БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ



Тақырыбы: “Балалар поэзиясының көрнекті өкілдері”

Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысынын Жаңаарқа ауданында шағын дәулетті, орта шаруанын семьясында туылды. Сәкеннің ата-анасы ауыл арасына қадірлі, меймандос, адал ниетті, ақ жарқын, сонымен бірге өнерлі кісілер болды. Сәкеңнің өзі де әкесінің аң аулағыш саятшы, сауыкқой, домбырашы, шешесінің халық өлең-жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.
(15 қазан 1894 ж. - 25 сәуір 1938 ж. )

Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін қалаушы, балалардың сүйікті жазушысы. Онық социалистік реализм әдісі-мен жазылған өлең-әңгімелері кеңес өкіметінің алғашқы орнаған жылдарынан бастап-ақ өзінің жаңашылдығымен балалардың сүйіп окитын шығармаларына айналды. Сәкеннің бұл шығармалары - балалар әдебиетінің социалистік реализм жолымен қайта дамыған жаңа дәуірінің бет ашары болды.

Сәкен «Бұлшық ет» деген өлеңінде еңбек еткен адамның еңбегінің табысын сүйсіне жырлайды. Соны жас өспірімдерге үлгі етіп ұсынады.
Боянған түрлі шырайлы
Сұлу емес сырлы бет.
Ширатылған түйіндей,
Шын сұлу күшті бұлшык ет.
Балғын білек балтыр да.
Ширатылған түйіндей.
Бұлтылдаса бұлшық ет,
Кім турады сүйсітібей.
Көк темір кұрыш болатпен,
Асусыз асқар тау кешкен.

Кайда жүрсе де біздің елде еңбек еткен адам сыйлы да болды, құрметке де бөленді. Отанын да, халқын да сүйсіндіріп, әрқашан даңққа бөлеп отырғанын жас өспірімдерге үлгі-өнеге етіп көрсетті. Еңбекке жаңа көзқарас 20 шы жылдар әдебиетінің қолға алған ең күрделі де ұтымды бет алысы болды. Осыған орай мектептерде еңбек тәрбиесін колға алу кеңес педагогикасы-нын басты міндетіне айналды. Коммуналар мен интернаттарда және шаруа жастар мектептерінде политехннкалық оқудың іске асуыиа байланысты балаларды еңбекке социалистік көзқараста болуын үйретті. Ол кездегі политехникалық оқудың міндеті балаларды өндіріс пен ауыл шаруашылық ісіне негізделген еңбектін түрлі салаларымен таныстырып, үйретіп отыру көзделген еді. Сәкен «Калаушылар жыры» деген өлеңінде:
Қолда калақ шот аяқ,
Сұрғылт балшық үстіміз
Жігерлі сүр қалаушы -
Жігерлі сүр түстіміз.

Жас өспірімдердің еңбекпен айналысуы, сондай-ақ олардың әр түрлі ауыл шаруашылық жұмыстарына тікелей араласып кетуі балалардың ой-өрісін кеңейтеді, Оларды тентек мінезділіктен арылтып, саналы да тәртіпті адам болуға икемдейді. Сонымен қатар оларға практикалық іскерліктер мен сапалы дағдылар туғызады. Мұнымен бірге еңбек балаларды әр нәрсені білуге талаптандырып, қазіргі материалдық дүние жөнінде реальдық ұғым берді. Сондықтан Сәкен еңбек еткен азаматтардың кұлшына кіріскен ерлік істеріне сүйсініп, балалар мен жас өспірімдердің рухын көтеретіндей дәрежеде суреттеді:
Шаттық, қызық енбекте,
іс істейміз сүйсіне.
Темір қалақ үн қосар,
Күшті колдың биіне.
Көкке өрлетіп калаумен,
Қышыл кышты тізілту.
Қызыл күннің астына,
Орпатамыз кызыл ту…
Бұл өлеңде балаларды еңбекке тәрбиелеу, соған баулумен қатар, социалистік қүрылыстың озаттарын, ондағы жас құрылысшыларды мадақтап, олардын еңбегін, Отанға бсрілгендік ынтасын жыр еткен. Барлық игі жұмыстар солардың жарқьш болашағы үшін істеліп жаткандықтан, бұған жастардың өздері де белсене ат салысуы керектігі айтылған. Балаларды еқбек тәрбиесіне баулудағы бүл елеңнің күшті де әсерлі болатыны осынысында.

«МАУЗЕР» ПОЭМАСЫ
Сәкен «Маузер» поэмасында 1917-1922 жылдар арасындағы революциялық күрестерде ерлік, табандылық көрсеткен қазақ еңбекшілерініқ жарқын бейнесін жас өспірімдерге әсерлі түрде суреттеп берген. Отаны, елі, өз халқының азаттығы үшін қан майданда ауыр жараланып, әл үстінде жатқан азамат өзінің ақтық сөзін анасына, жас жарына, баласына, еркіндік жолында күрескен майдандас достарына арнайды. Тастамады қолынан Қан аққан ер маузерін «Босамандар» деді де қанын сүртті аузының дегендері В. И. Ленин идеясын іс жүзіне асыру жолында қан майдан күрестерінде жүрген басты кейіпкердің сондайлық беріктігін, табандылығын көрсетеді. Мұнда халық азаттығы үшін революциялык күрес үстінде ауыр жараланған азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі, өлім халінде жатса да жауға деген қаталдығы, оған берілмейтін қайсарлығы жас өспірімдер санасына козғау сала-тындай дәрежеде әсерлі суреттелген.

Революция жауларының қолынан құрбан болған азаматтың жауынгерлік образын жасай отырып, оған карсы күрестерді жалғастыра беру керектігін Сәкен жас өспірімдерге көбірек ескертеді. Ол өлсе де өз ізін суытпайтын, оның ой-арманын болашақта іске асырып, ілгері дамыта беретін ұрпағына, өмірінің жалғасына, мыиа біздерге тапсырган. Қан мен тер төгіліп, жеңіспен орнатылған кеңес екіметін, өз Отанын ішкі, сыртқы жаулардан көздің қарашығындай сақтай білсін деп өзінің акырғы сөзің санатын жас нәрестесінің колына зор сеніммен, үміт іттыра тапсыруды өтінеді. Өйткені жас ұрпақ болашақ екендігі дүниесінің қожасы деп біледі. «Маузер» поэмасында таптық күрестің жанды картицалары жасалуы арқылы оқиға бірден-бірге күрделене береді. Тап жауының қолынан каза тапқан қаһарманның ерлігіне сүйсінген оқырман оның оптимистік сеніміне ризалық білдіреді.
Корыта айтқанда, балаларға арналған Сәкен әңгімелері жас өспірімдерді, пионерлерді коммунистік рухта тәрбиелеудің және оны Кеңестік реализм бағытында жазу-дың үлгілерін көрсетті. Сәкен балалар әдебиеті тақырыптарына қалай жазу керектігін, қандай тақырыптарға жазуға болатынына жол салып берді.

«БАНДЫН ҚУҒАН ХАМИТ»
Сәкеннің балаларға лайықты шығармалары оның поэзия саласындағы енбектсрімен ғана шектелмсйді. Проза жанрында 1922 жылы жазған «Бандыны куған Хамит» атты әңгімесі бар. Бұл әңгіме Октябрь революциясынын жеңісінен соң кеңес өкіметіне қарсы іріткі салу мақсатымен елдің үрейін, момын шаруалардың берекесін кетіріп жүрген бандылардың қарақшылықәрекетін әшкерелеуге арналған. Мұнда да автор жас орнаған кеңес өкіметін оның ішкі жауларынан тазартып, көздің карашығындай қорғай білу керектігін айту, соны жасөспірімдерімізге, пионерлерге социалистік реализм негізінде түсіндіруі көздслген.

Әңгіменің композиялық құрылысында бір ерекшелік бар. Мұнда да оқиға желісі салған жерден бірден сондағы жаратылыстың әсем көріністерін мөп-мөлдір сәулелі күнді, таңертеңгі түскі, кешкі мезгілдегі бұлттарды, айнала төңіректі оқиғаға байланыстыра суреттейді. Табиғаттың әсем көріністерін суреттеген соңғы жолдарында табиғат бояулары туралы, жан-жануарлар туралы, ауа туралы және егіншілер мен шөп орған шалғыншылардыц шаруашылығы жаблы, тиімді күн райы туралы суреттеу әңгіменің негізгі түйіні, арқауы болып отырған оқиғаға байланысты алынған.

Екіншіден, жазушы мұндағы әңгіме оқиғасын шашыратпай түгелдей екі-ақ адамның басына жинақтағандықтан кеңес өкіметінің алғашқы орнаған жылдарындағы халық арасына іріткі салуға тырысқан жаулардың, басқыншы бандиттердің барлық сыр-сипатын, зұлымдык әрекеттерің Кудря образы арқылы әшкерелеген. Кішкентай әңгіменің өзімен-ақ Сәкен басты кейіпкер Хамит пен Кудря образдарын типтендіріп бере алған. Екеуінің жек-пе-жек алысқан жердегі өмір үшін күрескен жан түршігерлік шайқастары арқылы автор тозығы жеткен ескі өмір мен өресін кең жайған кеңестік социалистік жаңа құрылыстың арасындағы тартыс күресін танытқан.

Үшінші жағынан, әңгіме белгілі мақсат пен айқын идеяға құрылғандыктан, соны бейнелейтін сөздердін де тізген моңшақтай қисын тауып, өзінің көркемдік сипатқа ие болғанын көреміз. Адам портретін беруде болсын, не жаратылыстың әсем көріністерін шаруашылық және өмір тіршілігімен байланыстыра мәнерлеп суреттеуде болсын, Сәкен түрлі бейнелі сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді, метафораларды кеңінен пайдаланады.

Қорыта айтқанда, Сәкен шығармалары балалар, әдебиетіне жаңа тақырып, жаңа мазмұн әкелді. Ол балалар әдебиетін жаңа идеялармен толықтырды. Оның шығармалары жас өспірімдерге, пионерлерге Отанға деген сүйіспеншілікті және оны көздің қарашығындай қорғай білуді, халқына адал қызмет етуді үйретті. Сонымен қатар, еңбек ету - адам баласы болашағынын бақыты екені түсіндіруге күш салды.
Сәкен шығармаларының айын идеясы балаларды коммунистік рухта тәрбиелеу максатын көздеп қана қоймай, ол сонымен қатар балалар әдебиеті тақырыбына жазып жүрген жазушыларға социалистік реализм әдісімен қалай, қайтіп жазу керектігінің үлгісін көрсетті.

Ілияс Жансүгіров - ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1894 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсты бітіріп, өз ауылында мұғалім болған. Одан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеп, Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын бітірген, соң «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет атқарды. 1932-1934 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы. 1933-1936 жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болды. 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.
1 май 1894 ж. - 26 ақпан 1938 ж.

Ілияс Жансүгіров нағыз жан-жақты дарын иесі. Ол - қаламынан түрлі жанрда тамаша туындылар шыққан, қазақ әдебиет өнерінде өшпес із қалдырған үлкен қаламгер. Өз халқының әдебиетінің іргесін қалап қана қоймай, оның өміршеңдігін нақты өлмес туындыларымен байытқан талантты суреткер. Қазақ жеріндегі аласапыран төңкеріске дейін, негізінде, ауыз әдебиеті ғана дамыған қазақ даласында поэзияның, прозаның, драматургияның, аударма, балалар әдебиеті мен журналистиканың тамаша үлгілерінің дүниеге келуіне өзіндік үлес қосқан жаңашыл қаламгер болғандығын әдебиет тарихы жоққа шығармайды.
Орыс және әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларын Абайдан кейін сәтті аударған Ілияс болатын. Олардың Ілиясқа әсері мол болған. Қара өлеңнің қазіргідей үлгісін тұңғыш Абай қалыпқа келтірді десек, оны мейлінше дамытып, қанат бітірген Ілияс еді. Поэзияда өздері өмір сүрген заманның шындығын ашып, реалистік бояуын қалыңдата айтып, әр тақырыпты ақтарыла жырлау Абайдан кейін Ілияста анық байқалады.
Ол - Абай жолын жалғастырған, поэзияда Абай деңгейіне дейін көтеріле алған дарынды ақын.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz