Өлшеуіш аспаптар
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті
«Энергия үнемдеу және автоматтандыру» кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Өлшеудің СИ бірліктер жүйесі. Өлшеу құралдары олардың негізгі
түрлері және классификациясы.
Орындаған:Берікұлы Темірлан
Текс
Алматы, 2020
ЖОСПАР
Кіріспе
1. Өлшеудің СИ бірліктер жүйесі.
1.1 Халықаралық бірліктер жүйесі
2. Өлшеу құралдары олардың негізгі түрлері және классификациясы
2.1. Өлшем
2.2. Өлшемдік түрлендіргіш
2.3. Өлшеуіш аспаптар
2.4. Өлшеу құралдарының классификациясы
2.5. Өлшеу қателіктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Халықаралық бірліктер жүйесі дегеніміз бірліктер жүйесінің халықаралық
үлгісі, метрикалық жүйенің заманауи нұсқасы. Ол әлемдегі барлық дерлік
елдерде ресми мәртебеге ие жалғыз өлшем жүйесі.СИ күнделікті өмірмен
қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі
болып табылады.
1. Өлшеудің СИ бірліктер жүйесі.
1.1 Халықаралық бірліктер жүйесі
Халықаралық бірліктер жүйесі (кейде Халықаралық өлшем бірліктері жүйесі
(фр. Système International d'unités, SI) — бірліктер жүйесінің халықаралық
үлгісі, метрикалық жүйенің заманауи нұсқасы. Ол әлемдегі барлық дерлік
елдерде ресми мәртебеге ие жалғыз өлшем жүйесі.
Халықаралық бірліктер жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен
техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық
коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды
бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер
барлық шамалардың мәнін Халықаралық бірліктер жүйесі арқылы өрнектейтін
болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициенттерді
ендірудің қажеті болмайды.
СИ күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп
пайдаланатын бірліктер жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп
елдерінде СИ заңды түрдегі бірліктер жүйесі ретінде қабылданған және тіпті
күнделікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын елдердің өзі осы жүйе
бірліктерін ғылымда әрқашан дерлік пайдаланады.
Берілген кестеде Халықаралық бірліктер жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір
туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік
(метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді
туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік
(ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың
үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер — электрлік
және магниттік, кельвин — жылулық, кандела — жарық, моль — молекулалық
физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік
бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады.
Атауы Халықаралық белгілеуі Өлшемі
метр м ұзындық
килограм кг масса
секунд с уақыт
ампер А ток күші
келвин К термодинамикалықтемпература
моль мол зат мөлшері
кандела цд жарық жылдамдығы
2. Өлшеу құралдары олардың негізгі түрлері
және классификациясы
2.1. Өлшем
Өлшем (физикалық шаманың өлшемі, ҚР СТ 2.1-2000) деп берілген
мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын өлшем
құралы. Өлшемнің бұл құралдарына кірлер, ұзындықтық ұштың өлшемдері, т.б.
жатады. Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ өлшемдер
жиыны және магазині қолданылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердегі
шамаларды жаңғыртады (кірлер). Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың
бірнеше өлшемдерін бейнелейді. Мысалы, миллиметрлік сызғыш заттың
ұзындығын сантиметрмен де, миллиметрмен де көрсете алады.
Өлшемнің жиындары мен магазиндері шаманың кейбір аралық немесе
қосынды мәндерін бейнелеуге мүмкіндік алу үшін бір мәнді және көп мәнді
өлшемдердің бірігуін көрсетеді. Өлшемдер жиыны әр түрлі мөлшердегі біртекті
өлшемдердің жиынтығын көрсетеді, ол жиынды қолдануға мүмкіндік береді,
мысалы, лабораториялық кір жиыны. Өлшемдер магазині - бір механикалық
бүтінге конструктивті біріктірілген өлшемдер магазині.
2.2. Өлшемдік түрлендіргіш
Өлшемдік түрлендіргіш - өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу немесе
сақтау үшін, сондай-ақ көрсеткіш құрылғыға беру үшін қолайлы күйге
түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы (8-сурет). Өлшемдік
түрлендіргіштерге өлшеуіш аспаптардың конструкторлың сұлбасына
(сызбасына) кіреді, не онымен бірге қолданылады, бірақ түрлендіргіштің
сигналдары бақылаушыға тікелей сезілмейді. Мысалы, түрлендіргіш
кернеуді күшейту үшін, компьютер жадысына ақпаратты жіберу үшін қажет
болуы мүмкін. Түрленетін шаманы кіруші, ал түрлендіру нәтижесін -
шығушы шама деп атайды. Өлшеуіш түрлендіргіштің негізгі метрологиялық
сипаты болып, түрлену функциясы деп аталатын кіруші және шығушы
шамалар қатынасы саналады.
Түрлендіргіштер мынадай болып бөлінеді: алғашқы (өлшенетін шаманы
тікелей қабылдайтын), шығысында шама тіркеу немесе арақашықтықта
тасымалдау үшін ыңғайлы түрге ауысатын - тасымалдаушы; алғашқылармен
бірге жұмыс істейтін және физикалық шаманың тегін өзгертуге әсер
етпейтін - аралық түрлендіргіштер.
2.3. Өлшеуіш аспаптар
Өлшеуіш аспаптар - өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға
ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары.
Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы бар көрсету
құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді. Мұнда физикалық шама
тегі өзгермейді. Тікелей әсер ету аспаптарына, мысалы, амперметр,
вольтметр, термометр жатады.
Салыстыру аспаптары өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен
салыстыруға арналған. Мұндай аспаптар ғылыми мақсаттарда кең
қолданылады, сондай-ақ сәулелену көздерінің жарыңтығы, сығылған ауаның
қысымы сияқты шамаларды өлшеу үшін тәжірибеде кең қолданылады.
Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер - өлшем объектісінің бір немесе
бірнеше физикалық шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен
функционалдық белгісі бойынша біріктірілген өлшем құралдарының
жиынтығы. Әдетте, мұндай жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық
жүйеге енуін, өлшеу процесінің автоматтандырылуын, пайдаланушы
қабылдау үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен сипатталуын қамтамасыз
етеді. Мұндай қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де пайдаланылады
(мысалы, өндірістік үдерістерді), ол әсіресе статистикалық баңылау әдісі
үшін, сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.
2.4. Өлшеу құралдарының классификациясы
Техникалық жағдайына қарай бекітілген:
-физикалық шаманың өлшемі – бұл өлшемдік құрал, физикалық шаманың бір немесе бірнеше
берілген өлшемдерін жасап және сақтауға арналған, олардың мәні белгіленген бірліктермен
көрсетілген және қажетті нақтылығы белгілі;
-өлшемдік құрал-өлшеу құралы, белгілі диапазондағы өлшенетін физикалық шаманың мәнін
алу үшін қолданылады;
-қайта түрендіретін өлшеу құралы-техникалық құрал, нормативтік метрологиялық сипатта
болады, өлшенетін шаманы басқа шамаға түрлендіру үшін немесе өңдеу үшін қолайлы
өлшемдік дабыл, сақтауға ыңғайлы, одан соң индикацияға немесе хабар беруге түрленеді;
-өлшемдік қондырғы (өлшемдік машина)-бұл функционалдық түрде бірлестірілген өлшемдік
жиынтық, өлшемдік құралдардың, өлшемдік түрлендіргіштердің және де басқа
құрылымдардың жиынтығы, олар бір немесе бірнеше физикалық бір орында орналасқан
шмаларды өлшеуге арналған;
-өлшемдік жүйе-функционалдық бірлескен өлшем жиынтығы, бұл өлшемдік құралдардың,
өлшемдік түрлендіргіштердің, ЭЕМ және басқа техникалық құралдар, олар бақыланатын
нысандардың әртүрлі нүктесіне орналасқан, олар бір немесе бірнеше физикалық осы нысанға
тән шамаларды өлшеу мақсатында алынған, және өлшеу дабылдарын әртүрлі мақсат үшін
жасап шығарады.
-өлшемдік-есептеу кешені- өлшеу құралдарының функционалдық бірлескен жиынтығы, ЭЕМ
және қосалық құрылымдар, бұлар өлшемдік жүйенің құрамында болып, нақты өлшемдік
тапсырмаларды орындауға арналған .
Автоматтандыру дәрежесіне қарай: автоматталған, автоматтық, қолмен жасайтын;
Өлшемдік құралдарды стандарттау дәрежесіне қарай бөлу: стандартталған,
стандартталмаған;
Байқау сызбасының орны бойынша: эталондар, өлшеудің қолданылатын құралдары;
2.5. Өлшеу қателіктері
Өлшеу қателігі – мына белгілер қатары бойынша жіктеледі:
а) сандық мәні бойынша; б) байқалу заңдылығы бойынша; с) пайда
болу себебіне байланысты;
Сандық мәні бойынша өлшеу қателігі болады. Абсолюттік қателік
– өлшенетін шаманың нақты мәнінен өзгешелігін білдіреді.
Салытырмалы қателік – абсолютті қателіктің өлшенетін шаманың
нақты мәніне қатынасымен анықталады. Салыстырмалы қателік
салыстырмалы бірлік немесе процент арқылы беріледі. δ= ∆х/х
немесе δ= ∆х/х*100%
Өлшеу қателігі байқалу заңдылығы бойынша – жүйелік, кездейсоқ
және дөрекі қателіктер болып анықталады. Жүйелі қателік (∆с) –
бұл бір шаманы бірнеше рет өлшегенде тұрақты немесе белгілі бір
заң бойынша өзгеретін қателік. Кездейсоқ қателік – бір шаманы
бірнеше рет өлшегенде кездесетін кездейсоқ түрде өзгеретін
қателіктер. Дөрекі қателік немесе ауытқулар берілген өлшем
жағдайларындағы күткен жүйелік немесе кездейсоқ қателіктерде
өте жоғары болатын қателіктер. Пайда болу себебіне байланысты
өлшеу қателіктері былай жіктеледі: Тәсілдің қателігі–бұл өлшеу
әдісінің жетілмегендігінің, есептеу формаларының дөрекілігінің
нәтижесін жұмырлаудың салдарынан пайда болатын қателік.
Инструменталды қателіктер – себептері қолданатын өлшем
құралдарының қасиеттерінде болып табылатын қателіктер.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әрбір халықтың,тіпті жекелеген тайпалардың да тұрмыз қажеттілігінен туған қарапайым
өлшемдері болған. Сол халықтың тұрмыс салты мен кәсіпшілігіне қарай бұл өлшемдер де
әртүрлі жағдайда қалыптасқан. Мысалы, Орта Азия мен Қазақстанда ұзындықтың ең көп
тараған байырғы өлшемдері қолдың қары немесе қары – кеуденің орта тұсынан кере
созылған қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралыққа (80 – 85 см шамасы) тең
ұзындық бірлігі. Кейде оң иықтан бүкіл кеудені бойлай өтіп, кере созылған сол қолдың
ортаңғы саусағының ұшына дейінгі аралық та (шамамен 1 м) қары ретінде алынады.
Қарыс – толық жазғандағы бас бармақ пен шынашақ ұштарының арасына тең ұзындық
(шамамен 19 – 20 см) бірлігі. Ол тұрмыста, құрылыс жұмыстарында пайдаланылған.
Мысалы, киіз үйдің уығы он екі – он алты қарыс мөлшерінде жасалады.Қарыстың туынды
бірлігі – сүйем, ол кере созылған бас бармақ пен сұқ саусақ ұштарының арасына тең
(шамамен 17 – 18 см). Ал бармақ пен бүгілген сұқ саусақтың арасына тең өлшемді сынық
сүйем дейді. Сүйем – шамамен аршынның ширегіне (төрттен бір бөлігіне) тең. Елі – сұқ
саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі (шамамен 2 см). Қазы майының қалыңдығы, ою-
өрнектің мөлшері, т.б. елімен өлшенген.Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы
буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен
түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу
жұмыстарында да қолданылған. Қадам – адамның бір адымына тең ұзындық (шамамен 60 –
70 см) бірлігі. Құлаш – иық деңгейіне сәйкес кере созылған екі қол ұшының арасына тең
ұзындық бірлігі. Қазіргі заманда бізге халықаралық бірліктер өмірімізді жақсартуға
ықпалын тигізеді, мысалы, бір заттың салмағын өлшегіміз келсе килограммен өлшеп,
немесе, оның ұзындығын өлшегіміз келсе метрмен өлшейміз және т. с. с. басқа да
факторларды айта беруге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Андреев В.А. Релейная защита, автоматика и телемеханика в системах
электроснабжения: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп.- М.: Высш.шк., 1985.–391с.
2. Кривенков В.В., Новелла В.Н., Релейная защита и автоматика систем
электроснабжения: Учебн.пособие для вузов. – М.: Энергоиздат, 1981. – 328с.
3. Шмурьев В.Я. Цифровые реле защиты. – М.: НТФ «Энергопрогресс».
Библиотечка электротехника, приложение к журналу «Энергетик»; Вып. 1(4) 1999.,
- 54 с.
4. Расчеты токов короткого замыкания для релейной защиты и системной
автоматики в сетях 110-750 кВ. Руководящие указания по релейной защите.
Выпуск 11. Энергия, 1979.
5. Беркович М.А, Молчанов В.В, Семенов В.А. Основы техники релейной защиты.
Шестое издание, переработанное и дополненное. Энергоатомиздат, 1984.
6. Федосеев А.М. Релейная защита электроэнергетических систем. Релейная защита
сетей. Энергоатомиздат, 1984.
7. Чернобровов Н.В., Семенов В.А. Релейная защита энергетических систем.
Энергоатомиздат, 1998.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz