Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары




Презентация қосу
ТЖ КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ.
Жоспары:

1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері
мен жолдары
2. Халықты қорғаныс құрылыстарына
паналату
3. Жұмысшыларды таратып орналастыру
және эвакуациялау
4. Жеке қорғаныс құралдары
1.Халықты қорғаудың негізгі принциптері
мен жолдары
Бейбіт өмірде және соғыс жағдайында болатын төтенше
жағдайлар кезінде елді мекендерде, яғни қалаларда, ірі
өндірістерде, кәсіпорындарда халықты қорғап, аман сақтап қалу,
немесе адам шығынын барынша азайту төтенше жағдай
комиссияларының, басқармаларының және азаматтық қорғаныс
жүйелерінің негізгі міндеті . Ол үшін бейбіт өмір кезінде қала
халықтары, ірі өндіріс, кәсіпорын жұмысшылары арасында жүйелі
жоспарланған арнайы шаралар жүргізілуі тиіс.
Бұл шаралар - халықтар, жұмысшылар, студенттер, оқушылар
арасында, жүргізілуі ықтимал, төтенше жағдайлар туралы арнайы
сабақтар, әңгімелер өткізіліп, кинолар көрсетілуі тиіс. Мұнда
төтенше жағдай түрлері, олардың адамдарға әсері жараланған
адамдарға жедел көмек көрсету тәсілдері, құтқару, қираған
кәсіпорындардың ішінен халыққа тамақ өндіретін, күнделікті керек
жарақ заттармен қамтамасыз ететін кәсіпорындарды қалпына
келтіру сөз болуы тиіс.

Осы жүргізілген шаралар нәтижесін беру үшін, халықты алдын ала
ескерту, дабыл беру жүйесі сақадай сай, дайын болуы керек.
Халық неғұрлым ертерек ескертілсе сол құрылым халық арасында
шығын аз болтатындығы сөзсіз. Бұған қоса халық дабылдың
түрлерін, қандай құралдардың көмегімен дабыл беретіндігін және
дабыл беру тәсілдерін білуі тиіс
Төтенше жағдай туралы дабылды көрінген адам
бере алмайды. Дабыл жоғарыдан келген хабарға
сүйеніп, немесе өздерінің анықтауларына сүйеніп,
облыс орталығында әкімшілікпен келісіліп төтенше
жағдай басқармасының төрағасының келісімімен
азаматтық қорғаныс штабы ғана бере алады.
Дабылды берудің әртүрлі тәсілі бар. Оларды
теледидар, радиолардың көмегімен беру, электр
дыбыс беру құралдарымен (сирена), ірі
кәсіпорындардың дыбыс беру жүйесінің (гудок)
көмегімен беру, ракетницалардың, дыбыс
шығаратын заттарды соғу арқылы беруге болады.
Теледидар, радио жүйесінен дабыл берілгенде,
дабыл мына ескертулерді үш рет қайталаудан
басталады, яғни «Тыңдаңыздар барлығыңызға» -деп
одан кейін төтенше жағдай түрі және болуы
ықтимал жағдайлар туралы айтылып халық
ескертіледі.
Әpi қарай халық не істеуі керектігі, өздерін қалай
ұстаулары т.б. айтылады. Бұл дабыл бейбіт өмір
кезінде беріледі. «Төтенше жағдай» кезінде
Негізінен халықтарды, кәсіпорын жұмысшыларын «төтенше
жағдай» әсерлерінен қорғау, тұратын орындары мен жұмыс
істейтін кәсіпорындар орналасқан жерлерде қорғау
принципінде жүргізілуі тиіс. Бейбіт өмір кезінде халықтарды,
кәсіпорын жұмысшаларын «Төтенше жағдай» (ТЖ) әсерлерінен
қорғау негізінен төменде көрсетілген тәсілдермен жүргізіледі:

-халықтарды, кәсіпорындар жұмысшыларын қауіпті жерлерден
дереу қаупсіз алаңдарға, жерлерге, аймақтарға көшіру;
-халықтарды, кәсіпорындар жұмысшыларын жеке адамдар
қорғанатын құралдармен, киімдермен қамтамасыз ету.

-ТЖ жағдайларда кәсіпорын жұмысшылары, елдімекендер
халқы жұмыс істейтін, тұратын жерлерінде арнайы жер
астындағы адамдарды қорғауға арналған жайларда
қорғалады. Қазіргі жағдайда әскери соғыс қаупі болмағанмен,
халыққа қауіп төнген жағдайда қандай іс әрекет жүргізуі
керектігін, ол үшін бейбіт өмір кезінде хабардар болулары
әскерлері ракеталармен, ядролық, химиялық,
бактериологиялық қарулармен қаруланғандығы олардың
әскери жағдайда қолданылатындығы баса ескерілуі керек.
Халықтарды жоғарыда аталған жаппай қыруға арналған
қарулардан қорғау мақсатында жүргізілетін шаралардың
көлемі мемлекетіміздің экомикасын, қорғауға тиісті және
географиялық аймақтардың маңыздылығы, қаруларды
қолдану қаупі барлығы, немесе жоқтығы ескеріліп жүргізілуі
тиіс.
Жер сілкінісі. Жер сілкінісі кезінде адамдардың
топырақ қабатындағы қозғылыстан өлім жітімге
ұшырауы өте сирек кездеседі.
Олардың мұндай жағдайдағы өлім-жітімге көбіне
күшті сілкіністер кезінде шайқатылған немесе
қираған үйлердің құлап түсетін тастары, шыны
сынықтары, қабырғалық материалдары себеп болады
Жер сілкінісі кезінде бақытсыздыққа душар ететін басты-басты
себептері мыналар болып табылады:
- үйлердің жеке бөлектерінің қирауы, кірпіштердің, мұржалардың,
карниздердің, жапсырылған өсімдік заттардың, қабырғаларды
қаптаған тас тақталардың, балкондардың, есік- терезе
жақтауларының шамдалдардың, статуялардың, сәндік әшекейлердің
құлап түсуі;

- қираған шынылардың жан-жаққа ұшуы, әсіресе, үйдің жоғарғы
қабаттарынан түсетіндері ерекше қауіпті;
- үзілген электр желілерінің көшедегі адамдар көп жүретін жерінде
жатауы;
- бүлінген газ құбарларымен тұйықталған электр желілерінен пайда
болатын өрттің шығуы: су құбырларының бүлінуі салдарынан су
келмей қалуы мүкін жағдайларда мұндай өрттің қатері күшейе
түседі;
- шектен тыс дүрлігіп, асып -сасқан адамдардың орынсыз әрекеттері.
Су тасқыны
Су тасқыны кезінде. Адамдары, малдарды, жеке
мүліктерді және материалдық бағалы заттарды
құтқарып қалу үшін қоғамдық меншіктегі, сондай-ақ ,
жеке адамдардың да меншігіндегі суда жүзу құралдары
-теплоходтар, баржалар (сүйретпе қайықтар), катерлер,
баркастар (көп ескекті қайықтар), паромдар, моторлы
қайықтар мен желқайықтар т.б. да құралдар түгелдей
пайдаланылуы тиіс. Егер ондай жүзу құралдары дер
кезінде табыла қоймаған немесе жеткіліксіз болған
жағдайда қарапайым жүзу құралдарын, әртүрлі салдар
жасау керек. Сал жасау үшін, тақтайларды,
бөренелерді, автомобиль камераларын, бос бөшкелерді,
бидондарды, местерді, қамыс пен құрғақ бұталардың
буындыларын пайдалануға болады.
Дауыл соққанда. Дауылдың таянып келе жатқаны туралы хабар ала
салысымен-ақ бой тасалайтын қолда бар баспаналарды, еден астындағы
қуыстарды, погребтерді әзірлей бастаңыз. Үйде болған жағдайда газдың,
электр энергиясың келуін тоқтатыңыз, cy келетін кранды да бекітіңіз,
пештегі отты өшіріп, бой тасалайтын баспанаға тығылыңыз. Өндіріс
орнында болсаңыз, сыртта атқарылатын жұмыс атаулыны түгелдей
тоқтатыңыз, тасып әкетуге болатын жабдықтарды мықтап тұрып бектіңіз,
электр қуаты берілетін каналдарды, өрттің шығуына, жарылыстың
болуына әсері тиетін агрегаттар мен механизмдердің электр желісімен
байланысын үзіп тастаңыз. Содан кейін ғана бой тасалайтын баспанаға
барып жайғасыңыз.

Өрт шыққан кезде. Ормандағы өртті өшіру кезінде лаулаған жалынды жас
жапырақты бұтақтармен, ылғал кенептермен басқа да лайықты
құралдамен өшіруге тырысыңыз-жанып жатқан отқа топырақ тастаңыз.
Жана бастаған ағаштарды өрттің келе жатқан жағына қарай аралап
немесе балталап шауып құлата беріңіз. Ормандағы өрт аймағынан жел
соғып тұрған жаққа қарай шығуға тырысыңыз. Сондай -ақ, қылқан
жапырақты ағашы мол учаскелер жағына шығуға тырысыңыз.
2.Халықты қорғаныс құрылыстарына паналату
Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық
және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау
құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері
мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды.
Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен
радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын
құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық,
траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп
уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.
Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына,
қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты
топталады.
Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы
және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі
қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал
арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары
қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау
жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін
олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады.
Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек.
Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану
құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған
және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып
бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың
подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс
құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану
құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан
бөлек орналасады
3.Жұмысшыларды таратып орналастыру және
эвакуациялау
Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары
болып табылады. Оған, адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше
жағдайлар аймағынан және қазіргі заманғы қырып-жою құралдары қолдануы
мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында қауіп төнген
аймақтардағы жұмыс істеп жатқан, ұйымдардың жұмысшылары мен
қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру
жатады.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі
орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының
жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік
қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін
көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс
уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру
тәртібі белгіленді.
Уақытша көшіру шаралары:
ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы
мүшелерін - өндірістік принцип бойынша;
халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке
меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.
Көшіру шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарында,
ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады.
Эвакуация дегеніміз - қалған халықты
(тіршіліктері қала сыртындағы аймаққа
ауыстырылған немесе ТЖ уакытында
жұмыстары тоқтатылған объектілердің
адамдары және олардың отбасы
мүшелері, жұмысқа жарамсыз халық)
қаладан немесе елді мекеннен кала
сыртындағы қауіпсіз аймаққа ұйымдасқан
түрде уақытша көшіру. Эвакуацияланған
халық қала сыртындағы аймақта ерекше
өкімге дейін болады
4.Жеке қорғаныс құралдары

Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын
радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан
қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс
құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және
теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау
құралдарына бөлінеді.
Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар,
респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады.
Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемднлген
күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері
изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл
бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс
фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.
Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе,
оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.

Ұқсас жұмыстар
Табиғи сипаттағы төтенше жағдай
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі
Халықты көшіру
ЕҢБЕК ҚОРҒАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ЗАҢДАР
Қарапайым жайлар
Әлеуметтік қорғау модельдері
Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатын орнықтырудағы мемлекеттің қызмет істеу бағыттары
Күнделікті тұрмыста өнеркәсіпте
Қазақстандағы саяси ойлар тарихы
Пәндер