Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау


Slide 1

Аймақтың экономикалық потенциалы және оны бағалау

Slide 2

Жоспар

1. Аймақ потенциалының негізгі құрамдас бөліктері: құрылымды, даму көрсеткіштері.

2. Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары

3. Аймақтық орталықпен, басқа аймақтармен және қалған сыртқы әлеммен экономикалық байланыстары

Slide 3

Қазіргі таңда территориялық экономикалық жүйелердің дамуы олардың экономикалық потенциалын пайдалану толықтығынан тәуелді болады.

Кең мағынада, потенциал - қандай да бір қатынастағы жасырылған мүмкіндіктердің дәрежесі. Аталмыш түсініктің мазмұнды мәніне алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін пайдаланыла алатын мүмкіндіктер, резервтер сияқты категориялары сәйкес келеді.

Slide 4

Аймақ - территориялық және қоғамдық еңбек бөлінісіндегі аймақтың орнымен анықталатын халықтың өмір сүруінің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің әлеуметтік және экономикалық потенциалдары ұдайы өндірілетін нақты әкімшілік шекараларға ие территориялық құрылым.

Slide 5

Территорияның потенциалын бағалаудың кешенділігіне қол жеткізу мақсатында экономикалық емес, әлеуметтік-экономикалық потенциалды зерттеген жөн. Аймақтың экономикалық потенциалының барлық құраушыларын зерттеу әлеуметтік аспектіні құрау, дамыту және тиімді пайдалану процесіндегі адамдар арасындағы қатынастармен сипатталатын әлеуметтік аспектіні есепке алу мен қарастыруды талап етеді. Сондықтан территориялық әлеуметтік-экономикалық потенциал барлық ресурстарды іске қосып, шаруашылықтың ерекшеліктері мен әрекет етуші перспективалы құрылымдарын пайдалану барысындағы аймақтың мүмкіндіктерін анықтайды.

Slide 6

Территорияның әлеуметтік-экономикалық потенциалын сипаттау барысында оның өсіміне салымдардың бағытталуы мен потенциалдың жинақталған деңгейін тұтынуды бөліп қарастырған жөн. Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық потенциалдың мынадай құраушыларын қарастыруға болады:

Slide 7

1) Жинақталған ресурстар қорына қатысты:

- қаржы-мүліктік;

- әлеуметтік-демографиялық;

- табиғи-экологиялық;

- технико-технологиялық;

- кәсіпкерлік;

- интеллектуалды-ерікті.

2) Макропотенциалды пайдалануға қатысты ішкі жүйлердің мүмкіндіктерін анықтайтын:

- нарықтық инфрақұрылым потенциалы;

- кинетикалық;

- интеграциялық.

3) Басқару ішкі жүйесінің потенциалы:

- консолидациялық;

- микроэкономикалық.

Slide 8

Аймақтың кеңістіктік ортасының ұдайы өндірісі оның экономикалық, әлеуметтік және табиғи базаларының ұдайы өндірісін қамтиды. Бұл орта түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылғанымен, материалдық аймақтық базаны сипаттаудың негізіне аймақтың экономикалық бағалануын немесе экономикалық потенциалын жатқызуға болады.

Осыған байланысты аймақтың экономикалық потенциалы 4 негізгі элементтерден құралады.

Slide 9

1. Табиғи-экологиялық потенциал, ол үнемі тікелей бағаланбаса да, жер, өткізу нарықтарына жақындығы немесе алшақтығы, климаттық жағдайлар, территорияның экономикалық сыйымдылығы сияқты өзінің құраушылары арқылы аймақ іс-әрекетінің соңғы шаруашылық нәтижелеріне жанама ықпал етеді.

2. Ресурсты-өндірістік потенциал, ол өндірістік капиталдың түрлі элементтерінің нақты формаларында қызмет етіп, нақты ақшалай формаға ие болады: негізгі және айналым капитал, айналыс қорлары және айналым құралдары.

3. Еңбек потенциалы, ол жұмыс күші құрылымының көлемі мен сапасын білдіріп, жұмыскерлердің біліктілік деңгейі және білімімен сипатталады.

4. Аймақтың сыртқыэкономикалық байланыстары (экспорт пен импорттың ара-қатынасы) және бюджетті-қаржылық қатынастары (бюджетаралық қатынастар жүйесі, трансферттер, субсидиялар мен субвенциялар жүйесі) .

Slide 10

Аймақтың экономикалық потенциалын бағалаудың әмбебап көрсеткіші - жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) көрсеткіші, ол қалыптасқан даму деңгейін ғана емес, сонымен қатар оның құрылымының ерекшеліктерін, жекелеген салалардың қызмет ету тиімділігін, аймақтың интеграциялық процестерге тартылу дәрежесін сипаттайды.

Slide 11

Аймақтың экономикалық потенциалын сипаттауға арналған бірнеше тәсілдемелер әрекет етеді:

1. Басты индикаторды анықтап, шектеуші шарттар ретіндегі өзге де маңызды индикаторларды реттеу.

2. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қолайлы жағдайына қол жеткізу процедурасы ретінде бірнеше индикаторлар бойынша көп мақсатты оңтайлылық.

3. Интеграцияланған әлеуметтік-экономикалық индикаторларды қалыптастыру.

Slide 12

Қол жетімділігіне байланысты үшінші әдіс неғұрлым кеңінен таралған, оның шеңберінде таңдау қағидаларымен және индикаторларды өлшеу қағидаларымен айрықшаланатын интеграцияланған көрсеткіштерді қалыптастырудың әдістемелік ұсыныстары да белгілі. Аталмыш көрсеткіштерді есептеудегі басты қиындықтың қолданылатын ақпараттың жоғары дәрежеде шынайы болмауы және осындай жұмыстарды орындаудың қиындығынан тұратынын айта кету қажет. Оларды қолданудың басты мақсаты - аймақты дамыту стратегиясын өңдеу шеңберінде теңдестірілген шаралардың қабылдануын қамтамасыз ету.

Slide 13

Сондай-ақ, мынадай блоктар бойынша құрылған көрсеткіштер жиынын қамтитын әдістеме әрекет етеді:

- аймақ дамуының жалпы деңгейі;

- өндірістің маңызды салаларының жағдайы;

- аймақтың қаржылық жағдайы;

- инвестициялық белсенділік;

- халық табыстары;

- жұмысбастылық пен еңбек нарығы;

- әлеуметтік сала жағдайы;

- экологиялық жағдай;

- халықаралық экономикалық белсенділік.

Slide 14

Өндіргіш күштерді орналастыру заңдылықтары, принциптері және факторлары. Осы мәселе бойынша түрлі уақытта көптеген еңбектер жазылған. Олардың ішінде, өкінішке орай, ғылымның кейіннен дамуы үшін негіз болатындай бір-екі еңбекті атап өту қиын.

Орналастыру заңдылықтарының тұжырымдамалары әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесімен, экономикалық даму кезеңімен, ғылыми-техникалық прогреспен, экономикалық рационалдылық талаптарымен байланысты өндіргіш күштерді орналастырудағы қадағаланатын немесе қалаулы қарқындарды сипаттайды. Дәстүрлі кеңестік саяси экономия парадигмасына сәйкес заңдылықтар объективті экономикалық заңдардың нақтылаулары, жеке жағдайлары немесе салдарлары болып табылады.

Slide 15

Маңызды заңдылықтардың қатарына жататындар:

1) өндірісті рационалды, неғұрлым тиімді орналастыру;

2) экономикалық аудандар шаруашылықтарының кешенді дамуы;

3) аймақтар арасында және территория шеберінде рационалды территориялық еңбек бөлінісі;

4) аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлерін түзету.

Slide 16

Өндіргіш күштерді орналастыру стратегиясы тұрғысынан аталған заңдылықтар шынында да жүзеге асырылмауы мүмкін (мысалы, даму деңгейлерін түзету) нормативті талаптарды немесе қалаулы қарқындарды білдіреді. Заңдылықтардың өзге де белгілі тізімдері өндірістің шоғырлануын, қала мен ауылдар арасындағы қайшылықты жоюды, өндіріс пен халықты неғұрлым тиімді орналастыруды қамтиды.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАБИҒИ-РЕСУРСТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАСЫ
АЛАКӨЛ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЗОНАСЫН ЖАҒДАЙЫ
Аумақтық экономиканы зерттеу әдістері
ҚАЗАҚСТАН МЕН АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ: АЙМАҚТЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Топты басқару және тиімділік
САЛЫҚТЫҚ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАМДАУ
Мембрана құрылысының бұзылуы
Бюджеттік процесс және оны ұйымдастыру
ЖҰӨ дефляторы номинальды ЖҰӨ нақты ЖҰӨ
Ұлттық экономиканың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz