Қожаберген Жырау - Орта жүз




Презентация қосу
• Жырау–– өз жанынан жыр шығарып
айтатын және эпикалық дастандар мен
толғауларды орындайтын халық
поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр»
сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ
қоғамында жыраулар халықтың рухани
көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын
қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен
басқа да ел билеушілері жыраулар
пікірімен санасып отырған. Жыраулар
жаугершілік заманда жорықтарға қатысып,
ел қорғау, азаматтық тақырыптарға
арналған өлең-жырлар туғызған.
• Бұқар жырау Қалқаманұлы (1684—
1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ.
жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-
жоңғар соғысының бастаушысы әрі
ұйымдастырушысы атақты Абылай
ханның ақылшысы.
• Шыққантегі Арғын тайпасының
Сүйіндік руының қаржас руынан.
Заманындағы сыншылар оны «көмекей
әулие» деген.
• Доспамбет Жырау (1490, қазіргі Ресей
Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы
— 1523, Астрахан маңы) —
жырау,қолбасшы, батыр. Доспамб ет жырау
қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір
сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери
қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп
аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда
болған. Қырым ханының жағында көптеген
әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық
ұрыстардың бірінде қаза тапты.
• Тәттімбет Қазанғапұлы (1815
ж., қазіргі Қарағандыоблысы
Қарқаралы ауданында туып, 1862
ж. қайтыс болған) – күйші
композитор, домбырашы, шертпе
күй орындаушылық мектебінің
негізін қалаушылардың бірі,
халық күй өнерінің классигі.
• Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) —
жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының
көрнекті өкілі.
• Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі
талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік
шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында
өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі,
Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп
бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы
Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары
әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу
сазды көркемдігімен ерекшеленеді.
• Сыпыра жырау (XIV ғ.) - Суырып салма ақын. Руы - Кете.
• XIV ғасырда Тоқтамыс пен Едігенің билік құрған
жылдарында өмір сүрген. Оның есімі ескі батырлар
жырының талайында аталады. "Өз өмірінде толғау айтып
өткен" Сыпыра жайында "Ер Тарғында" "Тоғыз ханды
түзеткен кісі еді" делінеді. "Телағыс" жырында ел бірлігінің
ұраншысы, ал "Құбағұлда" "Жүз сексенге келген" дана қария
ретінде көрінеді."Едіге би", "Тоқтамыс туралы аңыз" деген
жырлар бар. Осылардың бәрінің о бастағы тудырушысы
Сыпыра жырау болғанға ұқсайды. "Қырымның қырық
батырын" жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра
жыраудың ұрпағымын деген.
• Үмбетей Тілеуұлы (1706-1778) -
Ақмола облысында, яғни Орталық
Қазақстанда дүниеге келген. Арғын
тайпасы Қанжығалы руынан
шыққан. Үмбетей жас күнінен-ақ
кедейліктің зардабын тартады.
Ақындық даңқы шыққан Үмбетейді
Абылай хан өз айналасында
ұстайды, ол сол кезден-ақ жырау
атанған.
• Қожаберген Жырау — Орта жүз
Ашамайлы Керейдің Бәйбіше
Көшебе руының Таузар тайпасынан
шыққан атақты батыр, әйгілі суырып
салма ақын Қожаберген
Толыбайұлының есімі ежелден еліне
белгілі болғанымен, соңғы
уақыттарға дейін түрлі себептермен
әдебиет тарихына енбей, қағаберіс
қалып келді.
• Есет Қараұлы (1779, Атырау облысы
Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы. — 1869,
Атырау облысы Махамбет ауданы Малайсары
алқабы) — жырау. Кіші жүз құрамындағы
Байұлы тайпасының Беріш руынан шыққан.
Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүз
қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне
қатысқан. Көтеріліс басылғаннан кейін Ресей
әкімш. тарапынан қуғын көріп, біраз жыл
Маңғыстау, Хорезм жағында болады. Одан
Жайық бойына оралып, тоқсанға келіп дүние
салған. Махамбет, Абыл ақындармен достық
байланыста болған. Есеттен Мұрат Мөңкеұлы,
т.б. көптеген ақындар өнеге алған.
• Қорқыт ата – түркі халықтарына ортақ
ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт
сөзін "Хорқұт" сөзінен шыққан. "Хор"
деген көне түркі тіліндегі "Өр" деген
сөз, "Һор" деп те айтылған. Ал, "құт", ол
кәдімгі "құт", "береке", "игілік" деген
сөз. Демек Қорқұт сөзі "жоғарыдан
келген құт" деген мағынада. Бірақ қазақ
тілінде ол Қорқыт болып, кейін осы
атаудан талай аңыз-ертегілер туған.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ билері, ақындары және жыраулары
ҚАЗАҚ – ЖОҢҒАР ҚАТЫНАСТАРЫ
Қалмақ хандығының күшеюі
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Зымыран сұрақтар
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі туралы
Қазақ халқының күш біріктіре бастауы
Шайқасқа Кіші жүздің ханы
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама жылдары
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі
Пәндер