Эмоциялық әрекет




Презентация қосу
Эмоция түсінігі,түрлері,эмоционалды интеллект
ұғымы

Орындаған:Рысқұлбек Асылжан
Қабылдған:Капашева Гаухар
Жоспар
Эмоция туралы түсінік
Жоғары сезімдер
Эмоция түрлері
Күрделі эмоциялар
Эмоциялық әрекет
Эмоциялық қалыптар
Эмоционалды интеллект
Қорытынды
«Эмоция» ұғымының төркіні –
«емовера» деген латын сезінен,
«эмоцион» дейтін француз сөзінен
шыққан.
Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) —
адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі
тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған
ортамен қарым-қатынас негізінде пайда
болатын көңіл-күй.

Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің
өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға
қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар
жатады.
Эмоция
түрлері

Жағымды Жағымсыз
Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүние-сінің
сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу
мен шаттану сияқты жағдайларынық көрініс беруі.
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды.
Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар
әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты
жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер
туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста
пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде
адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып
отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-
қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда
эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда.
Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының
дамуына көңіл аударуда.
Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында,
өнерде, педагогика мен клиникада, шығармашылықта және
адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-
әрекетіне қатысады деп есептейді.

Адамдардың эмоцияларының негізінің зерттелуі психологиялық-
педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе жатқан
ұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер мен
дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар,
олардың айналасындағы ақиқатқа жэне адамдарға нақты
эмоционалды қатынасты қалыптастыруды болжайды.
В.К. Вилюнас эмоцияларды
жеке үрдістер ретінде емес,
тұлғаның бүтіндей қызмет
етуінің көрінуі ретінде
қарастырды. Автордың
ойынша эмоционалды
құбылыстың құрылымы бір
жағынан – қандай да бір
бейнелеуші мазмұннан,
екінші жағынан –
эмоционалды күйзелістің
өзінен тұрады деп есептеген.
Эмоция түрлері

Астеникалық Стеникалық
Өмір сүру барысында адамның эмоциялары мен
сезімдері күрделеніп және жіктеліп дамудың ұзақ жолынан
өтеді. Адамның эмоционалды аймағында төмендегідей негізгі
жағымды өзгерістер болады:
а) жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың
пайда болуы;
ә) жаманға мойынсынбауы;

Эмоциялардың дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны
мен құрылымы, оның қоршаған адамдармен езара
қатынастарының сипатына, оның нақты қоғамдық
құндылықтар мен талаптарды меңгеруіне, мінез-құлықтың
ережелерін меңгеруіне байланысты.
Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айтқанда,
ойлаумен, еспен, қабылдаумен, киялмен т.б. тығыз
байланысты. Адамның ойлауы эмоционалды
компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар
интеллектуалды жэне эмоционалды аймақты бөліп
қарастыруда.
Күрделі эмоциялар.

Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап
адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге
кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның
көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер
оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса,
отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі
болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке
жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін
елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із
қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға
басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын
бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат-шадыман күйге түседі.
Эмоционалды интеллект де­ге­німіз – адамның өз эмо­
циясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген
тапсырманы тиімді ше­шу үшін эмоциясын игеру қа­білеті.
Эмоция – энер­гияның кө­рінісі. Сондықтан барынша эмо­
циялық ойлауды дамыту керек. Ежелгі гректер ақылды адам
деп ақыл-ой, логика, эмоция үш­ті­гін біріктіре алатын
тұлғаны айтқан. Эмоциялық интеллект­пен ойлауды
алдыңғы орынға қойған.
Қорытынды
Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі
болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның
мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық
үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің
қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі
итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың
біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-
құлқына санадан тыс әсер етеді. Эмоция организмнің әр түрлі
қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе
қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның
жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын
тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің
өнімді болуына мүмкіндік туғызады.

Ұқсас жұмыстар
Эмоционалды күйді басқару
Кәсіби таңдау
Эмоция және эмоциялық интеллект туралы теорияларды салыстыру нәтижесінде заманауи тұлғаның жетістікке жету индикаторын жасау
Эмоция және мотивация
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНДА ОРЫН АЛАТЫН АУЫТҚУЛАР
ЭМОЦИЯЛАР СЕЗІМДЕР
Дәрігер үрейі. Дәрігер депрессиясы
Эмоционалды күйіну синдромының профилактикасын жасау
Суицидтік мінез - құлық түрлері
Ойын технологиялары
Пәндер