Қазақ мәдениеті өркениеттік болмысы




Презентация қосу
Қазақ мәдениеті өркениеттік
болмысы
Көшпенділер, музыка

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Оқу тобы: ФЕК 202 п/я
Орындаған: Күздеубай Айша
Қабылдаған: Жакин С.М.

Мазмұны
1. Кіріспе.
2. Көшпенділер өркениеті.
3. Музыка тарихына шолу.
4. Музыка тарихының кезеңдері.

Кіріспе
Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет ырғақтарын
анықтаған соң, қазақ мәдениетіне
тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының
негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13
миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің
солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан
ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай
тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына
жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен
оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып,
кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін
айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала
көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан
осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық
(көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.

Көшпенділер өркениеті
Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес,
адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді.
Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес.
Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени
кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық
сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін
қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және
көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға
болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас
мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір
жағрафиялық белгілері халық санасында киелі
жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі
таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен
төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б.
тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда,
жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра
ретінде қалдырылған.

Музыка тарихына
шолу
Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте
тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп
жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда
ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады.
Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар —
ұрмалы даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы,
ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым
аспаптар болған. Эпостардағы "адырнасын ала
өгіздей мөңіреткен" деп келетін жыр жолдары
өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп-
тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек.
Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге
дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық
аспаптың көне түрі болуы мүмкін.

Музыка тарихының кезеңдері
Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған
сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық
сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте
ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады.

Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда). Бұған Қорқыттың күйлері — "Қорқыт", "Тарғыл
тана", "Ұшардың ұлуы", "Желмая", қазір аты белгісіз сазгерлердің "Абыз толғауы", "Саймақтың сары
өзені", "Айрауықтың ащы зары", т. б. күйлер жатады.

Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда). Бұл кезде ауызша және әуенмен
айтылатын батырлық, ғашықтық — "Алпамыс", "Қобыланды", "Қамбар батыр", "Ер Тарғын", "Едіге",
"Қырымның қырық батыры", "Орақ—Мамай" сияқты жырлар туған.

Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғасырларда). Оған: "Елім-ай" әні,
"Қаратаудың шертпесі", "Қалмақ биі", "Беласар", "Абылайдың қара жорғасы", т.б. күй, әндермен қатар
сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.

Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз.
Қолданылған әдебиет:
1. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000.
2. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М.
Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 232 бет.
3. Эпос әлемі.
4. Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық.
Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Мәдениеттің белгілер әлемі типологиясы
Рухани жаңғыру жобасы - Қазақстанның тарихи дамуының жаңа векторлары
Орхон ескерткіші
Батыс пен Шығыс мәдениетін байланыстырған жол
Тарихтың үздіксіздігі Мәдениет пен ретінде қоғамдық өркениеттің прогресті жоққа қарсы тұруы
Өркениеттер шайқасы
Ұлттық құндылықтар мен Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімінің сабақтастығы
Мәдениет тілі
Ұлттық құндылықтар - тұтас бір жүйе
Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология пәнінің қарастыратын мәселелері
Пәндер