Абай тәрбиесіне көшпесе



ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ. ӨМІРДЕРЕК.
Орындаған:Әбен Нурзия
Тобы:К102-16

Жоспар
1 Өмірбаяны
2 Ресми ақталуы
3 Шығармашылығы
3. 1Шығармалары
3. 2Әндері
Пайдаланылған әдебиеттер

Шәкәрім Құдайбердіұлы - Ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, философ
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 11 шілдесінде (ескіше күнтізбе бойынша) Шыңғыстауда, Байқошқар өзенінің бойындағы Кеңбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында қарасты жер.
Әкесі Құдайберді - Абайдың ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға берді.

1866 жылы әкесі Құдайберді 37 жасында дүние салады. Ендігі жерде Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде, тікелей Абайдың қамқорлығында болады. Абайдың үлгі-өнегесіне қанық болған жас ақын ағасындай кемеңгер, білімді әрі дарынды болуды армандайды. Кейініректе, бүкіл қазақ жастарын ағасы, ақылшысы Абайдан тәлім алуға шақырып “Жалыналық Абайға, жүр баралық” атты өлеңін жазады. Шәкәрім Абайдың қазақ ұлтының рухани ұстазы болатынына алғашқы болып көз жеткізген шәкірті және бауыры. Ол Абайды бала кезінен бастап өмірбақи үлгі, өнеге етті. Басқаларды да соған үндеді.

Өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы, Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Шәкәрім Құдайбердіұлы жеті жаста еді. Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол түста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. Бірақ казақта екі ауыз өлеңді кім шығармайды? Жас баланың жаңағы талабы өмір күйбеңінің күлді-көмешіне алданып қалып қояр ма еді, қайтер еді, егер Шәкәрім Құнанбайдағы ерке тотай қалпынан тез ауысып, Абай тәрбиесіне көшпесе.
«Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады. Әйтеуір, төрт-бес жыл көлемінде қара танып шықса керек. Бұдан кейін еш мектеп оқуынан өтпесе де, былайғы өмірі де өнер-білім қуған жастың өсу жолын аңғартады. Домбыра тарту, гармоньда ойнау, қаршыға, бүркіт баулып, саятшылық, жасау, сурет салу, өлең жазу, ғылымға құмарлану, қалтасындағы сағатының механизміне дейін ақтарьш-төңкеріп отырып, тоқтап қалса, өзі жүргізіп алатын мініскерлікке төселу, киімді өзінше тігіп киінуі - міне, бұның, бәрі сегіз қырлы, бір сырлы адамның қолынан ғана келетін іс. Бір сайлау мерзімі болыс та болып көреді. Артынша ол «еріксіз жемтік шоқыдым», «ар кетіп, айла жамылдым» деп опынады, ұлық болуды дәреже көріп, лоқығанына өкінеді, сусаған ғылымнан жырақтағанына налиды.

Кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы осы бір аласапыран кезінде аз уақыт болса да адасуы оның былайғы тағдырына ауыр тиді. Ол революционер бола алған жоқ. Ағартушы, демократ өресінде қалып қойды. Сөйтсе де қарт ақын революцияны жарқын жырымен қарсы алды. Алашордадан тез қол үзді. Совет өкіметінің орнауын әділет жолының жеңісі деп білді. Осының бәрі объективті, әділ бағасын алуы тиіс еді. Бірақ оны жеке адамға табынушылықтың қырсығы істетпеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы тағы да өзінің «саят кора» аталатын жырақтағы мекеніне кетсе де, дұшпандары оған тыныштық бермеді. Молдалар Шәкәрімді «дін бұзар» деп айыптады. Бай-жуандар «алжыды» деп лақап таратты. Ауылдың белсеңдісі ескішіл деп өсектеді.
1931 жыл. Күздің сұрғылт күні. Осының алдында ғана бандымен байланысы бар деген кінәмен ұсталған жерінен босанып, ақталып шыққан, бұл кезде жетпістің үшеуіне келген Шәкәрім Кұдайбердиев аудан орталығына бет алады. Сол кезде мылтық даусы гүрс ете түседі. Қаперінде ештеңе жоқ қарт иығынан оқ тиіп, аттан құлайды. Бір замат көзін ашса, ОГПУ қызметкері Қарасартов жанына ерткен Халитов деген милиционері бар, қасында тұр екен. Шәкәрім Құдайбердіұлы олардан аудан орталығындағы ауруханаға жеткізуді өтінеді. Жауап орнына мылтық тағы да шаңқ ете қалады. Мылтық түтіні тарқағанда, Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл дүниеде жоқ еді.

Ресми ақталуы
1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.
Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында - Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жарық көруде.
Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.

Шығармашылығы
Бүркітін қолына қондырған Шәкәрім
«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911) . Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкерім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:
«. . . және аятта: «Ей, мұсылмандар, пайдаланыңыз берген адал ырзығымнан», - деген», «Хадис: «Адал уәдесін бұзбаған иманның белгісі», - деген, «. . . адам өзін-өзі танымақ деген, жаратқан иесінің құны екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ».
Сонымен қатар, Шәкерім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген:
«Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін», «Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең», «Көп төбетке жетелі қайдан күшін, Құтқара алмай адалды пысады ішің», «Адаспайсың ақылды арлыға ерсең, Жолай көрме жылмайы сопы көрсең, Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың, Алданбайсың артынан ере берсең»; «Бір мезгіл: «Ой, тәңір-ай Адал жардың жолында өлгеннің арманы не?» - дегенде, тіпті, ер болып кетеді», «Адалға орын емес қазақ іші, Татты ғой соры арылмас таза кісі, Өзін асырар қазақтың өнері жоқ, Бірін-бірі талайлы бар жұмысы», «Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық»;
Адал адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары:


Лирикасы
Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақын«жаралы жүрек», «улы жүрек», «жылы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сүм жүректермен»айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде «дертті жүрекке» айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. «Арың сатпа, терің сат, адалды ізде», -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - «Жастарға» атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған «Жастық туралы» өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың «Сегіз аяғымен» тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселөлерін ақын әсерлі зерлейді.

«Адам мен еті адал хайуандардың бәрінің де сарқыты адал», «Халалға ойламайды шыдайын деп», немесе, «Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның қанына ортақ».
Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын, Толстойдың «Үш сауал», т. б. әңгімелерін, А. С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкерім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайла ол XX ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.

Шығармалары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz