Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті мен оның еуропалық және исламдық мәдениетке әсері
Презентация қосу
Ортағасырдағы Қазақстандағы түркі мәдениеті
мен оның еуропалық және исламдық мәдениетке
әсері
Орындаған: Қасым Диас
ЭЭк-19-5 студенті
Тексерген: Танирбергенова Р.К
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп
келе жаткан түркі тайпалары негізінде
қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы.
Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-
Шань мен Алтай өңірі болған. "Халықтардың
ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі
Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс
Еуропа территорияларына кең таралып
орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес
халықтардың барлықтарының субстаты болып
табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет
542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы
кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын
білдірген (ғылымда этносқа қатысты
"түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз
соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны
мекендеген көптеген тайпалық одақтардан
біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы
өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-
саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса
маңызды орын алған.
Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос
күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген
қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі
түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы
Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз
аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін
деректер кездеседі.[1] Түріктердің дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі –
табиғат. Бұл, табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын жіті
бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін
білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан
туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі»
деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл
үрдіс қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың
салт-дәстүрінде орын алған. Атап айтқанда:
- қазіргі моңғол, қазақ, қырғыз т.б. халықтардың дәстүріндегі қыстау, күзеу, жайлау
ұғымдарының болуы;
- ағын суға кір жумауы, суды ұлықтауы;
- «Көк шөп жұлма», «Бастау басына ақтық байлау» сияқты ұғымдары;
- Аңның, малдың пірінің болуы (Көк бөрі, түйе атасы – Ойсыл қара, жылқы атасы-
Қамбар Ата, Шопан Ата,…);
Осындай түсініктермен тәңірінің жаратқан әрбір жаратылысына өзінше баға беріп
құрметпен қараған.
Ежелгі және байырғы түріктердің діні әлі де толық зерттеле қойған жоқ.
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби
ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін
келе қазақ халқын құраған тайпалық
бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі,
әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта
кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі
қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің
дегендеріне қарамайтын, белгілі бір,
қажетті қатынастарда - өндірістік
қатынастарда болады, бұл қатынастар
олардың материалдық өндіргіш күштері
дамуының белгілі бір сатысына сай келеді.
Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы
қоғамның экономикалық құрылымы,
реалдық базисі болып табылады, осыған
келіп заңдық және саяси қондырма орнайды
және бұған қоғамдық сананың белгілі бір
формалары сай келеді. Материалдық
өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі
әлеуметтік, саяси және рухани процестерді
туғызады.
Адамдардың санасы олардың болмысын
бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы
олардың санасын билейді.
Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең
байтақ даласын алғашқы қауымдық құрылыс
тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал
шаруашылығымен айналысатын түрлі
тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мәлім.
Бұл өлкенің табиғаты, ауа-райы, кен байлығы
ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған.
Сонау қола дәуірінің өзінде түрлі
тайпаларынан мал өсірушілеодің бөлініп
шығуын Ф.Энгельс қоғамдық алғашқы ірі Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың
еңбек бөлінісі деп атады. жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан
жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын
мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі
тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі
жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп
қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен
қатар темір қорыту біршама дамыған болатын.
Сол кезде-ақ қызыл – қоңыр және магнитті
темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола
мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер,
айбалта, садақ жебелері, дулыға т.б), үй
шаруашылығына қажетті және зергерлік
бұйымдар жасаған.
Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі
алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-
сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына
ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері,
металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады.
Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін
алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын
обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің
өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын
көруге болады.
Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық
бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында
Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен
бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып
жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы
Ыстықкөл маңында болды.
Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі
саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет
ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын
мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар,
ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С.П.Толетов кезінде
археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және
рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.
Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі топтық қоғамдардың қалыптасуына
европалықтарға “ғұндар” деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы
да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен
Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды батысқа қарай ығыстырып
жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға басып кірді.
Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы
Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде
өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық
типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының
бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы
ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты
болса керек.
Сақ, хунну, көк түріктердің дінін ол
дәуірде қалай атаған, оның жүйесі
қандай, дін бе әлде наным-сенім бе
дегенге к үні бүгінге дейін толық
жауап берілмей келеді. Байырғы
түріктердің наным – сеніміне арнайы
қалам тартқан ғалымдар саусақпен
санарлықтай ғана. Бұл мәселеге ең
алғаш арнайы назар қойып зерттеген
ғалымдар француз Жан Пьер Ру,
ресейлік И. В. Стеблева, С. Г.
Кляшторныйлар болды. Орта және
Орталық Азия халықтарының ХХ-ХХІ
ғасырға дейін сақталып келген
шаманизмнің тарамдары олардың
байырғы түрік оңғындарымен тікілей
сабақтасытығын Л.П.Потопов, Анохин,
С. Д. Майнагашев, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.
Ы. Дыренкова, Г. Д. Санжаев, Н. А.
Алексеев, О. Пүрэв, А. Т. Төлеубаев, С.
М. Абромзон, П. Пельо, Г. П. Снесарев
секілді ондаған ғалымдар ғылыми
еңбектерінің зерттеу объектісіне
айналдырып келді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz