БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ЖОСПАР


Slide 1

Девиантты мінез-құлық

және

бұқаралық ақпарат құралдары

Slide 2

Жоспар:

1. БАҚ жəне олардың девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына əсері.

2. Шетелдік ғалымдардың БАҚ және девиантты мінез - құлық туралы тұжырымдамалары.

3. Отандық ғалымдардың девиантты мінез - құлық туралы ой - пікірлері.

Slide 3

Қоғамның қазіргі күйінің үрей тудыратын симптомы - мінез- құлқында ауытқушылық бар кəмелетке толмаған балалар санының өсуі болып табылады. Мінез-құлықтың асоциалды, агрессивті, деструктивті, аддиктивті формаларының көріну үдерісіне бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), əсіресе теледидар, компьютерлік ойындар, видеофильмдер жəне т. б. үлкен əсер етеді. БАҚ-тың теріс ықпалын жақтаушылар адамдар агрессивті болуға өзгелердің агрессивті əрекеттерін бақылай отырып үйренеді деген фактіге сүйенеді.

Slide 4

М. Хьюсман

М. Хьюсман зерттеушілер тобымен бірге 20 жыл бойы телехабарлар мен агрессивтіліктің арақатыстылығын бақылаған (Бэрон. Агрессия) . Олар 30 жаста жасаған қылмыстың ауырлығы 8 жастағы көретін телехабарлармен сəйкес келетіндігін анықтаған. Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасу механизмі (БАҚ) мынандай болуы мүмкін: телехабарларға шамадан тыс құмарлық - агрессивті фантазия - өзін кейіпкермен теңдестіру - мəселелерді шешу мен адамдарға ықпал етудің агрессивті жолдарын меңгеру - агрессивті əрекеттерді қайталау-тұлғааралық қарым-қатынаста мəселелерді шешу үшін агрессияны қолдану− қуаттану - агрессивті əдеттер - дамымаған əлеуметтік жəне оқу біліктіліктері - фрустрация - телебағдарламаларды шамадан тыс көру.

Slide 5

Агрессивті мінез-құлықтың бақылау арқылы қалыптасуы бірнеше шарттар орындалғанда ғана мүмкін

біріншіден, көрген хабар шынайы болуы жəне баурап алуы қажет;

үшіншіден, агрессия көрермен өзін агрессормен теңдестіргенде ғана агрессия үлгі бола алады.

екіншіден, көрген хабарды агрессия ретінде қабылдау қажет;

Slide 6

Әлеуметтік ілім теориясы

Бихевиористтік психология қойнауында туындаған, А. Бандура мен оның əріптестері тұжырымдаған əлеуметтік ілім теориясы. Осы аталған теорияға сəйкес, адам айналасындағылардың іс-əрекеттеріне қарап мінез-құлық үлгілерін меңгереді. Бұл жағдайда БАҚ жəне оның рөлі өте маңызды, себебі бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілетін көрсетілімдер ілім көзі болады. А. Бандураның тəжірибелерінде ересек адам қуыршақты балғамен ұру арқылы агрессивтіліктің осы тəрізді ұшқындарының мүмкін екендігін көрсетті, бұл балада болатын бастаудың босаңсуына əкеледі.

Slide 7

"Медианы түсіну: адамның сыртқы өсуі" атты еңбегінде М. Маклюэн бойға біткен əдеттер мен мінез ерекшеліктеріне байланысты мінез-құлықтың өзгермелі, күшейтпелі немесе, керісінше, əлсіреуші үлгілерінің іріктелуіне назар аударады:

а) үлгіге еліктеу - егер адамды қызықтырған кейіпкердің қылықтары сюжетпен дəлелденген болса, онда адам телекейіпкердің мінез-құлқына еліктей бастайды.

в) қуаттану - психологияда бұл үлкен маңызға ие, себебі ол реакциядан кейінгі кез келген оқиғаларды сипаттайды, егер қуаттану жүзеге асса, реакция қайталануы əбден мүмкін.

б)

десенсибилизация

бұл көрермендерде терең эмоционалды реакция əсерін тудыратын көріністер, бірақ олар біртіндеп əдетті жəне үйреншікті, тұрмыстық құбылыстарға айналады.

ə) сенсибилизация - көрермендер экранда болып жатқандарды қатты ілтипатқа алған кездегі эмоционалды-сезімтал реакция кезінде туындайтын өзгеше кері күшті əсер жəне олардың қиялдарында жағымсыз бейне туындатады, сондықтан да адам өз мінез-құлқында фильмдер кейіпкерлеріне еліктемеуі мүмкін.

Slide 8

Когнитивтік теория

Когнитивтік (танымдық) теория - ақпаратты алу, меңгеру үдерісінде соңынан қайтадан еске түсіруде адамдар жəне оқиғалар туралы тұлғаның еске түсіруін реттейтін "схема" қатысады. Бұл ақпараттардың барлық түрлерін өңдеудің жалпы сипаттамасы, соның ішінде алынған ақпарат туралы бар білімдер құрылымымен байланысты бұқаралық ақпарат құралдарынан алынатын ақпараттарға да тəн. Осы аталған теория негізінде экранда көргенді (теледидар, компьютерлік ойындар жəне т. б. ) игеру жүзеге асады. Əртүрлі сценарийлермен таныса отырып, тұлға оларды біртіндеп ұзақ уақыттық жадыға сақтай бастайды.

Slide 9

Тарату, әдетке айналдыру теориясы

Тарату, əдетке айналдыру теориясы - бұл теорияның негізгі ережелерінің бірі БАҚ-тың ұзаққа созылған қайталанбалы ықпалы (əсіресе теледидар, компьютерлік ойындар) балалардың шынайы жəне əлеуметтік əлем туралы түсініктерін үнемі өзгертеді. Үндестіру, яғни адамдардың əртүрлі көзқарастарын əлеуметтік шындықтың біркелкі қалыбына салу-құрастыру үдерісі арқылы, яғни көрермендер əлемде болып жатқан оқиғалар туралы оларды телебағдарламалар призмасы арқылы бақылап, білу кезінде жүзеге асырылады. Сақталған ақпарат негізінде тұлға шынайы өмір туралы өзінің түсінігін қалыптастырады. Бұндай "ақиқат болмыс" əртүрлі формада қалыптасады жəне гендерлік рөлдер туралы түсінікке, көзқарастар мен нұсқауларға, жастардың өмір жолын таңдауларына, адам денсаулығында көрінетін əдеттерге ықпал етеді.

Slide 10

әлеуметтену теориясы

Əлеуметтену теориясы - тарату, əдетке айналдыру теория- сымен ортақ белгілері көп, əсіресе БАҚ-тың ұзаққа созылатын əсер ету үдерісімен байланысы бар, адамдардың əлем туралы білімге қажеттілігін қамтамасыз етеді, өз рөлін жəне ондағы маңыздылығын анықтайды, жеке тұлғаның өнегелі-моральдық қасиеттерінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Slide 11

идентификация


Ұқсас жұмыстар
Масс - медианың өмір салтының қалыптасуына әсері
Мемлекеттің жеке тұлғаның саяси әлеуметтену процесін жүзеге асырудағы БАҚ-тың рөлі
БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ
КОММУНИКАЦИЯ ҰҒЫМЫН ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ
ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қарым – қатынас психологиясы туралы ақпарат
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Тұлғаның өзін - өзі дамытуын педагогикалық қолдау пәнінен практикалық емтихан
Қазақстанның ақпарат нарығы
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz