Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы және оның стратегиялары



Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы және оның стратегиялары
Орындаған: БОПӘ мамандығының 1 курс магистранттары Абдоллаева А. С., Мұсатаева Н. М., Дакей Б., Тоқсанбаева А. Қ.
Тексерген: п. ғ. д., профессор Амирова А. С.

2017 жылғы 31 қаңтар айында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Ел басы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап көрсетті.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

Сыни ойлау - бұл:
Анықтамалар
Түпдерек
«Сыни ойлау - бұл қалаған соңғы нәтижені алудың ықтималдығын ұлғайтатын когнитивті техникалар мен стратегияларды пайдалану»
Д. Халперн
«Сыни ойлау тиімді, рефлексивті ойлау дегенді білдіреді, ол неге сену қажет және ол үшін қандай әрекет жасау қажет дегенге бағытталады»
М. В. Кларин
«Сыни ойлау өзіндік ойлау болып табылады. Сыни ойлау сұрақ қоюдан және шешуді қажет ететін мәселелерді айқындаудан басталады. Сыни ойлау сенімді деректерге ғана жүгінеді. Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау деген сөз».
Д. Клустер
«Сыни ойлау - қабылданған мәліметтерге, межелер мен құндылықтарға сәйкессіздігін анықтау мақсатында пікрілерді немесе пікірлер жүйесін тексеруге бағытталған ойлау әрекеттерінің реті. . . »
В. Н. Брюшинкин
«Сыни ойлау - бағалаушылық, рефлексивтік ойлау» (С. И. Заир-Бек)
И. О. Загашев,
«бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін»
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Сыни ойлау - өзін қоршаған ортадағы ақпаратқа деген шынайы көзқарасының, қабылдауының, түсінуінің жоғары деңгейімен сипатталатын адамның зияткерлік әрекетінің бір түрі.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау; 6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету; 7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.


Сыни ойлаудың тәсілдері:
метатаным (мәні өзін-өзі тану)
дедукция (білімнің көбіне жалпы мәселеден жекеге қарай көшуінің салдарынан шыққан ой әдісі) .
ақпарат көздерін тексеру (Біз өз өміріміздің барлық кездерінде үнемі естігендеріміз, көргендеріміз немесе оқығандарымыз бойынша қандай да бір шешімдер қабылдаймыз. Алайда осы ақпарат көздері ақиқат па?) .
нәтижелерін қайта тексеру
барлық мүмкін жағдайларын талдау (Сыни ойлауды дамыту үшін қойылған міндетті шешудің барлық мүмкін жағдайларының тізімін құрып алу қажет) ;
жүйелілік (кезеңдері: дайындық; мәселемен танысу; шешім дайындау; ақырғы, яғни соңғы шешімді анықтау; нәтижесін бағалау) .
шығармашылық тұрғыдан қарау (Шығармашылықпен ойлай алатын адамға оқиғалардың өрбуін көз алдына елестету және қандай да бір жағдаяттарда өз мүмкіндіктерін бағалай алу еш қиындық келтірмейді) ;
қорқыныштан арылу ( Көп жағдайда сыни ойлауға түрлі тұрғыдағы қорқыныш тікелей әсер етеді. Егер оны жеңбейтін болса, сыни ойлауды дамыту мүмкін емес) .

Сын тұрғысынан ойлау

Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті.

Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:

«Тура және тура емес пікірлер», «Кластер», «. . . . Сенесің бе?», «Бар-жоқ», «Идеялар себеті»
«ББҮ», «Инсерт», «Кластер», «Синквейн», Түсініп, тоқтап оқу»
«Кесте», «Синквейн», «Шығарма», «Эссе», «Ашық, жабық сұрақтар»

Сыни ойлаудың тәсілдері мен стретегиялары:

Б - Білемін
Б - білгім келеді
Ү - Үйрендім
Төртбұрыштың түрі екенін, оның 4 бұрышы, 4 төбесі, 4 қабырғасы бар екенін білемін.
Оны қалай салу керектігін білгім келеді.
Тік төртбұрышты шаршыдан ажырата аламын, салу жолын үйрендім.
v
+
-
?
Бұл жерге мәтіндегі не тапсырмадағы оқушыға бұрыннан таныс сөздері, терминдер мен ұғымдар жазылады.
Бұл жерге мәтіндегі не тапсырмадағы оқушыға мүлдем таныс емес, жаңа ұғымдар мен терминдер, сөздер жазылады.
Бұл жерге қарама-қайшылықтар жазылады. Оқушы өзінің білетін мәселелеріне қайшы келетін мәселелерін жазады.
Бұл жерге оқушыға мүлдем түсініксіз мәселелер жазылады. Оқушы өзі түсінбей-тін, нақтылайтын, түсіндіруді талап ететін мәселелерін жазады

Математика.
Қызықты, танымдық.
Есептетіп, үйретіп, көмектеседі.
Математика - барлық ғылымдар патшасы.
Логика.
Үшбұрыш.
Тікбұрышты, сүйірбұрышты.
Өлшеу, есептеу, салу.
Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы тең.
Фигура.
Ашық сұрақтар ?
Жабық сұрақтар ?
неліктен бұлай, түсіндірсең. . .
неге олай ойлайсың . . .
неге солай сияқты. . .
айырмашылығы неде. . .
ұқсастықтары ше. . .
егер. . . болса ше
. . . болса, не болар еді
. . . деп болжар едің
кім. . .
не. . .
қашан. . .
мүмкін. . .
болады. . .
қалай аталады. . .
. . . болып па еді
. . . келісесің бе
. . . дұрыс па.
Синквейн (5 жолды өлең) әдісі:
Ашық және жабық сұрақтар әдісі:

Блум түймедағы

Сыни ойлау стратегияларын математикада қолдану әдістемесі
Сұрақтар
Жауаптар
Мотоциклдің, автокөліктің бастапқы қозғалысы жайлы не айтуға болады?
Жолға шығар алдында олар бір-бірінен қандай арақашықтықта болды?
Қанша уақыттан кейін кездесті?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz