Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі




Жоспар.
Kundelik. kz туралы
Күнделік kz мүмкіндіктері
Қағаз күнделік пен электрондық күнделік арасындағы айырмашылығы, ерекшелігі
Электрондық күнделіктің «ұстаз-оқушы-ата-ана» үшін беретін мүмкіндіктері

Kundelik. kz
Бағдарламаны іске қосу нәтежесінде Қазақстан Республикасындағы білім процесінің барлық қатысушылары үшін электрондық білім беру технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ жалпы білім беру ұйымдары мен орта білімді басқару органдарының білім беру, тәрбие және басқарушылық қызметтерінің функциялары мен процестерін автоматтандыру арқылы Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының оқу жетістіктерін есепке алу жүйесін жетілдіру болып табылады.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда «Kүнделік» жүйесінің электронды журналдарын 3800 мектептен астам пайдаланып жатыр. Жоба 13 облыста және Астана мен Алматыда істеп жатыр.
«Kүнделік» жүйесіне Республиканың кез-келген мектебі, ауыл және қала мектептері, кез-келген уақытта тегін қосылу мүмкін, қосылған мектептердің оқушылары және олардың ата-аналары өз бағаларын, үй тапсырмаларын, сабақ кестелерін, мектептегі жаңалықтарды және тағы да басқа пайдалы ақпаратты тегін көріп отырады.
Жүйеде білім беру ұйымдарының жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 29. 08. 2016ж. №536 бұйрығымен іске қосылған («Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасын пилоттық енгізу туралы) .
Kundelik. kz сайтын пайдалануына 200 тенге де емес, 2100 тенге де емес және басқа да абоненттік төлемі қазіргі таңда да және болашақта да алынбайды. Ата-ана өз пайдаланушы аты және құпиясөз арқылы кundelik. kz сайтына кіріп, «Балалар» - «Күнделік» деген бөлімдері арқылы өз баласының электронды күнделігіне тегін қолжеткізе алады және бағаларын, үй тапсырмаларын үнемі тегін көре алады. Мектептерден де сайтты пайдалану үшін ешқандай төлем алынбайды.


Kundelik. kz-тың ішінде әлеуметтік желісі не үшін керек?
Күнделік әлеуметтік желісі, пайдаланушылар жүйе ішінде өзара сөйлесе алатын, заманауи құрал-коммуникациясы болып табылады. Басқа да әлеуметтік желілерге қарағанда, бұл әлеуметтік желіде өз бетімен аноним ретінде ешкім тіркеле алмайды. Әрбір пайдаланушыны өз мектебі тіркейді. Осылайша, Күнделік желісінде балаларымызға қауіп төндіретін жасырын (аноним) тұлғалар болуы мүмкін емес, мұндай пайдаланушы бірден анықталып, бұғатталынады және ол Қазақстан Республикасының Заңнамасынамен жауапқа тартылады. Сонымен қатар, әрбір пайдаланушы жеке деректерін ешкімге көрсетпейдіндей етіп, өз бетінше қажетті парамметрлерді профилінде таңдай алады. Бұл Kundelik. kz жүйесін жасөспірімдердің қарым-қатынас жасауына айрықша қауіпсіз білім беру ортасын етеді. . Басқа деректер тіркелу үшін міндетті емес және қажет емес. Ата-аналардың тіркелуі дұрыс болып табылады, өйткені баланың үлгерімі жайлы ақпараттан басқа ата-ана мектеп әкімшісінен және мұғалімнен оқушыларға әр дайым арналмайтын жеке хабарлама алып тұруы мүмкүн. Осылайша, ата-анамен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас онлайн түрінде сапқа түзетіледі. Сонымен қатар, болашақта ата-аналарға арналған ақпараттық бөлімдер пайда болады, мысалы, Ата-ана кеңесі және тағы басқа.



Күнделік kz мүмкіндіктері
ҚР БҒМ жаңа жобасы. Ыңғайлы, жылдам əрі ұтқыр.
Kundelik kz сайтын қолдану арқылы ата-аналар өз балаларының жетістігін сырттай бақылай алады.
Оқушылар Е - кітапхана жəне т. б қызметтердің есебінен білімін толықтырып, қызықты ақпараттар жинай алады.
Бұл парақшада:
Əріптестеріңізбен тəжірбие алмаса аласыз
Күн сайынғы қызықты деректер
Еліміздегі айтулы жаңалықтар
Мамандардан кеңес
Қазіргі интернет желісі дамыған елдерде білім беру жүйесі көптеген өзгерістерден өтуде. Үздік елдер қатарына қосылу үшін біз де осы салада аянбай еңбек етеміз. Әр ата -ана өз баласына тек жақсы білім беруге тырысады. Мектеп, ұстаз таңдап, оқулық әпереді. Мектеп өміріне белсенді қатысып, оқушының әрбір қадамын, оқуын, тіпті күнделіктегі бағасын қадағалап отырады.
Барлық өзгерістерді, жаңалықтарды қабылдап үйренген ата-ана жаңа құжат- «kundelik. kz» -электрондық күнделікті қалай қабылдайды екен? Оның тиімділігі неде? Қағаз күнделіктен артықшылығы, айырмашылығы қандай? Ол қалай жұмыс істейді? Қағаз күнделікке шектеу қойыла ма? Мыңдаған туындаған сұраққа жауап табу үшін алдымен күнделік түрлеріне тоқталғым келеді.
Күнделік бірнеше түрге бөлінеді: оқушы күнделігі; өмірбаян жазуға арналған жеке күнделік; ұмытып қалмас үшін қолданылатын күнтізбелік күнделік; табиғатты, адамды бақылайтын күнделік; т. с. с.
Олардың түрлеріне қарай өз маңыздылығы, құндылығы өзінде. Өмірбаян күнделігі арқылы танымал адамды басқа қырынан танып, білуге болады; күнтізбелік күнделік арқылы күнделікті істелінетін жұмысты орындау ретін сақтайды; бақылау күнделігі түрлі жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.

Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі үшін:
- оқушылардың үлгерім журналдары мен күнделіктерін тұрақты электронды түрдегі жүргізуге көшу;
- білім беру ұйымында білім беру қызметін бақылаудың жаңа құралдарының пайда болуы.

Оқушылар үшін
Ауыл мен қала оқушыларына сапалы білімге тең қол жеткізу;
- білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізу;
- коммуникативті және кәсіби құзыреттілікті дамыту.
Жобаны іске асыруда мемлекеттік әріптес тарапынан қаржы қарастырылмаған. Білім алушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге қажетті қатысу, бағалау, үй тапсырмалары, күнтізбелік сабақ жоспарлары бойынша негізгі функционал тегін болып келеді.
2. Қағаздан электрондық форматқа көшу уақытты талап етеді. Ауысу кезең-кезеңмен, мектептерді кеңжолақты Интернетке қолжетімділікті және компьютерлік сыныптар қамтамасыз етумен жүзеге асырылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz