Әбдиманұлы басты тақырыпқа авторлар сауаттылықты қарсы қою идеясын өзек еткендігі жайында айтады. Дәл осындай жағдай Ж. Аймауытов «Қыс» өлеңінен байқалады. Өлеңнің басты тақырыбы қыс болғанымен, идеясы оқуға шақыру болып табылады. Автор қыс келбетін ел тірлігімен байланыстыра суреттейді. Бұл байланыс, әсіресе, өлеңнің құылымдық жүйесінен анық байқалады.

Өлең кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды бөліктен тұрғандай әсер береді.
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,
Тон киіндік, тоңды мал.
Кіріспе негізгі бөлімде не жайында айтылатындығына оқырманды дайындау мақсатын көздейтін сияқты. Қар жауды, демек, қыс түсті. Түскен қыс өзімен суығын бірге ала келді. Адамдардың жылы киінуі, малдың тоңуы қыс ызғарына байланысты болып отыр.

Өлеңнің бірінші бөлімінде алғашқы жолдағы ой жалғаса түскен, яғни, қыс мінезі тағы көрінеді:
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар.
Қызыл шұнақ қызыл бар.
Суда айна тас мүсін бар.
Қылаулатқан қырау бар.
Екінші бөлімде екінші жолдағы харакетке ұқсас тірлік молынан баяндалады: Боғы қатқан бұзау бар. Үйіп алған отын бар. Қалтыраған қатын бар. Бүрсеңдеген лақ бар. Сүмеңдеген қонақ бар. Қыздар қылған шұжық бар.
Қонақ айтар қызық бар.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz