Қой эстерозы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ»

КАФЕДРА «ВЕТЕРЕИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА »

ПӘНІ: ПАРАЗИТОЛОГИЯ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Энтомология, Ларвальды энтомоздар

Қабылдаған: Кузербаева Айсулу
Орындаған
ЖОСПАР
I. Кіріспе
Ларвальды энтомоздар
II. Негізгі бөлім
І.Қ.М. гиподерматозы және қоздырғышы
Патогенезі мен Клиникалық белгілер
Диагнозы мен емдеу, дауалау
Қой эстерозы, жылқы ринэстерозы, түйе цефальопинозы
Ларвальды энтомоздарға қарсы қолданылатын емдік шаралар
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
I. КІРІСПЕ
Бұл аурулар тобына ірі
қара гипедерматозы, яғни
оқыра, жылқы-
гастрофилезі (қарын
бөгелегі), ринэстрозы
(пысқырық бөгелегі), қой
эстрозы (кеңсірік
бөгелегі) және түйе
цефалопинозы (құмыр)
жатады. Бұл аурулар
еліміздің барлық
түкпірлерінде кездеседі,
сол себептен де мал
шаруашылығына орасан
зиян келтіреді.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
• Ірі қара мал гипедерматоз . Ірі қараның тері
астмекендейтінын мекендейтін, Hypoderma туысына
жататын бөгелектердің балаң құрттары қоздыратын
энтомоз ауруы.
• Қоздырғышы. Гиподерматоз ауруының екі қоздырғышы бар:
Hypoderma bovіs- кәдімгі сиыр бөгелегі және H. lіneatum -
өңеш бөгелегі. H. bovіs бүкіл Қазақстан көлемінде, ал H.
lіneatum Қазақтанның оңтүстік- шығыс аймақтарында
кездеседі, сондықтан оны оңтүстік бөгелегі деп те атайды.
• Hypoderma bovіs- бөгелегінің имаго кезеңінде
дене тұрқы 13-15 мм. Денесі түкті, басындағы
түгі сары түсті, күрделі екі көзі мен төбесінде

=> нүкте тәрізді 3 қарапайым көздері және екі
қысқа мұртшалары бар. Ауыз мүшелері толық
жетілмеген, өйткені олар қуыршақ және
имаго сатысында қоректенбейді. Кеудесінің
алдыңғы және артқы жақтары ашық сары
түкті, ал ортасы қара түсті. Құрсақ жағы
орта шенінде қара түкті, арт жағында
қызғылт сары түкті. Қанаттары ашық
көгілдір түсті.

=> • Hypoderma lіneatum- дене тұрқы сәл кішірек-11
мм. Оның құрсақ жағының алды сары түкті,
арты - қызғылт сары түкті, ал қанаттары
қоңыр түсті. Кеудесі 3 буылтықтан, ал құрсақ
жағы 5 буылтықтан құралған. Оның 3 жұп
аяқтары, қос қанаты бар. Жетілмеген екінші
жұп қанаттары ызылдауық үн шығарады.
Өсіп-өнуі. Оқыра бөгелектерінің өсіп-өнуі бір-
біріне ұқсас. Олардың ұрғашылары ұрықтанған соң
ірі қараның шабына, аяқтарына көптеген
жұмыртқа салады. H. bovіs ызыңдап ұшып жүріп,
малдың түгіне жұмыртқаларын желімдеп кетеді,
ал H. lіneatum ешбір дыбыссыз, жатқан малға
жасырын келіп, жұмыртқаларын жабыстырып
кетеді. Бір бөгелектің ұрғашысы 800-ге жуық
жұмыртқа салады. Қолайлы жағдайда (30-320С
жылылықта) бөгелек жұмыртқаларынан 3-7 күн
ішінде балапан-құрт түзіледі. Жұмыртқалардан
шыққан І сатыдағы балаң-құрттар тұмсығымен
теріні тесіп, ет пен терінің арасына енеді.
Эпизоотологиялық деректер. Оқыра Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі.
Бұл ауруға ірі қара жаздың ыстық күндерінде шалдығады. Оған әсіресе жас мал бейім.
Ересек малда балапан -құрттар саны бірен-саран ғана болады.
Аурудың клиникалық белгілері. Ұшып жүрген бөгелектің ызыңынан қорыққан мал
тынышсызданып, жөнді жайылмай мазасызданады, қораға, көлеңкелі жерге, шілік
ішіне қашады немесе белуарынан суға түсіп тұрады. Осының әсерінен мал
арықтайды, сауын сиырлардың сүті кемиді.
Анықтау тәсілдері. Қыстың аяғында гиподерматозға шалдыққан малды қарап
зерттейді, арқа жотасының екі жағын алақанмен сипап немесе саусақтарымен
басып барлау жасайды.
Мал жотасының екі жағын сипағанда, шоқтықтан бастап құймышаққа дейінгі
аумақты қамту шарт.
Емі. Оқыраға қарсы күресті оның балаң-құрттарының І
сатысына қарсы бағыттау тиімді. Ол үшін жүйелік әсер
ететін фосфорорганикалық инсектицидтер: гиподермин-
хлорофос, хлорофос, амидофос, сульфидофос,
гиподермацид және т.б.қолданылады. Соңғы кездерде
шет елдік дәрілер – ивомек, Цидектин, фасковерм және
аверсектер де қолданылып жүр. Негізгі емді күз
айларында бөгелек ұшуы тоқтаған кезде жүргізеді.
Гиподермин- хлорофос дайын дәрі. Ол хлорофостың 11,6
% майлы-спиртті ерітіндісі. Дәріні қолдану мөлшері:
тірілей салмағы 200 кг-ға дейінгі төлге- 16 мл, салмағы
200 кг-нан артық малға-24 мл. Гиподермин-хлорофосты
малдың арқа жотасының екі жағына арнаулы аспап-
дозатормен АД-І немесе инесіз шприцпен, шоқтықтан
құйымшаққа қарай сорғалата құю керек. Дәрі жотаның
екі жағына тең бөлініп құйылады. Егер көктемгі мал
дәрігерлік байқауда оқырасы бар мал 1 %-тен артық
болса, онда дәл осындай емді қайталап қолдану шарт.
Дауасы. Жаздың ыстық
күндерінде ірі қараны
оқырадан қорғау үшін
күндіз малды қорада
ұстап, түнде жайған
жөн. Бөгелек ұшатын
маусымда сауын
сиырлардан басқа малды
1 % хлорофос
ерітіндісімен немесе
үшхлорметафос-3-тің
1% эмульсиясымен әрбір
20-25 тәулік сайын
бүркіп отыру шарт. Ол
үшін ДУК машинасын,
ЛСД және бүріккіші бар
машиналар
қолданылады.
• Қой эстерозы. Эстроз - қойдың кеңсірік құрт
ауруы, оны пысқырық деп те атайды. Бұл ауруды
Oestrus ovіs-қой бөгелегінің балаң құрттары
қоздырады. Олар қойдың танауына, маңдай
және бастың қосалқы қуыстарына орналасып,
сол жерлердің кілегей қабығын қабындырады.
• Қой бөгелегі Oestrіdae тұқымдасына,
қосқанаттылар тегіне жатады.
• Қоздырғыштың морфологиясы. Қой бөгелегінің
ұзындығы 9-11 мм. Сыртынан қарағанда үлкен
шыбынға ұқсас. Оның денесі үш бөлімнен
құралған: басы, кеудесі және құрсағы. Басының
екі жағында күрделі екі көзі бар, ал төбесінде
қарапайым нүкте тәрізді үш көзі бар. Ұрғашы
бөгелек көздерінің арасы алшақ келеді. Олардың
күрделі көздері көптеген қарапайым көздерден
құралған. Еркек бөгелектердің көздері үлкенірек
әрі бір-біріне жақынырақ орналасқан.
Қой бөгелегінің өсіп-өнуі. Қой бөгелегінің өсіп-өнуіндегі бір ерекшелігі-олардың тірі
тууы, яғни жұмыртқа салмайды, тірі балапан-құрттар туады.
Қой немесе кеңсірік бөгелегінің өсіп-өнуінде 3 кезең байқалады: 1) балаң құрттар, 2)
қуыршақ, 3) имаго немесе ересек бөгелектер. Балаң құрттың даму кезеңі 3 сатыға
бөлінеді.
Бөгелектің ұрғашылары жынысты түрмен ұрықтанады. Шағылысу 2-3 минутқа
созылады. Онан соң ұрғашы бөгелектердің жатыр тәрізді қабылдауышында балаң
құрттар түзіледі. Бұл уақытта ұрғашылары ұшпай, қуыстарда, жарықтарда 10-20
тәуліктей қозғалмай отырады. Балаң құрттары жетілген соң бөгелектер ұша
бастайды. Олар ұшып жүріп не жерде отырып, 40 см-дей қашықтықтан қойдың
танауына балаң құрттарын бүркіп жібереді. Бір ретте ұрғашы бөгелек 8-12, ал
кейде 20-29 балаң құрт шашады. Олар қойға 2-4 күндей шабуыл жасайды.
• Эпизоотологиялық деректер. Эстроз жер
жүзінің көптеген елдерінде кездеседі.
Әсіресе қой шаруашылығы дамыған далалы
және шөлейт аудандарда байқалады.
Әдетте қой арасына экстенсивті түрде
(ауруға шалдыққан малдың пайыз саны)
тарап, кейбір алқаптарда 70-90 %, ал кейде
тіпті 100 % дейін жетеді.
• Патогенезі. Бөлелектердің балаң
құрттары қой танауын
жарақаттандырады және уытты әсер
тигізеді. Кеңсірікке түскен балаң құрттар
өзінің тікендерімен және ілгектерімен
кілегей қабығын жарақаттайды. Кілегей
қабығы ісінеді, онда қызылшақа жаралар
пайда болып, жалқаяқ көп шығады. Қабыну
құбылысы басқа микробтар әсерінен
асқынып, іріңдейді, өлі еттенеді және одан
әрі ми қабықтарына таралады.
Сыртқы белгілері. Аурудың клиникалық белгілері
әртүрлі болады. Кеңсірік құрты қой танауы және
басқа да бас қуыстары ішінде қозғалып, денесіндегі
тікенді ілгектерімен кілегей қабықты зақымдайды.
Алғашқы кезде кілегей қабықтары қатты қызарады.
Сонан соң ауру қойдың танауларынан кілегейлі, ал
кейінірек кілегейлі-іріңді жалқаяқ ағады. Қабыну
өзгерістері кейде кеңсірік арқылы ми қабықтарына
дейін тарайды. Мұндайда ауру малдың жүріс-тұрысы
өзгеріп, айналма аруының кейбір белгілері байқалады.
Сондықтан эстрозды “жалған айналма” деп те
• Өлекседегі өзгерістер. Танау қуысы
іріңсіз, кейде іріңді қою шырышқа
толған, кеңсірік кілегей қабығы қызарып,
ісініп кетеді. Танау қуысында І сатыдағы
кеңсірік құрттары кездеседі. Балаң
құрттардың ІІ және ІІІ даму
сатыларында торлы сүйектің кілегей
қабығы қабынған, оның иір-иір
қуыстары кілегейлі немесе іріңді
жалқаяққа толады және одан қолайсыз
сасық иіс шығады. Дәл осындай
өзгерістер маңдай қуысы және мүйіз
маңындағы саңылауда да болуы мүмкін.
• Диагнозы. Эстрозды анықтағанда
эпизоотологиялық деректерді, аурудың
клиникалық белгілерін, өлекседегі
өзгерістерді ескерудің маңызы зор.
Эстрозды айналма, яғни ценуроз
ауруынан ажырата білу керек.
ЖЫЛҚЫНЫҢ РИНЭСТЕРОЗЫ
Жылқының ринэстрозы. Ринэстроз- Oestrіdae
тұқымдасына, Rhіnoestrus туысына жататын
кеңсірік-көмей бөгелектерінің балаң құрттары
қоздыратын жылқының энтомоз ауруы. Ауруға
шалдыққан жылқының кеңсірік, маңдай
қуыстары кілегей қабықтары қабынады, алқым
және шықшыт бездері ісінеді, жылқы
арықтайды және жұмыс қабілеті төмендейді, ал
кейде өлім-жітімге шалдығады.
Қоздырғышы. Қазақстанда жылқының ринэстроз
ауруын танау бөгелектерінің екі түрі қоздырады:
Rhіnoestrus purpureus және Rh. Latіfrons.
Rh. Purpureus- ақбас, қоңыр, орыс бөгелегі деп
аталады. Имаго кезеңінде дене тұрқы 8-12 мм,
жылтыр қоңыр түсті, денесінде түгі аз, арқа
жағында бірен-саран сүйелдері бар.
• Эпизоотологиялық деректер. Жылқы ринэстрозы
Қазақстан-ның- далалы, шөлейтті, шөлді
алқаптарында және тау етектеріндегі жылқы
өсірілетін шаруашылықтарда кездеседі.
• Патогенезі. Танау бөгелегі балапан-құрттарының
патогендік әсері-олардың санына және жылқы
организмінің төзімділігіне байланысты. Балаң
құрттар өздерінің тікендерімен, ауыз ілгектерімен
және т.б. бас қуыстарының кілегей қабықтарын
зақымдайды.
• Ауру белгілері. Бөгелектер жылқы маңында ұшып
жүргенде-ақ мал тынышсызданады, жиі пысқырады,
басын шұлғып мазасызданады. Кейде жылқы
оттамай, бәрі бір жерге топтанып танауларын бір-
бірінің жал-құйрығына тығып тұрып алады. Аурудың
клиникалық белгілері балапан-құрттардың санына
байланысты. Ринитке шалдыққан жылқы
танауларынан кілегейлі қан жолақтары аралас
Өлекседегі өзгерістер. Өлген жылқының басын жарып тексергенде - маңдай
қойнауынан, кеңсірігінен балаң құрттар табылады. Кілегей қабықтары
қабынған, қарайып - қызарыңқы-раған, әр жерінде уылған жаралар кездеседі.
Уытты жаралар түбінде іріңді, ірімшік тәрізді зат бар.
Диагнозы аурудың белгілері мен эпизоотологиялық деректеріне және кеңсірік
пен жұтқыншақта балапан-құрттардың табылуына негізделеді.
Ринэстрозды маңқадан, сақаудан, гастрофилезден және тыныс жолдары
ауруларынан ажырата білу керек.
Емі. Кеңсірік ішін шаю үшін 2 % хлорофос ертіндісі қолданылады. Әр малға
50-100 мл мөлшерінде ерітінді жұмсалады. ДДВФ дәрісін де қолдануға
болады. Әрбір жылқының танауына ДДВФ-ның 2 % вазелин майындағы
сүртпесін 3-5 тәулік сайын қайталап жағып отыру (2-3 рет) қажет.
Жылқыны топтап емдеу үшін ДДВФ, хлорофос аэрозолі жақсы нәтиже
береді. Емдеу уақыты-бір сағат. Бұл дәрілердің 40-60 мг әр 1 м3 жерге
шашады.
• Түйе цефалопинозы . Цефалопиноз түйенің кеңсірігінде, жұтқыншағында, тор сүйектің
иірлерінде өмір сүретін Оеstrіdae тұқымдасына жататын Cephalopіna tіtіllator деп
аталынатын түйе бөгелегінің балаң құрттары қоздыратын созылмалы ауру. Қазақша
аты - құмыр. Бұл ауру Қазақстанның Оңтүстігінде және Оңтүстік батысында түйелі
аймақтарда кездеседі.
• Қоздырғышы. Құмыр ауруын түйе бөгелегінің балаң құрттары қоздырады. Олар
жәндіктер тобына (Іnsecta) қосқанаттылар тегіне жатады. Түйе бөгелегінің дене тұрқы
8-11 мм. Денесі - бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Түйе бөгелегі ашық-қоңыр
түсті. Басы ірі, сары түсті, маңдайы сары-сұр түсті. Көздері күрделі, мұртшалары
қысқа. Ауыз мүшелері дамымаған. Кеудесі қоңыр күл түсті қызыл, қоңыр дақтары бар.
ЛАРВАЛЬДЫ ЭНТОМОЗДАРҒА ҚАРСЫ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕМДІК ШАРАЛАР
Эстроз кездесетін шаруашылықтарда қой мен
ешкіні күзде химиялықтерапия әдісін
қолданып, ДДВФ және хлорофос
аэрозольдерімен дауалайды. Инсектицид
аэрозольдері жабық қора ішінде, 16-250
жылылықта, 1 м2 аумаққа тығыздығы 1-2
жануар келетіндей етіп жүргізіледі.
Өндірісте құрамында 12,5 % ДДВФ бар
эстрозоль аэрозольді баллондары шығарылады.
Бір отар қойға 2-3 баллон жұмсалады. Сондай-
ақ, ДДВФ-ның майлы ерітіндісін, сулы
эмульсиясын немесе 10-24 % хлорофос
ерітіндісін генераторлардың көмегімен аэрозоль
түрінде қолданады. Дәрі мөлшері: ДДВФ 60 мг
м3, хлорофос 4 г м3 , ем уақыты 1 сағат.
Тиімділігі жоғары аэрозольдардан сульфидофос-20- 2г/м3, 1% неоцидол 120мг/ м3,
5%-ті колорцид 100мг/м3, 16,7% циодрин 3,0г/м3 мөлшерінде бір сағат аралығында
(экспозиция) қолданылады. Бұдан басқа ивомек, фасковерм, перметрин,
циперметрин және дельтаметриндер деген дәрілер пайдаланылады.
Қой бөгелегі жылына екі ұрпақ беретін оңтүстік аймақтарына мал басы жазда
(август) және күзде инсектоцидтермен 2 рет дәріленеді. Эстроздың анық
белгілері бар, ІІ және ІІ сатыдағы балаң құрттармен зақымданған қойларды
жазғытұрым 4 % хлорофос ерітіндісімен шайып емдеуге болады. Дәріні арнаулы
ирригатор арқылы қолданады.
Эстрозды қойға жұқтырмау үшін, әрбір 25-30 күнде жайылымды ауыстырып
отыру шарт. Пайдаланылған жайылымға қойды 2,5 айдан ерте әкеліп жаюға
болмайды.
Жазда шарбақ ішінде қойлардың танауынан ІІІ сатыдағы балаң құрттар түсіп
қалуы мүкін. Сондықтан мезгіл-мезгіл оларды сыпырып, жинап, өртеп жіберу
қажет.
Бөгелектің ұшу кезеңінде жайылымда әр жерден еліктіргіш қалқаншалар
қойылып, оларды 10 % гексахлоран ұнтағымен ақтайды. Жылқы жайылымын
ай сайын ауыстырып отырады. Жаңа жайылым ескісінен 8 км қашықтықта
болуы керек. Әрбір жылқыны бөгелектен қорғау үшін жүгеннің маңдай
қайысына шашақталған жұмсақ тері тігіледі.
Шаруашылыққа тыстан әкелінген жылқыны карантинде ұстап, ринэстрозға
қарсы дауа шараларын жүргізіп, сонан соң ғана табынға қосуға болады.
Ауру түйелер арқылы қоздырғыштың таралуына жол бермеуге көңіл бөлінеді.
Ол үшін құмыр бар шаруашылықтан әкелінген түйелерді хлорофоспен, ДДВФ
немесе т.б. тиімді препараттармен дәрілейді.
Сондай-ақ, түйе бөгелегінің ересектерін жою үшін А.И.Порчинский әдісімен
жайылымдарға еліктіргіш қалқандар қойылады. Мезгіл-мезгіл оларға қонып
отырған бөгелектерді жинап қырып тастау шарт. Ал бөгелек өздігінен
жойылу үшін қалқандардың бетіне 0,5% циодрин, 0,2-0,3% неоцидол, 0.04%
цимбуш, 0,05% сумицидин, 0,1% стомазан ертінділерін 100 мл/м2 көлемінде
қолданады.
III ҚОРЫТЫНДЫ
Паразиттік организмдер табиғатта еркін өмір сүрген
организмдерден эволюциялық даму барысында
сұрыпталып регрессивтік және прогрессивтік
өзгерістерге ұшырау нәтижесінде пайда
болған.Паразит өкілдерін зерттеумен шұғылданатын
салалар (пәндер) академик К.И.Скрябиннің
анықтамасы бойынша олардың шығу тегіне,
тоғышарлық мекеніне, қоздырушының жануарлар
әлеміндегі алатын орнына байланысты жіктеледі.
Шығу тегіне қарай: зоопаразитология –
жануартектес паразиттерді (гельминттер, кенелер,
жәндіктер, біржасушалы қарапайымдар) және
олардың тудыратын ауруларын зерттеумен
шұғылданатын ғылым; фитопаразитология –
өсімдіктектес (бактерийлер, бациллалар, вирустар,
саңырауқұлақтар, риккетсиялар) паразиттерді және
олардың тудыратын ауруларын зерттеумен
шұғылданатын ғылым болып бөлінеді.
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1. Кадыров И.Т. Паразитология и инвазионные болезни
сельскохозяйственных животных. Астана, 2000.
2. Мухаметалин Қ.Д. Малдың паразит аурулары. Алматы, Қайнар, 1966
3. Сабаншиев М.С., Сулейменов Т.Т., Карамендин О., Шабдарбаева Г.С.,
Жанторе М. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары.
Алматы 2003
4. Абуладзе К.И. и др. Паразитология и инвазионные болезни
сельскохозяйственных животных. М: «Колос», 1982, 1990
5. Ж.М. Есімбек Арахноэнтомология Семей - Новосибирск, 2002
6. Дүйсембаев С.Т. Марал гельминтоздарындағы малдәрігерлік-
санитарлық сараптау. Семей 2001.
7. Қожабеков З.К. Мал аурулары. Алматы, Қайнар, 1989.
8. Қашағанов К.Е., Бердімұратов Ж.Б. Мал дәрігерлік түсіндірме сөздік.-
Алматы, Қайнар, 1,

Ұқсас жұмыстар
Қой эстрозы ауруы
Жылқының ринэстрозы
Қой малын азықтандыру
Қой шаруашылығын өндірістік негізде дамытудың еліміздегі ұтымды мысалдары
ҚОЙ ТҰҚЫМДАРЫ
Қой шаруашылығы гигиенасы
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі саласы
Қазақ қойы арқар мериносы
Қой шаруашылығы
Атырау облысы өңіріндегі қой шаруашылығы
Пәндер