Адамгершілік тәрбие туралы түсінік




Презентация қосу
Тақырыбы:Оқушылармен жүргізілетін
адамгершілік тәрбиесі

Орындаған: Малкхайдарова Гүлдана
КІРІСПЕ

Адамгершілік тәрбие туралы түсінік

Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз
адам болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан
ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен,
қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың
ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына
сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке,
инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі
дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына,
сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын
алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз
көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды,
принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен
қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің
әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой әсемдігі мәселелерін
қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны:
тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен
әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты
Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі
талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы
қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей
жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы
азамат та бола алмайды. Олай болса, мектеп қабырғасында
оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде
оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ жылдың
жемісі.
Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік,
моральдық (қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік,
кішіпейілділік, адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп,
олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық
қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа
тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін, ауылын, отанын, сүюден, ұлттық
өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген сүйіспеншілігінен туындайды.
Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған
әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап,
әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу оқу-
тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады.
Оқу мен тәрбие тығыз байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі
сабақ барысында және сыныптан тыс уақытта жүргізіледі.
Бастауыш сынып оқушыларын сабақ барысында
тәрбиелеу - өзіндік ерекшеліктері бар, күрделі үрдіс.
Бастауыш сынып оқушысының рухани-адамгершілік даму
деңгейінің жетілуі немесе өзгеріссіз қалуы ұстаздың
ізденімпаздығына және тәрбие теориясы мен әдістемесін
орынды пайдалана білуіне байланысты. Көптеген
жағдайда, әсіресе бастауыш мектепте оқушы ұстаздың
адамгершілікке баулуға құрылқан тәрбие міндетіне дұрыс
жауап бергенімен, оның рухани-адамгершілік даму
деңгейі өзгеріске ұшырамайды. Өйткені оқу материалы
оның адамгершілік сапасының жетілуіне тиісті түрткі
тудыра алмайды. Оқу үрдісінде оқушы өз бойында
бұрынна қалыптасқан адамгершілік сипатын ғана көрсете
алады.
ЖОСПАР

Адамгершілік туралы жалпы түсінік
Тәрбие дегеніміз не?
Оқушылармен жүргізілетін адамгершілік
тәрбие жұмысы
Қорытынды
Адамгершілік -адам бойындағы гуманистік
құндылық,әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", «имандылық» тәрізді
ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық,
каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-
қатынастары.

Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды
жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық адамгершілік
белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау,
сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық,ізеттілік
пен кішіпейілділік,әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық
бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге
бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі,
жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен
жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады.
Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық
қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар
қалыптастыру болып табылады.
Тәрбие мақсаты- жасөспірімдерді
өмірге дайындау, олардың жеке тұлғалық даму
және қалыптасу жолында жетістіктерге жету
үшін жүргізілетін тәрбие жұмыстарының алдын
ала анықталатын (болжамдалатын) нәтижелері.
Негізгі мақсаты жан-жақты және үйлесімді
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір мақсатқа
негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез
құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен
және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-
қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық
құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған
жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі.
Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік
мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның
жан-жақды дамып жетілуіне бағыталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық
психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып,
тәрбие берудің әдістемелікжолдарын қарастырады:

– Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие
үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті
қалыптастыру.
– Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның
психологиялық ерекшеліктерін зерттеп,
дамыту.
– Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық
ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-
адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
Адамгершілік- адамның рухани арқауы.
Морльдық жағынан кіршіксізтаза болу
дегіміз адамгершіліктің асқар шыңы.
Адам қоғамда өзінің жақсы адамгершілік
қасиееттерімен, қайырымдылығымен,
адалдығыменардақталады.
Адамның іс әрекет барысында бір-бірімен
байланыс жасайтын қарым қатынас түрлері:

Материалдық қарым-қатынасы – іс-әрекет
нәтижесі барысында заттармен алмасу.
Мотивациялық (септілік) қарым –
қатынасы біліммен алмасу.
Кондициондық қарым-қтынасы адамның
психологиялық физиологтялық жағдайы.
Әрекеттік қарым-қатынасы –көзқарасты
білдіру, хабарлма беру.
«Адам баласының сан қилы, мын саналы жолмен
дүниенің құпиясын анықтап, оны ішкі жан дүниесімен
түсініп, сыйлап, негізгі ойымен ұштастыра білу»
Сухомлинский.

Олай болса, адамдар арасындағы
қарым-қатынас мәдениетті
рухани қоғамдастықтың
нәтижесі.
Толып жатқан түнінбеушіліктің,
түрі қайшылықтарының болуы,
дұрыс қарым-қатынас жасай
алмауынан.
Адамгершілік дегеніміз – қоғамның, өмірдің
объективиік заңдылықтарына сәйкесадамдар
арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз
болып табылатын, талапқа сай белгілі бір
гуманистік принциптерді біріктіретін жалпы
адамзаттық ұғым.
Адамгершілік қоғамдық сананың басты белгілері
болғандықтан, адамның мінез құлқы, іс-әрекеті,
қарым-қатынасы, көзқарасы, арқылы сипатталады
(әдептілік, мейрімділік, қайырымдылық т.б.)
Адамгершілік – әлеументтіліктің биік шыңы, адам
ұрпағының нгегізін қалаушы, халық мәдениеті,
басқалардан айырмашылығы- адамның рухани
байлығымәңгілік. Әлеуметтік ортаға әсер ететін
белгілерің бірі адамдардың бір-біріне қоршаған
ортаға қарым-қатынасы.
Жеке тұлғаның бойында адамгершілік нышандарының
қалыптасу процесі бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге
асады. Адамгершілік нышандарының соңғы нәтижесі
адамгершілік тәрбиесінің тереңдік деңгейін танытатын
төмендегідей белгілерді анықтайды:

адамгершілік сезім (тұрақты сезімталдық,
адамгершілік қатынастарды бастан өткізу);
адамгершілік сана (моральдық принциптерді,
әлеуметгік ортада өзінің адамгершілік нормасын
сезінуі);
адамгершілікпен ойлау (адамгершілік принциптерді
тұрақты жинақтау, оймен қорыту, ситуацияларды білу,
оларға талдау жасау, баға беру, шешім қабылдау,
жауапты тандай білу және оны жүзеге асыру);
адамгершілік ерік (өзінің адамгершілік сенімін жүзеге
асырудағы адамгершілік сезімі мен саналы шешімінің
бірлігі): — адамгершілік тәртібінің нысандары.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Тәрбие бағыты. Бастауыш сынып
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндің дамуы
Сәулет өнері туралы түсінік
Даму мәселесін қарастырудың негізгі көзқарастар, тұлғаның дұрыс және ауытқушылық дамудың көрсеткіштері мен жағдайлары
Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
I тақырыптық блок Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
ЕҢБЕК – ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу
Пәндер