Шағын жинақталған мектепте бір пәнділік және біртақырыптық сабақтарды ұйымдастыру мен жоспарлау


Slide 1

«Шағын жинақты мектептегі бір пәнділік, бір тақырыптық сабақтарды дұрыс ұйымдастыру»

Студенттің аты-жөні:Ұлдақан Гүлнұр

Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

Тобы: 401

Пән: Шағын жинақталған мектеп

Пән мұғалімі: Асанова Н. С.

Slide 2

Шағын жинақталған мектепке тән ерекшеліктер:

мектепте және сыныптағы бала санының аздығы;

Шағын кешенді мектеп мұғалімне арнап, жазылып баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік оқу құралдарының аздығы.

бір мұғалімнің басшылығымен бір бөлмеде екі сынып оқушыларымен бір мезгілде сабақ өтуі;

педагогикалық ұжым мүшелерінің аздығы;

негізгі және орта мектептегі білім берудегі көппәнділік

Slide 3

Шағын жинақты мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруда бірқатар қиындықтар кездесетіні жасырын емес. Өйткені бұл үлгідегі мектепте мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейтіндіктен, сабақтың өзіндік ерекшелігі болады. Осы ерекшелікке байланысты оқу үдерісі бір мезгілде екі сыныпта бірдей ұйымдастырылады. Сондықтан екі, үш сыныптың бір мезгілде қатар оқытылуы оқушыларға да, мұғалімге де психологиялық және әдістемелік тұрғыдан қолайсыздық туғызады.

Slide 4

ШЖБМ ерекшелігіне байланысты қалыпты мектептерде қолданылып жүрген жоғарыда аталған сабақ түрлерінен басқа оларды қамтитын мынадай сабақ түрлері бар:

Slide 5

Бір пәнділік сабақ дегеніміз әр біріктірілген сыныптарда бір ғана математика сабағын өткізу сабағы. Бұл сабақты өту кезінде мұғалім бір салада жұмыс істегендіктен, ол назарын бір сыныптан екінші сыныпқа оңай көшіруге септігін тигізеді.

Slide 6

Әр пәнділік сабақтар дегеніміз, мысалы математика сабағын басқа бастауыш сынып пәндерімен біріктіріп өткізуге болатын сабақтар. Кейбір әдіскерлер пәндерді екі топқа бөледі де, бірінші топқа математика, қазақ тілі, орыс тілі, еңбек, яғни өз бетімен жұмысты ұйымдастыруға үлкен мүмкіндіктері бар пәндерді, ал екінші топқа дүниетану, ана тілі, музыка, дене шынықтыру сабақтарын жатқызады. Сабақ кестесін құрастырған кезде бірінші топты екінші топ пәндерімен біріктіруге болады.

Slide 7

Бір тақырыптық сабақтар дегеніміз қатар өткізілетін сыныптарда мүмкіндігінше бірдей тақырыптарды таңдау қажет болатын сабақтар. Бір тақырыптық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын да тиімді басқаруға болады. Жалпы оқытушының ортақ әңгімесін оқушылар ықыласпен тыңдап, өз ойларын айтып, сабаққа белсенді қатысуға тырысады, сонымен бірге бір пәндік, бір тақырыптық сабақтар ретінде біріктіріп өткізуге де болады. Мұндай ортақ сабақтардан оқушылардың ой-өрісі кеңейіп, сабақтың сапасы артады

Slide 8

Қазіргі шағын жинақты мектеп тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.

Осыған орай, шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқыту үдерісін мүмкіндігінше біртақырыптық жүйеде құрастырғаны дұрыс. Өйткені белгілі бір ортақ тақырып бойынша барлық сыныпқа бірдей бір мезгілде түсіндірген мұғалімге де, оқушыларға да тиімді. Біртақырыптық сабақтар дегеніміз - бір пән ішіндегі мазмұны ұқсас тақырыптарды екі сыныпта қатарынан оқыту.

Slide 9

Біртақырыптық сабақты жоспарлау - бұл мұғалімнің сабаққа тиянақты дайындығының көрінісі, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, кәсіби біліктілігіне, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет.

Slide 10 Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған мектептегі мұғалімнің кәсіби бейнесі
Бастауыш шағын жинақты мектептерде сабақты ұйымдастыру формалары мен ерекшеліктері
Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы интербелсенді сабақтарды жоспарлау әдістері
Мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық сабақтарды жоспарлау және өткізу әдістемесі
Музыкалық білім беру дидактикасы: оқыту әдістері мен сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Онлайн режиміндегі интерактивті сабақтарды ұйымдастыру әдістері және интерактивті тақтаны қолдану
Бастауыш мектепте оқытудың әдістері, мазмұны және ұйымдастыру формалары
Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру және шағын кәсіпорындардың дамуы
5-6 жастағы қазақ балалардың қарым-қатынасын дамытуға арналған ойын технологиялары мен тренингтік сабақтарды ұйымдастыру
Мектептегі бастауыш сынып әдістемелік бірлестігін жоспарлау мен ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz