Клизманың түрлері




Презентация қосу
Клизмалар
Клизма дегеніміз -тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және
диагноз қою мақсатымен әр түрлі сұйықтықтар жіберетін
процесс.
Жалпы емдік клизмалар мына мақсатпен қолданылады: ішекті
тазалауға – тазалау, сифон, босату. дәрілік заттарды тоқ ішекке
еңгізу. Сонымен қатар клизманың бірнеше түрлері бар.
Клизманың түрлері:
1) Босату клизмасы:
Тазалау
Босаңсыту: Майлы, Гипертониялық
Сифондық
2) Дәрілік
Тазалау клизмасы
Тазалау клизмасын диагностикалау және емдеу мақсатымен: іш
қату, операция алдында, босанар алдында, уланғанда, дәрілік
микроклизма және тамызғыш клизма жасар алдында қояды.
Тазалау клизмасын қойған кезде тоқ ішектің төменгі бөлігі
босатылады. Бұл нәжіс массасының сұйықталуымен және тоқ
ішек перистальтикасының күшеюімен іске асады
Мақсаты:нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек
қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің
төменгі жағын нәжістен және газдан босату.
Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде,
жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық
жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту
мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус
аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған
гсморройда
Көрсеткіші:
-іш қату;
-дәрілік (емдік), қоректік және тамшылы клизмалар алдында;
-пациентті асқазан- ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерін және кіші жамбас
астауында орналасқан мүшелерді рентгенмен зерттеу алдында дайындау;
-операцияларға дайындау;
-тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерттеулер жүргізу алдында
дайындау
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы
шымылдық) қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).
3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.
4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты
жабыңыз.
6. Наукастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке кружканы іліңіз, оған ұштықты
кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.
7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге
ауа шығады, қысқышты жабыңыз.
8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.
9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен
жаялықты төсеңіз.
10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе
буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған
болуы керек.
11. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап
жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай
жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына
қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.
12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын
сұраныз (егерде су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын
өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егерде нәтижесі болмаса,
ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.
13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы
керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.
14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-
10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.
15. Егерде емшара палатада орындалса, наукасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе
унитазға дейін апарыңыз.
16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.
17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.
18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.
19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған
контейнерге салыңыз.

Ескерту:
- тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егерде 5-10 минут аралығында
сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шығады;
- агониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал
спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;
- егерде науқас нәжісі аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер
қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет
Майлы клизма
Іш қуысы мүшелерінің операциясы мен босанғаннан кейін іш қабаты және
арасы бұлшықеттерінің қатері болмауы үшін тазалау клизмасының
нәтижесіздігінде майлы немесе босату клизмасын қолданады. Майлы
клизмадан соң 10-12 сағаттан кейін нәжіс жүреді.
Майлы клизма жасалған науқас бірнеше сағатқа жатуға тиісті, әйтпесе ішекке
енгізілген май ағып шығады. Осындай процедураны түнде істеген ыңғайлы.
Мақсаты:
Тоқ ішектің төменгі жағын газ бен нәжістен маймен орап, жуып тазарту
арқылы босату.
Көрсеткіші:
-әлсізденген науқастарда іш қату;
-операциядан кейінгі кезеңде;
-босанғаннан кейін.
Бұл клизма тек ішек жиырылуын күшейтіп қоймайды,
сонымен бірге ішек қуысына судың жиналуын көбейтіп,ішті
өткізеді.
Мақсаты: Тоқ ішектің төменгі бөліктерін газ және нәжістен
ішек қуысына гипертониялық тұзды ерітінділер енгізу
нәтижесінде сұйықтықтың көптеп өтуі есебінен босату
болып табылады. Қолдану көрсетілімдері: операциядан
кейінгі кезеңде, атониялық іш қатуда, жуан ішектің
шырышты қабығының қабыну процесінде, әр түрлі ішек
ісінуінде.
Қарсы көрсетілімдері: жуан ішектің төменгі бөлігіндегі
қабыну, ойық жара процесінде, анус аймағының сызатында,
асқазан-ішектен қан кеткенде, қанаған геморройда.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін
алыңыз.
2. Кушетка үстіне клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз,
науқасты кермемен қоршаңыз.
3. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
4. «Су» моншасында 380С дейін жылытылған 50-100 мл тұзды ерітіндіні
алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
5. Жел шығаратын түтіктің саңылаусыз ұшына вазелин майын 20-30 см
ұзындығына жағыңыз.
6. Науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан
бугілулі кішкене ішіне қарай келтірулі болуы керек.
7. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен
абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне
енгізіп ,оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытына
қарай, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке
енгізіңіз.
8. Алмұрт тәрізді баллоншадан немесе Жане шприцінен алдын ала ауаны
шығарып, жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына жалғастырып, жаймен тұзды
ерітіндіні енгізіңіз.
9. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе оны
қолмен қысыңыз.
10. Алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцін жел
шығаратын түтіктен шығарып алыңыз.
11. Түтіктен дәрілік ерітіндіні шығару үшін, бір мезетте сол қолмен түтікті
сыйпалап қысып оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз.
12. Аналь тесігі аймағын тазартыңыз.
13. Науқасты арқасына бұрылып жатуын сұраңыз. Науқастың қал жағдайын
сұраңыз.
14. Ұштыкты, жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа
салыңыз.
15. Қолғапты шешіңіз.
16. Қолғапты, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
17. Қолыңызды, жуып кептіріңіз.
Сифон клизмасы.
Оның көмегімен ішек толық тазартылады,себебі ол сумен бірнеше рет
жуылады.Сондықтанда сифон клизмасын қолдану түрлері көп:тазалау,босату клизмалары
және іш жүргізетін дәрілерді ішуден нәтиже болмағанда;ішекке ауыз арқылы немесе
ішекке оның шырышты қабаты арқылы шыққан улы заттарды шығару.
Мақсаты:Тоқ ішекті нәжістен, улардан, токсиндерден, шіру және ашу өнімдерінен,
кілегей мен іріңнен бірнеше рет жуу арқылы тазарту, сондай- ақ ішектің бітеліп қалуын
анықтауда қолданады.
Көрсеткіші: -тазарту клизмасынан, ішті жұмсартатын клизмалардан және ішті
жұмсартатын дәрілерден көмек болмаған жағдайда;
-ішекке операция жасау алдындағы дайындау;
-ішектің бітеліп қалуын анықтауда;
-ішекті улардан, токсиндерден, ашу және шіру өнімдерінен, кілегей мен іріңнен тазарту
үшін.
Қарсы көрсеткіші: -анальды тесік айналасында және тоқ ішек аймағында жедел қабыну
процестері немесе ойық жара болғанда;
-асқазаннан немесе ішектерден қан кету;
-тік ішектің қатерлі ісік ауруы;
-ас қорыту мүшелеріне операциядан соңғы алғашқы күндерде;
-тік ішектің жарықшағы немесе түсіп кетуі;
-іш пердесі тамырларының эмболиясы немесе тромбозында.
Тамшы немесе қоректік клизма ішекке көп мөлшерде ( 2 литр-ге дейін) қоректік
дәрілік заттарды енгізу үшін қолданады (0,95%хлорлы натрий, 5% аминокислота
ерітіндісі).
Тазалау клизмасынан 20-30 минуттан кейін тамшы клизмасын қояды. Бірнеше
сағатқа созылатын бұл процедура кезінде науқас ұйықтауы мүмкін, ал мейірбике
тамшы жылдамдығының бірқалыпты болуын және ерітінді жылы болуын
қадағалауы тиіс. Ерітінді суып қалмас үшін, Эсмарх кружкасын жылытқышпен
немесе мақтамен орап қояды.
Мақсаты:емдік
Пациентті дайындау: тамшы клизмадан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын жасау
керек. Қолданылатын ерітінді белгілі температурада болу керек, 40 -42С.болу керек.
Көрсеткіші: қоректік заттарды табиғи жолмен, яғни ауыз арқылы немесе
парентеральды жолмен енгізу мүмкін болмаған жағдайда.
Қарсы көрсеткіштері:
-тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара
болу;
-жиі қанайтын геморрой;
-тік ішектің қатерлі ісігі;
-тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарықшақтар
Немесе микроклизма. Оны тоқ ішектің төменгі бөлігінің шырышты қабатына
жергілікті әсер етуі үшін және тоқ ішектің шырыштысы арқылы дәрілік
препараттардың (жүрек гликозидтері, хлоралгидраттар) сіңуі арқылы ағзаға
толық әсер етуі үшін қолданады. Дәрілік клизманың алдында 20-30 минут
бұрын тазалау клизмасын жасайды. Науқас клизмадан кейін бір сағаттан кем
емес жату керек.
Мақсаты: емдік.
Пациентті дайындау: дәрілік клизманы қоюдан 30-40 минут бұрын тазарту
клизмасын қойыңыз.
Көрсеткіші: метеоризм (газдың көп пайда болуына байланысты немесе оның
ішектерден нашар шығарылуына байланысты іш кебу).Асқазан ішек –
жолдарын эндоскопиялық зерттеулерге дайындық кезіңде.
Қарсы көрсеткіші:
-асқазан – ішек жолдарынан қан кету;
-тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара
болу;
-жиі қанайтын геморрой;
-тік ішектің қатерлі ісігі;
-тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарықшақтар

Ұқсас жұмыстар
ТАЗАЛАУ КЛИЗМАСЫ
Науқастың тамақтануын ұйымдастыру
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы туралы
Стационардағы сырқаттардың емдік тамақтарын ұйымдастыру
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы
Сыртқа қолдануға арналған сұйық дәрілік формалар
ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ
Науқастарды тамақтандыру және оны ұйымдастыру
Науқастарды тамақтандыру қағидалары
Тазарту клизмасы
Пәндер