Басқару психологиясының кезеңдері


Slide 1

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

1-3 тақырып:

Басқару психологиясының кезеңдері

Орындаған: МФ-51, Амантай Балнұр

Slide 2

Жоспар:

1. Басқару психологиясының дамуының бірінші кезеңі: В. Тейлор, А. Файоль;

2. Басқару психологиясының дамуының екінші кезеңі: М. Вебердің мінсіз бюрократия теориясы;

3. Басқару психологиясының дамуының үшініші кезеңі: адам факторының рөлі-Э. Майо теориясы;

4. Басқару психологиясының дамуының төртінші кезеңі:адам ресурстарын басқару;

Slide 3

1. Басқару психологиясының дамуының бірінші кезеңі

Slide 4

Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915)

Басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырудың маңызын ашқан алғашқы мамандардың бірі - Фредерик Уинслоу Тэйлор (1856-1915) (американ инженері, басқару теориясының негізін салушы) болды.

Ол ғылыми басқару мектебін (1885-1920 жж. ) құрды.

Оның басты еңбектері - «Фабриканы басқару» (1903), «Ғылыми менеджмент принциптері» (1911), «Конгресстердің арнайы комиссия алдында көрсету» (1912) . Филадельфиядағы оның зиратының басына

«Ғылыми басқарудың атасы» деп жазылған.

Slide 5

Фредерик Тэйлор өндіріс сапасын арттыру үшін төрт негізгі ұстанымды ұсынды:

- өндірістің ғылыми негіздерін анықтау;

- қабілеттеріне сәйкес атқарушыларды дұрыс іріктеу;

- еңбек үдерісінің анықталған операцияларының негізінде атқарушыларды оқыту және жаттықтыру;

- әкімшілік пен атқарушылардың арасындағы тығыз ынтымақтастық.

Slide 6 Slide 7

Ф. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келді:

дәстүрлі әдістің орнына - ғылым;

қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік;

дербес жұмыстың орнына- ынтымақтастық;

әрбір жұмыс өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау.

Slide 8

Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебінің

негізін салушы Анри Файоль (1841-1925) . - француз инженері.

1888 жылы ол банкротта тұрған компанияны жетекшілік етуге алды және отыз жыл уақытта оны Францияның ең озат кәсіпорындары қатарына қосып, өзінің көп жылғы бақылауын қорыта келе, Файоль «әкімшілдік теориясын» құрды.

Оның бұл тақырып бойынша алғашқы мақаласы 1900 жылы шықты, ал «Жалпы және өнеркәсіптік басқару» кітабы 1916 жылы жарық көрді.

Slide 9

Анри Файоль әкімшілік функцияны талдай отырып, оның негізгі бес элементтерін бөліп көрсетті:

жоспарлау,

ұйымдастыру,

басшылық ету,

үйлестіру,

бақылау.

А. Файоль Парижде әкімшілік зерттеу орталығын басқарды. Ол өзінің тұжырымдалған қағидаларының әмбебап және тәжірибелік негізде де барлық салада: экономикада, басқару қызметінде және ұйымдарда, әскерде және флоттарда қолданылатынын дәлелдеді.

Slide 10

1. Еңбекті бөлу - қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруға мамандандырылуына негізделген еңбекті бөлу, бұл жұмысты сол мерзімде мөлшерін артығырақ етіп, тиімді орындауға мүмкіндік береді;

2. Билік пен жауапкершілік. Билік шешім қабылдау және өкім беру мүмкіндігі ретінде олар үшін жауапкершілік артуды меңзейді;

3. Тәртіп. Ұжымда бекітілген еңбек қатынастарын құрметтеуді және оларды сақтауды меңзейтін тәртіп.

