Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы




Презентация қосу
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру,
бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы

Орындаған;Әбен Нурзия
Тобы;К102-16
Жоспар
1 Кіріспе
2Негізгі бөлім
2.1 Оқыту процесінде білімді есепке алу,
бақылау және бағалаудың маңызы, қызметі
2.2 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері
әдістері мен формалары
2.3Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді
тексеру, бақылау және бағалаудың жаңа
технологиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын
есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас
бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде
оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу
тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін,
мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін,
сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта
оқушылардың ,сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын
есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше,
Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа,
біліктілік пен дағдыны қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау
мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың
маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық
мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов,
Е.И.Перовский, С.Ф.Сухарский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің
ғылыми педагогикалық еңбектерінде талданған.

Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері
жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пшкало, Т.Л.Коган және
т.б теориялық талдау жасаған.

Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің
теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп
қорытынды шығаруға болады, себебі «есепке алу», «бақылау»,
«бағалауды» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу тәрбие
процесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.

Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар
білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс
көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі
және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауда, оның
нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде
бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.

Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра, білім, білік пен
дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық
талдауы және прктикалық қолдану тәжірибесі арасында әлі де
болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Бақылау -кең көлемде Бағалау -оқытудың
құрамдас бөлігі және
бір нәрсені тексеру
қорытындылау сатысы.
деген мағынаны Бағалау, бір нәрсенің
білдіреді. Бақылау деңгейін, сапасын,
оқыту процесінде дәрежесін белгілеу. Оны
оқушылардың оқу оқушының оқу-таным
әрекетінде қарастырсақ
әрекетіне басшылық оқыту процесінің
жасау қызметін міндеттерін оқушылардың
атқарады, олардың қандай дәрежеде меңгеруі,
шығармашылық күші дайындық деңгейі мен
дамуын, білімдерінің
мен қабілетінің сапасын, білік пен дағды
дамуына ықпал етеді. көлемін анықтайтын құрал.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді
қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: - ауызша баяндау (әңгіме, жеке дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру)
практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу)
-машиналы бағдарламалап бақылау(перфокараталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
- өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің
оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі.
Оларды орындау барысынада оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, біріне бірі сұрақ қойып,
жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік
құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен таспырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір
оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін.
Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік
береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялды оқыту барысында нәтиже береді. Дербес бақылауда
оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы
мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен
игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы
оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін
бағалайды.

Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.

Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлылыққа салынуға болмайды.
Баға «балл» есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған
тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің

сапасын анықтайтын дәстүрлі «5» балдық жүйелер қолданылады .
«5» бағасы – оқу материалын толық, дәл, логикалық
бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;

«4» бағасы – оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас
қателері бар жауапқа қойылады.;

«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, біліміне
кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;

«2» бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі
кемшіліктер бар жауапқа қойылады.;

«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ,
толып жатқан қателер үшін қойылады.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы.
Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, нәтижесін белгілеу. Оны
оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің
міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық
деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін
анықтайтын құрал. Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар
жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып,
жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді. Тәрбиелік қызметі
оқушылардың жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың
нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады,
жауапкершілік сезімдері артады. Тексерудің негізгі мақсаты - баланың
іс-әрекетін ынталандыру, олардың белсенділігін дамыту, дағдысын
қалыптастыруға көмектесу. Бала алған білімді игеруі жою баянды етуі
бойынша, оқу процесі барысында негекөңіл бөлу керек, қай жерде
кемшілік жіберді, сол кемшілікті қалай түзету қажеттігін білгені дұрыс.
Осыдан келіп ұстаз бен шәкірт арасында ынтымақтастық орнайды.
"Ынтымақтастық педагогикасы" дегеніміз осыдан туындайды.
Қорытынды
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, тексеру, бақылау
және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептелінеді. Мұғалімнің сабақтар
жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің
табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру
дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың,
сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, тексеру, бақылау және
бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа,
біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік,
дағдыны есепке алу және тексеру мәселесіне теориялық және практикалық талдау
жасаудың маңыздығы ерекше.Оқушылардың білімдерін тексеруді жетілдіру бүгінгі күннің
басты мәселесі болып отыр. Тексерудің тиімділігін артырып, тексерудің жаңа формалары
мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне,
оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен тексерудің түрлерін
ұдайы толықтырып отыруды мұғалімнің өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Бақылау - жаза
емес. Бақылау мәдениетті жүруі тиіс. Бақылау процесін де мұғалім оқушыларға ерекше
көңіл бөліп, ыстық сезіммен "көмектесейін" деген ниет білдіруі керек. Оқушы бір нәрсені
түсінбесе оны ұрыспай, балағаттамай, өрескел мінез танытпай көмектескені жөн. Оқу
тәрбие процесін басқару педагогикалық процесстің тиімділігі мұғалім мен оқушының
арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай-ақ оқушыларға жасалған реттеуші
ықпал әсердің шамасы, сипаты және негізділігіне орайлас келеді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Айсина Майра. Оқыту - білім мен тәрбие өзегі //
Қазақстан мектебі. – 2006. - № 2. – 28. 2. Алдабергенова
Ж.Д. Оқу әдістерін тиімді қолдана білу // Сынып
жетекшісі. - № 2. – 35. 3. Айтжанова Қ. Дәстүрлі оқытудың
психологиялық – физиологиялық негіздері // Қазақстан
мұғалімі., 2004. – 27 б. 4. Алдамұратов Қ. Психология / –
Алматы: Дәуір. – 1989. – 210. 5. Әбенова З. Бастауыш
сыныпта оқытудың басты негіздері // Бастауыш мектеп.
– 2003. - № 5. – 18. 6. Әкімбаева Ғ. Оқыту әдістері // Сынып
жетекшісі. –2006. – №3. – 17-18. 7. Боранбаева З.К. Әдіс –
тәсілдер барысындағы оқушының іс - әрекеті // Бастауыш
мектеп. –
Источник: https://rcdo.kz/publ/2865-azrg-tada-oytu-rdsnde-
oldanylatyn-blmd-tekseru-men-baalaudy-zhaa-ds-tslder.html

Ұқсас жұмыстар
Критериалды білім беру сапасы
Мұғалімнің сабаққа әзірлігі
Тексеру сабағы
ОҚЫТУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Критериалды бағалау артықшылықтары
ЕРТЕ ОҚЫТУ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Бағалау критерийлері Мазмұндық сипаты
Дамыту технология Рөлдік технологиясы ойындар
АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША САБАҚ ӨТКІЗУ
Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы, міндеттері мен мақсаттары
Пәндер