Бұлшықет биомеханикасы




Презентация қосу
Бұлшықет биомеханикасы

Орындаған: Битуганов М.Қ
Группа:135Б
Тексерген: Асель Жанабаевна
Тақырыптың өзектілігі:

Мақсаттары мен міндеттері:
Бұлшықет пен оның механикасы жайлы қысқаша ақпарат беріп, жалпы түсінік қалыптастыру;
Бұлшықет биомеханикасының ерекшеліктерін сипаттау;
Тақырып бойынша қортынды жасау;
Бұлшық ет дегеніміз не?

Бұлшық еттер жүйесі жануарлар организмінің кеңістіктегі қозғалысы мен дене мүшелерінің
салыстырмалы қимыл-қозғалыстарын іс жүзіне асыратын тірек-қимыл аппаратының белсенді бөлігі.
Бұлшықеттердің түрлері

Бірыңғай салалы бұлшық ет
Көлденең салалы бұлшық ет
Жүрек бұлшық ет

Біріңғай салалы бұлшық ет функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді. Кейбір қуыс органдардың қабырғаларында,
мысалы, қан тамырларында, өкпенің ауа жүретін жолдарында, қуықта, өт қабында, ас қорыту жолдарында бір немесе екі қабат
құрайды.

Көлденең салалы бұлшық ет қаңқа еті немесе сомалық еті деп те аталады. Бұлшық еттің бұл түрінің құрылымдық элементі
клетка емес, симпласт болып саналатын көп ядролық талшық, талшықтың пішіні цилиндр тәрізді.

Жүрек еті өзінің жиырылғыш элементтерінің құрылымы жағынан көлденең салалы бұлшық етке ұқсас.
Соңғылардікі сияқты бұлардың миофибриллалары көлденеңнен сызылған. Сонымен бірге жүрек етінің
құрылысында өзіне тән ерекшеліктер де бар. Оның бірі – бұлшық ет талшығында көлденең орналасқан
“аралық жолақ” деп аталатын ерекше құрылымның болуы.
Бұлшық ет функциясы

Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің
белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-теңдігін сақтайды.
Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет тыныс алу қозғалысына
қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы
бұлшықеттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік
ұстауға көмектеседі.
Бұлшықет құрылысы

Қаңқа еттері бұлшықет талшықтарынан құралған, олар бұлшықет шоғырын түзеді.
Бір байламда 20-60 талшық бар. Бұлшық ет талшықтары - ұзындығы 10-12 см, диаметрі 10-
100 мкм цилиндр тәрізді жасушалар.
Әрбір бұлшықет талшығында қабық (сарколемма) және цитоплазма (саркоплазма) болады.
Саркоплазмада жануар клеткасының барлық компоненттері бар және бұлшықет талшығының
осі бойында жіңішке жіпшелер - миофибриллалар бар.Әр миофибрил бұлшықет талшығының
жиырылғыш аппараты болып табылатын миозин мен актин ақуыздарының жіптерін қамтитын
протофибрилдерден тұрады. Миофибриллалар бір-бірінен Z-мембраналар деп аталатын
септамалармен, секцияларға - саркомерлерге бөлінеді. Саркомерлердің екі ұшында Z-
мембранаға жіңішке актинді жіпшелер бекітілген, ал ортасында қалың миозин жіпшелері
орналасқан. Актин жіпшелері миозин жіпшелерінің арасына жартылай енеді.
Бұлшықеттердің жиырылуы

Актиндік жіпшелердің қозғалуы негізгі миофибрил
ақуыздарының – миозиннің, актиннің, тропомиозиннің және
тропониннің өзара әрекеттесуі нәтижесінде іске асады.
Саркомердің қысқаруы АТФ- тың гидролизі және Са²
қатысуымен жүреді. Яғни Са² бұлшықеттердің жиырылуы
процесінің физиологиялық реттеушісі болып табылады.
Нервтік импульс мембрананың деполяризациясын туғызып Са² эндоплазмалық ретикулумнан босап
шығуына жағдай жасайды. Са² тропонинимен байланысып оның конформациясын өзгертеді, бұл өзгеріс
әрі қарай торпомиозинге және актинге жетеді. Миозинмен актин әрекеттесіп, АТФ гидролизге
ұшырайды. Сонан соң Са² босайды, тропомиозин актиннің миозинмен байланысуын тежейді. Соның
арқасында бұлшықеттің жиырылуы тоқтап, қайтадан орнына келеді. Са² цитоплазмадан қайтадан
эндоплазмалық ретикулумге енуі АТФ-аза насосы арқылы іске асады. Ол үшін энергия жұмсалады.
Бұлшық ет жиырылуының негізгі
сипаттамалары жиырылудың бірлік
қуаты мен бұлшық ет күші арқылы
өрнектеуге болады. Сонымен қатар
қысқару жылдамдығы ; механикалық
жұмыс – Рх; пайдалы қуат Р , жылу
өнімі qx, толық жұмыс W=Px+A арқылы
да сипатталады.
Бұлшықет жиырылуның түрлері
Барлық бұлшықет жасушасында кардиомиоцит сияқты түйінделу үрдісі жүрмейді.
Себебі қаңқа бұлшықетінде жылуқандық әсер потенциалы қысқа (2-3 мс) және онда
кальций иондарының ақырындап жүретін ағыны болмайды. Бұл жасушаларда
көлденең түтікшелердің Т-жүйесі жоғары дамыған, жүйе арқылы өтетін
деполяризация уақытында мембраналық потенциалдың өзгерісі саркоплазматикалық
ретикулум мембранасына беріліп, Са2+ иондары босап шығып, ары қарай жиырылу
белсенділігі жүреді
Түрлі бұлшықет жасушасында Са 2+ иондары және ішкі жасушалық депо-
саркоплазматикалық ретикулумды босатады және жиырылу белсенділігі арта
отырып жүреді.
Қаңқа бұлшықеттің жиырылуының дамуындағы алғашқы бөгелуі 20 мс, ал
жүректе – бірнеше есеп көп ( 100 мс-ке дейін) болады.
Қортынды
Бұлшық ет серпімділік, тұтқырлық, созылғыштық тәрізді механикалық және т.б.
Қасиеттерінебайланыстыбұлшықеттің адам ағзасында алатын ролі үлкен болып саналады.
Бұлшық ет жұмысының бұзылуы (мысалы, өкпенің, жүректің функциясы) патологиялық
өзгеріске, яғни әртүрлі аурулардың тууына себепші болады.
Қолданылған әдебиет

https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=1&id=464
https://baribar.kz/student/10311/bulshyq-et-ulpalary/
http://shkolo.ru/myishtsyi-i-ih-funktsii/
https://www.wikiwand.com/kk/%D0%91%D2%B1%D0%BB%D1%88%
D1%8B%D2%9B%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%
B4%D1%96%D2%A3_%D0%BC%D0%B0%D2%A3%D1%8B%D0%B7%
D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%
D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%
8B
http://www.bio.bsu.by/phha/06/06_text.html

Ұқсас жұмыстар
Бұлшықет тінінің түрлері
Көлденең жолақты жүрек бұлщықет
Бұлшық биомеханикасы
Бұлшықет пен оның механикасы жайлы қысқаша ақпарат беріп, жалпы түсінік қалыптастыру
Тірек – қимыл жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
Бұлшықет жиырылу биофизикасы
Журек кан тамырларының биомеханикасы
Бас сүйектері
Жілік сүйектері
Сүйек қосылыстары
Пәндер