4. Дара басшылық. Қызметкер тек қана бір ғана тікелей бастықтан бұйрық алуы тиіс;

5. Басшылықтың бірлігі. Қызметкерлер тобы бірыңғай бір жоспармен әрекет етіп, бір мақсатта жетістікке бағытталуы тиіс;

6. Жеке мүдделердің жалпы мүддеге бағыныштылығы. Бір жұмысшының немесе қызметкерлер мен жұмысшылар тобының мүдделері ұйым мүддесінен асып түспеуі тиіс;

7. Қызметкерді мадақтау. Қызметкерлер еңбегі әділ бағалануы (материалдық және матеиалдық емес тәсілдер арқылы) тиіс;

Анри Файоль ұсынған басқарудың 14 принципі (қағидасы) :

Slide 11

Анри Файоль ұсынған басқарудың 14 принципі (қағидасы) :

8. Орталықтандыру және орталықсыздандыру. Орталықтандыру және орталықсыздандырудың ара қатынасы ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы қажет;

9. Басшының иерархиясы. Ұйымды басқарушы лауазымды тұлғалардың нақты иерархиясы болуы тиіс. Бірақ бұл иерархия қатып қалған құрылым емес, ол қажет жағдайда өзгеріп отыруы тиіс;

10. Тәртіп. Әрбір адамға - өз орны, әр адам -өз орнында.

11. Әділдік. Әкімшіліктің бағынушыларға әділдігі мен сыйластығы. Мейірімділік пен төреліктің үйлесімділігі;

12. Қызметкерлер құрамының тұрақтылығы. Кадрлардың жоғары ағымы ұйым нәтижелігін кемітеді. Кадрлардың тұрақсыздығы нашар менеджерден.

13. Ынтагерлік. қызметкерлердің ынтасы - жұмыстың тиімділігін артырады және жанында жұмыс атқаратын адамдарды да ынталандырады, ұйымға күш пен қуат береді;

14. Қызметкерлерді біріктіру (корпоративтік рух-дем) . Қызметкерлерді біріктіру оларға үлкен қауым мүшелері екенін сезіну мүмкіндігін беріп, қатыстылықты қажетсіну, бірлік - ортақ күш.

Slide 12

2. Екінші кезеңі:

М. Вебердің мінсіз бюрократия теориясы

Slide 13

Макс Вебер - мемлекеттік бюрократия және бюрократтарды жүйелі түрде талдаған алғашқы ғалым, неміс социологы;

М. Вебердің 1921 ж. «Шаруашылық және қоғам» атты классикалық еңбегінде әкімшілік-мемлекеттік басқаруды зерттеді;

Вебермен жасалған талдау Германияның бюрократиялық моделіне негізделген (алайда өзге елдерге қатысты да қолданыла алады)

Slide 14

М. Вебердің пікірі:

1. Мемлекеттік басқару қатаң бюрократиялық қағидаға сүйенуі тиіс;

2. Жетекшінің авторитарлы билігі болуы тиіс;

3. Кәсіпқой мемлекеттік қызметшілер - ол шынайылыққа кепіл беретін, жоғары сословиелік ар-намысқа ие, рухани еңбектің жоғаы білікті маманы. Ондай қызметшілерсіз орасан зор жемқорлық туындайды

4. Шынайы шенеуніктің мамандығы - саясат емес;

5. Шенеунік саясаткердің жүзеге асыратынын жасамауы тиіс - күресу;

6. Шенеунік қате болып көрінсе де, бұйры берушінің жауапкершілігімен бұйрықты орындауы тиіс; Ондай тәртіпсіз тұтас басқарушылық аппарат әрекет ете алмайды;

7. Ал саясаткердің міндеті - жасаған ісіне өзінің жеке жауапкершілігі

Slide 15

3. Үшініші кезеңі:

адам факторының рөлі-Э. Майо теориясы

Slide 16

Джордж Элтон Мэйо (1880-1949) . американ әлеуметтанушысы, психологы

Ол 13 жыл бойы жүргізген (4 кезеңнен тұрады) Хоторн эксперименттерінің негізінде, «адами қатынастар» мектебінің негізін қалаған.

Эксперимент қазіргі уақытта қызметкерлер менеджментіне жатқызылатын;


Ұқсас жұмыстар
Менеджмент психологиясына кіріспе
Басқару психологиясының даму кезеңдері
Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер жайлы ақпарат
Басқару психологиясының даму бағыттары
Психологиялық мененджмент ғылыми - әдіснамалық тұрғыдан қалыптастыру
Басқару психологиясы генезисі
Басқару ғылымының негізгі мектептері
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі
Заманауи басқару психологиясы
Басқару психологиясы теория негізінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz