Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: білім беру, отбасы және тәрбие бағыттары


Slide 1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Дәріс 11

Slide 2

Дәріс жоспары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің түсінігі және негізгі белгілері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттамасы.

Жемқорлыққа қарсы мәдениет тұрғысынан тәрбиелеуде отбасының рөлі.

Slide 3

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезім

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру - бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру;

2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру;

3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді.

Slide 4

«Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады.

Slide 5

Жоғарыда айтылғандарға орай мынадай қорытынды шығаруға болады:

- өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасының адамгершілік жауаптылығын арттыру қажет;

- отбасында борыш, адалдық, ар-намыс, әділдік талаптарына сәйкес келетін тұлғаның мінез-құлқының адамгершілік реттеуіштерін күшейту қажет;

- адамды адамгершілік, әділдік пен ар-ождан рухында тәрбиелеу тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі ретінде қоғам мен мемлекеттің тарапынан сұранысқа ие болуы тиіс.

Slide 6

Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев белгілеген «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтары қазақстандық қоғамды біріктіруші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құруда негізін қалаушы болып табылады. Бұл - азаматтық теңдік, еңбекқорлық, ғалым мен білім ғибраты, зайырлы ел - толеранттылық елі сияқты құндылықтар.

Азаматтық теңдік әркімнің еңбекке, білімге, денсаулықты қорғау, әлеуметтік теңдікке құқығын бекітетін ел Конституциясымен қамтамасыз етіледі

Slide 7

Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы мен практикасына басқаша зер салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды қорғауға дайын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр.

Slide 8

1) Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас - әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек.

2) . Кіші мектеп жасында (7-10 жас - кемел балалық шақ, дене және рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор

3) Орта мектеп жасы - (10-14 жас - жасөспірім кезеңі, балалардың өміріндегі күрделі кез) - бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі.

4) Жоғары мектеп жасы (14-18 жас - жастық шақ) - бұл дене және психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын кезең.

Slide 9

. Осылайша, әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесінің мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты орнықты азаматтық ұстанымын сіңіру арқылы тәрбиеленушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастыру қажеттігі болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті қалыптастыру: білім беру мен тәрбие шаралары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбие: балалардың сана-сезімін қалыптастыру ерекшеліктері
Шет елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тәжірибесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу шаралары
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: мәселелер мен шаралар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: ерекшеліктері, функциялары және жастардың рөлі
Білім беру жүйесінде жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру
Діни-құқықтық негізде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz