БОЙЫНША МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ШЫРТЫ


Slide 1

5-ТАҚЫРЫП ҚР азааматтық заңнамасы бойынша мүлікті сенімгерлікпен басқару шырты

Slide 2

Мүлікті сенімгерлікпен басқару

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды белгiлеу кезiнде сенiмгер басқарушы, егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, өзiнiң иеленуiне, пайдалануына және билiк етуiне берiлген мүлiктi пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.

Slide 3 Slide 4

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару ерекшеліктері

Банк қызметін жүзеге асыру кезінде мүлікті сенімгерлікпен басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының банк қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде белгіленеді.

Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқару ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, концессиялар туралы заңнамалық актiлерiнде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.

Slide 5

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару субъектiлерi

Меншiк иесi

Кез келген адам(Сенiмгер басқарушы тек оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн)

Мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы (мүддесi үшiн мүлiктi басқару жүзеге асырылатын тұлға)

Сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы

Slide 6

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару объектiлерi

Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүлiктiк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлiк сенiмгерлiкпен басқару объектiсi бола алады.

Сенiп тапсырылған мүлiктi сенiмгер басқарушы өзiне меншiк (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) құқығымен тиесiлi мүлiктен бөлек есепке алуға тиiс.

Өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде сенiм бiлдiрiлген басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлiк сенiп берiлген мүлiк құрамына енгiзiледi.

Осы Кодекстiң 1081-бабында көзделген, сондай-ақ осы тұлғаның банкроттығы жағдайларын қоспағанда, құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi.

Кепiлге салынған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кепiл ұстаушыны осы мүлiктi өндiрiп алу құқығынан айырмайды.

Slide 7

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша бiр тарап (сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы) екiншi тарапқа (сенiмгер басқарушыға) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға бередi, ал екiншi тарап құрылтайшы атаған тұлғаның (пайда алушының) мүдделерi үшiн осы мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға мiндеттенедi.

Slide 8 Slide 9

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының нысаны

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты жазбаша нысанда жасалады.

Қозғалмайтын мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты, қозғалмайтын мүлiктi иелiктен айыру туралы шарт үшiн көзделген нысан мен тәртiп бойынша жасалады.

Slide 10

Сенiмгер басқарушының бастамасымен сенiмнiң ауысуы

Сенiмгер басқарушы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды жеке өзi жүзеге асырады.

Сенiмгер басқарушы өзiне сенiп берiлген мүлiктi басқару үшiн қажеттi iс-әрекет жасауды, егер ол бұған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы актi арқылы уәкiлеттi болса не бұған пайда алушының мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты мән-жайлар себептi мәжбүр болса және бұл орайда құрылтайшының нұсқауларын сұрауға мүмкiндiгi болмаса, басқа адамға тапсыра алады. Сенiмгер басқарушы сенiмнiң ауысуы туралы дереу құрылтайшыға хабарлауға мiндеттi.

Slide 11

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының тоқтатылуы

сенiмгер басқарушы-азамат қайтыс болғанда, оны өлдi деп жарияланғанда, оны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп танығанда; заңды тұлға-сенiмгер басқарушы таратылғанда;

сенiм бiлдiрiлген мүлiктi басқаруды жеке жүзеге асыру сенiмгерлiкпен басқарушы үшiн мүмкiн болмауына байланысты сенiмгер басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда;

сенiмгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе, сыйақы төленген жағдайда құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда;

егер шартта көзделсе, кепiл ауыртпалығымен берiлген мүлiктi сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенiмгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.

Slide 12

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартының тоқтатылуы

Сенiп тапсырылған мүлiкке меншiк құқығының ауысуы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтатпайды. Сенiмгерлiкпен басқару шарты тоқтатылған кезде сенiп тапсырылған мүлiк шартта көрсетiлген тұлғаға сенiмгерлiкпен басқаруға берiледi. Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару тоқтатылады және сенiп тапсырылған мүлiк мүліктік массаға берiледi. Бағалы қағаздарды сенiмгерлiкпен басқаруды тоқтату тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында белгіленеді.

Slide 13

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ


Ұқсас жұмыстар
Салық салынатын айналым
ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ
ЖАЛДАУ ШАРТЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ағымдағы шоттар
Салық салуға жатпайтын табыстар
Міндеттеме түсінігі, шарт және оның түрлері
Ұлттық банк
Бенчмаркингтің анықтамасы, мақсаты және мәні
Трастық операциялардың мәні және артықшылықтары
Муниципалдық кәсіпорын - мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz