Статистикалық кестелер


Slide 1

Тақырыбы: Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру.

Орындаған: Тоқтар Д. А.

Тексерген: Шегір Ғ. Б.

Slide 2

ЖОСПАР

Slide 3

Статистикалық бақылау нәтижесінде жинақталған бірлік жиынтықтар тексеруден өткен соң қорытынды жасау үшін алынатын мәліметтерді бір жүйеге келтіру керек. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты- бақылау нәтижесінде жинақталған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар:

1) Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау.

2) Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару.

Slide 4

Мәліметтерді жинақтау екі тәсілмен ұйымдастырылады:

1. Барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап, қорытынды жасау.

2. Алғашқы мәліметтер төменгі сатыдағы мекемеде жиналып, қорытынды жоғары мекемеге тапсырылады.

Мәліметтер қолмен және машиналық тәсілдермен жинақталады.

*Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады.

*Машинамен жинақтау электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі. Сонымен статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

Slide 5

Топтау дегеніміз қоғамдық процестер мен құбылыстарды белгілеріне, ұқсастықтарына, түрлеріне, үлгілеріне қарай бір-бірінен ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлу.

Топтаудың мақсаты - жинақталған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп ықшамдау, өзгермелі белгілерге қарай іріктеу, қанша топқа бөлу керектігін анықтау және көрсеткіштер жүйесін белгілеу.

Slide 6

Статистикалық топтау 3 түрге бөлінеді:

1) Біртиптік

2) Құрылымдық

3) Талдаулық

Біртиптік топтаудың мақсаты - біртектес топтарды, сыныптарды әлеуметтік-экономикалық түрлеріне қарай саралау. Ол келесі тәртіп бойынша жүреді:

1. Алдын-ала пайда болған типтерді, сыныптарды өзіне тән сапалықбелгілеріне қарап анықтап, белгілеп қою.

2. Топтау белгілеріне қарай анықтау.

3. Жинақталған сандық көрсеткіштерді белгіленген топтарға бөлу.

Біртиптік топтау дегеніміз статистикалық бақылау арқылы жиналған әр түрлі бағыттағы жиынтық көрсеткіштерді бір жүйеге келтіріп, топтарға бөлуі және оның қорытынды көрсеткіштеріне талдау жасауды айтады.

Slide 7

Талдаулық топтаудың негізгі мақсаты - жиынтық бірліктердің өзара байланысын анықтау және олардың бір-біріне әсерін, себептерін зерттеу болып табылады. Бір-біріне әсерін тигізетін талдаулық топтаудың себептік белгілері қоғамдық құбылыстардың өзгергенін, ал нәтижелік белгілері сол себептердің тигізген әсерін көрсетеді. Мысалы, жұмысшының мамандық дәрежесін жоғарлату себептік белгі болып табылса, ал оның салдарынан еңбек өнімділігінің өсуі нәтижелік белгіге жатады.

Құрылымдық топтау мақсаты - біртектес жиынтықтың құрылымы мен оның құрамдас бөліктерін сипаттайтын көрсеткіштер туралы мәліметтер беру. Біртектес, біртипті жиынтық бірліктердің өзгерісін өздеріне тән белгілеріне қарай бөлуді статистикалық құрылымдық топтау дейді.

Slide 8

Сипаттайтын топтау өзінің өзгермелі мәніне сәйкес бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді. Топтық белгі бүтін санмен берілетін болса, онда бүтін сан өзгермелі топтауға жатады, ал ондағы бөліп алынатын топ саны сол берілген белгінің мәніне сәйкес келеді. Деңгей аралығының тұрақты шамасын есептеу алдында оның ең үлкен, ең кіші шамасының сандық мәнін анықтау керек.

Тұрақты шама келесі формуламен анықталады:

d =Хmax-Xmin/n, мұндағы,

d-деңгей аралығының тұрақты шамасы;

Хmax, Xmin- топтау белгісінің ең үлкен және ең кіші сандық мән шамасы;

n- топтың саны.

Әрбір топтың ең жоғарғы және ең төменгі шегінің арасындағы сандық өзгеріс топтаудың деңгей аралығының тұрақтылық шамасы деп аталады.

Slide 9

Қайта топтау дегеніміз алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі. Алғашқы топтастырылған топтық көрсеткіштер әлеуметтік жоқ құбылыстар мен процестерге талдау жасағанда сұрақтарға толық жауап бермейтін болса, онда қайта топтау әдісі қолданылады. Ол екі әдіспен жүргізіледі:

1. Бастапқы топтастырылған ұсақ топтардың деңгей аралығын қосып, оларды көбейту арқылы ірі топтарға айналдыру.

2. Әр жерде жиналып, әр түрлі өңделген топтық көрсеткіштерді бір-бірімен салыстыру үшін бір жүйеге келтіру қажет болғанда проценттік үлесі бойынша қайта топтастыру.

Бұл әдістерді қолдану кезінде жалпы жиынтық мөлшері өзгермейді, ал ішкі сандық құрылым қандай шамамен берілсе де түрлі топтық өзгерістер кездеседі.

Slide 10

Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы сандық көрсеткіштерді өздеріне тән өзгермелі белгілеріне қарай белгілі бір тәртіп бойынша ретке келтіріп топтарға бөлу.

Олар белгілеріне қарай сапалық және сандық таратпалық қатарлар болып екі түрге бөлінеді.

Сандық таратпалы қатарлар көрсеткіштердің сан түрінде берілуі, ал сапалық таратпалы қатарлар дегеніміз - жиынтық белгілері бойынша топтап ретке келтіру. Егер жиынтық бірліктері сандық белгілері бойынша ретке келтіріліп сипатталатын болса, онда мұндай бөлімді өзгермелі таратпалық қатарлар деп атаймыз.

Мысалы, жұмысшының айлық табысына немесе тарифтік кесте бойынша мамандық дәрежелеріне қарай бөлімді айтады.

Slide 11

Өзгермелі таратпалы қатарлар өздерінің сандық белгілеріне қарай бүтін және деңгей аралықты болып бөлінеді.

Егер топтау кезіндегі сандық белгілеу бүтін санмен берілсе, олар бүтін санды таратпалы қатарлар деп аталады. Топтау кезінде сандық белгілер бүтін санмен беріліп, белгілер бір сан аралығы мен бүтін сандық белгілер берілсе, ол деңгей аралықты деп аталады.

Таратпалы қатарлар екі бөліктен тұрады:

1) варианттан

2) жиілік көрсеткіштерінен

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ
СТАТИсКАЛЫҚ мәліметтерді топтау, жинақтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Статистикалық таратпалы қатарлар Статистикалық кестелер
SPSS бағдарламасы
Статистика ұғымы
Ғылыми мәтіндерде кестелер мен сызбалардың қолданылуы
Статистикалық мә ліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру туралы ақпарат
Гипотезаны тексеру қадамдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz