Экономикалық басқару


Slide 1

Тақырыбы: Менеджмент іскерлік маңсабы

Орыңдаған: Тұрсынбай Ержан

206А ЖМ

Slide 2

Жоспар:

Тақырыпша: Менеджмент түсінігі Дәріс мақсаты:менеджмент мамандығыныні мәнін мазмұнын түсіндіру. Мәселелі сұрақтар: Менеджмент ұғымдары Менеджмент қағидалары Менеджер және оның функциялары

Slide 3

Менеджмент ұғымдары

Қазақстан Республикасының нарыққа өту кезеңіндегі басты міндеті - өндіріс пен бизнесті жаңа талаптарға сай іскерлікпен басқару, кәсіпкерлікке деген қызығушылықты одан әрі дамытып жетілдіру. Осы жағдайда мақсатқа жетудің басты құралы - менеджмент болып табылады. Басқару - адамдардың кәсіптік қызметі. Бұл қызметтің мән-мазмұнын айқындау үшін оның анықтамасын қарастырайық. Басқару - бұл ұжымдағы адамдарға және жекеленген адамдарға, олардың бірлескен жұмыс процессінде мақсатты жүйелі ықпал ету.

Slide 4

Менеджменттік басқару

Басқару процесстері басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асады. Бұл жүйе: саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік басқару болып бөлінеді. Әлеуметтік басқару үш түрге бөлінеді: 1. Экономикалық басқару; 2. Әлеуметтік басқару 3. Қоғам өмірінің рухани саласын басқару

Slide 5

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты “менеджер”, “менеджмент” ұғымдары тез енді. Менеджмент нарық жағдайында әрекет етуші фирманың, менеджменттің экономикалық қағидаларын, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалана отырып, алдына қойған мақсаттарын кәсіби жүзеге асыратын жеке қызмет түрі. Яғни қарапайым сөзбен айтсақ, ол өзге адамдардың іс-әрекетін, ынта жігерін, еңбектерін пайдалана отырып алдына қойған мақсаттарға жету. н формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты “менеджер”, “менеджмент” ұғымдары тез енді. Менеджмент нарық жағдайында әрекет етуші фирманың, менеджменттің экономикалық қағидаларын, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалана отырып, алдына қойған мақсаттарын кәсіби жүзеге асыратын жеке қызмет түрі. Яғни қарапайым сөзбен айтсақ, ол өзге адамдардың іс-әрекетін, ынта жігерін, еңбектерін пайдалана отырып алдына қойған мақсаттарға жету. н формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді.

Slide 6

“Менеджмент ” түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Менеджер дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін егжей-тегжейлі білетін мамандандырылған басшы. Менеджмент - дегеніміз өндірісті, адамды мақсатқа жетуде басқара білу тиімділігін жоғарылату.

Slide 7

Менеджмент төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады: Кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;

Ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғары тиімділікке мақсатты бағыттау

Slide 8

Менеджмент қағидалары ( заңдылықтары) :

1. Өндірісті басқару жүйесінің бірлігі - бұл сыртқы орта жағдайы өзгергенде жүйенің ішкі байланыстарының тұрақты болуын көрсетеді. Кез келген жүйе секілді, кәсіпорын жекеленген элементтердің ұйымдасқан бірлестігі, ал оның ерекше бірлескен бөлігі - жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылым. Кәсіпорынның бірде бір бөлімшесі тығыз, әрі өзара келісілген байланыссыз ақырғы өнімді өндіре алмайды. Ұйымның әрбір элементі өзіне тән қызметтік мәнді орындайды, демек қасиеттерінің тәуелділігі мен ұйымдарға қатынасы да осыған байланысты.

Slide 9

2. Өндіріс және басқарудың пропорционалдығы (байланысы), бұл кәсіпорынға да және негізгі және көмекші өндірістің тиімді дамуы үшін де қажет. Кәсіпорын өте күрделі, үлкен әрі біркелкі дамитын жүйе. Мұның өзі жекеленген бөлімдерден және олардың бірлестігінен тұрады.

3. Басқаруды орталықтандыру және орталықсыздандырудың тиімді үйлесуі қызмет мәселелерін және өкілеттіліктерді бөлу қажеттілігін білдіреді. 4. Басқарушы және басқарылушы жүйенің сәйкес келуі. Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің барлығында алмасудың арасында кәсіпорынды басқару жүзеге асырылады.

Slide 10

Басқару процесі тұрғысынан қарастырғанда мәліметтер, еңбек құралы, басқарылатын, басқаратын жүйелер және сыртқы орта туралы деректер жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл ұғымда мәлімет басқару процесінің негізі, шешімді әзірлеу, бақылау және жүзеге асыру ретінде орын алады. 5. Әр түрліліктің қажеттілігі. Әртүрлілік - бұл сыртқы жағдайлар және ішкі себептердің әсерінен жүйеде болуы мүмкін жағдайлар жиыны.

Slide 11

Менеджер және оның функциялары

Қазіргі кезде менеджер - бұл тұрақты қызмет орнына ие және фирманың нақты түрлері бойынша шешім қабылдау құқығына ие басқарушы. «Менеджер» термині кеңінен таралған және келесілерге қатысты айтылады: 1. Жеке бөлімшелердің несие топтар шеңберінде жеке қызмет түрлерін ұйымдастыруға қатысты. 2. Кәсіпорынның немесе оның бөлімдерінің басшыларына қатысты. 3. Жұмыста қазіргі заманғы әдістерге сәйкес ұйымдастыратын кез келген басқару деңгейінің әкімшілік қызметіне қатысты айтады.

Slide 12

Менеджердің бірінші міндетіне - қолда бар ресурстармен “нағыз тұтас” өндірістік бірлік құру. “Өндірістік бірлікті” құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің көз алдына әрдайым елестеуі, қол жеткен нәтижелер барынша үйлестіріліп отыруы тиіс. Кәсіпкерлік жұмыс нәтижесі бойынша ұжымдық әкімшілік жауапкершілікті емес, ал жеке тұлғалық экономикалық жауапкершілікті білдіреді.

Slide 13

Менеджмент міңдеттері

Менеджердің екінші міндетіне - кез келген шешімді қабылдап, іс-әрекетке кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қатар кәсіпорынның болашағы туралы да ойланып-толғануы да жатады. Әрбір менеджерге өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Slide 14

Менеджмент эволюциясы

ғылым ретінде зерттеу саласы ретінде ХХ ғ. -да танылды. Ұйымдар өте ерте заманнан бері қалыптасқан болса да, ХХ ғасырға дейін ұйымды жүйелі түрде қалай басқару керектігі адамдарды ойландырған жоқ. Адамдар ұйымды қолдана отырып, ақшаны неғұрлым көп табуға тырысты. Басқарудан туындайтын әдістер мен құралдарына көңіл бөлмеді. Мысалы, ХІХ ғасырдың басында Роберт Оуэн (ағылшын экономисті) ұйым мақсатына басқа адамдардың көмегімен жету мәселелеріне көп уақытын жұмсады. Ол жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз етті, жұмыс жағдайын жақсартып, жұмысшылардың жұмысын ашық және әділ бағалау жұмысын жасады. Бұл сол дәуірге сай басшы роліне қатысты новаторлық идея болды. Адамдар бұл экспериментті өз көздерімен көру үшін алыстағы фабрикаға келіп жатты. Бірақ фабриканың пайдалылығы жоғары болғанымен, сол кездегі басқа бизнесмендер оның тәжірибесін қолданған жоқ.

Slide 15

ғылым ретінде зерттеу саласы ретінде ХХ ғ. -да танылды. Ұйымдар өте ерте заманнан бері қалыптасқан болса да, ХХ ғасырға дейін ұйымды жүйелі түрде қалай басқару керектігі адамдарды ойландырған жоқ. Адамдар ұйымды қолдана отырып, ақшаны неғұрлым көп табуға тырысты. Басқарудан туындайтын әдістер мен құралдарына көңіл бөлмеді. Мысалы, ХІХ ғасырдың басында Роберт Оуэн (ағылшын экономисті) ұйым мақсатына басқа адамдардың көмегімен жету мәселелеріне көп уақытын жұмсады. Ол жұмысшыларды тұрғын үймен қамтамасыз етті, жұмыс жағдайын жақсартып, жұмысшылардың жұмысын ашық және әділ бағалау жұмысын жасады. Бұл сол дәуірге сай басшы роліне қатысты новаторлық идея болды. Адамдар бұл экспериментті өз көздерімен көру үшін алыстағы фабрикаға келіп жатты. Бірақ фабриканың пайдалылығы жоғары болғанымен, сол кездегі басқа бизнесмендер оның тәжірибесін қолданған жоқ.

Slide 16 Slide 17

Қазақстандағы менеджмент

Қазақ менеджментінің ерекшеліктері: туысқандық, достық қарым-қатынас; есімдерін қысқартып атау (Баке, Саке, Ореке) ; уақытты тиімсіз пайдалану; формализм; жоспардан тыс жұмыстарды жасау; авторитарлы стильді қолданады; бюрократия; өзін элита санау; жүзге, руға бөліну; топтық жұмыс жасау; нақты қағидаларды ұстанбау; іскерлік аздау, сөз көп; еркіндік, көшбасшылық; ораторлық қасиеттінің басым болуы.

Slide 18

Менеджменттің Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы


Ұқсас жұмыстар
Басқару әдістері
Менеджмент әдістері
Басқарудың экономикалық әдістері
ҚАЗАҚСТАНДА МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУЫ
Объективті экономикалық заңдылықтар мен субъективті тәртіптегі факторлардың ықпалынан қалыптасатын экономикалық процестерді және олардың бірлесіп әрекет жасауын зерттеу
Туризмдегі экономикалық басқару жүйесі
Су ресурстарын бірігіп басқару (СРББ) жайлы түсінік
Сапаны басқарудың әдістері
Менеджмент әдістері мен қызметтері
Атқарушы органдардың қызметін қаржыландыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz