Шизофрения ауруы


Slide 1

Шизофрения ауруы

Орындаған: Нұрғиса Алина

Әліпбай Толғанай

Қабылдаған: Хасенова Г

Логопедия 3-топ

Slide 2

Шизофрения дегеніміз - этиологиясы анықталмаған созылмалы ағымға бейім, науқас тұлғасының типті өзгерістерімен және әлеуметтік адаптация және еңбекке қабілеттіліктің тұрақты бұзылыстарына алып келетін әртүрлі айқындылық дәрежесіндегі өзге психикалық бұзылыстармен көрінетін психикалық ауру.

Slide 3

Шизофренияны оқып танығанда Э. Крепелиннің жұмыстарын ескеру қажет. Ол бойынша dementia praecox (ерте кемақылдық) ұғымына біріктірілген бірнеше психоздар. Жастық шақта себепсіз басталатын, прогредиетті ағымды және тұлғаның терең дефектілеріне (гебефрения, кататония) әкелетін және созылмалы сандырақты психозға әкелетін ауру деп есептеді.

Slide 4

Ал ағылшын тілді елдерінде шизофрения Блейлердің “төрт А” белгісімен көрінеді:

Аутизм

Апатия

Амбиваленттілік

Ассоциативті

Slide 5

Шизофренияның этиологиясы Э. Крепелиннің ойынша

Көп жағдайда этиологиясы анықталмаған.

Slide 6

Шизофрения патогенезі.

Науқас қанының сары суында токсикалық өнімдер болған. Оны биохимиялық және иммунологиялық зерттеу нәтижесінде эмбрионның нервті жасушаларына тежеуші әсер ететінін анықтаған. Шизофрения кезінде жүйке жүйесінің клеткаларына зақымдаушы әсер көрсеткен, яғни аутоантиген мен аутоантиденелердің түзілуіне әкеледі, бұл ми тінін зақымдайды. Олардың саны ауру процесіне байланысты болып келеді, неғұрлым процесс ауырырақ болса, соғұрлым олардың саны көп болады.

Slide 7

Клиникалық көрінісі

Ойлау бұзылысы: ойдың ағылып-төгілуі, тоқтап қалуы, ойдың параллелдігі. маызсыз ақылдылық, сөйлеу үзілістілігі;

Қабылдау бұзылыстары. Есту, тактильді, иіс сезу, көру галлюцинациялары(жалған галлюцинациялар), сандырақтың көптеген түрлері-паранойяльды, параноидты, парафренді. Кандинский-Клерамбо синдромы көрінеді;

Қозғалыс-ерік бұзылыстары. Кататониялық синдром, ступор жағдайы, қозу;

Сезімдік бұзылыстар: сезімдерін жоғалтып барлығына немқұрайлы қарайды, жақтырмаушылық, ашушаңдық,

Slide 8

Шизофренияның формалары

Slide 9 Slide 10

Параноидты шизофрения.

Шизофрениялардың ішіндегі ең жиі таралған түрі болып табылады. Клиникалық көрінісінде салыстырмалы тұрақтылық, жиі параноидты, сандырақты, көбінесе есту галлюцинацияларымен жүретін, қабылдаудың бұзылыстарымен көрінеді. Сана-сезім, ерік, ойлау бұзылыстары, кататоникалық симптомдар әлсіз көрінеді. Шизофренияның параноидты түрінде ауру күйінде сандырақ идеялар басым келеді. Көбінесе галлюцинациялардың байқалуымен қоса жүреді. Бір жағдайларда ауру жедел басталып, бас кезінде үзік-үзік және ауытқымалы пікірлер нақты сипатта көрінеді(“бейнелі” сандырақ) . Енді бір жағдайларда сандырақ маңайындағылар үшін түсініксіз, ақиқаттан қол үзген елес түрінде жиі білінеді (“дерексіз” сандырақ) .

Slide 11

Парафрениялық синдром шизофренияның клиникалық көрінісі ретінде өз дамуында бірқатар сатылардан өтеді. Мұның алғашқысы инкубациялық кезең. Бұл кезеңде аурудың жеке басы баяу дамитын өзгеріске ұшырайды. Ашушаңдық. Сарыуайымшылдық, ипохондриялық ойлар біртіндеп шүбәлану мен күдікшілдікке ұласады.

Slide 12

Екінші кезең-сандырақ идеяларының жүйеленуі. Бұл жағдайда есту, дем сезу, қимылдық, ал сирегірек көру галлюцинациясы пайда болады. Осы кезеңде психикалық жаттандылық синдромының әр алуан көріністері: ай жаңғырығы, қимыл галлюцинациялары, зорлық ойлар және басқалары байқалады.

Үшінші кезең-ұлылық идеясының дамуы. Мұның өзі әр қилы түрде: байлық, құдіреттілік, өзгертушілік, жаңашылдық идеялары арқылы көрінеді. Ұлылық сандырағы басым болған кезеңде сезімдік әсер эйфориясымен, көтеріңкі күймен сипатталады. Ауру өзін менмен, қадір-қасиетін биік сезімде ұстайдыоның пікірлері өсиеттік, нақылдық сипат алады. Ол өзінің күмәнсіздігіне және өз пайымдарының айрықша құндылығына аса сенімді келеді.

Төртінші кезең-кемақылдық. Бұл кезең шизофренияға тән кейіннен болатын енжарлық кемақылдыққа соқтырады. Кемақылдықтың дамуында сандырақ жүйесі ыдырап, сезімдік айқындығын жоғалтып, аурудың мінез-құлқын анықтаудан қалады. ауру құбылысы баяу, ондаған жылдар бойында өсе береді. Науқас күйі тоқталғандай болады. Сонымен бірге ол өзін сандырақ мазмұнына сәйкес ұстайды, ал мұның өзі аңдушылар деп санаушыларға қауіпті шабуыл жасауға, әр түрлі қорғаныштық шаралар ұйымдастырады.

Slide 13

Гебефренді шизофрения

Шизофренияның ең қатерлі формаларының бірі болып табылады. Оның негізгі көрінісі гебефренді синдром болып табылады. Мінез құлықтың үзік-үзіктігімен қатар келеңсіздігі, сөздің ерекшелігі, сезімнің айқын орнықсыздығы білінеді. Ауру бет-аузын қисайтады, оның әрекеті ерекше сиықсыздығымен ерекшеленеді, кейде сотқарлық немесе есерлік сипат алғандай болады. Сезімдік әсер шектен тыс орнықсыз және дәлелсіз болған жағдайда құрғақ өнімсіз эйфория басым болады. Біршама қолайсыз уақыттан кейін ойлаудың үзік-үзіктілігі айқын байқалатын кемақылдық тез басталады. Ал кейбір жекелеген жайдайларда едәуір терең ремиссия байқалады. Бұл түр 20 жасқа дейінгі жас адамдарда жиі кездеседі

Slide 14

Кататоникалық шизофрения


Ұқсас жұмыстар
Полигенді ауруларға жалпы сипаттама
Әр түрлі аурулардың ішкі көрінісі және оның құрылымы мен деңгейлері
Олигофрения ауруы және емі
Хромосомалық аурулар түсініктеме
Полигенді аурулар
Полигенді аурулар. Анықтамасы, себептері, жіктелуі, клиникалық көрінісі
Хромосомалық аурулар
Шизофренияның формалары
Сананың өшу синдромдары
Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz