Топырақтың түрлері


Slide 1

Топырақты санитарлық-гигеналық

бақылау. Елді мекенді тазарту жөніндегі шаралар.

Slide 2

Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В. В. Докучаев қалады.

Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж. ) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген.

Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ.

Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды.

В. В. Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады.

Slide 3 Slide 4

Топырақтың түрлері:

3 . Шым тезекті топырақ

2. Құмайт топырақ

1. Сазды топырақ

4 . Топырақта тіршілік ететін организмдер

Slide 5

Сазды топырақ Құламаларда тұрақты және су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады.

Шым тезекті топырақ Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды.

Құмайт топырақ Ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады.

Топырақта тіршілік ететін организмдер Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін, нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-нан аса, аяққүйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мыңнан аса түрлерін табуға болады. Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар.

Slide 6

Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:

1. Геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары) ;

3. Геоксендер - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер (тарақандар, кемірушілер жәңе басқа да інде тіршілік ететін сүтқоректі организмдер) .

2. Геофиллер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта ететін организмдер (шегірткелер Acrididea, кейбір қоңыздар - Staphylinidae, Carabidae, Elateridae) . Олардың личинкалары топырақ ішінде дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;

Slide 7 Slide 8

Топырақ географиясы - топырақтың қалыптасуы мен кеңістік бойынша орналасу заңдылықтарын зерттейтін физикалық географияның ғылым саласы.

Жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді.

Топырақтану, сондай-ақ геоморфология, геоботаника, ландшафттану ғылымдарымен тығыз байланысты.

Жалпы топырақтар географиясы және аймақтық топырақтар географиясы болып бөлінеді.

Slide 9

Табиғи Топырақ құнарлылығы топырақ түзілу процесі нәтижесінде пайда болған топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы. Ол қарашірінді қабатының қалыңдығына, қарашірінді құрамына, қоректік элементтердің жеткілікті болуына, топырақтың түйіршікті, минерал. және хим. құрамына, микробиол. процестердің қарқындылығына тәуелді.

Топырақ құнарлылығы - топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физ. -хим. ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Топырақ құнарлылығын екіге бөледі: табиғи және жасанды.

Жасанды Топырақ құнарлылығы сол табиғи құнарлылықты арттыру мақсатында қолдан жасалған көптеген әрекеттердің нәтижесінде (өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдарды егіп өсіру, мелиорация, т. б. ) алынады және егілген а. ш. дақылдарының түсім мөлшеріне қарай бағаланады.

Slide 10

Топыраққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

Халықтың жаппай демалу орындарындағы,

сумен жабдықтау көздерін санитариялық қорғау аймақтарындағы,

сауықтыру,

мектепке дейінгі және мектептердегі,

аула ішіндегі балаларға арналған алаңдардағы

топырақ санитариялық-микробиологиялық,

паразитологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері бойынша зерттеледі.

Slide 11

Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады.

Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін, тікелей көрсеткіштері.

Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады

Slide 12

Топырақтың ластану дәрежесі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін санитарлық-химиялық көрсеткіштердің бірі:

Хлебниковтың санитарлық саны болып табылады.

Санитарлық саны деп, топырақтағы белок азотының (қарашірік азоты) ондағы органикалық азоттың жалпы мөлшеріне (қарашірік азоты+органикалық ластаушылардың азоты) қатынасын айтады.

Таза топырақта Хлебниковтың санитарлық саны 0, 98-1, 0-ге жетеді, топырақ біршама ластанғанда, бұл көрсеткіш күрт төмендейді

Slide 13

Топырақтың қалдықтармен ластануының бағалау үшін бұрын қолданылған басқа санитарлық-химиялық көрсеткіштерін:

жалпы органикалық азоттың,

көміртегінің, хлоридтердің,

аммоний тұздарының,

нитриттердің,

нитраттардың мөлшері,

-тек салыстыру үшін алынған, ластанбаған учаскенің көрсеткіштермен салыстыру арқылы бағалайды, бұның белгілі бір өзіндік қиындықтары бар.

Slide 14

Зерттеуге алынған топырақта органикалық:

азоттың,

көміртегінің

Топырақтың жаңадан ластанғанын көрсетеді:

хлоридтердің жоғарырақ мөлшерде болуы,

аммиактың,

нитриттер

Нитраттардың жоғарырақ мөлшерде болуы,


Ұқсас жұмыстар
Топырақтың су-физикалық және физикалық қасиеттері
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫНЫ
ТОПЫРАҚТАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Топырақты химиялық ластауыштар
Топырақтың ластануы
Топырақтың төменгі қабаты арқылы суару
Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері
Топырақ. Топырақ ластануы
Топырақ ағзаларының көптүрлілігі жəне топырақтағы топтар құрамы
Шөлейттену. Жердің деградациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz