Бейтарап майлар


Slide 1

Липидтер

Орындаған: ТФП-44 Роман Гүлнұр

Қабылдаған:Толепбек Индира Серикбековна

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қарағанды, 2020

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

Липидтер туралы жалпы түсінік

Негізгі бөлім

Липидтердің жіктелуі

Липидтердің қызметі

Қарапайым липидтер.

Күрделі липидтер.

Стеридтер

Фосфолипидтер

Сфинголипидтер

Фосфолипидтердің биологиялық рөлі

Липидтердің қорытылуы

Липидтердің организмде ыдырау механизмі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер:

Slide 3

Қолданылған әдебиеттер:

1. “Биоорганикалық химия”

Ә. Қ. Патсаев, Т. С. Сейтімбетов, С. А. Шитыбаев, Қ. Н

Дәуренбеков. 2010

2. Салханова С. Н. және т. б. Биоорганикалық химия пәнінен оқу әдістемелік кешен, 2011.

3. Сейітқалиев Қ. С. Органикалық химия. - Алматы, 1993.

4. Тюкавкина Н. А., Бауков Ю. А. Биоорганическая химия. - М. : Медицина, 2005.

5. А. Ж. Сейтембетова, С. С. Лиходий “Биологиялық химия”Алматы. Білім. 1994.

6. К. С. Сағатов “Биологиялық химия” Алматы 1998.

7. Интернет желісі. “kazreferat”, “Zhastar. kz” сайттары

Slide 4

Липидтер туралы жалпы түсінік

Химиялық табиғаты əртүрлі майлар жəне майларға ұқсас заттар липидтер деп аталады. Протоплазманың, вакуоляның, плас тидтердің, ядро мен басқа да органеллалардың сыртқы бетін жауып тұратын мембраналар, сондай-ақ хлоропластар мен митохондриялардағы барлық пластина тəрізді құрылымдар екі компоненттен тұрады, оның біреуі липид болып табылады. Белоктар мен қосыла келе, липидтер күрделі белоктар - липопротеидтер түзеді. Липопротеидтердің осы комплексі жасуша мембранасын түзеді. Липид - гректің Lipos - май деген сөзінен шыққан.

Ақуыз молекуласы

Липид молекуласы

Липид

қабаты

Slide 5

Липидтердің физикалық қасиеттері

Майлардың физикалық және химиялық қасиеттері құрамындағы қышқылдарына байланысты. Мал майы (сиыр майы, сүт майы және басқалар) 40-60% қаныққан май қышқылдарынан (негізінен миристин, пальмитин және стеарин қышқылы), 30-35% моноқанықпаған май қышқылдарынан тұрады. Мал майында полиқанықпаған май қышқылдары аз. Сондықтан мал майы үй температурасында қатып қалады.

Өсімдік майында әдетте қаныққан май қышқылдары аз (10-20%) . Қанықпаған қышқылдар көп (80-90%) . Қанықпаған қышқылдардың құрамы өсімдік түріне байланысты. Зәйтүн майының 79% олеин қышқылынан; күнбағыс майының 75% линол қышқылынан тұрады. Өсімдік майлары сұйық күйде болады.

Әр түрлі майлардың балқу температурасы мынадай мөлшерде ауытқиды (°С есебімен) :

Сиыр сүтінің майы 28-42 Сиыр майы 42-50

Қой сүтінің майы 29-36 Шошқа майы 34-48

Ешкі сүтінің майы 27-39 Кокос майы 20-28

Адам сүтінің майы 32 Пальма майы 27-42

Slide 6

Липидтердің химиялық қасиеттері

Триацилглицеролдар химиялық тұрғыдан бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар тән:

1. Гидролиз реакциясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру қажет.

2. Гидрогендену реакциясы. Қанықпаған май қышқылының қалдығына сутек атомдарын қосады. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Маргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина.

Slide 7

Липидтер мынадай биологиялық маңызы

Slide 8 Slide 9

Сабындалатын липидтер

Қарапайым

Күрделі

Балауыз

Майлар

Фосфолипидтер

Гликолипидтер

Глицерофосфолипидтер

Сфингофосфолипидтер

Сфингомиелин

Фосфатидилэтаноламин

Фосфатидилсерин

Фосфатидилинозитол

Фосфатидилглицерол

Кардиолипин

Плазмалогендер

Фосфатидилхолин

Slide 10

Сабындалмайтын липидтер

Slide 11

Майлардың құрамына кіретін май қышқылдарының жұп санды көміртек атомдары бар тармақталған тізбектер кездеседі. Тармақталған немесе тақ санды көміртек атомдары бар май қышқылдары өте сирек кездеседі. Сондай-ақ үш байланысты жəне радикалдары циклді құрылысты болып келетін май қышқылдары да сирек кездеседі.

Slide 12

Липидтердің қызметі

Slide 13

1 г май ыдырауының нәтижесінде 39кДж немесе 9, 5ккал энергия бөлінеді

Slide 14

Қарапайым липидтер.

Бұлар негізінен екі компонентті заттардан, яғни жоғары май қышқылының күрделі эфирі - глицериннен жəне бір компонентті заттар: бос түріндегі жоғары қышқылдардан не полициклді спирттерден тұрады. Мұндай липидтерге майлар (триглицеридтер) - жоғарғы май қышқылдары мен үш атомды спирт глицериннің күрделі эфирлері жатады.

Slide 15

Күрделі липидтер

Күрделі липидтер фосфолипидтер, гликолипидтер болып бөлінеді, олар көп компонентті молекулалардан тұрады. Бұл компоненттер бір-бірімен түрлі химиялық типтегі байланыстармен қосылысады.

Slide 16

Стеридтер табиғатта кең тараған органикалық қосылыстар, олардыңқұрылысының негізі циклді көмірсутек- немесе стерин болып табылады. Стеридтерге биологиялық маңызы зор бірнеше қосылыстар жатады:

Slide 17

Стериндер - циклді спирттер циклопентанпергидро фенантреннің туындысы. Стериндер жануарлар мен өсімдіктер əлемінде кеңінен таралған. Стериндер бос түрде жəне май қышқылының күрделі эфирі түрінде кездеседі. Сиыр майы, шошқа майындағы жəне адам эритроциттерінің құрамындағы стериндер бос күйінде кездеседі.

Slide 18

Фосфолипидтер.

Күрделі липидтер ішінде, əсіресе, көп таралғаны - фосфолипидтер. Барлық фосфолипидтер құрамында фосфор қышқылы қалдығы болады. Олар майға жақын, глицериннің екі гидроксилдік тобы - май қышқылдары мен этерленген. Үшінші гидроксилдік топ фосфор қышқылының күрделі эфирін түзеді, оған азоттық негіз қосылады. Фосфолипидтердің азоттық негіздеріне холин, этаноламин (коламин), серин жатады.

Slide 19

Фосфолипидтер құрамына кіретін азоттық негіздерге байланысты мынадай топтарға жіктеледі:

Slide 20

Сфинголипидтер

Фосфолипидтермен бірге сфинголипидтер де жасуша мембранасының барлық түрінен табылған. Сфинголипидтердің фосфолипидтерден айырмасы - олардың құрамында глицерин болмайды.

Slide 21

Фосфолипидтердің биологиялық рөлі

Фосфолипидтер майларды, май қышқылдары мен холестеринді тасымалдауға қатысады. Плазма мен эритроциттер арасында фосфолипидтердің алмасуы жүреді, олар еритін күйде полярлы емес липидтерді сақтай отырып, маңызды рөл атқарады. Холестериннен гөрі гидрофильді болғандықтан, молекулада фосфор қышқылының қалдықтары болғандықтан, фосфолипидтер холестерин мен басқа да жоғары гидрофобты қосылыстар үшін ерекше "еріткіштер" болып табылады.

Slide 22 Slide 23

Терпендер - қоймалжың мөлдір сұйықтық, өзіне тән иісі бар, липофильді және суда аз ериді. Терпендер - лабильді заттар, изомерия мен қышқылға айналуы тән.

Стероидтар табиғатта кең тараған органикалық қосылыстар, олардың құрылысының негізі циклді көмірсутек- болып табылады. Стероидтардың құрамында Х=-OH, -OR және басқа да органикалық заттар кездеседі.

Slide 24

Стероидтар

Slide 25

Холестерин- бір атомды, қанықпаған циклді спирт, құрамында 27 көміртегі атомы бар. Адам организмінде холестериннің 1/3 бөлімі бос күйәнде болса, 2/3 эфир күйінде кездеседі. Барлығы 150 г жуық холестерин болса, организмде, оның 10% қанда, 90 % мембранада болады. Холестерин басқа да майлар тобына жататын заттар сияқты тканьдерге, қан ағысымен липопротеидтердің құрамына жеткізіледі. Адам организмінде холестерин мөлшері 130-250 мг % дейін болады, ол адамынң жасына байланысты.

Slide 26

Липидтердің негізгі компоненті - май қышқылдары. Бейтарап майлар. Бейтарап майлар деп үш атомды глицерин мен жоғары май қышқылдарының күрделі эфирін айтамыз.

Қаныққан май қышқылдарында әдетте көміртек атомдарының жұп сандары болады, мысалы:

Май қышқылы-С3 Н7 СООН

Капрон қышқылы-С5 Н2 СООН

Стеарин қышқылы-С17 Н35 СООН

Slide 27

Маңызды қаныққан май қышқылдары

Тривиалдық атауы

(С атомдарының және қос

байланыстың саны)

Жүйелік атауы

Формуласы

Май қышқылы (С4:0)

Бутан қышқылы

СН3−(СН2) 2-СООН

Капрон қышқылы (С6:0)

Гексан қышқылы

СН3−(СН2) 4-СООН

Каприл қышқылы (С8:0)

Октан қышқылы

СН3−(СН2) 6-СООН

Каприн қышқылы (С10:0)

Декан қышқылы

СН3−(СН2) 8-СООН

Лаурин қышқылы (С12:0)

Додекан қышқылы

СН3−(СН2) 10-СООН

Миристин қышқылы (С14:0)

Тетрадекан қышқылы

СН3−(СН2) 12-СООН

Пальмитин қышқылы (С16:0)

Гексадекан қышқылы

СН3−(СН2) 14-СООН

Стеарин қышқылы (С18:0)

Октадекан қышқылы

СН3−(СН2) 16-СООН

Арахин қышқылы (С20:0)

Эйкозан қышқылы

СН3−(СН2) 18-СООН

Беген қышқылы (С22:0)

Докозан қышқылы

СН3−(СН2) 20-СООН

Лигноцерин қышқылы (С24:0)

Тетракозан қышқылы

СН3−(СН2) 22-СООН

Slide 28

Маңызды қанықпаған май қышқылдары

Тривиалдық атауы

(С атомдарының және қос

байланыстың саны)

Жүйелік атауы

Формуласы

Пальмитоолеин қышқылы (С16:1)

цис- 9-гексадекен қышқылы

СН3−(СН2) 5-СН=СН−(СН2) 7-СООН

Олеин қышқылы (С18:1)

цис- 9-октадекен қышқылы

СН3−(СН2) 7-СН=СН−(СН2) 7-СООН

Вакцен қышқылы (С18:1)

транс- 11-октадекен қышқылы

СН3−(СН) 5-СН=СН−(СН2) 9-СООН

Линол қышқылы (С18:2)

цис-цис- 9, 12-октадекадиен қышқылы

СН3−(СН2) 4− (СН=СН−(СН2) 2−(СН2) 6−СООН

Линолен қышқылы (С18:3)

тұтас цис-9, 12, 15-октадекатриен қышқылы

СН3−СН2−(СН=СНСН2) 3−(СН2) 6−СООН

Арахидон қышқылы (С20:4)

тұтас цис-5, 8, 11, 14-эйкозатетраен қышқылы

СН3−(СН2) 4−(СН=СНСН2) 4−(СН2) 6−СООН

Клупанодан қышқылы (С22:5)

тұтас цис-7, 10, 13, 16, 19- докозапентаен қышқылы

СН3−СН2−(СН=СНСН2) 5−(СН2) 4−СООН

Slide 29

Егер майлардың құрамында қанықпаған қышқылдар басым болса, ондай майлар сұйық болады / мақта, күнбағыс, зығыр майлары/. Егер қаныққан қышқылдар басым болса, ондай майлар қатты болады / жануарлар майы - тоң май/.

Slide 30

Қан плазмасында липидтер шамамен 0, 7% құрайды. Майдың құрамында: фосфолипидтер - 150 -200 мг %; lбос холестерин және оның эфирлері - 150 -250 мг %; бос май қышқылдары - 40 мг % болуы тиіс. Аш қарында қандағы майдын мөлшері 600 -800 мг % - 1 г % -дан артпауы тиіс: егерде 1 г % артық болса, онда гиперлипемия, қандағы майдың қалыпты жағдайдан артық болғаны. Гиперлипемия кезінде қандағы май тамшыларының диаметрі 0, 3 -0, 15 микрон. Мұндай тамшылар триглицеридтердің ақуызбен, фосфатидтермен, холестериннің эфирімен тұрақтанған эмульсиясы.

Slide 31

Липидтерді тасымалдаушылар:

Slide 32

Липидті тасымалдауға қанның барлық элементтері қатысады: эритроциттер - фосфатидтер мен холестеринді, лейкоциттер-майлар мен фосфоглицеридтерді тасымалдайды. Бауырда липидтердің жартысы өзгеріске ұшырайды, ал қалған бөлігі май «депосына» жинақталады. Бауырда ағзаға қажетті майлардың синтезі жүреді, қан плазмасының барлық фосфатидтері түзіледі. Сонымен қатар бауырда қанықпаған қышқылдардан қаныққан қышқылдардың синтезі және жоғары карбон қышқылдарындағы көміртек тізбегінің өсуі (тәулігіне ағзаның барлық май қышқылдарының 5% синтезделеді) жүзеге асырылады. Май ұлпасының 95% липидтерден тұрады. Майдың құрамы қолданылатын жем-шөптың сапасына, құрам бөлігіне тәуелді.

Slide 33
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым липидтер және өкілдері
Май қышқылы
Сабынданатын және сабынданбайтын липидтер
Тұтқыр заттар сипаттамасы
Майлар энергетикалық функциясынан басқа
Липидтердің құрылысы
БАУЫРДЫҢ ЗАТ АЛМАСУ ПРОЦЕСТЕРГЕ ҚАТЫСУ ФУНКЦИЯСЫ
МАЙЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫЛУЫ
Май қышқылдары
Биополимерлер молекулалары дифилді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz