Мәдениеттің бастаулары
Презентация қосу
Орындаған: Қасым Диас
ЭЭк-19-5 студенті
Тексерген:
Танирбергенова Р.К
Мәдениеттің бастаулары
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз
жағалауына дейін Евразия территориясында
өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі
күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми
тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық
басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих,
этнография, археология, педагогика,
антропология, философия, дінтану, семиотика,
лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды
қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі
мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін
көрсетуге септігін тигізеді.
Қазақ көшпенділерінің мәдениетін зерттеу
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді
зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап
қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің
б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық
тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі,
Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен
байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс
халқының территориясында өмір сүрген ежелгі
сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық
авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-
ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың
генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден
шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.
Мәдениеттану саласында қазақ
халқының сақ (скиф) мәдениетімен
сабақтастығын зерттеуде ауыз
әдебиеті мен этнографияның маңызы
зор. Кеңестік кезеңде этнография,
ауыз әдебиеті салаларындағы ұлттық
маңыздылығы бар тақырыптарға
шектеу жасалып, тарихтан
аластатылды.
Мәдениеттанумен барлық ғылым
салалары айналысады. Олар:
философия, дінтану, тарих,
этнография, педагогика,
антропология, этнопсихология,
әлеуметтану, саясаттану т.б. Бұл
ғылым салалары қоғамда болып
жатқан процестерді көрсетуге
мүмкіндік береді. Ал мәдениеттану
тарихи кезеңдер мен өркениеттерді
талдап, оның қоғамдағы рөлін
көрсету басты белгісі болып
табылады.
Зерттеушілер
Көшпенділердің мәдениеті мен тарихын сараптауда көне
артефактілердің маңызы зор. Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің
бойындағы қорғандардан қазба жұмыстары кезінде В.В.
Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер тапты.
Алтайдағы үлкен Улаған өзен өңіріндегі Пазырық шатқалында
сақ (скиф) кезеңдерінен қалған әртүрлі көлемдегі бес обаны
1929 жылы М.П. Грязнов, ал 1947- 49 жылдары С.И. Руденко
археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген.
Көпшенділердің артефактілерінің динамикасын зерттеуде
ділін, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерін, ғұрыптарын талдау
арқылы заттық болмыстың символикасы анықталды. Ондай
деректер С.И. Руденконың Таулы Алтайда табылған көне
ескерткіштерінен, М.П. Грязновтың Таулы Алтай өңіріндегі
Пазырық, Шібе қорғандарынан табылған материалдық
заттарынан жиналған. Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы,
рухани дүниесі мен алғашқы дінінің пайда болуы артефактілер
арқылы аныкталды.
«Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан
әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі.
Ерте заманда еуразиялық және афроазиялық аридтік аймақта
жайылымдық мал шаруашылығын жетілдіру негізінде
қалыптасты. Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне
сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б. жатса, түркі-моңғолдық
кезеңде бұл мәдени тип әлемдік үдерістерге өзінің терең әсерін
тигізеді… Көшпелі мал шаруашылығы жүйесі шыңдалған
тұрмыстық ерекшеліктері бар, ретке келтірілген және едәуір
дамытылған шаруашылық типін білдірді. Еуразия даласын
мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына
айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай,
айырбас үшін де пайдаланылды. Көшпелілік көшпелілердің мал
жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын
тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық
таным-түсініктеріне дейін шыңдаумен болды… Қазақ мәденнетінің
негізгі архетипі саналатын Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі
— ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу
ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Еуразиядағы
нарықтық коғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші
қызмет аткарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар
аса құнды болып ееептелінді.
«Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз
жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан
мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын
мойындау болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті
игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып,
табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса
отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін
ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте
заманнан бері маусымдық жайылымдар
пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арканың
теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-
шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау,
ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде
пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал
қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан.
Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдык
жайылымдардың рулар арасында бөліске
түскенімен мал қыстайтын жерлерден басқасын
елдің бәрі бірдей пайдаланған.
Көшпелілердің сан ғасырларға
созылған тарихи-әлеуметтік дамуы
барысында материалдық және
рухани игіліктер жинакталып,
көшпенділердің болмыс-бітімінің,
рухани өрісінің кеңдігін, өмірлік
арман-тілектері мен дүниеге
талғам-түсініктерін ашып Ғылыми негізделген дәйектер
бейнеледі. көшпенділіктің адамзат тарихында
елеулі рөл атқарғандығын
дәледейді. Қазіргі уақытта
көшпеліліктің отырыкшы өркениет
елдерінің шаруашылығынан,
мемлекеттік атрибуттары мен
қоғамдық билік жүйесінен, мәдени
бітімінен ешбір кем емес екендігі
дәлелденіп отыр.
Шілікті археологиялық экспедициясы 2003 жылы
ҚазҰУ-дың Шығыс Қазақстан археологиялық экспедиция
негізінде құрылған (жетекшісі Ә.Төлеубаев).
Экспедиция Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы
Шілікті аңғарындағы көне дәуір ескерткіштерін
зерттеумен шұғылданады. Далалық зерттеу жұмыстарына
ҚазҰПУ, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Семей университеті, Семей топографиялық және
картографиялық колледжі, Павлодар мемлекеттік
университеті, т.б. жоғары оқу орындары мен
республикалық ғылыми-зерттеу мекемелерінің
қызметкерлері, оқытушылары, студенттері қатысып келеді.
Құрылған уақыттан бастап экспедиция мүшелері Шілікті 1,
2, 3 обалар тобындағы патша обаларына қазба жұмыстарын
жүргізді. Олар аңғарда 200-дей сақ-үйсін заманына
жататын обалардың орналасқандығын анықтап,
төлқұжатын рәсімдеді. Қола дәуірі қонысын, ерте
ортағасырлық археологялық нысандардың орындарын
тапты.
2003–04 жылдары Шілікті – 3 обалар
тобындағы 2-обадан (Бәйгетөбе)
алтын киімді адам қалдықтарын
тауып, ғылыми айналымға енгізді.
Обаның биіктігі 8 м, диаметрі 100 м-
дей. Ол топырақ, тас үйінді,
самырсын қабірхана сынды үш
бөліктен тұрады. Құрылысы мұнда
патша жерленгендігін көрсетеді.
Патша киіміне тағылған 4333 алтын
түйме, қапсырма, тоғаларға арқар,
таутеке, қасқыр, аю, т.б. түз
аңдарының бейнелері түсірілген.
Табылған артефактілер арасынан бес
жұлдыз бедерленген алтын түйме сақ
мәдениетінің бірегей туындысы
болып саналады. Алынған
мәліметтерге қарағанда, Шілікті
аңғары шамамен б.з.б. 8 ғасырда
сақтар қоныстанған ірі тарихи-
мәдени аудан болған
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz