Релелік қорғаныстың арналымы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті
«Энергия үнемдеу және автоматтандыр
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Релелік қорғаныстың арналымы
Алматы, 2020
ЖОСПАР
1. Кіріспе 3
2.Негізгі бөлім
2.1. Релелік қорғаныстың арналымына себептер 4
2.2. Релелік қорғанысқа тоқтың қысқа тұйықталу себебі
2.3. Қалыпты жағдайға қайта келу
3. Қорытынды 10
4. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Релелік қорғаныс — электр автоматикасының негізгі түрі
болып табылады. Онсыз қазіргі энергетикалық жүйелердің
сенімді жұмысы мүмкін емес. Ол энергожүйенің бүкіл
бөліктерінің күй-жағдайын және жұмыс жүргісін тынымсыз
тексереді және, пайда болған ақаулық пен қалыпсыз жұмысқа
орай әрекет етеді. Бұзылған жер болса қорғаныс мұны табады
да жүйеден ажыратады. Бос жүріс пайда болғанда қорғаныс
оны анықтайды да, бұзылудың сипаттамасына байланысты, бос
жүрісті қалпына келтіру үшін қажетті іс-әрекет жасайды немесе
кезекші қызметкерлерге белгі береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Релелік қорғаныстың арналымына себептер
Электр машиналары мен аппараттары , электр
жеткізу желілері және электрқондырғылары мен
электр тораптарының басқа бөліктері үнемі кернеуде
тұрып, ток өтіп, олар қызады. Сондықтан
эксплуатация кезінде қ.т. алып келетін зақымдар
пайда болады.
Қ.т. оқшауламаның тесілу немесе тұйықталуынан,
сымдардың үзілуінен, қызметкерлердің қате
әрекетінен (жерлендірілген жабдықты кернеуге
қосу, айырғыштарды жүктеме барда ағыту) және
басқа себептерден туындайды.
2.2. Релелік қорғанысқа тоқтың қысқа тұйықталу
себебі.
Көп жағдайда қ.т. орнында жоғары температуралы
электр доғасы пайда болады, ол ток өткізетін бөліктерді,
оқшаулағыш және электр аппараттарын бұзуға келтіреді.
Қ.т-да зақымдалған орынға мыңдаған ампермен
өлшенетін үлкен токтар келеді (қ.т.т.) , олар
зақымдалмаған ток өткізетін бөліктерді қыздырып,
қосымша зақымдарды тудырады, яғни апатты дамытады.
Осымен бірге зақымдалмаған орынмен электрлік
байланысқан торапта кернеудің терең төмендеуі болады,
ол электрқозғалтқыштардың тоқтауына және
генераторлардың қатарлас жұмысының бұзылуына алып
келеді.
Көп жағдайларда апаттардың дамуы электрқондырғысы
немесе торапты релелік қорғаныс деген атты алған
арнаулы автоматты құрылғылардың көмегімен
тоқтатылады. РҚ ажыратқыштарды ағытуға әрекет
жасайды.
2.3.Қалыпты жағдайға қайта келу.
Зақымдалған элементтердің ажыратқыштары
ағытылғанда қ.т. орнындағы электр доғасы
сөнеді , қ.т.т. өтуі тоқтайды және
электрқондырғы немесе тораптың
зақымдалмаған бөлігінде қалыпты кернеу
орнына келеді. Осының арқасында қ.т. болған
жабдықтың бұзылуының мөөлшері азаяды
немесе алаңсыз болмайды, сонымен қатар
зақымдалмаған жабдықтың қалыпты жұмысы
орнына келеді.
Релелік қорғаныстың қысқа
тұйықталудан қорғанудың
қарапайым сұлбасы
ҚОРЫТЫНДЫ
Релелік қорғанысының арналымының негізгі мәне қ.т.
орнын табу және зақымдалған жабдық немесе тораптың
айланын қалған электрқондырғы немесе тораптың
зақымдалмаған бөлігінен тез автоматты ағыту.
Электржабдықтың зақымдалуынан басқа асқын
жүктелу, бейтараптары оқшауланған торапта бір
фазаның жерге тұйықталуы, трансформаторда майдың
ыдырауының арқасында газдың бөлінуі немесе оның
кеңейткішінде май деңгейінің төмендеуі және
басқалары.
Көрсетілген жағдайларда жабдықты тез ағытудың
қажеті жоқ, өйткені бұл құбылыстардың жабдыққа қаупі
жоқ және өзінен- өзі жойылуы мүмкін.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Андреев В.А. Релейная защита, автоматика и телемеханика в
системах электроснабжения: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп.- М.:
Высш.шк., 1985. – 391 с.
2. Кривенков В.В., Новелла В.Н., Релейная защита и автоматика систем
электроснабжения: Учебн.пособие для вузов. – М.: Энергоиздат, 1981. –
328с.
3. Шмурьев В.Я. Цифровые реле защиты. – М.: НТФ «Энергопрогресс».
Библиотечка электротехника, приложение к журналу «Энергетик»; Вып.
1(4) 1999., - 54 с.
4. Расчеты токов короткого замыкания для релейной защиты и
системной автоматики в сетях 110-750 кВ. Руководящие указания по
релейной защите. Выпуск 11. Энергия, 1979.
5. Беркович М.А, Молчанов В.В, Семенов В.А. Основы техники релейной
защиты. Шестое издание, переработанное и дополненное.
Энергоатомиздат, 1984.
6. Федосеев А.М. Релейная защита электроэнергетических систем.
Релейная защита сетей. Энергоатомиздат, 1984.
7. Чернобровов Н.В., Семенов В.А. Релейная защита энергетических
систем. Энергоатомиздат, 1998.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz